Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Myrzabekova_zhauaptar.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.71 Кб
Скачать

1 Европалық концерт хал,қат.Тарихындағы жаңа көрініс ретінде.

Қасиетті Одақ Европалық концерттің институты ретінде. 1814 ж. 1 қыркүйегі мен 1815 ж. 9 шілдесі аралығында жиналған Вена конгресінің қабылдаған шешімдері Еуропадағы дворяндық-монархиялық реакцияның күшеюіне ықпал етті. Революциялық және ұлт-азаттық қозғалыстармен күрес жүргізуді күшейте түсу үшін еуропалық мемелекеттердің реакциялық үкіметтері өзара Қасиетті Одақ құрды. Еуропалық дипломатия тарихына Қасиетті Одақ революциялық рухты, саяси және діни бостандықсүйгіштікті, қай жерде бой көтерсе де, басып-жаншу идеясы негізінде құрылған, айқын клерикалдық-монархиялық идеологиясы бар біріккен ұйым ретінде енді. Жеңімпаз-елдердің Қасиетті Одағы Вена конгресі бекіткен жаңа халықаралық саяси жүйенің тірегіне айналды. Бұл Одақтың Ресей императоры І Александр жасаған актіне 1815 жылдың 26 қыркүйегінде Австрия императоры І Франц, Пруссия королі ІІІ Фридрих Вильгельм қол қойып, бұл акті олардың атынан басқа еуропалық державаларға таратылды. Қасиетті (Киелі) Одақ актісіне Англядан басқа еуропалық мемлекеттердің барлығы да қосылды. Ал Англия формалды түрде Қасиетті Одаққа кірмегенмен, оның үкіметі өз саясатын Қасиетті Одақтың жалпы желісімен көбінде үйлестіріп отыратын еді. Қасиетті Одақтың барлығы төрт конгресі өтті: 1818 ж. Аахен конгресі, 1820 ж. Троппау конгресі, 1821 ж. Лайбах конгресі, 1822 ж. Верон конгресі. Қасиетті Одақтың негізін қалаушы үш держава басшыларынан басқа оларға Англия мен Франция өкілдері де қатысты. 1815 жылы Европалық елдерде коалициясы, Ресей, Пруссия, Австрия және Англия қасиетті одақ құрды. Осыдан кейін Европада державалар, Таяу шығыстық бір-біріне араласпау позициясын ұсынды. ХІХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап Европада одақ өзгерді. Мұндағы басты мақсат Осман империясын бөлу мәселесі қарастырылды. Ұлыбритания мен Франция бір жағынан, екінші жағынан Ресей, балқан түбегіндегі үшін күресті. Европалық державалардың шығыс мәселесі жөніде жаулап алу жоспары құрылды. ХХ ғасырдың ортасынан бастап Таяу Шығыс соғыс елдеріне айналды. ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарында одан әрі жылжыды. Сонымен қатар Ұлыбритания мен Ресей Иран территориясы үшін күресті. Империя Ресей Иранның ішкі істеріне араласа бастайды.

2. Еуропа державаларының отарлау саясаты және отарлық империялардың құрылуын талдаңыз. XIX ғасырдың 50-60 жылдарында Азияның шығысында капиталистік мемлекеттердің отарлық экспансиясы басталды. Англия мен Францияның Қытайдағы және Үнді-Қытайдағы соғыстары, сонымен қатар батыс державаларының Тайпин көтерілісіне қарсылығы Шығыс және Оңтүстік Азия халқын капиталистік әлемнің отарлық жүйесіне енуге мәжбүрледі. Капиталистік державалар өзінің отарлық саясатын жүргізу үшін барлық жағдайды пайдаланды: әскери қимылдар, саудаға ену, қаржыны өмірлік құлдық ету, миссионерлердің қызметі, дипломатия. Отарлық саясат жүргізілген аудандарда буржуазиялық дипломатия әдісі арқылы шығыс елдерінің ішкі саясатына қол сұғу, «халық теңдігі» атты жамылғы фразаларды пайдалану арқылы үстемдік жүргізу елді қанаудың бір көрінісі ретінде