
- •Халықаралық қатынастардағы династиялық қағиданы түсіндіріңіз.
- •2. Ортағасырлардағы династиялық соғыстар және олардың нәтижелерін талдаңыз.
- •Ортағасырлық Еуропадағы «неке дипломатиясы» және оның сипатын талдаңыз.
- •Орта ғ.Еуропадағы хал.Қат.Конфессионалдық ұстанымын талдаңыз.
- •5. Еуропадағы орталықтандырылған біртұтас мемлекеттердің пайда болуы және ұлттық мүдде түсінігіне сараптама жасаңыз.
- •6. Әлемдік сауданың халықаралық қатынастардағы орны, сауда мүддесі түсінігінің пайда болуын талдаңыз.
- •8. Тордесильяс келісімі, барысы мен нәтижелерін талдаңыз.
- •9. Сарагосс келісімі, қатысушылары мен нәтижесін талдаңыз.
- •10. XVII ғғ. Еуропа мемлекеттерінің арасында сауда және отарлық бәсекелестіктің пайда болу жолдарын түсіндіріп беріңіз.
- •11. Еуропа тарихындағы діни соғыстар, олардың себептері мен салдарларын талдаңыз.
- •12. 1618-1648 Жж. Отыз жылдық соғыс, себептері мен бірінші кезеңінің нәтижелерін сараптаңыз.
- •13. 1555 Ж. Аугусбург діни бітімінің шешкен мәселелерін талдаңыз.
- •14. Вестфаль бейбіт келісімі мен нәт. Шешімнің Еуропа мемлекеттері үшін маңызын көрсетіңіз.
- •15. 1756-1763 Жж. Жеті жылдық соғыс және «Дипломатиялық революция» түсінігін талдаңыз.
- •1. Рейхстаг – Германиядагы өкілетті билік органы ретінде талдаңыз.
- •2. XVIII-XIX ғғ.Европадағы халықаралық қақтығыстардың жиынтығы және «Шығыс мәселесін» қалай түсінесіз.
- •4. XVIII ғ.Польшаны жікке бөлу. Оның салдарларын талдаңыз.
- •5. Солтүстік Америкадағы британ отарларының өз тәуелсіздігі үшін күресі және европа державаларының саясатын талдаңыз.
- •6. Джордж Вашингтон Американың мемлекеттік қайраткері жәні і Президенті ретінде көрсетіңіз.
- •7. Ұлттық сурверенитет қағидалары мен олардың іске асыру жолдары және мүмкіндіктерін қалай түсінесіз.
- •10. 11. Еуропадағы Франция үстемдігі және Наполеон мәселесін талдаңыз.
- •14. Вена конгресі. Маңызы мен нәтижелері.
- •1 Европалық концерт хал,қат.Тарихындағы жаңа көрініс ретінде.
- •4. Ұлыбританияның отарлық экспансиясының сипатын көрсетіңіз.
- •7. 1848-1849 Жж. Революциялар және «Вена жүйесінің» дағдарысын қалай түсінесіз.
- •12. Хviii ғ. 70-80 жж. Халықаралық қатынастардағы Поляк мәселесін түсіндіріңіз.
- •14. 1789-1815 Жж. Ресейдің сыртқы саясатын талдаңыз.
- •18. Вена когресінің шешімдері бойынша территориялық бөлісуді сипаттап беріңіз.
- •21. 1689Ж. Нерчин келісімі: сипаты мен нәтижелерін талдаңыз.
- •23. 1714 Ж. Раштад келісімінің сипаты мен шешкен мәселелерін талдаңыз.
- •24. 1756 Ништат келісімі: сипаты мен нәтижелерін талдаңыз.
- •25. 1763Ж. Париж келімінің шешкен мәселелері.
- •28. Протекторат – Наполеон қалыптастырған жүйенің ерекшелігі ретінде сипаттаңыз.
- •29. 1833 Ж. Ресей мен Осман империясы арасындағы одақтық келісімнің сипаты мен нәтижелерін сипаттаңыз.
6. Джордж Вашингтон Американың мемлекеттік қайраткері жәні і Президенті ретінде көрсетіңіз.
