
- •Халықаралық қатынастардағы династиялық қағиданы түсіндіріңіз.
- •2. Ортағасырлардағы династиялық соғыстар және олардың нәтижелерін талдаңыз.
- •Ортағасырлық Еуропадағы «неке дипломатиясы» және оның сипатын талдаңыз.
- •Орта ғ.Еуропадағы хал.Қат.Конфессионалдық ұстанымын талдаңыз.
- •5. Еуропадағы орталықтандырылған біртұтас мемлекеттердің пайда болуы және ұлттық мүдде түсінігіне сараптама жасаңыз.
- •6. Әлемдік сауданың халықаралық қатынастардағы орны, сауда мүддесі түсінігінің пайда болуын талдаңыз.
- •8. Тордесильяс келісімі, барысы мен нәтижелерін талдаңыз.
- •9. Сарагосс келісімі, қатысушылары мен нәтижесін талдаңыз.
- •10. XVII ғғ. Еуропа мемлекеттерінің арасында сауда және отарлық бәсекелестіктің пайда болу жолдарын түсіндіріп беріңіз.
- •11. Еуропа тарихындағы діни соғыстар, олардың себептері мен салдарларын талдаңыз.
- •12. 1618-1648 Жж. Отыз жылдық соғыс, себептері мен бірінші кезеңінің нәтижелерін сараптаңыз.
- •13. 1555 Ж. Аугусбург діни бітімінің шешкен мәселелерін талдаңыз.
- •14. Вестфаль бейбіт келісімі мен нәт. Шешімнің Еуропа мемлекеттері үшін маңызын көрсетіңіз.
- •15. 1756-1763 Жж. Жеті жылдық соғыс және «Дипломатиялық революция» түсінігін талдаңыз.
- •1. Рейхстаг – Германиядагы өкілетті билік органы ретінде талдаңыз.
- •2. XVIII-XIX ғғ.Европадағы халықаралық қақтығыстардың жиынтығы және «Шығыс мәселесін» қалай түсінесіз.
- •4. XVIII ғ.Польшаны жікке бөлу. Оның салдарларын талдаңыз.
- •5. Солтүстік Америкадағы британ отарларының өз тәуелсіздігі үшін күресі және европа державаларының саясатын талдаңыз.
- •6. Джордж Вашингтон Американың мемлекеттік қайраткері жәні і Президенті ретінде көрсетіңіз.
- •7. Ұлттық сурверенитет қағидалары мен олардың іске асыру жолдары және мүмкіндіктерін қалай түсінесіз.
- •10. 11. Еуропадағы Франция үстемдігі және Наполеон мәселесін талдаңыз.
- •14. Вена конгресі. Маңызы мен нәтижелері.
- •1 Европалық концерт хал,қат.Тарихындағы жаңа көрініс ретінде.
- •4. Ұлыбританияның отарлық экспансиясының сипатын көрсетіңіз.
- •7. 1848-1849 Жж. Революциялар және «Вена жүйесінің» дағдарысын қалай түсінесіз.
- •12. Хviii ғ. 70-80 жж. Халықаралық қатынастардағы Поляк мәселесін түсіндіріңіз.
- •14. 1789-1815 Жж. Ресейдің сыртқы саясатын талдаңыз.
- •18. Вена когресінің шешімдері бойынша территориялық бөлісуді сипаттап беріңіз.
- •21. 1689Ж. Нерчин келісімі: сипаты мен нәтижелерін талдаңыз.
- •23. 1714 Ж. Раштад келісімінің сипаты мен шешкен мәселелерін талдаңыз.
- •24. 1756 Ништат келісімі: сипаты мен нәтижелерін талдаңыз.
- •25. 1763Ж. Париж келімінің шешкен мәселелері.
- •28. Протекторат – Наполеон қалыптастырған жүйенің ерекшелігі ретінде сипаттаңыз.
- •29. 1833 Ж. Ресей мен Осман империясы арасындағы одақтық келісімнің сипаты мен нәтижелерін сипаттаңыз.
12. Хviii ғ. 70-80 жж. Халықаралық қатынастардағы Поляк мәселесін түсіндіріңіз.