танылды. Мұндай отарлық экспансияның алдыңғы қатарында XIX ғасырдың ортасында Англия тұрды. Англиядан кейін шығыс және оңтүстік шығыста Франция мен АҚШ, ал Солтүстік Шығыс Азияда патшалық Ресей үстемдікке қол созды. Феодалдық мемлекеттердің ортақ дипломатиялық сипаты өз мемлекетін тұйықталу саясатынан арылту болса, шығыс дипломатиясы оған қарсы тұрмақ болды. Олар капиталистік державалардың талабын элсіретпек немесе бейтарап етіп қалдыру ойымен бір - біріне қарсы қою арқылы өзара қақтығыстырды. Шығыстың құқықсыз халық бұқарасы феодалдық езгіге түсе отырып, отарлық құлдыққа бас ұрды. Олар заңды түрде елдің сыртқы және ішкі саясатына араласа алмады. XIX ғасырдың екінші жартысында Азия мен Африканың кең аудандарын басып алу арқылы батыстың капиталистік державалары бүл елдерді экономикалық және саяси бағынышты етті. Мұндай тәуелді мемлекеттер қатарына Түркия, Иран, Ауғанстан жатты. 70-жылдардың басында Осман империясының шетелдік державаларына бағыныштылығы айқын байқалды. Шетел капиталистері эквивалентті емес сауданы, тең емес келісімшарттарды, капитулляция режимін пайдалану арқылы және Оттоман империя банкіне үстемдік ете отырып, өз саясаттарын ашық жүргізді. Олар Түрік феодалдары мен компрадорлық буржуазияға сүйенді. Берлин конгресінен кейін ұлы державаларға Осман империясының бағыныштылығы артты. 1879 жылы Түркия өзін толығымен банкрот деп жариялады. Шетел несие берушілерімен жүргізілген келіссөздерден кейін, 1881 жылы желтоқсанда Мұхарем декретіне қол қойды. Декрет бойынша сұлтан Оттоман мемлекеттік қарызын басқаруды бекітті. Басқару басында несие беруші мемлекеттер өкілдері: Англия, Франция, Германия, Австро -Венгрия және Италия түрды. Түрік үкімет комиссары тек кеңес беру құқығына ғана ие болды. Франция капиталистеріне Сириядағы, ағылшындарға Измирдегі темір жол капиталы берілді. Бағдат жолын салудағы ірі концессияға неміс капиталы иелік етті. Осман империясында жаңа шетел банктері пайда бола бастады. Стамбулда Франция банкінің бөлімшесі ашылды. Ал 1888 жылы бірнеше батыс Еуропа банктері бірге отырып, «салоник банкінің» негізін қалады. Сонымен қатар, капиталистік державалар Түркияны саяси жағынан да өздеріне тәуелді етті. 1883 жылы Түркияға герман әскери миссиясы шақырылды. Шетел кеңесшілері флотта, жандармерияда тағы басқа мемлекеттік аппарат бөлімдерінде қызмет етті. Түркияның тәуелді мемлекет ретінде өзінің ерекшеліктері де болды. Соның бірі Түркия Азиядағы ұйымдасқан және әскери қимылдарды жетік меңгерген армияға иелік етті. Англияның протекторатының орнауы ¥лыбританияның қол астына өткен Ауғанстан. XIX ғасырдың соңғы ширегінде Иранның Англия мен Патшалық Ресейге тәуелділігі арта түсті. Ағылшын және орыс, кейінірек басқа да шетел кәсіпкерлері шах үкіметіне маңызды концессиялар жасау керек екендігіне мәжбүрледі. 1862 - 1872 жылдарда ағылшындар Иранда Лондон мен Үндістанды байланыстыратын телеграф торабын салу туралы келісім жасауға көндірді. Біраз уақыттан кейін солтүстік провинцияларда патшалық Ресейдің басшылығымен жасалған телеграфтар пайда болды. Оңтүстік Иранның тас жолдары ағылшын отарлаушыларының, ал солтүстіктегі тас жолдар орыс патшалығының бақылауына

берілді. 3. XVII ғ.сауда компаниялары:Голландық және ағылшындық Ост Үнді компанияларының қызметін түсіндіріңіз.