1789 жылы 4 ақпанда елде АҚШ президентін алғашқы сайлау ӛткізілді. Он штаттан шыққан 69 сайлаушы (Род-Айленд, Солтҥстік Каролина және Нью-Йорк қатысқан жоқ) ӛз ҥміткері ретінде Джордж Вашингтонды атады, вице-президент Джон Адамс болды. Джордж Вашингтонның президенттігі кезеңінде (1789-1797 жж.) мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, оның қызметін қамтамасыз ету ҥшін қаражат іздеу, елдегі әлеуметтік-экономикалық дамуды тҧрақтандыру, жас мемлекеттің халықаралық жағдайын нығайту сияқты аса кҥрделі міндеттер тҧрды. Қҧрама Штаттардың алғашқы ҥкіметін президент 1789 жылы қыркҥйекте, яғни инаугурациядан кейін жарты жыл ӛткен соң қҧрды. Ол тӛрт министрліктен (департаменттен): сыртқы істерді (жуық арада мемлекеттік департамент атауына ӛзгертілді), қаржы, әскери және әділет, сондай-ақ Бас почтмейстер ведомствосын басқарған кабинеттің бес мҥшесінен тҧрды. Алғашқы екеуінің жетекшілері болып Т.Джефферсон мен А.Гамильтон тағайындалды. Жас республиканың мемлекеттік қызметкерлерінің бҥкіл штатын 350 адам қҧрады. АҚШ Конгресі алты адамнан тҧратын Жоғарғы сотты бекітті. Джордж Вашингтон (1789-1797) ел финанс жүйесін нығайтып, ұлтық банк құрылып, елде біркелкі ақша жүйесі қалыптастып, мемлекеттік төлем жүйесі пайда болды. ХҮІІ ғасырда діни сана мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ашылғандығына АҚШ Европа мемлекеттерінен оның ішінде Англиядан көп қалып қойды. Бұл кезең оның өндіріснің қалыптасуының алғашқы кезеңі болатын. Капиталдың шоғырлануы, ішкі рынок енді қалыптаса бастаған болатын.
Қажетті қаражатты жинаудың айқын кӛзі салық салу баптарын енгізу болып танылды. 1789 жылы 4 шілдеде, яғни алғашқы америкалық әкімшіліктің қызмет етуінің алғашқы айларында, АҚШ Конгресінің шешімімен алкогольді ішімдіктерді қоса алғанда, америка экспортының 30 тҥрлі тауарына протекционистік салық (8,5 %) енгізілді. АҚШ-қа америка кемелерімен жеткізілетін шетел тауарына, шетелдік сауда кемелерімен әкелінген тауарларға қарағанда аз салық салынды. Ал бірнеше апта ӛткен соң тоннаж туралы Заңмен америка порттарына келіп кірген кемелерге де соған балама салықтар енгізілді. Бҧл шаралардың барлығы шетелдік бәсекелестерден ӛндірушілер мен саудагерлерді қорғау ҥшін жасалған болатын.
7. Ұлттық сурверенитет қағидалары мен олардың іске асыру жолдары және мүмкіндіктерін қалай түсінесіз.
