
- •«Энерготасығыштарды тарату және өндіру жүйелері» пәнінен
- •Пгрс сүлбесі көрсетілген:
- •Магистральді газ құбырының принципиальді сүлбесі және сүлбенің элементтері қандай?
- •Тоңазытқыш машинасы және жылу сорғысы дегеніміз не? Олардың арасындағы айырмашылығы мен ұқсастықтары қандай?
- •Регенеративті жылытқышттың қондырғысы кезінде компрессордағы жұмыс шығыны мен буландырғыштағы меншікті жылудың келуі қалай өзгереді?
- •Регенеративті жылуалмастырғышы бар булы сұйықты жылу тасымалдағыштың принципиальдік сүлбесі мен t, s – диаграммасын салыңыз және түсіндіріңізғ жылуалмастырғышты қосудың артықшылығы неде?
- •Абсорбциялы жылу тасымалдағыштарда жұмыс агентінің қысымының арту процесі ненің көмегімен жүзеге асырылады?
- •Абсорбциялы жылу тасымалдағыштар екі әртүрлі сүлбелермен жұмыс істейді, олар қандай?
- •Термохимиялық компрессордың жұмысы неге негізделген?
- •Абсорбциялы қондырғыларда жұмыс денесі ретінде не қолданылады?
- •Сурет 3.1. Тікелей сумен жабдықтау сүлбесі.
- •Сурет 3.3. Айналымдағы сумен жабдықтау жүйесінің сүлбесі.
- •Жасанды су қоймасы қалай жасалады?
- •Газды араластырғыш–жоғарылатқыш станциялар.
Абсорбциялы жылу тасымалдағыштарда жұмыс агентінің қысымының арту процесі ненің көмегімен жүзеге асырылады?
Абсорбциялық трансформациялық қондырғыда булы сұйықты компрессордың қондырғыдағы сияқты жұмыс денесінің салқындау процесімен салқындатылған нысаннан келетін жылу процесі бірдей жүзеге асырылады.Алайда олардың айырмашылығы булы сұйықты комп. қондырғыда жұмыс агентінің қысымының арту процесі механикалық компрессордың көмегімен жүзеге асырылады.Ал абсорбциялық трансформаторлы қондырғыда жұмыс термохимиялық компрессор арқылы жүзеге асырылады.Термохимиялық компрессордың жұмыс істеу принципі экзотермиялық процесстердің араласуымен,эндотермиялық бөлінумен жұмыс істеуге негізделген.Абсорбциялық қондырғыда ереже бойынша екі зат қолданылады,жұмыстық агент және абсорбинт.Олардың қалыпты қайнау температурасы әртүрлі болады.Абсорбциялы трансформаторлы қондырғылар екі әр түрлі сұлба бойынша жұмыс жасайды:арттырушы және бөлінуші.Арттырушы сұлба бойынша жұмыс істеу кезінде қондырғыда жылудың потенциалы артады.Яғни,төменгі темп. деңгейден жоғары температуралы деңгейге дейін артады.Бөлінуші сұлба бойынша жұмыс істеу кезінде қондырғыға қандай да бір орташа температурмен жылу келеді.Осы жылу трансформаторда екі ағынға бөлінеді.Жоғары потенциалды температурамен және төменгі температура температурамен осындай екі ағынға бөлінеді.Яғни, < < келесі суретте идеалды абсорбциялы тоңазытқыш қондырғының сұлбасы көрсетілген.
Абсорбциялы жылу тасымалдағыштар екі әртүрлі сүлбелермен жұмыс істейді, олар қандай?
Абсорбциялық жылуды тасымалдау екі әртүрлі сүлбе бойынша жұмыс жасауы мүмкін: арттыратын және ыдырайтын. Арттыратын сүлбе бойынша жұмыс жасау кезінде қондырғыда жылудың потенциалы артады, Тн төменгі температуралық деңгейден берілгеннен Тс аса жоғары температуралық деңгейге дейін. Жұмысты орындау үшін ТН>ТС жоғары температуралық деңгейде қондырғыға берілетін жылу түріндегі энергияның сыртқы көзі пайдаланылады. Ыдырайтын сүлбе бойынша жұмыс жасау кезінде қондырғыға қандай да бір ТС орташа температурамен жылу беріледі. Ол жылу тасымалдағышта екі ағынға ыдырайды (бөлінеді) – ТВ температурасы бар жоғары потенциалды және ТН төмен потенциалды. Бірінші және екінші жағдайда Т н Т с Т в.
Термохимиялық компрессордың жұмысы неге негізделген?
Жұмыс денесінің ішкі салқындау процестері мен салқындау нысанынан келетін жылу абсорбциялық трансформаторларда булы сұйықтық компрессорлық қондырғылардағыдай жүзеге асырылады. Алайда, олардың айырмашылығы мынада, булы сұйықтық компрессорлық жылуды тасымалдау қондырғыларында механикалық сығымдағыштың көмегімен орындалатын жұмыстық агенттің қысымының арту процесі, абсорбциялық жылу тасымалдағыштарында термохимиялық сығымдағыштың көмегімен жүреді.
Термохимиялық сығымдағыштың әсер етуі экзотермиялық процестердің араласуы мен эндотермиялық процестердің бөлінуімен пайдалануға негізделген.
Абсорбциялы қондырғыларда жұмыс денесі ретінде не қолданылады?
