Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Myrzabekova_zhauaptar.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.71 Кб
Скачать

14. 1789-1815 Жж. Ресейдің сыртқы саясатын талдаңыз.

Орыс-түрік соғысы (1787-1791 жж.). Ресей, Австрия мемлекеттерінің Осман империясына қарсы соғысы. Бастамасы болған оқиға: Қырым хандығы тәуелсіздігін алғаннан кейін, Ресей Қырым хандығындағы өз беделін дипломатиялық жолмен орнатуған бағыт алған. Бірақ, түріктер 1774 жылғы келісімді бұзып, Қырымға әскер кіргізіп, Сахиб ІІ Гирей тақтан алады да, Дәулет ІV Гирейді отырғызады.Бұған ашуланған ІІ Екатерина Щербининді Қырымға жібереді. Георгий трактаты бойынша Осман империясы Қырымдағы Ресейдің басымдылығын мойындайды. 1786 жылы ІІ Екатерина және оның одақтасы Иосиф ІІ Қырымда жүргенін естіген түріктер орыстардан реванш алғысы келеді. Нәтижесі: 1791 жылы Систов келісімі. Ол бойынша status quo ante bellum сақталуы тиңс болды. Ол бойынша, Австрия жаулап алған жерлерінің барлығын қайтарады. Хотин бекінісін Австрия орыс-түрік келісімінен кейін беруге міндеттенді.1791 жылдың соңында Яссы келісімне Ресей, Осман империясы қол қояды. Ресей Қара теңіздің солтүстік жағалауын алады, Кавказ және Балқанда Ресейдің саяси жағдайы күшейеді. Оңтүстік Буг пен Днестр арсындағы жер Ресейге өтеді. Кавказда шекара Кубань өзені арқылы белгіленеді. 1801 ж. 23 наурызда Петербордағы Сарай төңкерісінің нәтижесінде І Павел өлтірілді. Бұл оқиғаға қатысты сол кездегі замандастарының айтуына қарағанда, Ресейдегі ағылшын елшісі Уитворттың тікелей ұйымдастыруымен болмаса да, оның бұған қатысы бар және Англияның саясаты екендігін көрсетеді. Ресей тағына өлтірілген императордың ұлы І Александр отырды. Ол әкесі сияқты Ресей-Француз одағының жақтаушысы болмады. Дегенменде 1801 ж. 8-10 қазанындағы келіссөздерден кейін олар екі маңызды құжатқа: Франция мен Ресей арасындағы бейбітшілік туралы келісім-шартқа және екі империя арасындағы құпия конвенцияға қол қойылды. Конвенцияда Францияның тартып алған иеліктері үшін Сардиния Королі мен Германия князьдерін марапаттау мәселесіндегі Ресейдің делдалдық миссиясы, сонымен қатар Ион аралдарында адмирал Ушаковтың құрған «Жеті арал Республикасының» танылуы және Ресей мен Францияның теңіздегі бостандықты қамтамасыз ету миссиясы ескертілді. Англияны Ресей империясы бейнесіндегі құрлықтағы негізгі одасқтасынан айырған Наполеон 1802 ж. 25-27 наурызда Аменьеде бейбіт келісім-шартқа қол қоюға мәжбүр етті. Келісім-шарттың талаптары бойынша Англия Францияға және оның одақтастары Испания мен Батав республикасына Тринидат пен Цейлоннан басқа соғыс жылдары жаулап алынған барлық жерлерді қайтарып беруге міндетті болды. Мальтаны Иониттер орденіне беруге, Түркияға Египетті қайтаруға міндеттенді. Ал Франция өз тарапынан Неаполь, Рим және Эльба аралдарынан әскерлерін шығаруға міндеттенді. Франция мен Англия Еуропадағы қалыптасқан тәртіпті қолдауға міндеттенді. Наполеон Египеттен бас тартты. Жеңісті соғыстардан кейінгі ұзақ күттірген бейбітшілік Наполеон Банопарттың мемлекеттік қайраткер және қолбасшы ретіндегі даңқының өсуіне ықпалдастық етті. Ресеймен соғысудың дипломатиялық дайындығы Наполеонның болжамдарын ақтамады. Пруссия мен Австрия Франциямен Ресейге қарсы бағытталған келісімдерге қол қоюға мәжбүр болғанымен де, олар сонымен қатар І Александрмен де құпия келіссөздер жүргізіп отырды. Франция дипломаттары Ресейдің Швеция және Түркиямен болатын қайшылықтарына үміт артты. Алайда, Ресей сәуір айында Швециямен одақтасады, ал соғыстың қарсаңында, 1812 ж. мамырда Кутузов Түркиямен Бухарест бейбіт бітіміне қол қояды. Ресей мен Англия арасындағы одақтастық қатынастар қайта қалпына келтіріледі. Сонымен Ресейді сыртқы саяси оқшаулау жоспары жүзеге аспай қалады.