8. XVIII ғ. соңындағы француз революциясы және еуропалық мемлекеттердің реакциясын талдаңыз.
Француз төңкерісі — 1789 — 1794 жылдарыФранциядағы феодалдық-абсолюттік құрылысқа ауыр соққы беріп, капитализмнің дамуына жол ашқан буржуазиялық-демократиялық көтеріліс. 18 ғасырдың соңында Францияда жаңадан қалыптасып келе жатқан өндіргіш күштер мен ескі феодалдық өндірістік қатынастардың арасындағы қайшылықтар шиеленісе түсті. Елдің эконикалық жағдайын мемлекеттік қазынаның сарқыла бастауы, сауда-өнеркәсіптік дағдарыс, құрғақшылық әрі қарай ауырлатып, 1788 — 1789 ж. аса қиын ахуал қалыптасты. Оның алдын алу мақсатымен король Людовик XVI 1789 ж. 5 мамырда Версальда Бас Штаттарды шақырды. Оған ақсүйектерден 300, діни мекемелерден 300, үшінші сословиеден (қарапайым халық) 600 депутат қатысты. 1789 ж. 17 маусымда үшінші сословиенің депутаттары өздерін бүкіл ұлттың өкілдері деп мәлімдеп, өз жиналыстарын ұлттық, ал 9 шілдеден — Құрылтай жиналысы деп жариялады. Өкіметтің бұл жиналысты қуып тарату әрекеті халық көтерілісіне әкеп соқты. Король Бас штаттарға жиналыс өткізуге тыйым салғаннан кейін үшінші сословиеден шыққан депутаттар мен оларды қолдаушылар сол кезде бос тұрған Әулие Яков шіркеуіне жиналып, саяси мәселелермен айналысты. Сондықтан Яков шіркеуіне жиналғандарды халық-яковиншілер деп атады. 1789 ж. 14 шілдедегіБастилияға тікелей шабуыл жасау Француз революцияның бастамасы болды. Феодалды-абсолюттік құрылысқа қарсы күресте буржуазия, шаруалар мен қала кедейлері бірігіп кетті. Бұл бірлік 1789 ж. 26 тамызда Құрылтай жиналысы қабылдаған “Адам және азамат құқықтарының Декларациясынан” көрініс тапты. Онда ұлт жоғ. өкімет билігінің қайнар көзі ретінде жарияланды. “Адамдар ерікті және құқығы жағынан тең болып қала береді” делінді. Сөйтіп, феодалды артықшылықтар мен үстемдіктерге соққы берілді. Сөз, баспасөз, дін ұстау, жиналыс бостандықтары жарияланды. Жеке меншік мызғымас және қасиетті құқық ретінде танылды. Негізгі саяси құқықтар алдымен салық төлеушілерге берілді. Француз революциясының бірінші кезеңінде (1789 ж. 14 шілде — 1792 ж. 10 тамыз) билік ірі буржуазия мен фельяндар деп аталған либерал ақсүйектерге тиісті болды. Негізінен буржуазия өкілдерінен тұратын астаналық әкімшілік құрылды. Ол Париж коммунасы деп аталды. Оның басшылығымен 1792 ж. 10 тамызда көтеріліске шыққан халық жеңіске жетіп, король тақтан түсірілді. Ұлттық Конвентке сайлау белгіленді. Француз революциясының екінші кезеңінде (1792 ж. 10 тамыз — 1793 ж. 2 маусым) саяси билік Құрылтай жиналысының орнына сайланған Заң шығару жиналысына көшті. Ол жиналыста Жиронда департаментінен шыққан депутаттар үстем түсіп, Ұлттық Конвентте көпшілік орынды иемденді. 1792 ж. 22 қыркүйекте Конвент Францияны республика (бірінші республика) деп жариялады. Конвент залындағы жоғ. орындарға революцияны соңына дейін жеткізуді мақсат еткен депутаттар отырды. Бұл топ “тау” деп аталды. Оны М.Робеспьер, Ж.П. Марат, Ж.Ж. Дантон, Л.Сен-Жюст, т.б. басқарды.
9. Францияның сыртқы саясаты: экспансиядан үстемдікке ұмтылуын талдаңыз.