Абсорбциялық қондырғыларда, ереже бойынша, екі зат қолданылады – жұмыстық агент және абсорбент (сіңіруші), олардың әртүрлі қалыпты қайнау температуралары бар және температура мен қоспалардың адиабаталық араласуы кезінде қасиеті бар. Аммиак NH3 поршеньдік сығымдағыштарда кеңінен қолданылады және абсорбциялық қондырғыларда булану температурасы t0>700C болғанда қолданылады. Оның қолданылу аймағы үштік нүкте температурасы tү.н=-77,20С кезінде қолданылады. Аммиактың негізгі артықшылықтары: Оны қолдану аймақтарындағы булану температурасы кезіндегі меншікті көлемнің аз болуы бу түзілу жылуының үлкен болуы, оңай аққыштығы, өткір иісті болуы және майда еруі. Аммиак болатпен әсерлескенде каррозияланбайды, алайда су бояған кезде мырышты, мысты, қоланы және басқа да мыс қорытпаларын коррозияға ұшыратады. Аммиактың кемшілігі: улағыштығы, жарылу қауіптілігі, ауа концентрациясында жанғыштығы
Идеалды абсорбциялы тоңазытқыш қондырғысының сүлбесін салыңыз және оның жұмысын түсіндіріңіз. тусындирмесы жок
1-абсорбер;2-насос;3-кипятильник;4-конденсатор;5-жылу алмастырғыш;6,7-насос; 8-буландырғыш
Кәсіпорынды сумен жабдықтау қандай үш түрге бөлінеді.
-Техникалық сумен жабдықтау жүйесі;
-Ішетін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесі;
-Өрт сөндіру жүйесі.
Техникалық сумен жабдықтау өндірісінің жүйелері қандай болады.
•Салқындататын;
•Тасымалдайтын;
•Жуатын.
Жылуэнергетикасында көбінесе салқындататын жүйелер мен қандай-да бір затты тасымалдауға (мысалы, қазандық қондырғысынан күлді күл салатын қоқысқа тасымалдау) арналған жүйелер көп тараған. Салқындататын жүйелер әртүрлі аппараттарды, құрылым элементтерін, әр қилы қондырғылардың жұмыстық денелерін (будың конденсациялануы) салқындатуға арналған.
Технологиялық сумен жабдықтау жүйелері сүлбесінің түрлері бойынша қалай бөлінеді.
Түрлері бойынша сумен жабдықтау сүлбелері: тікелей сумен жабдықтау жүйелеріне, қайтымды сумен жабдықтау жүйелеріне, қайта пайдалану жүйелеріне, ақпайтын жүйелерге бөлінеді.
Тікелей сумен жабдықтау жүйелерінде, су бір рет қана пайдаланылады және пайдаланылғаннан кейін көзге апарылады; қайтымды сумен жабдықтау жүйелерінде су бірнеше мәрте пайдаланылады; қайта пайдалану жүйелерінде су салқындату үшін немесе басқа да мақсаттарға пайдаланылады және осыдан кейін барып шығарылады.
Техникалық суды тұтынушылардың сипаттамасы.
Техникалық суды тұтынушыларға мыналар жатады: өндіруші кәсіпорын, жылуэнергетика, қара металлургия, машина жасау, химиялық және мқнай өндіруші кәсіпорындар.
Жылуэнергетикада техникалық су турбина конденсаторларындағы буды салқындату үшін қажет, циклдағы су буының жоғалуын өтеу үшін, шлакты жою үшін, және т.б. Қара металлургия техникалық суды пештерді суытуда шойын мен болатты өндіру кезінде, шлакты ұсатқан кезде, газды тазарту кезінде және т.б. пайдаланады. Өндіруші кәсіпорындарда су тасымалдау кезінде, кен байыту кезінде, шаңды басу кезінде, аралас жұмыстарды гидромеханизациялау кезінде қолданады.
Техникалық сумен жабдықтау өндірісінің жүйесі не үшін қажет және ол нені қамтамасыз етеді.
Техникалық сумен жабдықтау өндірісінің жүйесі нысанды сумен қамтамасыз ету үшін қажет. Ол мынаны қамтамасыз етеді:
1. Табиғат көзінен суды алу;
2. Тұтынушылардың талаптарына сәйкес берілген деңгейге дейін судың сапасын жеткізу;
3. Суды тасымалдау; 4.Тұтынушыларға қайтара берудің алдында суды тазарту және салқындату
Техникалық сумен жабдықтау өндірісінің жүйесі неден тұрады.
Жүйе мынадан тұрады:
Суалу құрылғысынан;
Сорғылық станциялардан;
Суды тазарту мен өңдеуге арналған құрылғылардан;
Құбыр желісінен;
Реттеуші сыйымдылықтардан (суарынды мұнаралардан);
Тазарту құрылғыларынан;
Салқындатқыш құрылғыларынан.
Су алу құрылғысы су көзінің (өзен, көл, арықтарда) жанында орналасады. Оған қойылатын басты талаптар: судың кез келген тербелісінде су алынуы қажет. Оның қасында сорғы станциясы орналасады. Суды тазартуға арналған құрылғы механикалық қоспаларды жою үшін қажет: құмды, балдырларды және т.с.с. Реттеуші сыйымдылықтар сорғының жұмысына қарамастан судың шығынын тұрақты қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Салқындатқыш құрылғылар суды екінші қайтара пайдалану мақсатында салқындату үшін қолданылады. Оларға салқындатқыш арықтар, шашыратқыш бассейндер, градирнялар жатады. Техникалық сумен жабдықтау өндірісінің жүйесін жобалау кезінде ең бастысы судың шығыны болып табылады.
Тікелей сумен қамтамасыз ету сүлбесі, оның жұмысы, артықшылығы және кемшіліктері.