Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Myrzabekova_zhauaptar.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.71 Кб
Скачать

7. 1848-1849 Жж. Революциялар және «Вена жүйесінің» дағдарысын қалай түсінесіз.

Вена конгресінен кейінгі Германия. Герман ОдағыПруссия Германияны біріктіруде ойнаған орталық рөлі. 1848-1849 жж революция мен Германия. Германияның бірігуі мәселесі және ұлы державалардың ұстанымдары. Шлезвиг-Гольштейн мәселесі мен Австрия мен Прусссия арасындағы Германияда үстемдік құру бақталастығы, нәтижесінде дат-прусс және австро-прусс соғыстары және 1867 ж Пруссия басқарған Солтүстік Герман Одағының құрылуы. 1870 ж франко-прусс соғысы және Герман империясының құрылуы. 1848-1849 жж. революция жеңілісінің нәтижесінде Италия саяси бытыраңқы ел болып қала берді. Ломбардо-Венециан облысын Габсбургтар басқарды, ал ұсақ герцогтықтар – Модена, Парма, Тоскана – австриялықтардың ықпалында, яғни сол жерлерде австриялық әскерлер болды. 1849 жылдан Римде француз горнизоны орналасты. Оңтүстікте, қос Сицилия корольдіктерінде ІІ Фердинанд, ал Пьемонтта революциядан кейін үш түсті ұлттық туды және конституциялық тәртіпті сақтаған король ІІ Виктор-Эммануил билік етті. ХІХ ғ. 40-шы жж. өн бойына Италияның бірігуіне қатысты жолдар мен тәсілдер бойынша қызу пікір-таластарда өте алмайтындай көрінген көптеген кедергілер болды: тарихи қалыптасқан дербестіктер мен дәстүрлердің саны, елдің Солтүстік пен Оңтүстіктігінің әлеуметтік құрылыстарындағы терең айырмашылықтар, сонымен қатар католиктік мемлекет үшін негізгі факт – бүкіл әлемдік католиктік шіркеудің басшысы папа, мыңжылдан астам уақыт бойына қол астындағы болған иеліктерінің біріккен итальян мемлекетіне қосылуын қаламаған территориялық князь болды. ХІХ ғ. 50-ші жж. аяғында елдің бірігуі үшін қозғалыста екі нақты бағыт анықталды: көрнекті өкілі Джузеппе Гарибольди болған революциоялық-демократиялық және Сардин корольдігінің премьер-министрі К. Кавур басқарған байыпты бағыт. Кавур Пьемонтқа Ломбардо-Венециан облысын және Австрияның ықпалында болған орталық Италияның герцогтықтарын қосуға ұмтылды. Кавур Италияның «жоғарыдан» біріктіруге ұмтылды және бұл мақсатта Австрияны ығыстыруға және Италияда өз үстемдігін орнатуға тырысқан ІІІ Наполеонды пайдалануды жөн көреді. Сонымен қатар Кавур со кездегі халықаралық жағдайдағы өзгерістерді де есепке ала білді: Австрия империясы 1848 ж. қарағанда қиыншылықтарды көп көрді және әлсіз еді, Ресей жағымды бейтараптылық позициясын ұстанды, Англия мен Пруссия араласуға ынталылық танытпады және Италиямен қақтығыс кезінде Австрияға көмек көрсетуге асықпайтындықтарын білдірді. Француз императорының мақұлдауын алу үшін Кавур 1855 ж. Ресейге қарсы ағылшын-француз коалициясына қосылды және Пьемонт әскерлерінің корпусын Қырымға жіберді. Қырым соғысының қатысушысы ретінде Кавур Сардинияның (Пьемонт) Париждегі 1856 ж. 25 ақпанда ашылған бейбіт конгрессіне шақырылуына қол жеткізеді. Ол 8 сәуірдегі мәжілісте папа үкіметінің қарама-қайшылықтары және Неополитан королінің елді басқарудағы қолданып отырған кері әдістері туралы мәселелер қойылған кезде ғана пікір-таласқа жете алды, ал Кавурдың өзі Рим легаталарының шексіз оккупациясына қарсы шықты. 