ХУІІ ғ. испан гегемониясы құлдырап, Франция ықпалының күшеюі салдарынан Еуропаның саяси картасында бірқатар өзгерістер болды. ХУІ ғ. аяғы - ХУІІ ғ. басында француздық абсолюттік монархия нық орнады. Мемлекет қазынасы шаруалардың көбеюінен, жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазияның үлесінен толықтырылып, бұл өз кезегінде монархтардың Еуропа континентінде ғана емес, өзге жерлерде де сыртқы саясатты жүзеге асырып, Францияның позициясын күшейтуге септігін тигізді. ХУІІ ғ. Франция билеушілерінің сыртқы саясатының негізі ретінде “табиғи шекара”, “саяси тепе-теңдік” принциптері алынды. 1594-1610 жж. Бурбондар династиясын басқарып келген ІУ Генрих (Наварский) өз саясатында екі мақсатты көздеді: Габсбургтер династиясының күшін әлсірету және Еуропа державалары арасындағы тепе-теңдікті Франция мүддесіне орай сақтап қалу. Ол үшін Англиямен достық қарым-қатынасын сақтады, ал Англия оған, протестант-гугенотқа, католиктік Испаниямен күресіне және француз тағына ие болуға көмектесті. Сөйте тұра ІУ Генрих ағылшын теңізшілері мен саудагерлерінің жоспарлары мен Италиядағы және Шығыстағы британ дипломаттарының іс-әрекеттеріне қарсы астыртын күрес жүргізді. Сонымен бірге, Габсбург династиясының қарсыласы ретінде олардың күшін әлсірету үшін Испания мен Голландия арасында достық қарым-қатынас орнауына атсалысты. Осы арқылы француз монархы Испанияның отаршылдық саясатына қарсы күресіп отырған Нидерланды солтүстігіндегі 7 кантонның тәуелсіздігінің орнауына ықпал етті. ХУІІ ғ. континенттегі саяси күштердің орнын айқындап берген жалпыеуропалық оқиға ретінде 1618-1648 жж. Қасиетті Рим империясы және оның жақтастары мен Франция-Швеция коалициясы мен оның жақтастары арасындағы Отызжылдық соғысты атауға болады. Бұл соғыс діни сипатқа ие болды. ХУІІ ғ. аяғына қарай түріктердің Габсбургтерге қысым көрсетуі әлсіреп, Габсбургтер Реформацияның әсерінен құлдыраған империялық билікті қалпына келтіру мақсатымен Германияға көз тікті. Неміс княздерін басқарып отыру үшін императордың күресі діни ұрандарды тастау арқылы өтті. Бұл католиктік реакцияның протестанттарға қарсы күресі еді. Император ІІ Фердинанд Германияны оның шексіз билігінің астында болуын армандаған. Германияны өзіне бағындыру империяның Отызжылдық соғыстағы соңғы мүмкіндігі еді. Егер олар осы мақсатқа қол жеткізгенде Францияға тең ірі держава өмірге келетін еді. Ришелье болса бұны болдырмауға бар күшін салды. Ол неміс протестант княздеріне қолдау көрсете отырып, Францияның саясатындағы дәстүрін берік ұстанды. Ол дат королімен келіссөздер жүргізді. Дат королі болса Солтүстік Германия мен Солтүстік және Балтық теңіздері жағалауларында Габсбургтердің күшеймеуі үшін Англия мен Голландиядан субсидия алып, Империяға қарсы соғыс ашты. Осы кезеңнен бастап дипломатия тарихы еуропа конгрестерінің тарихына ұласады. 1645-1648 жж. Оснабрюк конгресінде ұзақ келіссөздер жүргізіліп, онда Қасиетті Рим империясы, оның одақтастары мен Швеция және оның одақтастары арасында бір келісім, 1645-1648 жж. өткен Мюнстер конгресінде Қасиетті Рим империясы және оның одақтастары мен Франция және оның одақтастары арасында екінші келісімге қол қойылды. Вестфаль бейбіт бітімі Германияның кальвинистер, католиктер, лютерандардың діни құқықтарын теңестіріп, шіркеулердің секуляризациясын заңдастырды, бірақ Герман княздерінің қол астындағыларының діни көзқарасын белгілеуіне тыйым салды. Алайда княздер сыртқы саясаттарын өз бетінше жүргізу, соғыс ашу, бітімгершілік жасау, келіссөздер жүргізу құқықтарына ие болды, бірақ неміс княздерінің сыртқы саясаты империяға қарсы келмеу керек деп белгіленді. Вестфаль бейбіт бітімінің маңызы мынада: Германияның ішкі құрылысын ұзақ уақытқа тұрақтандырып, оның саяси бөлінуін бекітіп берді. Еуропа континентіндегі мемлекеттердің шекараларын анықтай отырып, Вестфаль бейбітшілігі ХУІІІ ғ. аяғындағы француз буржуазиялық революциясына дейінгі барлық келісім-шарттардың бастапқы құжаты ретінде қарастырылды.