1890 жылы Иранда теңіз жол салыну жөніндегі келісімге қол қойылды. үшін өзара күрес жүргізді. 1746 — 1763 жылдары үздіксіз жүргізілген соғыстың нәтижесінде Оңтүстік Үндістанда ағылшындар өз қарсыластарын толық талқандап, Бенгалияны жаулап алды, Карнатик пен Аудты тәуелділікке түсірді. 1767 — 1799 жылдары Оңтүстік Үндістанның елеулі бөлігі ағылшындық Ост-Үндістан компаниясының иеліктеріне қосылды. Майсур, Хайдарабад шекараларына ығыстырылған ұсақ князьдіктер ағылшын бодандығын мойындады. Делиден айрылған (1803) Ұлы Моғолдар империясы ағылшындық Ост-Үндістан компаниясына бағынышты болды. 1775 — 1818 жылдары ағылшын отаршылдары Пешва мемлекетін жойды, 1814 — 1826 жылдары Гималай тауларының оңтүстік баурайы мен Ассам, 1843 жылы Синд, 1845 — 1849 жылдары Пенджаб қосылып алынды. Ағылшындардың отаршылдығы Үндістанның экономикалық және әлеуметтік дамуына кері әсер етті. Үнді қолөнері бұйымдарын төмен бағалармен сатып алу мен оларды Еуропа рыноктарында сату — отарлық қанаудың қайнар көздерінің бірі болды. Ұлыбритания билеуші топтарының арасында Үндістанды отарлық езгіге түсіруге ұмтылушылық жолындағы күрес Ост-Үндістан компаниясын ағылшын парламентінің бақылауына алатын заң қабылдаумен аяқталды (1773). 1774 жылы Үндістанда ағылшын генерал-губернаторы тағайындалды. 1813 жылы Ост-Үндістан компаниясы Үндістанмен сауда жүргізу монополиясынан айрылып, 1833 жылы сауда ұйымы ретінде жойылды. Үндістанға ағылшын өнеркәсіптік бұйымдары әкелініп, жергілікті ауыл шаруашылық шикізатын метрополияға тасу басталды. Үндістан біртіндеп Ұлыбританияның аграрлы-шикізаттық отарына айналды. Отарлық езгі Үндістан халқының қарсылығын туғызды. 18 ғасырдың 70-жылдарынан бастап елдің әр түрлі аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістері басталды. Отаршылдыққа қарсы жаппай қозғалыс діни формаларға да ие болды (саньяси, уаххабшылар). Алғашқы үнді саяси ұйымдары пайда болды. Ағылшын капиталы экспорт пен импортты, ішкі сауданың бір бөлігін сауда үйлері мен банкілер жүйесі арқылы бақылап отырды. Темір жолдар және суландыру жүйелері салынып, шай плантацияларының негізі қаланды. 19 ғасырдың ортасынан бастап Үндістан ұлттық қозғалысы күшейді. Отарлық езгіге қарсы, әсіресе, Джамна-Ганг өзен аралығы мен Бенгалияның халқы қатты қарсылық көрсетті (1857 — 1859). Ол елдің орталығын да қамтыды. Көтерілістен кейін 1858 жылы Үндістан британ тағының тікелей бақылауына көшті . 1855 жылы Бомбейде үнді ұлттық идеяларының ортылығы ретінде Үндістан ұлттық конгресі құрылды. 1909 жылы үнділіктер заң шығару кеңесі мүшелерін сайлау құқығына ие болды. Бірақ жергілікті халық үнділер және мұсылмандар болып екіге бөлінді. 1920 — 1922 жылдары Мохандас Карамчанд Ганди Үнді ұлттық конгресіне басшылық жасап, азаматтық бағынбау науқанын басқарды. Бұл науқанның негізгі мақсаты — өзін-өзі толық басқару құқықтарын талап ету еді. 1935 жылы “Үнді актісі” бойынша үнділіктерге федералдық заң шығарушы органдарды басқару құқығы берілді, бірақ қорғаныс пен халықар. қатынастар мәселесі вице-король әкімшілігінің қарауында қалдырылды. 1940 жылы Мұсылман лигасы Үндістанды әр түрлі діндердің өкілдері көп орналасқан аумақтардың шекаралары бойынша бөлшектеуді талап етті. 4. сұрақ Ұлыбританияның отарлық экспансиясы  ¥лыбританияның қол астына өткен Ауғанстан. XIX ғасырдың соңғы ширегінде Иранның Англия мен Патшалық Ресейге тәуелділігі арта түсті. Ағылшын және орыс, кейінірек басқа да шетел кәсіпкерлері шах үкіметіне маңызды концессиялар жасау керек екендігіне мәжбүрледі. 