8. Қырым соғысынан кейінгі күштердің жаңа қарым қатынасы. Халықаралық қатынастардағы Қырым жүйесін талдаңыз. Қырым соғысы Шығыс соғысы (1853 — 1856), Ресей империя мен Ұлыбритания, Франция, Түркия, Сардиния одақтары арасында өткен. 19 ғ-дың орта кезінде Ұлыбритания мен Франция Ресейді Таяу Шығыс рыногінен ығыстырып, Түркияны өз ықпалына бағындырды. Олар Ресейді Қара теңіз жағалауынан шеттетіп, Қырым мен Кавказды иеленуді мақсат етті. Түркия еліндегі кейбір топтар Батыс Еуропа дипломатиясының қолдауына сүйеніп, Қырым мен Кавказды Ресейден тартып алуды көздеді. Солай Таяу Шығысқа ықпалын жүргізуге жанталасқан патшалық Ресей мен оның қарсыластары арасындағы қайшылық шиеленісе түсті. Ресей бүкіл Түркияны, оның астанасы Стамбұлды, Қара теңізі жағалауларын, Босфор мен Дарданеллбұғаздарын, Мәрмәр теңізін өзіне толық қаратуды көздеп, батыстық әріптестерімен қатынасын шиеленістіріп алды. Ресей православие шіркеуі Палестинадағы “қасиетті орындар” үшін 1852 ж. католик шіркеуімен дау-дамайға барды. Ресейдің “Еуропа жандармы” болуы және Таяу Шығыстағы, Орт. Азиядағы озбырлық саясаты батыс елдерін шошындырып, оларды тойтарыс беруге итермеледі. Ал Ресей патшасы Николай І мен Сыртқы істер мин. Еуропа мемлекеттерінің жоспары туралы қате пікірде болды. Олар Түркияға қарсы соғыста Австрия мен Пруссия тікелей қолдау көрсетпегенімен, де қарсы шықпайды, ал өлыбританияға Осман империясынан Египет пен Крит аралын алып берсек, ол соған қанағаттанады деп ойлады. Франция болса 1848 ж. революциядан әлі есін жинаған жоқ, ал Түркияны оңай жеңеміз деп тұжырымдады. Сондай-ақ Балқан елдерінің түріктерге қарсы азаттық қозғалысына үміт артты. Бірақ өлыбритания Ресейдің Таяу Шығыс пен Балқандағы ықпалының артуын қаламады, Франция императоры Наполеон ІІІ өз беделін көтеру үшін жеңіспен аяқталатын соғыс іздеп, оны Ресеймен болатын соғыс деп санады. Балқан түбегіндегі елдерге өз ықпалын нығайтуға Австрия да мүдделі болды. Түркия да осыны көздеді. Ресей Түркияға қарсы соғыста жалғыз қалды. Соғыстың басталуына Ресейдің 1853 ж. ақпанда түрік сұлтанынан православие дініндегілер құқығын арттыруды талап етуі және Молдавия мен Валахияға әскер жіберуі (1853 ж. шілде) түрткі болды. Сұлтан оған көнбей 4 қазанда Ресейге соғыс жариялады. Ұлыбритания, Франция әскери кемелері Дарданелге енгізіліп, Түркияға қолдау көрсетті. Соғыс қимылдары Дунай бойында, Армения мен Грузия жерлерінде, Қара теңізде жүрді. Түрік әскерлері сәтсіздікке ұшырады. Түріктердің жеңілісі ағылшындар мен француздардың соғысқа кірісуін тездетті. 1853 ж. желтоқсанда ағылшын-француз флоты Қара теңізге кірді. 1854 ж. 9 ақпанда Ресей Франция мен өлыбританияға соғыс жариялады. 11 наурызда орыс әскерлері Дунайдан өтіп, Солтүстік Добруджаға жиналды.

