Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Myrzabekova_zhauaptar.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.71 Кб
Скачать

8. Тордесильяс келісімі, барысы мен нәтижелерін талдаңыз.

Ұзақ уақыт географиялық ашулар мен зерттеулерде Испания мен Португалияның үлесі орасан зор болған. Тордесильяс келісімі - Рим папасының төрелік етуімен 1494 жылы 7 июньде Тордесильяс (Кастилия) қаласында жасалған келісім.  1494-жылы қол қойылған Испания мен Португалия арасындағы жаңадан ашылған жерлерді бөлу туралы келісім. Ол бойынша Атлант мұхитының дәл ортасынан батысына қарай жаңадан ашылған жерлер - испандықтар иелігіне, ал шығысқа қарайғы жерлер португалдықтар иелігіне өтті. шарты бойынша бөлісу шегі кос полюс арқылы өтіп, Жасыл мүйіс аралдарының батыс бөлігінен бастап, Атлант мұхитынан 2000 км. қашықтықты басып өтуге тиісті болды). Бұл келісімнің бір айғағы – қазіргі португал тілді Бразилияның Оңтүстік Американың шығысында орналасуы, ал испан тілді елдердің жалпы түрде батысында орналасуы. бұл шарт 1777 жылға дейін күшіне енді.

1487 жылы декабрьде, 16 ай бойы жүзіп жүргеннен кейін Лиссабонға қайтып оралды. Добрая Надежда мүйісінен Мадагаскарға шейін жүзіп осылайша Индияға жететін жолдың бір бөлігінен өту мәселесі 1498 жылы ғана шешілді.

Колумб және елдерді ашқаннан кейін испандықтар португальдықтардың қаупті бақталастарына айналды. Қақтығыстың алдын алу үшін папаның делдалдығымен жүргізілген ұзақ келіс сөздердің нәтижесінде 1494 жылы Тордесильясе қаласында келісім жасалынды. Бұл келісім бойынша полюстан полюске шейін шекара белгіленді (ферродан батысқа қарай шамасы 30 меридиан бойынша). Келісім осы шекарадан батысқа қарай жаңадан ашылатын аймақтар испандықтардың, ал шығысқа қарай ашылатындары португальдық тардың иелігіне жататын болды. Шек қоюшылық тек Атлантика мұхиты бойынша ғана жүргізілді. Ал мұның өзі кейіннен, испандықтар шығыстан, ал португальдықтар батыстан келіп, Молуккалық аралдарда кездескенде олардың қақтығысып қалуына әкеліп соқтырды.

Испандықтардың батысқа қарай бет алуы, португальдықтардың Индияға баратын теңіз жолын іздестіру қамына қайтадан кірісуіне түрткі болды. 1497 жылғы осы мақсатпен жабдықталған экспедицияның басына король Васко да Гаманы қойды. (ол 1460 жыл шамасында туған). 1497 жылғы 3 июлде Лиссабоннан шағын- шағын төрт кеме теңіз сапарына шықты (екеуінің су сыйымдылығы 120тоннадан, ал қалған екеуінің су сыйымдылығы – 50 тоннадан ). Экспедицияның қолына сол кездерге сәкес ең жетілдірілген карталар мен навигациялық аспаптар берілді. Васко да Гама Жаcыл мүйіс аралдарына жетісімен жағалауға таяу жердің қарсы ағыстарына жоламау үшін, батыс жаққа қарай ойса отырып, оңтүстікке бет алды. Сөйтіп, ол Бразилияға едәуір жақын жерден өтіп кетті. Васко да Гаманың кемелері Лиссабоннан шыққаннан кейін бес ай өткен соң ғана Диастың Африка жағалауына орнатқан ең соңғы белгісіне жетті (1497 жылғы 16 желтоқсанда). Бұдан әрі Үнді мұхитымен жүретін мүлдем бейтаныс жол тап болды. 1498 жылы 1 наурызда португальдықтар Мозамбикке келіп жетті. Осы арадан өзара жауласушы шейхтардың қол астындағы араб қоныстары басталды. Малинди қаласында Васко да Гама өз қоластына лоцмандыққа сол кездегі ең тәжірибелі араб теңізшілерінің бірі Ахмет Ибн Маджитті алды. Білім өрісі өте кең бұл адам Үнді мұхитымен жүзудің бірқатар толық және дәл суреттерін (Лоции деп аталатындары) өлең түрінде баяндап берді. Әрі теориялық білімі, әрі ұзақ жылдар бойына теңізде жүзу тәжірибесі жағынан Ибн –Маджид тіпті португалдықтар тәрізді европалық тамаша теңізшілерден де асып түсетін-ді. Бір жарым айдан соң (1498 жылғы 20 мамыр) Ибн-Маджид кемелерді Малабар жағалауындағы Каликут қаласына жеткізді. Теңізбен Индияға сапар шегу он айдан астам уақыт алды. Васко да Гама жергіілкті Раджімен тіл табысып, келісім жасады. Бір жылдан соң, 1499 жылдың июлінде екі кемесінен және эскадро командасының жартысынан астамынан айырылған Васко да Гама түрлі жеміс тағамды артып Лиссабонға қайтып келді.

Тарихшылар әдетте Колумбтың алғашқы саяхатына таңып жүрген және тегінде Колумбтың өз алдына онан кейінгі саяхаттарында қойған мақсаты – Индияға апаратын батыс жолын ашу, оның алғашқы сапарынан кейін 30 жылдай уақыт өткен соң ашылды. Оңтүстік Американың Шығыс жағалауын ашып, оны зерттеу жұмыстары осы міндеттің шешілуімен тығыз байланысты болды. Бразилияны сірә, Испания және Португалия теңізшілері 1498-1499 жылдары бір мезгілде ашса керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]