Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Myrzabekova_zhauaptar.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.71 Кб
Скачать

10. 11. Еуропадағы Франция үстемдігі және Наполеон мәселесін талдаңыз.

І Наполеон империясы мен консулдығы тұсындағы еуропалық елдердің коалициясына қарсы Франция Наполеон соғыстарын (1799-1815 жж.) жүргізді. Хронологиялық жағынан алғанда бұл соғыстар Ұлы француз төңкерісінің (1789-1799 жж.) соғыстарын жалғастырды және алғашқы кезде оның прогрессивті мәні де болды, өйткені ол феодалдық құрылыстың негіздерін қиратуға, бірқатар Еуропа елдеріндегі капиталистік қатынастардың дамуына жәрдемдесті. Алайда, Наполеон соғыстарының даму барысы өзінің прогрессивті белгілерін жоғалтып жаулап алушылық сипат алды. Сөзсіз ХVIIІ ғ. аяғы – ХІХ ғ. басында Еуропа саясатын анықтаған, өз дәуірінің көрнекті өкілдерінің бірі Луи Бонапарт Наполеонның тұлғасы мен қызметінің маңызын айта кету керек.  Наполеон Банопарттың дипломатиялық қызметін екі негізгі кезеңге: 1799 – 1807 жж. Бонапарттың әскери диктатурасының орнау сәтінен бастап Тильзит бейбіт бітіміне дейінгі кезең, бұл дипломатиялық сәттіліктер мен Наполеонның мәртебесі және халықаралық аренадағы рөлінің күшеюі кезеңі; 1807-1812 жж., яғни, Тильзит бейбіт бітімінен Наполеон империясының құлдырауы, сонымен бірге Наполеон құрған ұлы Империяның күйреуі кезеңі деп бөлу керек.  Директорияны таратқан және Францияға өзінің диктаторлық билігін орнатқан генерал Бонапарт ірі қаржы буржуазиясының сыртқы саяси талпыныстары мен мақсаттарын қолдады. Наполеон Францияның маңызды бақталасы Англияның теңіз бен отаршылдық қуатын жою идеясын және Рейн мен Альпі жағаларындағы «табиғи шекараларды» жаулап алу, яғни көршілес жатқан мемлекеттер арқылы Францияның территориясының ұлғаюы мен кеңеюінің батыл жақтаушысы болды. 1801 ж. 23 наурызда Петербордағы Сарай төңкерісінің нәтижесінде І Павел өлтірілді. Бұл оқиғаға қатысты сол кездегі замандастарының айтуына қарағанда, Ресейдегі ағылшын елшісі Уитворттың тікелей ұйымдастыруымен болмаса да, оның бұған қатысы бар және Англияның саясаты екендігін көрсетеді. Ресей тағына өлтірілген императордың ұлы І Александр отырды. Ол әкесі сияқты Ресей-Француз одағының жақтаушысы болмады. Дегенменде 1801 ж. 8-10 қазанындағы келіссөздерден кейін олар екі маңызды құжатқа: Франция мен Ресей арасындағы бейбітшілік туралы келісім-шартқа және екі империя арасындағы құпия конвенцияға қол қойылды.  Конвенцияда Францияның тартып алған иеліктері үшін Сардиния Королі мен Германия князьдерін марапаттау мәселесіндегі Ресейдің делдалдық миссиясы, сонымен қатар Ион аралдарында адмирал Ушаковтың құрған «Жеті арал Республикасының» танылуы және Ресей мен Францияның теңіздегі бостандықты қамтамасыз ету миссиясы ескертілді. Англияны Ресей империясы бейнесіндегі құрлықтағы негізгі одасқтасынан айырған Наполеон 1802 ж. 25-27 наурызда Аменьеде бейбіт келісім-шартқа қол қоюға мәжбүр етті. Келісім-шарттың талаптары бойынша Англия Францияға және оның одақтастары Испания мен Батав республикасына Тринидат пен Цейлоннан басқа соғыс жылдары жаулап алынған барлық жерлерді қайтарып беруге міндетті болды. Мальтаны Иониттер орденіне беруге, Түркияға Египетті қайтаруға міндеттенді. Ал Франция өз тарапынан Неаполь, Рим және Эльба аралдарынан әскерлерін шығаруға міндеттенді. Франция мен Англия Еуропадағы қалыптасқан тәртіпті қолдауға міндеттенді. Наполеон Египеттен бас тартты. Жеңісті соғыстардан кейінгі ұзақ күттірген бейбітшілік Наполеон Банопарттың мемлекеттік қайраткер және қолбасшы ретіндегі даңқының өсуіне ықпалдастық етті.  1802 ж. келісім берік болмады. Англия Францияға күшті ағылшын буржуазиясы үшін тиімді "сауда еркіндігі» қағидасына негізделген сауда келісім-шартын ұсынуға тырысты. Наполеон бұған келіспеді. Бұл уақытта Наполеонда Англияның әскери күштерін талқандап қана қоймай, оның отарларын жаулап алу, Еуропа нарығынан ығыстыру және ондағы саяси ықпалынан айыру сияқты жаңа жаулап алулардың кең жоспары қалыптасты. 1803 ж. Англия мен Франция арасындағы әскери іс-қимылдар басталды. Наполеон ағылшын жағалауына десант дайындай бастады.  Наполеонның агрессивті саясаты Ресейді қобалжытпай қоймауы мүмкін емес еді. Франция мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың үзілуі Наполеонның бурбон үйінің ұрпақтарының бірі – Герцог Энгиенскийді жазалауымен тездетілді: 1804 ж. оған Наполеонның өміріне қастандық жасады деген кінә тағылып атып тасталды. І Александр Наполенның бұл іс-әрекетіне қарсылық білдірді, алайда, ол өз әкесі І Павелге қарсы қастандыққа және өліміне қатысы бар деген тұспалданған сөзді жауап ретінде алды. Франция мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың үзілуі наполеондық Францияға қарсы Еуропа державаларының үшінші коалициясының құрылуын жылдамдатты. Ресей мен Англия арасында күрделі қайшылықтар мен келіспеушіліктер аз болмады.  Ресеймен соғысудың дипломатиялық дайындығы Наполеонның болжамдарын ақтамады. Пруссия мен Австрия Франциямен Ресейге қарсы бағытталған келісімдерге қол қоюға мәжбүр болғанымен де, олар сонымен қатар І Александрмен де құпия келіссөздер жүргізіп отырды. Франция дипломаттары Ресейдің Швеция және Түркиямен болатын қайшылықтарына үміт артты. Алайда, Ресей сәуір айында Швециямен одақтасады, ал соғыстың қарсаңында, 1812 ж. мамырда Кутузов Түркиямен Бухарест бейбіт бітіміне қол қояды. Ресей мен Англия арасындағы одақтастық қатынастар қайта қалпына келтіріледі. Сонымен Ресейді сыртқы саяси оқшаулау жоспары жүзеге аспай қалады. 