10 сәуірде ағылшын-француз эскадрасы Одессаны зеңбірекпен атқылады. Ал маусым — шілдеде одақтастар әскері Варнаға түсірілді. Ағылшын-француз-түрік флотының басым күштері Севастопольде орыс флотын қоршауға алды. Австрияның,Пруссияның және Швецияның Ресейге қарсы одақ жағында соғысқа араласу қаупі орыс әскерлерінің басты күшін батыс шекарада ұстауға мәжбүр етті. Дунайдағы орыс әскері 5 мамырда Силистрия қамалын қоршады. Алайда Австрияның дұшпандық бағытын ескере отырып, орыс әскерінің бас командашысы фельдмаршал И.Ф. Паскевич әскерге Дунайдан шегінуге бұйрық берді. Қыркүйектің бас кезінде орыс әскері Прут өзенінен шегініп, босаған жерге Австрия әскері басып кірді. Балтық теңізінде ағылшын-француз эскадрасы орыстың Балтық флотын Кронштадт пен Свеаборгте қоршауға алды. 26 шілдеде одақтастардың 11 мың десант әскері Аланд аралына түсіріліп, Бомарзундты алды. Күзде одақтастар эскадрасы Балтық т-н тастап шықты. 1854 ж. Венада соғысып жатқан елдер арасында дипломат. келіссөз басталды. Франция мен өлыбритания Ресейге Қара тіңізде соғыс флотын ұстау талабын қойып, Молдавия мен Валахия протекторатынан, Дунайда “еркін жүзу” құқығынан, сұлтандықтың православие дініндегілерге қамқорлық жасауын сұрау әрекетінен бас тартуын талап етті. 2 желтоқсанда Австрия Франция және өлыбританиямен одақтасатынын мәлімдеді. 28 желтоқсанда өлыбритания, Франция, Австрия және Ресей елшілерінің конференциясы ашылды, ол 1855 ж. сәуірде тоқтатылды. 1855 ж. 14 қаңтарда соғысқа Сардиния кірісті. Ол Қырымға 15 мыңдық корпус жіберді. Евпаторийде 35 мыңдық түрік корпусы тұрды. 5 ақпанда орыс әскерінің Евпаторийді алмақ болған шабуылына тойтарыс берілді. Орыс әскерінің қолбасшысы А.С. Меньшиков М.Д. Горчаковпен алмастырылды. 5 қазанда Севастополь қорғанысын басқарған ген. В.А. Корнилов, ал 1855 ж. 7 наурызда оның орнын басқан В.И. Истомин қаза тапты. Олардан кейін қорғанысты басқарған адмирал П.С. Нахимов 28 маусымда оққа ұшты. 1855 ж. 27 тамызда Малахов бекінісі қиратылған соң орыс теңізшілері Севастопольді тастап шықты. Орыс армиясының жаңа қолбасшысы Горчаковтың Қырымдағы жағдайды жақсарту әрекетінен ешнәрсе шықпады. 1855 ж. 4 тамызда болған Қара теңіздегі орыс әскерінің шабуылы сәтсіздікке ұшырады. өлыбритания мен Франция соғысқа араласқаннан кейін Түркия Кавказ жақтағы ұрыстарға қызу кірісті. Солтүстік Кавказдан түріктерге көмекке Шәміл әскері келмек болды. Оларды грузиндер өткізбеді. Ағылшын-француз флоты Свеаборг және Кронштадт бекіністерін басып алуға үміттеніп, Ресейдің Балтық жағалауларын қоршаумен шектелді. Қара теңізде одақтастар Новороссийскіге десант түсіріп, Кинбурнды басып алды. 1855 жылдың аяғына қарай соғыс қимылдары негізінен тоқтатылды. Венада келіссөздер қайта жалғасты. 1856 ж. 18 наурызда Париж бейбіт келісіміне қол қойылды. Келісім бойынша Ресей Дунайдың сағасын және Бессарабияның оңт. бөлігін Түркияға бермек болды. Қара теңізде әскери флот пен әскери-теңіз күштерін ұстау құқығынан айырылды. Ресейдің жеңілуінің негізгі себебі: оның экон. даму жағынан артта қалуы және соғыс техникасының мешеулігі болды. Ресейдің басқыншылық саясатына наразы болған өлыбритания мен Францияның Түркияға көмекке келуі де орыс әскерінің жеңілуін тездетті. ҚЫРЫМ СОҒЫСЫ Ресейге әділетті аяққа таптай беруге болмайтындығын дәлелдеп берді.

9. АҚШ тағы Азамат соғысы және Европа мем. байланысын көрсетіңіз. Америкадағы азамат соғысы (1861 — 65) — 19 ғ-дың ортасында АҚШ-тың солт-нде жалдама еңбек пен оңт. штаттардағы құл еңбегі арасындағы қайшылықтардан туған соғыс. Оңт-те құл иеленушіліктің сақталуы АҚШ экон-сының дамуына кедергі жасады. 1860 ж. Солт-тің қолдауымен АҚШ-та респ. партиядан А.Линкольннің президенттікке сайлануына байланысты Оңт-ті жақтап келген демократтар билігі (1829 — 60) аяқталды. Бұл жағдай Америка Одағының ыдырау қаупін тудырды. 1861 ж. қарсаңында Оңт. Каролина өзін тәуелсіз деп жариялады. Сол жылдың басында Оңт-тің 6 штаты Одақтан шықты.

Одақ құрамынан бөлініп кеткен штаттар өздерінің Конфедерациясын құрды. Америка Одағы бір-біріне өш екі аймаққа бөлінді. 1861 ж. көкек айында Оңт. аймақ Оңтүстік Каролинадағы Федерациялық форт (қамал) — Самтерді басып алды. Солт. аймақ бүлікшілерге қарсы соғысқа кірісті. Линкольнның үндеуімен еріктілер жасақтары, жұмысшы полктары құрыла бастады. 1861 ж. шілде айында Вашингтон қаласына жақын жердегі Булл-Ран жылғасында болған алғашқы ұрыс Оңтүстік армиясының жеңісімен аяқталды. Осы кезде Конфедерация құрамында 11 штат, Одақта — 23 штат болды. Булл-Рандағы жеңілістен кейін Солтүстік өзінің әскери күшін қайта құруға белсене кірісті. Армия Мак-Клемон опасыз генералдар мен офицерлерден тазартылды.

