Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Myrzabekova_zhauaptar.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.71 Кб
Скачать

13. 1555 Ж. Аугусбург діни бітімінің шешкен мәселелерін талдаңыз.

АУГСБУРГ діни бітімі (1555 ж. Аугсбург қаласында Германияның протес­тант княздары мен император Карл арасында жасалған шарт. Бұл бітім католиктер мен протестанттар арасындағы бірқатар соғыстардың аяқталуына әкеп сокты, ол князьдардың дін мәселесінде толық тәуелсіз болуын көрсетті. Бұл бітім бойынша князьдар өз қарамағындағы қай дінді ұстауын көрсетуге толық право алды).

— Аугсбург на-нымы (Лютердің жақын серігі Ф. Механхтонның қатысуымен жасалған Лютер ілімінің негізін баяндайтын документ. 1530 ж. Аугсбургтегі империялық сеймде император V Карлге тапсырылды). Аугсбург діни бітімі Киелі Рим имериясының Орталық Европадағы тәуелсіздігі мен бейбітшілігін орнатты. Лютеран Реформациясының кризисі уақытша тоқтатылды. Лютерандық конфессия ретінде католик дінімен тең дәрежеде мойындалды. Аугсбург шешімі бірінші рет Европада бір мемлекетте бірнеше діни сенімнің болатындығын дәлелдеді. Империядағы мемлекеттер институттар, рейхстаг, империя соты, императордың өзі Киелі Рим империясының трансформациялануында маңызды қадам жасады. Империя қоғамының сословиесі өз құқықтарын сақтауда сақтандыру шаралары мен әлеуметтік тұрақтылыққа жетті. Германияда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жарты ғасырға дейін сақталды (XVII ғ. басына дейін). Неміс тарихнамасында Аугсбург діни келісімі маңызды бірден бір қоғамдық саяси ғасыр деп жиі айтылады. Ол елдердің дамуы жолындағы «конфессиялық дәуірдің» бастамасы болып есептеледі және 1555 жылдан 1648 ж. Вестфаль келісіміне дейінгі аралықты қамтиды. Ол отыз жылдық соғыстың басталуына да себеп болды. Келісімнің шарты империя заңы сиқты дәрежеде болды.

14. Вестфаль бейбіт келісімі мен нәт. Шешімнің Еуропа мемлекеттері үшін маңызын көрсетіңіз.

Отыз жылдық соғысты қорытындылаған 1648 жылғы Вестфаль бітімі, Еуропадағы мемлекет аралық катынастың жаңа тәртібін ала келген келісім болды. Католик және протестант шіркеуінің тең құқылық әрекеттері мақұлданды. Алайда, Вестфаль бітімі Германияның шашыраңқылық жағдайын сақтап қалды. Жеңуші елдер - Франция мен Швеция - австриялық және испандық Габсбургтер иелігі есебінен өз территорияларын ұлғайта бастайды. Пруссияның да көлемі кеңейе, Голландия мен Швейцарияның ресми тәуелсіздіктері мақұлданады.

Отыз жылдық соғысты аяқтаған бітімнің шарттары 1648 жылы Вестфалияның екі қаласында – Оснабрюкте (бір жағынан, Швецияның және оның немістік – протестанттық одақтастарының және екінші жағынан, императордың араларында жасалған договор) және Мюнстерде (император мен Францияның арасында) қол қойылған бітім договорларында баяндалынды. Вестфаль бітімі Франция мен Швецияның неміс князьдарымен келісімге келуі болып табылады, ал неміс князьдары тек өздерінің оқшауланған иеліктерінің мүдделерін ғана көздеді. Соғыстың барысында-ақ көрінгендей, бұл бітім саяси жағынан бытыранды және діни күрестің салдарынан екі лагерьге бөлінген Германияның әлсіздігін көрсетіп берді.

Вестфаль бітімі бойынша Швеция Рюген аралын қоса бүкіл Батыс Памеранияны, ал Шығыс Памераниядан – Штеттин (Шецин) қаласын және бірқатар мекендері алды. Швецияға Волин аралы жағалаудағы барлық қалаларды қоса Померан шығанағы, «империялық лен» ретінде Везердегі Бремен және Верден архиепископтықтары және Висмар қаласы берілді. Сонымен, Солтүстік Германиядағы кеме жүзетін өзендердің барлық сағалары Швецияның бақылауына алынған болып шықты. Швеция Балтық теңізіндегі үстемдікке қолы жетіп, Европаның аса күшті мемлекеттерінің біріне айналды. Франция Эльзасты алды және өзі сонау 1552 жылы – ақ басып алған үш епископтыққа Лотарингтегі Мец, Туль, Верден қалаларымен қоса қожалық етуге өзінің праволы екендігін растатты.

Вестфаль бітімі Германияның саяси бытыраңқылығын ресми түрде бекітті. Неміс князьдарының өзара және шет мемлекеттермен одақтар жасасуға дербес сыртқы саясат жүргізуге правосы танылды. Князьдық одақтар «императорға және империяға»қарсы бағытталуға тиіс емес делінген ескерту, тек декларация ғана болды. Жалпы империялық байланыстар формальды түрде ғана қала берді. Вестфаль бітімі бойынша, империя мемлекеттердің одағы болып қана табылды.

Осылайша, ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Еуропа өзіндік мүдделерге арқаланатын және өзара бір-біріне тәуелді мемлекеттер мен одақтардан тұратын бүтіндікті құрады. Вестфаль келісімін жасау барысында құрылған мемлекеттер арасындағы қатынас жүйесі, Вестфаль жүйесі деген атауға ие болады. Бұл жүйе ХҮІІІ ғасырдың аяғына дейін өмір сүреді. Отыз жылдық соғыстың жеңушісі танылған Франция мен Швеция сол уақыттағы құдіретті мемлекет ұғымына толық сәйкестеледі. Олар аумағы жағынан ауқымды, күшті әскер иеленген, көптеген сауда және әскери кемелері бар тұрпатты мемлекеттер сипатында болатын. Еуропаның көптеген билеушілері француз короліне еліктегіш келетін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]