Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Myrzabekova_zhauaptar.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.71 Кб
Скачать

4. XVIII ғ.Польшаны жікке бөлу. Оның салдарларын талдаңыз.

. Шығыс Европада Германия КСРО-ның «мүдде сферасы» деп бұрын Ресей империясының құрамына кірген Эстония, Литвия, Бессарабияны КСРО-ның сферасы деп мойындады. Ал Кеңес Одағы Литваны Германияның сферасы деп мойындады. Польшаның бөліну мүмкіндігі туралы айтылды. Бөлінген жағдайда КСРО мен Германия арасында Нариф, Висла, Саил өзендерімен белгіленген. Мәскеуде қол қойылған құжаттар Кеңес Одағының сыртқы саясаты бағытын өзгертті.

28 қыркүйек 1939 жылы КСРО мен Германия арасында достық және шекара туралы келісім жасалды. Бұл келісім Польшаның бөлінуін бекітіп Германия мен КСРО арасында шекараны белгілейді. Шекара 23 тамыздағы құпия протоколмен салыстырғанда Поляктар мекендеген этнографиялық шекарамен белгіленді. Литва осы өзгерістерге байланысты КСРО сферасына берілді. 2 қыркүйек 1939 жылы Поляк әскерінің соңғы бөлімшелері тізе бүкті.

5. Солтүстік Америкадағы британ отарларының өз тәуелсіздігі үшін күресі және европа державаларының саясатын талдаңыз.

Солтүстікамерикалық отарлардың тәуелсіздік жолындағы Англияға қарсы соғыс кезеңі ұлт үстемдігінің буржуазиялық принциптеріне негізделген дипломатияның жаңа түрінің қалыптасуымен сипатталады. Абсолюттік монархияның дворяндық-династиялық сыртқы саясатының орнына халықтар теңдігін, бостандығын, тәуелсіздігін жариялаған буржуазиялық саясат келді. Англияға қарсы соғыс кезінде (ол 7 жылға созылды) отарлар еркіндікке шықты. Британ парламенті бұл отарларды өз өнімдерін өткізетін рынок және британ өнеркәсібі үшін бай шикізат көзі ретінде қарастырды. 1775 ж. 29 қарашада сыртқы істер министрілігіне сай келетін орган құрылды. Ұлыбритания Ирландиядағы жақтастармен хат алысу үшін комитет құрылды, ол өз кезегінде Америка әскері үшін Еуропадан құпия түрде қару-жарақ, киім алу үшін жұмыс жасады.  Америка қару-жарақ алу үшін Франциямен құпия келіссөздер жүргізді. 1775 ж. аяғында Филадельфияға француз саудагерлері келіп, олармен қару-жарақ алу үшін контракт жасасты. 1776 ж. 3 наурызда құпия комитет Континенталды конгресс мүшесі Сайлас Динді Францияға жіберді. Ол Парижге көпес ретінде келіп, құпия түрде келіссөздер жүргізу керек еді. Бұдан кейін ол осындай тапсырмамен Голландияға баруы керек болды.  АҚШ-қа көмектесе отырып, француз дипломаттары өздерінің сыртқы саясаттағы мүдделерін көздеп, Англия әлсіреген жағдайда Канаданы өздеріне қайтарып, сондай-ақ, Англияның Вест-Индиядағы отарларын басып алуды көздеді. Теңізде сауда-саттықты дамытып, Францияның Еуропада мәртебесін биіктетуге де күш жұмсады. Францияның сыртқы істер министрі, граф Шарль де Вержен Макиавеллидің мақсатқа жету жолында барлық әдістер жақсы деген ұстанымын берік қолданатын дипломаттар қатарында еді. Тәуелсіз американдық мемлекеттің идеологиялық принциптерін қолдамаған Шарль де Вержен дегенмен оларға көмек беруге дайын болды, өйткені бұл жолмен Ұлыбританияны әлсіретуді көздеді. 1775 ж. бастап Америкадағы отарларға құпия қолдау көрсете отырып, ол Англияға қарсы ашық соғысуды мақсат етпеді, алайда француз буржуазиясы арасында Америка тәуелсіздігін ашық қолдағандар болды: маркиз Лафайет және “Севиль шаштаразы”, “Фигароның үйленуі” шығармаларының авторы Бомарше. Бомарше отарларға құпия қолдау көрсету мақсатында 1775 ж. “Родриго Горталес и К” деген жалған сауда үйін ашты. Оның көмегімен Сайлас Дин Америкаға офицер-волонтерлар мен қару-жарақ жіберді. Жас француз офицері Лафайет өз қаржысына кеме жасақтап, 1777 ж. корольдің қарсылығына қарамастан Америкаға жүзіп кетті. Бомарше Францияның бейресми өкілі ретінде американдықтармен байланыс жүргізуге жауапты болды. 1776 ж. 15 желтоқсанда Франциядағы АҚШ-ң ресми түрдегі алғашқы елшісі ретінде Бенжамин Франклин Парижге келді. Еуропа АҚШ туралы аз мәлімет білетін еді, сондықтан Американы әлеммен таныстыру үшін беделді адам керек болды. Франклин жан-жақты талантты, білімді адам еді, ол кезінде Англияда да тұрған. Ол сонымен бірге ғылымда бірқатар жаңалықтар ашқан оқымысты еді (жарық, кеме жасауда, саяси экономияда). Сонымен бірге, сән елі саналатын Францияда Франклин киімінің “а ля Франклин” деп аталған үлгісін енгізушісі ретінде танылды. Парижге Америкадан келген кезде ол Америкадағы сияқты сұр шекпенімен жүре берді, шашын жабыстыра тарап қоятын. Еуропадағы сән бойынша ол пудраланған парик кимей, сусар бөрік киіп жүретін еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]