1862 жылдың бастапқы айларында генерал Грант басқарған армия батыс Теннесидегі азат етіп, Миссисипидегі Мемфис қ-сын алды. 1862 ж. көкек айында адмирал Фаррагут эскадрасы Оңт-тің ірі порты Жаңа Орлеанды басып алды. 1862 ж. мамыр айында Линкольн Гомстад туралы (жер үлесі) заңды бекітті. Заң бойынша әр адамға 160 акр жер тегін берілетін болды. Армиядағы фермерлер мен жұмысшылар үшін бұл заң өте қолайлы еді. Маңызды шара ретінде құлдықтан босату туралы үндеу жарияланды. Оңт-тен солт. аудандарға зәңилер (негрлер) топ-тобымен қашып келе бастады. Олардың Одақтық армияда болуына рұқсат етілді. Гомстед Заңы мен құлдарды босату құл иеленушілікке қарсы соққы болды. 1863 ж. жаз айында Азамат соғысының екінші табысты кезеңі басталды. Солт. армиясын басқарған генерал Мид 1863 ж. шілде айында Пенсильваниядағы Геттисберг түбінде үш күнге созылған ірі шайқаста генерал Ли басқарған Оңтүстік армиясын ойсырата жеңді. Дәл осы кезде генерал Гранттың жауынгерлері Миссисипи бойындағы Биксберг қ-сын алды. Бүкіл Миссисипи жағалуы Солт-тің қолына көшті. Оңт-тің күші әлсірей бастады.

Тылда да наразылық күшейді. Жүз мыңдаған зәңгілер Солт. армиясына, флотына өз еріктерімен келіп қосылды. Генерал Шерманның армиясы 1864 ж. көктемде Оңтүстіктің маңызды тірегі саналатын Джорджия штатын, қыркүйек айында соғыс өнеркәсібі орталығы Атлантты, желтоқсанда Атлант мұхитындағы ірі порт Саваннаны басып алды. 1865 ж. 3-көкекте генерал Грант пен Шерманның біріккен күші конфедерация астанасы Ричмондты алды. Генерал Ли 9-көкекте тізе бүкті. 1861 — 65 жылдардағы АҚШ-та болған азамат соғысы Америка халқының өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Оңт-те құлдықтың жойылуы АҚШ-та капиталистік қатынастардың дамуына зор мүмкіндіктер тудырды.

10. Ұлы державалар және Италия мен Германияның бірігу мәселелерін талдаңыз. Италия 1870 жылы бірікті. Бірігу нәтижесіңце елдің түтастығы қамтамасыз етілді. Бүл ішкі рынокты қалыптастырды. Яғни, елде капитализмнің дамуына кажетті алғышарт жасалды. Бірігудің нәтижесінде елдің үкімет басына бай топтың өкілдері келіп отырды. Бірігудің барысында қалыптасқан буржуазиялық мемлекет ортағасырлық мемлекеттің қалдықтарын иемденді.

Бүкіл Италия халқының 3/4 бөлігі ауыдда түрды. Италияның деревняларында жартылай феодалдық қатынас басым болдъі. Жердін 5/6 бөлігі дворяндардың, шіркеудің, ірі жер иелерінің, буржуазияның қолында болды. Ұсак шаруа иелігі өте аз бодды. Қауымдық жер көп аудандарда сақталды. Жер шаруашылығын ірілендіру баяу жүрді. Шаруалардың басым көбі жерсіз болды. Арендаға (жалға) жер алды. Аренданың түрі исдольщина, яғни түскен өнімнің жартысын беретін бодды. Шаруалар байдын жерінде бірнеше күн жүмыс істеді. Италиянын шаруашылығы өте ауыр жағдайда дамыды. Жер өңдеу қарапайым кетпенмен өнделді. Өнім төмен болды. Осыған байланысты тұрмыс ауыр болды. Аштық, жалаңаштық белең алды.

Ішкі нарық өте тар. Өнеркәсіп өнімдерін сатып ала алмады. Елдің оңтүстігінде феодалдық күрлыстың қалдығы көп болды. 1870 жылы оңтүстіктің аграрлануы бүрынғыдан күшейді. Себебі солтүстікте капитализм азды-көпті дамыды. Соған байланысты оңтүстіктің қолөнер бүйымдары өтпей қалды.

Ауыл шаруашылығына капитализмнің енуі өте жай жүрді. Шіркеу жерін және басқа жерлерді сатып алған буржуазия капитализмді енгізе алмады. Көп жағдайда аренда төлемінің көлемін жоғарылатты, салық төлей алмағаны үшін жерлерді сатып жіберді. Бұл шаруалардың жерсіз қалуына әкелді. Сондыктан олар «бақыт» іздеп шетелге кетті.

