
- •«Энерготасығыштарды тарату және өндіру жүйелері» пәнінен
- •Пгрс сүлбесі көрсетілген:
- •Магистральді газ құбырының принципиальді сүлбесі және сүлбенің элементтері қандай?
- •Тоңазытқыш машинасы және жылу сорғысы дегеніміз не? Олардың арасындағы айырмашылығы мен ұқсастықтары қандай?
- •Регенеративті жылытқышттың қондырғысы кезінде компрессордағы жұмыс шығыны мен буландырғыштағы меншікті жылудың келуі қалай өзгереді?
- •Регенеративті жылуалмастырғышы бар булы сұйықты жылу тасымалдағыштың принципиальдік сүлбесі мен t, s – диаграммасын салыңыз және түсіндіріңізғ жылуалмастырғышты қосудың артықшылығы неде?
- •Абсорбциялы жылу тасымалдағыштарда жұмыс агентінің қысымының арту процесі ненің көмегімен жүзеге асырылады?
- •Абсорбциялы жылу тасымалдағыштар екі әртүрлі сүлбелермен жұмыс істейді, олар қандай?
- •Термохимиялық компрессордың жұмысы неге негізделген?
- •Абсорбциялы қондырғыларда жұмыс денесі ретінде не қолданылады?
- •Сурет 3.1. Тікелей сумен жабдықтау сүлбесі.
- •Сурет 3.3. Айналымдағы сумен жабдықтау жүйесінің сүлбесі.
- •Жасанды су қоймасы қалай жасалады?
- •Газды араластырғыш–жоғарылатқыш станциялар.
«Энерготасығыштарды тарату және өндіру жүйелері» пәнінен
1-ші аралық бақылауға арналған сұрақтар
Кәсіпшілік газ тарататын станция не үшін қажет?
Кәсіпшілік газды тарататын станция қажет:
1. Газды редуцирлеу, яғни ондағы қысымды магистральді құбыр бойындағы қысымға дейін азайту үшін; 2.Газды механикалық қоспалардан тазарту үшін, әдетте майлы шаң аулағыштарда болады; 3.Газды одоризациялау үшін, яғни иіс беру;

Метанды қондырғы СН4 газына қосымша газ қосу үшін қажет, кристалл гидраттарының түзілуінің алдын алу үшін.
Пгрс сүлбесі көрсетілген:
1 – газдың кәсіпшілік коллекторы; 2 – ПГРС-ке кіретін газ торабы; 3 – шаңнан тазалайтын сүзгі; 4 – РІ манометрлері; 5 – спирт алу үшін қажет метанды қондырғы; 6 – редуцирлеу торабы; 7 – елді-мекен орналасқан жерге газ жіберу арналған төмен қысымды торап; 8 – қорғаушы клапан; 9 – одоризациялайтын торап; 10 – магистральді газ құбыры.
Кәсіпшілік газды тарататын станцияның басты кемшілігі қандай?
басты кемшілігі: қысымды орынсыз пайдалануы, ол бір жола қайтпай жоғалады. Осы қысымды пайдалану әдістерінің бірі – құйын тәріздес құбырды орнату, онда қысымды төмендете отырып суықты немесе жылыны алуға болады.
Газ құбырындағы газды жедел тоқтату үшін нені қолданады?
1.3. суретте жеке бөлмеде орналасқан ГРП-ның (газ тарататын орынның) сүлбесі көрсетілген. ГТО-ның жіберу қабілеті қысым реттегіштердің өнімділігімен анықталады. ГТО-ға қорғауыш бекітуші қақпақша, қысым реттегіш, сүзгіш, газдың шығынын есептейтін диафрагмалар, өлшегіш құралдар, газ құбырын бекіткіш темір арқау (арматура) орнатылады. Газ құбырлары қазандыққа магистральдан тұйықталған тармақтар түрінде тартылады. Газ құбырындағы газдың берілуін жедел тоқтату үшін электр жетегінен сөндіретін құрылғыны қолданады. Газ құбырлары білтелермен жабдықталады, ол газды үрлеген кезде газ құбырымен атмосфераға, ауаға бағыттауға қажет. 1,6,8,9 – бекітуші жапқыш; 2 – газды тазалауға арналған сүзгі; 3 – шығын өлшегіш диафрагмасы; 4 – сақтандырғыш бекіткіш клапан; 5 – қысым реттеуіш;
7 – клапан.
