- •Халықаралық қатынастардағы династиялық қағиданы түсіндіріңіз.
- •2. Ортағасырлардағы династиялық соғыстар және олардың нәтижелерін талдаңыз.
- •Ортағасырлық Еуропадағы «неке дипломатиясы» және оның сипатын талдаңыз.
- •Орта ғ.Еуропадағы хал.Қат.Конфессионалдық ұстанымын талдаңыз.
- •5. Еуропадағы орталықтандырылған біртұтас мемлекеттердің пайда болуы және ұлттық мүдде түсінігіне сараптама жасаңыз.
- •6. Әлемдік сауданың халықаралық қатынастардағы орны, сауда мүддесі түсінігінің пайда болуын талдаңыз.
- •8. Тордесильяс келісімі, барысы мен нәтижелерін талдаңыз.
- •9. Сарагосс келісімі, қатысушылары мен нәтижесін талдаңыз.
- •10. XVII ғғ. Еуропа мемлекеттерінің арасында сауда және отарлық бәсекелестіктің пайда болу жолдарын түсіндіріп беріңіз.
- •11. Еуропа тарихындағы діни соғыстар, олардың себептері мен салдарларын талдаңыз.
- •12. 1618-1648 Жж. Отыз жылдық соғыс, себептері мен бірінші кезеңінің нәтижелерін сараптаңыз.
- •13. 1555 Ж. Аугусбург діни бітімінің шешкен мәселелерін талдаңыз.
- •14. Вестфаль бейбіт келісімі мен нәт. Шешімнің Еуропа мемлекеттері үшін маңызын көрсетіңіз.
- •15. 1756-1763 Жж. Жеті жылдық соғыс және «Дипломатиялық революция» түсінігін талдаңыз.
- •1. Рейхстаг – Германиядагы өкілетті билік органы ретінде талдаңыз.
- •2. XVIII-XIX ғғ.Европадағы халықаралық қақтығыстардың жиынтығы және «Шығыс мәселесін» қалай түсінесіз.
- •4. XVIII ғ.Польшаны жікке бөлу. Оның салдарларын талдаңыз.
- •5. Солтүстік Америкадағы британ отарларының өз тәуелсіздігі үшін күресі және европа державаларының саясатын талдаңыз.
- •6. Джордж Вашингтон Американың мемлекеттік қайраткері жәні і Президенті ретінде көрсетіңіз.
- •7. Ұлттық сурверенитет қағидалары мен олардың іске асыру жолдары және мүмкіндіктерін қалай түсінесіз.
- •10. 11. Еуропадағы Франция үстемдігі және Наполеон мәселесін талдаңыз.
- •14. Вена конгресі. Маңызы мен нәтижелері.
- •1 Европалық концерт хал,қат.Тарихындағы жаңа көрініс ретінде.
- •4. Ұлыбританияның отарлық экспансиясының сипатын көрсетіңіз.
- •7. 1848-1849 Жж. Революциялар және «Вена жүйесінің» дағдарысын қалай түсінесіз.
- •12. Хviii ғ. 70-80 жж. Халықаралық қатынастардағы Поляк мәселесін түсіндіріңіз.
- •14. 1789-1815 Жж. Ресейдің сыртқы саясатын талдаңыз.
- •18. Вена когресінің шешімдері бойынша территориялық бөлісуді сипаттап беріңіз.
- •21. 1689Ж. Нерчин келісімі: сипаты мен нәтижелерін талдаңыз.
- •23. 1714 Ж. Раштад келісімінің сипаты мен шешкен мәселелерін талдаңыз.
- •24. 1756 Ништат келісімі: сипаты мен нәтижелерін талдаңыз.
- •25. 1763Ж. Париж келімінің шешкен мәселелері.
- •28. Протекторат – Наполеон қалыптастырған жүйенің ерекшелігі ретінде сипаттаңыз.
- •29. 1833 Ж. Ресей мен Осман империясы арасындағы одақтық келісімнің сипаты мен нәтижелерін сипаттаңыз.