12. Антифранцуздық коалицияның сыртқы саясатының мақсаттары және олырдың орындалуын түсіндір. Наполеонға қарсы қақтығыстар. 10.11 сұрақтар бойынша.

13. Наполеон империясының талқагдалуы. Сыртқы саясатта Англия басшылық еткен коалициямен экон. және саяси үстемдікке таласты. Наполеон I-нің жүргізген соғыстары басқыншылық, тонаушылық сипатта болғанымен, Еуропадағы феодалдық-абсолюттік құрылымдарға соққы берді. Үздіксіз соғыстар Францияның жағдайын нашарлатты. 1812 ж. маусымда Ресейге қарсы соғыс ашты. Бұл соғыста Наполеон I әскерінің жеңіліске ұшырауы империяның құлауының басы болды. 1814 ж. наурызда Францияға қарсы коалиция әскерлерінің Парижге кіруі Наполеон I-ні тақтан бас тартуға мәжбүр етті. Наполеон I Эльба аралына айдалды. Дегенмен ол 1815 ж. наурызда француз тағын қайтадан басып алды (“Жүз күн”).Ватерлоо түбінде одақтастар әскерінен жеңіліске ұшыраған соң тақтан екінші рет бас тартты (1815 ж. 22 маусым). Өмірінің соңғы жылдарын Әулие Елена аралындаағылшындардың тұтқыны ретінде өткізді. Сонда асқазан жарасынан қайтыс болды. Сүйегі 1840 ж. Парижге әкелініп, Мүгедектер[3] үйіне қойылды. Ресеймен соғысудың дипломатиялық дайындығы Наполеонның болжамдарын ақтамады. Пруссия мен Австрия Франциямен Ресейге қарсы бағытталған келісімдерге қол қоюға мәжбүр болғанымен де, олар сонымен қатар І Александрмен де құпия келіссөздер жүргізіп отырды. Франция дипломаттары Ресейдің Швеция және Түркиямен болатын қайшылықтарына үміт артты. Алайда, Ресей сәуір айында Швециямен одақтасады, ал соғыстың қарсаңында, 1812 ж. мамырда Кутузов Түркиямен Бухарест бейбіт бітіміне қол қояды. Ресей мен Англия арасындағы одақтастық қатынастар қайта қалпына келтіріледі. Сонымен Ресейді сыртқы саяси оқшаулау жоспары жүзеге аспай қалады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]