Солтүстік Италияда аграрлык. қүрылыс ерекше болды. Мүнда капиталистік типтегі өнеркосіптер салына бастады. Ірі жер иелері иеліктерінде, исполщина, батрак еңбектерін пайдаланды. Олар рынок үшін өндірді. Олардың шаруашылыктарында азды-көпті ауылшаруашылық машиналары, жер өндеудің жаңа прогрессивтік тұрлері болды. Баскд капиталистік елдерге кдрағанда Италияда бул процесс жай жүрді. 1800-1900 жылы 11% өссе, Америкада 57% өсті.

Тауарлы ақша катынасының дамуы, ауыл шаруашылығына капитализмнін енуі, Италиянын шаруаларының жіктелу процесін кушейтті. Шаруа-жалгерлер капитализмнің жүруіне байланысты еңбек қүраддарынан, жерінен айрылды. Шаруалар батрактарға айналды. Бұлар өздерінің таза енбектерін сатумен айналысты немесе калаға барып еңбектерін сатты. Ауыл шаруашылығынын кейбір шаруалары байыды. Бұдан ауыл шаруашылығында шаруа буржуазиясыиайда болды.

Шаруалардың көп бөлігі жерсіздену барысында қалаға кетті. Бірақ қалада өндірістін дамуы төмен болды. Сондықтан олар басқа елге кетті. 1865-1900 жылдар арасында 5,5 млн. адам шетелге кетгі.

Дегенмен Италия біріктірілгеннен кейін өнеркәсіп тез дамыды, саудасы да дамыды. 16 мың шакырым темір жол салынды. Бұл ішкі рынокты кеңейггі. Біріктіргеннен кейінгі 30-40 жылдың ішінде Италияда өнеркәсіп төңкерісі аяқталды. Кустарлық өндіріс орындары бәрі-бір басым болды.

1872 жылы 100 мың жұмьтсшы болса, 1900 жылы 1 млн. 275 мын адамға жетті. Өнеркәсіптің жай дамуының себебі елде рыноктьщ тарлығы. Табиғи байлык та өте аз. Жерінде көмір, темір қоры жоқ. Осының барлығы баскд еддермен салыстырғанда артта қалуына әкеліп соктырды. 1890 жылы 200 000 тонна шойын өндірілсе, Англия 7,13 млн. тонна шойын өндірді. Болат 120 мын тонна болса, Германия 7 млн. тонна өндірді. Өнеркәсіп төнкерісі елдің оңтүстігінде болмады десе де болады.

Италия мемлекеті буржуазиялық конституциялық монархия. Бұлар ескі феодалдык, мемлекеттен көп нәрсені сактап кддды. Себебі буржуазиялық өзгерістерді жасауға монархиялық институттарды пайдаланғысы келді. 1848 жылы 4-наурызда Пьемонт конституциясын кдбылданғанды. Ол реакциялық сипаттағы конституция болатын. Бұл конституция бойынша мемлекеттін басындағы корольдың билігі шексіз болды. Король еддің билеушісі, қолбасшысы, ол соғысты да бітімді де өзі жариялады. Конституция бойынша парламент шақырылды. Сенаткд король үйінің принцтері, өмірлік чиновниктер, ірі жер иелері сайланды. Депутаттар палатасына бастауыш білімі бар жыл сайын 40 лир ценз төлейтіндер (25 жасқа жеткен) ғана өте алдьг. 1848 жылғы Пьемонт конституциясы кейін біріккен Италиянын конституциясына айналды. Халық 1870 жылы 25 млн. болса, оның 580 мыңы ғана сайлауға дауыс бере алды. Оңтүстігіндегілер түгелдей сайлауға қатыспады. Негізінен алғанда помещиктер, ірі жер иелері сайланды.

Мемлекет басында отырған буржуазиялық дворяндық үкімет өте мыкды болған жоқ. Себебі олар елде өздеріне әлеуметтік тірек жасамады. Тірек жасау үшін заңдар қабылдау керек. 1869-1876 жылдар аралығында буржуазиялық дворяндар мен сауда қаржылық буржуазияның мүддесін қолдайтын үкімет ірі буржуазиянын мүддесін де қолдап отырды. Бүлар елдің өмірін демократияландыруға қарсы шығып отырды.

Оңшыл партия үкімет басында болғанда өздеріне қажетті мемлекеттік аппаратты күшейтті. Теміржол құрылысын қолдады. Оған кажетті акша салықтарды көбейту арқылы жасады. Солшыл партия да болды. Бірақ бүлар да ірі финансистер мен саудагерлердің мүддесін қорғады. Бүл партияның бағдарламасы:

1. Жоғары кедендік тариф белгілеу

2. Ірі өнеркәсіпшілерге тиімді сауда келісімін жасау.