Газ құбырлары қысымдарына байланысты қандай топтарға жіктеледі?
- төмен қысымды – 0,005 МПа-ға дейінгі;
- орташа қысымды – 0,005 тен 0,3 МПа-ға дейінгі;
- жоғары қысымды – 0,3-тен 1,2 МПа-ға дейінгі деп бөлінеді.
Газ желілерінің құрылғыларына қандай талаптар қойылады?
Өнеркәсіпті газ тасымалдау, цех аралық тораптар арқылы жер беті немесе жер асты төсеніштен бойынша газ құбырлары арқылы тартылады. Жер бетіндегі газ құбырының артықшылығы – короозияның болмауы және газдың жоғалуының аз қауіпсіздігі. Цех аралық құбырлы өткізгіштерден газ цехке, цех ішіндегі желілер бойынша келіп түседі. Цехтардың арасындағы өнеркәсіптік газ құбырларынан айырмашылығы олардың саны мен газ реттеуіш орындарының орналасуына байланысты. Егер кәсіпорын өнімділігі бойынша шағын болса, аз қысымды желіге қосылады және оған газдың шығын өлшеуіш пункті орналастырылады. ПЗРГ (пункт замера расхода газа ) орналасады. Егер де газ құбырларына орташа қысым берілетін болса, онда төмендегі сұлбалар бойынша жүзеге асырылады:
Газ құбырлары әрбір цехке тартылады. Онда ГТО қондырғылары орналастырылады. Осы құрылғыда газдардың қысымы төменгі қысымға дейін азаяды. Газ тарататын қондырғылардан тек қана осы цехтің тұтынышуларына келіп түседі және әрбір цехтағы газдың шығыны өлшенеді.
Орталық ГТО-ң сұлбасы ол жеке тұрған ғимаратта орналасады. ГТО-ға ПЗРГ орналастырылады. Орталық газ тарату пунктінде газдың қысымы орташа қысымға дейін азаяды. Газ тарату қондырғылары орналасақан аса қысымды цехтар үшін қажет. Яғни өнеркәсіптегі газбен қамтамасыз ету 2 сұлба арқылы бөлінеді.
ГТО-ң орталық газ тарататын орынның сұлбасының 1 нұсқасы көрсетілген.
1 – қалалық желілер; 2-желі бойынша орналасқан конденсат жинағы; 3 – ажыратушы құрылғы.
Табиғи газды не үшін одоризациялайды?
Газтәрізді отын – бұл қандай-да бір қоспа үлесі бар жанғыш және жанбайтын газдардың қосындысы. Газдар табиғи және жасанды; ылғал және құрғақ болып бөлінеді. Сондай-ақ тасымалдау кезінде ылғал газдар кептіріледі. Табиғи газдардың иісі болмайды, сондықтан оны одоризациялайды, яғни оған иіс береді. Табиғи газ бұл көмірсутектің қосындысы, оның құрамында сутегі, оттегі, көмірқышқылы болмайды. Оны 3 топқа бөлуге болады: таза газдың шығатын жерінің газы, жол-жөнекей, бағыттас газ, конденсатты кен орнының газы – құрғақ газ бен осы газ конденсатының буларының қоспасы.
Жасанды газдар: доменді, коксты, газ генераторларынан алынатын газдар. Қатты отыннан газды құрғақ айдау әдісімен алады. Газды тасымалдау кезіндегі негізгі қиындықтар: мұз; кристалл-гидраттардың түзілуі; оттегінің, судың, күкіртті сутектің болуы коррозияға әкеледі.
Газдарды кептіру үшін қатырады немесе абсорбциондық (сіңіру) тәсілді қолданады.