18 ғ-дың 2-жартысынан Пруссия, Ресей жәнеАвстрия Речь Посполитаяға ықпалын жүргізу үшін өзара күрес жүргізді. 1772 — 73 ж. үш мемлекет Польша жерін бөліске салды. 1794 ж. Польша патриоты Т.Кастюшко бастаған көтеріліс болды. 1795 ж. Речь Посполитая үшінші рет бөліске түсіп, тәуелсіздігінен біржола айырылды. 1807 ж. Наполеон Пруссия әскерлерін талқандап, өзі басып алған поляк жерлерінің бір бөлігінде Францияға тәуелді Варшава герцогтыгын құрды. 1830 ж. Ресейге қараған Польша жерінде көтеріліс басталды. Ресей көтеріліске қатысқандарды Сібірге жер аударылды.Поляк мәселесі орыс түрік соғысы кезінде үлкен роль атқарды. Орыс-түрік соғысы (1768-1774 жж.) Ресей империясы Ресей мен Қырым хандарына қарсы саясаты. Бастамасы: Екі ел арасындағы соғыс Польшадағы Станислав Август Понятовский мен шляхта арасындағы қақтығыс алғышарт болды. Поляк көтерілісшілерінің арттарынан келген казактар Осман империясының иелігіндегі Балта қаласына кіреді. Түркия қала тұрғындарын казактар қырып салды деп Ресейге соғыс ашады. Нәтижесі: 1774 жылғы Кучюк-Кайнарджи келісімі бойынша
Қырым, кубань, т.б. татарлардің түріктерден тәуелсіздігі айтылады;
Ресейге Керчь, Ени-Кале, Азов, Кинбурн өтеді;
Орыс сауда кемелері түрік теңіздерінде ағылшын, француздардікіндей құқықтарға ие болады;
Молдава княздігіндегі христиандарды Ресей өз қамқорлығына алады.
13. Ұлы Француз революциясы кезеңіндегі халықаралық қатынастарды қалай түсіндіресіз., Француз төңкерісі — 1789 — 1794 жылдарыФранциядағы феодалдық-абсолюттік құрылысқа ауыр соққы беріп, капитализмнің дамуына жол ашқан буржуазиялық-демократиялық көтеріліс. 18 ғасырдың соңында Францияда жаңадан қалыптасып келе жатқан өндіргіш күштер мен ескі феодалдық өндірістік қатынастардың арасындағы қайшылықтар шиеленісе түсті. Елдің эконикалық жағдайын мемлекеттік қазынаның сарқыла бастауы, сауда-өнеркәсіптік дағдарыс, құрғақшылық әрі қарай ауырлатып, 1788 — 1789 ж. аса қиын ахуал қалыптасты. Оның алдын алу мақсатымен король Людовик XVI 1789 ж. 5 мамырда Версальда Бас Штаттарды шақырды. Оған ақсүйектерден 300, діни мекемелерден 300, үшінші сословиеден (қарапайым халық) 600 депутат қатысты. 1789 ж. 17 маусымда үшінші сословиенің депутаттары өздерін бүкіл ұлттың өкілдері деп мәлімдеп, өз жиналыстарын ұлттық, ал 9 шілдеден — Құрылтай жиналысы деп жариялады. Өкіметтің бұл жиналысты қуып тарату әрекеті халық көтерілісіне әкеп соқты. Король Бас штаттарға жиналыс өткізуге тыйым салғаннан кейін үшінші сословиеден шыққан депутаттар мен оларды қолдаушылар сол кезде бос тұрған Әулие Яков шіркеуіне жиналып, саяси мәселелермен айналысты. Сондықтан Яков шіркеуіне жиналғандарды халық-яковиншілер деп атады. 1789 ж. 14 шілдедегіБастилияға тікелей шабуыл жасау Француз революцияның бастамасы болды. Феодалды-абсолюттік құрылысқа қарсы күресте буржуазия, шаруалар мен қала кедейлері бірігіп кетті. Бұл бірлік 1789 ж. 26 тамызда Құрылтай жиналысы қабылдаған “Адам және азамат құқықтарының Декларациясынан” көрініс тапты. Онда ұлт жоғ. өкімет билігінің қайнар көзі ретінде жарияланды. “Адамдар ерікті және құқығы жағынан тең болып қала береді” делінді. Сөйтіп, феодалды артықшылықтар мен үстемдіктерге соққы берілді. Сөз, баспасөз, дін ұстау, жиналыс бостандықтары жарияланды. Жеке меншік мызғымас және қасиетті құқық ретінде танылды. Негізгі саяси құқықтар алдымен салық төлеушілерге берілді. Француз революциясының бірінші кезеңінде (1789 ж. 14 шілде — 1792 ж. 10 тамыз) билік ірі буржуазия мен фельяндар деп аталған либерал ақсүйектерге тиісті болды. Негізінен буржуазия өкілдерінен тұратын астаналық әкімшілік құрылды. Ол Париж коммунасы деп аталды. Оның басшылығымен 1792 ж. 10 тамызда көтеріліске шыққан халық жеңіске жетіп, король тақтан түсірілді. Ұлттық Конвентке сайлау белгіленді. Француз революциясының екінші кезеңінде (1792 ж. 10 тамыз — 1793 ж. 2 маусым) саяси билік Құрылтай жиналысының орнына сайланған Заң шығару жиналысына көшті. Ол жиналыста Жиронда департаментінен шыққан депутаттар үстем түсіп, Ұлттық Конвентте көпшілік орынды иемденді. 1792 ж. 22 қыркүйекте Конвент Францияны республика (бірінші республика) деп жариялады. Конвент залындағы жоғ. орындарға революцияны соңына дейін жеткізуді мақсат еткен депутаттар отырды. Бұл топ “тау” деп аталды. Оны М.Робеспьер, Ж.П. Марат, Ж.Ж. Дантон, Л.Сен-Жюст, т.б. басқарды.