3. Ұсақ буржуазияға кредит беру

4. Салықты азайту, сайлау қүқығын кеңейту, елді басқаруды демократияландыру.

1876-1887 жылдары солшылдар партиясы үкіметтің басында отырды. Олар үкіметтің басына келгеннен кейін халыққа қарсы әрекет жасады. Демонстрация, митингілерге қарсы түрды. 1890 жылдар барысында оңшыл мен солшыл партиялардың айырмашылығы біртіндеп жойылып кетті, екеуі де үстем таптың мүдцесін қорғап кетті.

Италияның сырткы саясаты түракты болған жоқ. Қаланың үсақ буржуазиясының арасында ирреденистік қозғалыс күшейді. Ирреденистік козғалыстың мәні антиавстриялық. Олар Италияға Австро-Венгрияның шекараларындағы италяндықтар көп түратын жерлерді қосу керек деді. Италия экономикалық жағынан әлсіз болғандықтан дербес сыртқы саясат жүргізе алған жок.

XIX ғ. 50 жж. Германия капиталистік дамудың жолына нық аяқ басты. Өнеркәсіп төңкерісі жеделдеді. Ел өнеркәсібінің қарқынды дамуына басты кедергі Германияның бытыраңқылығы болды.

1849 ж. революциялық оқиғалар бәсеңдегеннен кейін Пруссия Герман мемлекеттері Австрия, Бавария, Саксония, Ганноверді кеңеске шақыртып, елді біріктіру мәселесін қарауды ұсынған еді. Пруссияның бұл жоспарына Австрия қарсы болып, кеңесті тастап кетті. 1850 ж. қыркүйекте Пруссия соғысқа дайындық жариялап, елді күшпен біріктіруге айналды. Австрия үкіметі Ресейге шағым жасады. «Еуропа жандармы» I Николай патша «неміс лаңын тоқтатыңдар» деген қатаң ескерту жасады. Пруссия райынан қайтуға мәжбүр болды.

1857 ж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Германияда Ұлттық қозғалыстың жандануына әсерін тигізді. Осындай жағдайда 1857 ж. Пруссия королі IV Фридрих-Вильгельм жүйке ауруына шалдығуына байланысты принц Вильгельм (1861 ж. король) өкімет басшылығына либералдарды тартып, азды-көпті реформалар жүргізе бастады. Күші артқан буржуазия 1859 ж. өзінің саяси партиясын – Ұлттық одақты құрды. Корольүкіметі, юнкерлер (консерваторлар) буржуазияның күші мен ықпалын мойындауға мәжбүр болған еді. Палатаны тарату, 1861 ж. қайта сайлау буржуазиялық депутаттар өкілдерін бұрыңғыдан да күшейтті. Ел ішінде үкіметке қарсы толқулар басталды. Монарх үкіметі дағдарыс жағдайына келді.

Осындай шиеленіс кезеңінде 1862 ж. қыркүйекте король үкімет басшылығына князь Бисмаркті тағайындады. Парламенттің қарсылығына қарамастан, король сенімін арқалаған Отто Бисмарк армияны реформалауды жүзеге асыра бастады.

1850 ж. соңы – 60-жылдары Германияның бірігуіне қолайлы халықаралық жағдай қалыптасты. Габсбургтер әулетінің империясы (Австрия имп.) құлдырау жағдайына жетті. 1859 ж. Франция-Италия одағынан жеңілуі оны әлсіретті. Ресейдің Қырым соғысында жеңілуі, ішкі қиыншылықтар он «Еуропа жандармы» ретінде саяси аренадан кетірген еді. Франция 60 –жылдары Мексиканы өзіне қаратпақ болған сәтсіз жорығынан қолы кесіліп, шырмалды. Ал Англия болса құрлықта ұлы мемлекеттерсіз Пруссияға қарсы тұра алмайтын еді.

Бисмарк осы сәтті кезеңді елдің ұлттық мәселесін шешуде пайдалана білді. Германияны біріктіру жолындағы басты кедергі Австрия империясы еді. Германияның кішігірім мемлекеттері Пруссиядан қорыққандықтан Австрияны қолдайтын.

1863 ж. Дания королі немістер мекендейтін Шлезвиг және Гольштейн аймақтары мәңгілікке Данияның құрамына кіреді деп жазылған Конституция жариялады. Езілген неміс туысқандарын азат ету ұранын желеу қылып Бисмарк 1864 ж. Данияға соғыс жариялап, ол соғысқа үлкен ептілікпен Австрияны да тартты. Данияның әскери күшін оп-оңай жеңіп, одақтастар Шлезвиг пен Гольштейнді тартып алды. Осы екі аймақты басқару мәселесі екі елдің арасындағы жанжалға себеп болды. Бисмарк осы шиеленісті соғысқа ьұластыру мақсатын көздеді, өйткені ол Австрияны күйретпейінше, Германияны біріктіру ісінен аластата алмайтынына көзі жеткен еді. Бірақ соғысты бастамас бұрын ол қолйлы халықаралық ахуал дайындап алды. Франция императорына Бельгия мен Рейннің сол жағалауындағы аймақтарды беруге уәде етті. Ал Италияға Австрияның қол астында қалған Венецияны қайтарып беруге уәде беру арқылы өзіне одақтас етіп соғысқа тартты.