15. Англия мен Испанияның отарлық монополия үшін күресі. «Жеңілмейтін армада» жойылуын сипаттаңыз. 1587ж. ағылшын-испан соғысы барысында елде феодалды-католиктік топтардың реакционды істері жандана түседі. Олар Мария Стюартты босатып, ағылшын королевасы етіп сайламақшы болады. Бұл идеяны Филипп II Испанский қолдайды. Сөйтіп, католиктік государьларды Англияға қарсы қойып, антиабсолюттік қозғалыстарды қолдап, Мария Стюарттың Англия тағына претензиясын жүзеге асыруды жөн көрді. Бірақ бұны білген Елизавета I-ші осыған қарсы алдын-ала шаралар қолданып, Испаниямен соғысты бастатпас үшін, Елизавета Марияны мемлекетке опасыздық жасады деп, 1587 ж. 8 ақпанда жазаға тартады /28/.

80ж. ағылшын-испан соғысы жаңа фазаға өтеді. Бұл кезде Нидерланды революциясы оның өзіне үлкен азап шектіреді. Ол Испаниямен соғыс барысында өзіне одақтас мемлекетті іздеп, Англиядан көмек сұрауға мәжбүр болды. Сөйтіп 1585 ж. Нидерландыға ағылшын әскері жіберіледі. Осы кезден бастап, Англия және Испания арасында ашық соғыс басталады. Шынында да Елизавета Нидерландының революциясына көмек бергісі келмегендіктен, Филипп II Испанский Англияға соққы беруге дайындығын жақсы атқарды.

134 транспорттық кемелерден құрылған испан Армадасы 1588ж. Англияға қарсы жорық жасайды. Ал кемеде Англияны басып алуға жіберген 22 мың солдат, 8766 теңізшілер, 2088 құлдар, 300 дінбасылары болған. Ағылшын үкіметі соғысқа нашар дайындалған болатын. Осыған қоса 1587ж. урожай төмен болып, нанның бағасы жоғарылай бастаған. Ағылшын королевасының шетелдерден кредит алу мүмкіндігі болғанымен, 1587-1588ж. банкирлер оған көмектесе алмай, Англия тек өзінің ресурстарын ғана пайдаланды. Ал ағылшын көпестері ол кезде нашар халде болғандықтан, жеткілікті субсидияны бере алмаған /29/.

1588 ж. Англия испан Армадасына тойтарыс беру үшін, өзінің флоттарын, әскери отрядтарын дайындай бастаған. Король флоты тек 34 кемеден, 6 мың адамнан тұрған. Бірақ ағылшын жаңа дворяндары және буржуазияшылдары Англияның қорғанысын ұлттық мәселе деп, өз қаржыларымен мемлекеттік қызметке көптеген кемелерді жібереді.

Шілде айында Армада Англияға жақындап, Ла-Маншқа кіреді. Ал ағылшын теңізшілері адмирал Говардтың бұрығымен Армаданы бұғазға кіргізеді. Ал Елизаветаның әйгілі пираттары және теңізшілері Гоукинс, Дрейк, Фробишер Каледа Армаданы аңдып, маңызды күрестерге шықпай, ұсақ соқтығыстар жасап, тек 28 шілдеде қарсыластар Каледа кездеседі. 140 кемелері болған ағылшындар түнде испан флотына 6 кемені жібереді. Осы кезде испандықтар қатты үрейленіп, бірнеше кемелері жанып, біразы өзара соқтығысқан. Келесі күні болған теңіз қақтығысында испан флоты үлкен зардаптар шегеді. Жолда абайсыз болған теңізшілерге ағылшындар күшті тойтарыс береді. Одан кейін испан кемелері Каледа рейдке тұрған соң басталған боранның себебінен Солтүстік теңізде кемелердің жартысы батып, қалғандары теңізде жоғалып, Шотландия мен Ирландияның тасты жағалауларынан табылады. Негізінен, Испанияға кемелердің тек 1/3 бөлігі оралады. Бұл соғыс Елизавета билігінің соңына дейін созылады, бірақ Армададағы испан жеңілісі Англияны Испанияның қауіп-қатерінен арылтады.

Ағылшын-испан күресінде Армаданың құлауы, Испанияның теңіздегі үстемдігінің әлсіреуіне әкеледі. Испания және Англия арасындағы өзара бақталастық Англияның жеңісімен аяқталады. Алайда Филипп II-шімен теңіз күресі арықарай жалғасады /30/.

70-80 ж.ж. қауым палатасындағы пуритандар конфликтілеріне қарамастан, үкіметпен парламент сыртқы және ішкі саясатты қайтадан біріге отырып, жүргізе бастайды. Елизавета Тюдор жаңа дворяндардың, буржуазияның мүддесін қанағаттандыру үшін, сауда мен өнеркәсіптің жақсы дамуы үшін, халық көтерілісінің болдырмау үшін барынша қызмет еткен. Абсолютизм елдің арықарай дамуы үшін барлық алғышарттарын дайындады. Осыған байланысты абсолютизмнің келесі негізгі белгісі анықталған: абсолютті монархияның шарықтаған кезіндегі парламенттің сақталынуы.

16. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі халықаралық қатынастардың сипатын қалай түсіндіресіз. Төніп келе жатқан соғысты АҚШ өзінің экономикалық және саяси бағытын нығайтуға пайдалануға тырысты. Олардың өкілі полковник Хауз екі блокты бір-бірінс айдап салудың бар амалын жасады. Алдымен ол АҚШ (бейтараптық сақтайды деп жариялады, ал соғыс бола қалған жағдайда Англия Ресей үшін соғысқа кіріспеуі мүмкін деген болжам жасады. Мұндай тұжырымдар Герман империалистерінің үмітін арттырып, оларды соғысқа итсрмеледі. Осы жагдайда 23 маусымда Сараевода австрия тағының мұрагері принц Франц Фердинанд өлтірілді. Венада қатты абыржушылық байқалды. Австрия үкіметі бір айға жуық үн-түнсіз жатып алды. Тек қана Германияның желпінтуінен ғана шілде айында Сербияға қарсы үзілді-кесілді талап қойылды. Ол қойылған он шарттың тоғызын қабылдайтынын мәлімдеді. Тек тергеу ісін жүргізу үшін австриялықтарды өз жерлеріне жіберуге қарсы болды да, барлық даулы мәселелердің төрелігін Гааглық трибунал шешсін деп сауал салды. Алайда Австрия–Венгрия 28 шілдеде Сербияға соғыс жариялады. Оған жауап ретінде Ресей мобилизацияға кірісті. Германия 1914 жылдың 1-ші тамызында Ресейге, тамызда Францияға соғыс жариялады. 5-ші тамызда Англия ресми түрде соғысқа кірісті. Осы жағдайда АҚШ бейтараптық сақтады. Ал Түркия мен Болгария австро-германдық блок жағына шықты. Бірінші дүниежүзілік согыстың басталуына Германия мен Англия арасындағы антогонизм шешуші роль атқарды. Осы басты қайшылықпен қатар Германия мен Францияның Эльзас және Лотарингия үшін, Германия мен Ресейдің Константинополь және бұғаздар үшін, Ресей мен Түркияның Армения және Константинополь үшін, Австрия мен Ресейдің Балкан үшін, Австрия мен Италияның Албания үшін талас-тартыстары себеп болды.

17. Речь Посполитая мемлекеттік құрылымы, әкімшілік жүйесі, ерекшелігі мен залықаралық қатынастардағы орнын талдаңыз. Речь Посполитая мемлекеті латын тілінен поль тіліндегі аудармас «жалпы жұмыс» немесе «жалпы зат» деген мағынаны білдіреді екен. Мемлекеттің ресми атауы Польшалық Карольдық және Ұлы Литва князьдігі деп аталады. Мемлекеттің жергілікті тұрғындарымен Речь Посполития деп аталады. Шет халықтармен Польша деп аталады. Польша Корольдығын жергілікті халық Короной деп атады. Литва княздығын Литва немесе Ұлы Княздық деп атайды. XVIIғ. Дипломатиялық келіссөздерде Ұлы польшалық Речь Посполита деп те аталынды. 18 ғ-дың 2-жартысынан Пруссия, Ресей жәнеАвстрия Речь Посполитаяға ықпалын жүргізу үшін өзара күрес жүргізді. 1772 — 73 ж. үш мемлекет Польша жерін бөліске салды. 1794 ж. Польша патриоты Т.Кастюшко бастаған көтеріліс болды. 1795 ж. Речь Посполитая үшінші рет бөліске түсіп, тәуелсіздігінен біржола айырылды. 1807 ж. Наполеон Пруссия әскерлерін талқандап, өзі басып алған поляк жерлерінің бір бөлігінде Францияға тәуелді Варшава герцогтыгын құрды. 1830 ж. Ресейге қараған Польша жерінде көтеріліс басталды. Ресей көтеріліске қатысқандарды Сібірге жер аударылды.Поляк мәселесі орыс түрік соғысы кезінде үлкен роль атқарды. Орыс-түрік соғысы (1768-1774 жж.) Ресей империясы Ресей мен Қырым хандарына қарсы саясаты. Бастамасы: Екі ел арасындағы соғыс Польшадағы Станислав Август Понятовский мен шляхта арасындағы қақтығыс алғышарт болды. Поляк көтерілісшілерінің арттарынан келген казактар Осман империясының иелігіндегі Балта қаласына кіреді. Түркия қала тұрғындарын казактар қырып салды деп Ресейге соғыс ашады. Нәтижесі: 1774 жылғы Кучюк-Кайнарджи келісімі бойынша

  • Қырым, кубань, т.б. татарлардің түріктерден тәуелсіздігі айтылады;

  • Ресейге Керчь, Ени-Кале, Азов, Кинбурн өтеді;

  • Орыс сауда кемелері түрік теңіздерінде ағылшын, француздардікіндей құқықтарға ие болады;

Молдава княздігіндегі христиандарды Ресей өз қамқорлығына алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]