Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Energotasy_1171_yshtar_ekzamen_suraktary22222.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
664.97 Кб
Скачать
  1. Магистральді газ құбырының принципиальді сүлбесі және сүлбенің элементтері қандай?

Ол магитральді газ құбырларымен жүзеге асырылады. Құрамына: газ құбырының өзі, басты құрылғылар, газды жіберетін сығымдағыш станциялар, газды таратушы станциялар, бақылаушы-реттеуші орындар кіретін техникалық құраушы кешен болып табылады.

НП – (населенный пункт) елді мекен; ОГ – (очистка газа) газды тазалау; КС – (компрессорная станция) компрессорлық (сығымдағыш) станция; ГРС – (газораспределительная станция) газды таратушы станция; ГРП – (газораспределительный пункт) газды тарататын орын; ПО – (промышленный объект) өнеркәсіптік нысан; КРП – (контрольно-регуляторный пункт) бақылаушы-реттеуші орын; ГП – (газгольдерный пункт) газ сақталатын орын; ПГРС – (промысловая газораспределительная станция) кәсіпшілік газды тарататын станция.

Сурет 1.2. Магистральді газ құбырының принципиалдық сүлбесі.

Сүлбенің элементтерінің міндеттері: ПГРС – қысымды төмендетуге арналған, ол үшін қысым реттеуіштері орнатылады. КС – қысымды көтеруге арналған, яғни ГРС пен КРП-да газды азайту жүреді де қысым тұтынушыларға қажетті қысымға дейін төмендетіледі. ГРС КРП-ға қарағанда аса қуатты болып табылады. Қаланы газбен жабдықтау ГРС арқылы жүзеге асырылады.

  1. Газды тасымалдау кезіндегі басты қиыншылықтар қандай?

Табиғи газ бұл көмірсутектің қосындысы, оның құрамында сутегі, оттегі, көмірқышқылы болмайды. Оны 3 топқа бөлуге болады: таза газдың шығатын жерінің газы, жол-жөнекей, бағыттас газ, конденсатты кен орнының газы – құрғақ газ бен осы газ конденсатының буларының қоспасы.

Жасанды газдар: доменді, коксты, газ генераторларынан алынатын газдар. Қатты отыннан газды құрғақ айдау әдісімен алады. Газды тасымалдау кезіндегі негізгі қиындықтар: мұз; кристалл-гидраттардың түзілуі; оттегінің, судың, күкіртті сутектің болуы коррозияға әкеледі.

  1. Таратқыш газ құбырлары не үшін қажет?

Газ құбырлары магистральді газ құбырларымен газ таратушы станциялардан (ГРС) тұтынушыларға дейін таратушы жүйе және ішкі заводтық газ құбыры, оның ішінде қазандық қондырғысына жіберілетін газ құбыры арқылы деп бөлінеді. Таратушы газ құбыры газды жекелеген кәсіпорындармен топтасқан ғимараттарға тікелей газды жіберуге арналады. ГТО-ға қорғауыш бекітуші қақпақша, қысым реттегіш, сүзгіш, газдың шығынын есептейтін диафрагмалар, өлшегіш құралдар, газ құбырын бекіткіш темір арқау (арматура) орнатылады

Газ құбырлары қазандыққа магистральдан тұйықталған тармақтар түрінде тартылады. Газ құбырындағы газдың берілуін жедел тоқтату үшін электр жетегінен сөндіретін құрылғыны қолданады. Газ құбырлары білтелермен жабдықталады, ол газды үрлеген кезде газ құбырымен атмосфераға, ауаға бағыттауға қажет

  1. Мазутты теміржол тасымалымен жеткізген кездегі мазут шаруашылығы қандай құрылғылардан тұрады?

  1. Жылуды тасымалдау ұғымын түсіндіріңіз.

Жылуды тасымалдау деп жылу формасындағы энергияны температурасы салыстырмалы төмен нысаннан температурасы жоғарырақ жылу қабылдағышқа жеткізуді жүзеге асыратын техникалық жүйелерді айтады. Мұндай түрлену, техникада жылу потенциалының жоғарылауы деп аталады, ол термодинамика курсынан белгілі, өздігінен жасалмайды. Жылудың потенциалын арттыру үшін қандай-да бір энергия түрінің, яғни электрлік, механикалық, химиялық, газдың немесе будың ағынының кинетикалық энергияларының ішкі энергиясы жұмсалуы қажет.

  1. Жылуды тасымалдаудың қарапайым мысалы ретінде қандай циклды айтуға болады?

Барлық жылу тасымалдау процестерінде үш келтірілген түрлер қайтымды термодинамикалық циклдармен модельделінеді. Жалпы түрде осындай қайтымды циклдар Т, s – диаграммасында былай көрсетіледі, 2.2.-сурет:

а- рефрижератор, б – жылу сорғысы, в – жылудың аралас тасымалдануы.

Барлық үш жылу тасымалдау түрінің диаграммаларының талдауынан мынаны көреміз, циклдардың температуралық шекаралары әрқашан жылу бергіш пен жылу қабылдағыштардың арасындағы температура аралықтарынан үлкен болады. Бұл сыртқы жылуалмасудың талаптарымен сәйкес келеді. Циклдың жоғарғы бөлігінде, яғни Qқ.о. немесе Qж жылулары жұмыстық жылумен беріледі, оның температурасы Тж немесе Тқ.о.-дан жоғары болуы керек. Бұл кезде қайтымды циклдар тура циклдардан анағұрлым ерекшеленеді. 1-2 процестері жылудың алынуы мен энтропияның азаюымен сипатталады, 3-4 процестері жылудың келуі мен энтропияның жоғарылауымен сипатталады, сонымен қоса 2-3 және 4-1 процестері сәйкесінше жұмыстық жылудың температураларының төмендеуі мен жоғарылауымен және әртүрлі әдістермен жүзеге асырылады. Жылуды айналдыруда 2-31 процесі маңызды орынды иеленеді, ол Т31 циклының ең төменгі нүктесіне дейін температураның төмендеуіне байланысты. Жылуды түрлендірудегі ең қарапайым мысал ретінде Карноның кері циклы жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]