1866 ж. Пруссия әскерлері Саксония, Ганновер, Гессен-Каасель жерлеріне басып кіріп, Австрияға соғыс жариялады. Австрияның үлкен әскері Пруссия мен Италияға қарсы екі майданға бөлінуге мәжбүр болды. 3 шілдеде Чехияның Садово қыстағы түбінде Пруссияның әскері австриялықтарға күйрете соққы берді. Австрияға жақтасқан кішігірім гермен мемлекеттерінің әскері де талқандалды.

Осы жеңістен соң Пруссия генералдары Венаға жорыққа шығып, Австрия империясын мүлдем жойып, өздеріне қосып алуға ұмтылды. Король Вильгельм де сол пікірде болған, тек Бисмарк бұған жол бермеді. Ол соғыс созылып кетсе ұлы державалар, әсіресе Франция араласып, Германия біріктіру ісі екіұшті болып қалатынын түсінді. Бейбіт бітімге тез қол қойылды. Австрия империясы Герман одағынан аластатылып, іле-шала одақтың өзі таратылды. Оның орнына Пруссия басшылығымен Солтүстік Герман одағы құрылды. Оның құрамына 22 неміс мемлекеттері кірді. Солтүстік Герман одағының рейхстагы 1867 ж. басында қабылданаған Конституция бойынша өкімет билігі мұрагерлік негізінде қалыптасатын «президент» – Пруссия короліне берілді. Одақтың көлеміндегі аймақтардың бәрінде бір азаматтық және біртұтас заңдылық жарияланды. Сөйтіп, Германияның экономикалық және мәдени дамуын шырмап тұрған бытыраңқылық жойылды.

Германияның толық бірігуіне Франциядағы II империя басты кедергі болды. III Бонапарт Оңтүстік Герман мемлекеттерінің Одаққа қосылмауын, Рейннің сол жағалауын өзіне қосып беруді талап етті. Өз тарапынан Бисмарк Францияны күйретпей, Германия толық біріге алмайтынын жақсы түсінетін. 1870 ж. Испания тағына мұрагерлік шиеленісін сылтау қылып, III Наполеон Пруссияға соғыс жариялады. Француз армиясына күйрете соққы берген Бисмарк Пруссия басшылығымен Гермен империясын құрды, сонымен елдің толық бірігуі аяқталды. 1871 ж . қаңтарында француз корольдерінің салтанатты сарайы Версальда Германия империясы жарияланып, Пруссия королі I Вильгельм император болып, ал Бисмарк рейхсканцлер болып тағайындалды.