1862 - 1872 жылдарда ағылшындар Иранда Лондон мен Үндістанды байланыстыратын телеграф торабын салу туралы келісім жасауға көндірді. Біраз уақыттан кейін солтүстік провинцияларда патшалық Ресейдің басшылығымен жасалған телеграфтар пайда болды. Оңтүстік Иранның тас жолдары ағылшын отарлаушыларының, ал солтүстіктегі тас жолдар орыс патшалығының бақылауына берілді. 1890 жылы Иранда теңіз жол салыну жөніндегі келісімге қол қойылды. Өйткені Англия бұл жол арқылы Ресей екеуінің арасында қайшылықтар туса орыс әскері өз жасағын Үндістан шекарасына апара алар еді. Ал Ресей болса, арзан ағылшын тауарларының Иранның солтүстік бөлігіне енуінен қорықты. 1872 жылы шах ағылшын телеграф агенттігінің бастығы барон Рейттерге 70 жылдық концессияны ұсынды. Ол бойынша ағылшындарга жол құрылысында, минералды және орман байлықтарын игеруде монополистік кұқық берілді. Рейттерге Иран кеден басқару қызметі де өтті. Рейттер концессиясына қарсы елден наразылық туындады. Шах үкіметі қаржылай таршылық көре отырып, шетелдіктермен тағы басқа әр түрлі келісімдер жасауға мәжбүр болды. Иран шетел монополияларының қаржылық тәуелділігіне көнді. 1889 жылы шах үкіметі Рейттерге 1872 жылы күшін жойған концессияны қайта қарау туралы ұсыныс жасады және империялық (Шахиншах) банкті құруды тапсырды. Бүл шетел банк банкноттар шығаруға монополиялық кұқық алды, тиын сарайын бақылауға алып, шетел валютасының курсын қадағалады. Солтүстік Иранның экономикалық өмірінде Тіркеу қарыз беру банкі ерекше орынға ие болды. Ол 1890 жылы орыс капиталисі Поляковтың басшылығымен құрылған болатын. Орыс және ағылшын банктері арасында қызу тартыс басталды. Мемлекеттік аппаратта шетел кеңес берушілерінің рөлі артты. Почта және телеграф министрлігінде ағылшын кеңесі, кедендік хаттамалықта Бельгияның еншісі артты. Астанадағы және солтүстік аудандардағы қызметтерге орыстар, оңтүстіктегі ағылшындар тағайындалды. XIX ғасырдың аяғында Иранның жартылай отарға айналу процесі аяқталды. Шах, министрлер, губернаторлар, шетел отарлаушыларының жол сілтеушілеріне айналды. Оңтүстікте ағылшын, солтүстікте орыс имперализмі орнады. Олардың әрқайсысы жоғарғы мәртебеге жетуді көздеді. Шетелдіктердің отарлық езгісінен Ауғаныстанда қүтыла алмады. Өйткені ол Үндістанға, Иранға, Орталық Азияға өтетін көпір болып саналды. Ағылшындықтардың бүл елді басып алу саясаты 1839 -• 1842 жылдардағы ағылшын - ауған соғысы кезінде - ақ басталған болатын. 70 -жылдары Англия үкіметінің басына Дизраэлидің консервативтік кабинетінің келуі нәтижесінде бүл ел өзінің жаулап алу саясатының кең ауқымды бағдарламасын жасады. 1875 - 1878 жылдары Ағылшын - Үндістан үкіметі Ауғанстанның әмірі Шер Али Ханды Ауғанстанды ағылшын протекторатына айналдыратын келісімді жасауға мәжбүрледі. Ауғандықтар мұндай ауыр талаптарды орындаудан бас тартты және Кабулға ағылшын резиденттерін кіргізбейтінін мәлімдеді. Алайда 1879 жылы 26 - мамырда жаңа әмір Якуб -хан Гандамахта ағылшын өкілімен Ауғанстанды тәуелді мемлекет ететін келісімшартқа қол қойды. Кабулда ағылшын резиденциясы орналасып, олардың қолына Кандагар облысы өтті. Ағылшын дипломатиясы Ауғанстанды Ресейге қарсы пайдаланбақ болды. Ресейге оңтүстік Түрікменстан қосылғаннан кейін, 1885 жылы Ауғанстан мен орыс әскері арасында жанжал туғызуға мүмкіншіліктер жасалды. Таш - Кеприде Ауған әскері талқалданғаннан кейін, Ресейге қарсы әскери қимылдар тоқтатылды. Сыртқы саясаттағы қиыншылықтарға қарамастан Ауған үкіметі ішкі істерде де дербестігін сақтап қалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]