11.Франко прусс соғысы. Франкфурт бітімін талдаңыз. 1869-70 жылдары Францияда бонопартистік режимнің дағдарысы бұрынғыдан да күшейді. Оның себебі император Наполеон III Францияны құдіретті мемлекетке айналдыруды, Еуропада Францияның ықпалын күшейтуді көздеді. Ол үшін елдің ішіндегі наразылықгы басу керек, ол үшін жеңімпаз соғыс жүргізу керек. «Еуропаның басқа мемлекеттерін жеңу арқылы Еуропада Францияның ықпалы орнайды» — деп ойлады. Германияның бытыраңқылығын сақтап калуға тырысты. Германия бірігіп кетсе күшейеді. Сол үшін Пруссияға соққы беру керек болды. Осындай жолдармен бонопартистер өз әулетін күшейтуді армандады. Бонопартистердің жеке мүддесінен шыккан соғыс болды. Сол кезде Пруссияға да соғыс керек болды. Себебі Пруссия елді біріктіруді аяқтағысы келді. Германияньщ төрт мемлекетін қосу керек болды. Ал Франция болса Германияньщ қосылмаған төрт мемлекетінің косылуына кедергі жасағысы келді. Пруссия бүл соғысқа дайындалып отыр еді. Сонау 1863 жылы соғыс жоспарын дайындаған болатын. Австро-Венгрияны бейтараптылыкка көндірген болатын. Пруссияның милитаристік топтарының агрессияшыл саясаты осындай болды. Бисмарк бүл мәселені Пруссияның беделін төмендету деп баспасөз бетінде жариялады. Вилгельм бүны Пруссияны жәбірлеу деп қабылдайтынын мәлімдеді. Дәл осындай соғысуға сылтау іздеген Францияның соғыс министрі Лебеф былай деді: «Біз соғысқа дайъшбыз, өте дайынбыз» — деп мәлімдеді. Франция 1870 жылы 19 шілдеде Пруссияға соғыс жариялады. Франко-Прусс соғысы басталды. Ал шындап келгенде Франция соғысқа дайын болмай шықгы. Азық-түлік жеткіліксіз екен. Әскер басшылары кднша күш барын білмейді. ЖәшІктердегі оқ-патрондар орнына күм толтырылып қойылған. Осылай Франция әскері бірде-бір рет шабуылға шыға алған жоқ. Француз әскерлеріне неміс әскерлері үш рет қатты соқкы берді. 4-тамызда Виссамбург түбінде, 6-тамызда Фервахта соққы берілді. Бүл хабарды естіген француз халқы демонстрацияға шықгы. Францияның армиясы бүл үш сокқыдан кейін инициатива ала алмады. Ақырында Мец түбінде генерал Базен әскері қоршалды. 1870 жылы 30-тамызда Седан түбінде Мак Магонның әскері қоршалды. 1870 жылы 1-қыркүйек күні сағат үште Наполеон ақ ту көтеруге бүйрық берді. 82 мың әскері қол көтеріп берілді. Бүл империяның бет пердесін ашып берді. П-империяның дағдарысқа үшырап отырғанын дәлелдеді. Седан түбіндегі бұл жеңіліс Париж халқының наразылығын тудырды. 1878 жылы 4-қыркүйекте Париж халқы республика талап етті. Бүл 4-қыркүйек күнгі революция кезінде республикашылар буржуазияның басшылары Гамбетта және Жюль Фабр болды. Халыкхың талап етуімен буржуазия өкілдері бланкистер өкімет мүшелерінің күрамын жасап жатты. Гамбетта және Жюль Фабр бастаған топтар Париж халқына үкіметтің қүрамын олардан бүрын жариялап жіберді. 1870 жылы басталған Франко-Прусс соғысының барысында республикалық басқару жарияланды. Бекіністің бір кірпіші берілмейді деп мәлімдеген, республикашылар шын мәнінде тездетіп Германиямен келісімге келгісі келіп отырды. Пруссияның әскері алға жылжи берді. Бүдан үкімет қорытынды жасамады. Немістер 1870 жылы 19-қыркүйек күні 230 мың әскерімен Парижді қоршады. Базен әскері 27-қыркүйекте неміс үкіметіне берілді. Жюль Фабр Бисмаркпен келісіп болашақ бітімнің жобасын жасады.Бүл халықты ызаландырды. Еріктілер отряды кұрылды. Еддің ішінде отаншылдық бастамасы күшейді. Осының нәтижесінде округтік Бақылау комитеті күрылды. Бүған 20 округ қарады. Бүл округтердің ішінде бірінші интернационалдын секцияларыньщ мүшелері жүмыс жасады. Үлттық гвардия күрды. Орталық комитет үйымдастырылды. Бүл белсенділіктерді буржуазия үнатпады. Олар бланкистерді түтқындады. Қолдан келгенше Франциядағы революциялық қозғалысты басып-жаншып, карсылық болдырмауға әрекет жасады. Францияда бүл жылы қыс қатты болды. Аштық пен күйзелушілік пайда болды. Париж халқының тізе бүгу туралы сөзді естігісі де келмеді. Бланкистердің орекетін прудонистер қолдамады. Трошю үкіметі оскер шығарып бүл көтерілісті басып тастағысы келді. Трошю үкіметі үлттық гвардия отрядтарын нәтижесіз аяқталатын қимылдарға жүмсап отырды. Жюль Фабр Версаль қаласында отырған Бисмарктан бітім сұрады. Бисмарк Жюль Фабрмен сөйлесті. Бірақ одан Париж порттарының берілуін сүраған жоқ. СебебІ олардың берілмейтінін білді. Франциянын басшылары Пруссияға қарсы ел ішінде үлкен күштің бар екенін білді. Кдй заманда да елдің тәуелсіздігін сақтаушы — халық.

1871 жылы 18-қаңтарда Франция мен Пруссия арасында келісім болды. Үлттык сайлау өтті. Онда монархиялық топтың өкілдерінің саны көп болды. Үкіметтің басшысы етіп А. Тьер бекітілдІ. А. Тьер Францияның баюшы буржуазиясының өкілі болатын. А. Тьер тек өзі байыған үстіне баи беру арманынан таймаған адам.

1871 жылы 26-ақпан күні жоғарыдағы келісімге байланысты Германия мен Францияның арасындағы бітімге қол қойылды. Франция Эльзас пен Лотарингияны (көлемі 145 мың шаршы шақырым) Германияға берді және 5 млрд. франк контрибуция төлейтін болып міндеттенді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]