2. XVIII-XIX ғғ.Европадағы халықаралық қақтығыстардың жиынтығы және «Шығыс мәселесін» қалай түсінесіз.
ХІУ Людовик билеген кезінің екінші жартысында Англияның халықаралық қатынастардағы орнының күшеюімен сипатталатын Еуропаның дипломатиялық тарихындағы жаңа кезең басталды. Англия мен Франция арасында отаршылдық тонауда бақталастық күрестер болып жатты. Бұл күрестердің ең маңыздысы 1701-1714 жж. испан мұрасы үшін соғыс еді. Ол династиялық соғыс ретінде басталып, Франция мен Англия арасында теңізде және отаршылдық саясатта үстемдік ету үшін жүргізілген күрес ретінде аяқталды. ХУІІІ ғ. бірінші жартысының басында Түркия, Польша, Швеция тарапынан күшейген Ресей Франциямен одақтас болуды көздеді. Франция үкіметі бұл үш мемлекетпен достық қарым-қатынастарды сақтағысы келген соң, Ресей Францияның қарсыласы Австрия және Габсбургтермен жақындасты. Осы кезде Польша іштей әлсіреп, Польшаны өзіне бағындыру үшін Ресей, Франция, тағы басқа державалар арасында күрес басталды. Курфюрст Саксонский, ол сол кезде Польша королі ІІ Август қайтыс болғанда, Ресей мен Австрия Польша тағына оның ұлы ІІІ Август лайықты деп шешті, Франция болса бұрынғы король (кезінде тақтан алынған) Станислав Лещинскийдің кандидатурасын қолдады. ХУ Людовик Станиславтың қызы Марияға үйленген еді. Д'Аржансон кезінде жазған: “король жай адамның қызына үйленген, енді королева корольдің кызына айналуы қажет еді”. Француздар Лещинскийді өз адамамыз деп таныды. ХУІІІ ғ. Англия екі революцияны басынан өткізген соң, саяси құрылымын реттеп, сауда-саттық пен отаршылдық саясатында еңбек етті. Англияға Еуропа тарапынан қауіп жоқ еді. Ол бар күшін басқа жаққа бұрды да, Еуропада саяси комбинацияларымен шектелді. Бисмарк бұл туралы былай деді: “Англияның саясаты Еуропадан ағылшын мүддесін жан-тәнімен қорғайтын ақымақ тауып алуға келіп саяды”. Бұл ХУІІІ ғ. Англияның қарсыласы саналып келген Францияға қарсы жіберу үшін өзге елдерден “дос” тауып алу саясаты. ХУІІІ ғасыр - ұлы Британ империясын дүниеге келтірген ғасыр – Франция мен Англия арасында осы империя үшін күрес кезеңі. ХУІ ғ. Англия Испанияға күйрете соққы берді, ХУІІ ғ. Голландияны жеңді. ХУІІ ғ. Америкада біраз жерлерді иемденген, Үндістанға көз салып отырған ұлы держава Франция бар еді, сондай-ақ француздар Антил аралдарына да ие еді. Ғасырдың ортасында Франция Англияға қарсы шыға бастады, әсіресе теңізде күрес шиеленісті. Француз министрі Маша (1745-1755 жж.) шет ел кемелерінің салығын тоннасына 5 млн. ливрге дейін көтерді. ХУІІІ ғ. 50-ші жж. Франция әскери флотын күшейтті, 1756 ж. француз флоты күші жағынан ағылшын флотымен теңесті. ХУІІІ ғ. бірінші жартысында ағылшын парламентінде вигтер партиясы басым болды, бұл партия сыртқы қақтығыстарға қатысуды қаламады. “Егер француздар келсе, төлемін беремін, бірақ қақтығыстың керегі жоқ” - сол заманның ұраны еді. Англияның билеуші топтары француздардың табысына наразылық білдірді. Көршімен бейбіт қарым-қатынас үзіліп, оны үзуші Уильям Питт-үлкені болды
Балқан түбегінде Осман билігінің сақталуы Англия мен Франция үшін жергілікті халықты қанауға жағдай жасап отырды: осы мемлекеттердің Түркиямен жасасқан келісім-шарттарында бекітілген капитуляциялық режим мен төмен баж салығы еуропалық капитал үшін ыңғайлы болды, Балқан түбегінде Ресей билігінің орнауы немесе жергілікті халықтардың тәуелсіздікке қол жеткізуі мұндай артықшылықтардың жойылуына алып келер еді. Осы себепті Англия мен Франция "Осман империясының біртұтастығы мен қол сұқпастығы" ұранын ұстанған болатын. Патшалыќ Ресей де басқыншылық саясат жүргізіп отырды. Балқан түбегі халықтарының азаттық үшін күресін Ресей өз мүдделеріне пайдалануға тырысты. Түркия мен оның Балқан түбегіндегі иеліктерінің тағдыры Еуропалық мемлекеттердің қолында болды. Осылай "шыѓыс мәселесі" пайда болады. "Шығыс мәселесі" - Осман империясының ыддырауы, Балқан түбегі халықтарының азаттық күресі мен еуропалық мемлекеттердің түрік иеліктерін бөліске салу үшін күресімен байланысты XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында орын алған халықаралық қайшылықтардың тарих пен дипломатияда қабылданаған шартты атауы.
3. Ресейдің сыртқы саясатындағы «шығыс мәселесіне» сараптама жасаңыз.
XVIIІ ғ. соңына таман Осман империясының ыдырау үрдісінің басталуы Еуропаның алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің арасында түрік иеліктерін бөліске салу мәселесін тудырған болатын. Еуропалық мемлекеттердің әрқайсысы Осман империясында экономикалық және саяси үстемдікке қол жеткізіп, басқа мемлекеттерді түік мұрасынан ығыстырып тастауға тырысты. Түркияның еуропалық иеліктері ерекше қызу күрес тудырды. Патшалық Ресей Константинополь мен бұғаздарды басып алып, Қара теңізден шығатын жолдарды өз бақылауында ұстағысы келді. Англия мен Франция Ресейдің басты қарсыластары болды. Ресей мен батысеуропалық мемлекеттердің мүдделері Түркияның Балқан түбегіндегі иеліктерінің мәселесі бойнша да қарама-қайшы болды. Ресей славян жєне грек халықтарының халық-азаттық күресіне қолдау көрсетіп отырды. Англия мен Франция керісінше түрік үкіметіне көмек көрсетіп отырды. Мұндай саясат бір жағынан Ресеге қарсы бағытталған болса, екінші жағынын экономикалық мақсаттарды көздеп отырды. Балқан түбегінде Осман билігінің сақталуы Англия мен Франция үшін жергілікті халықты қанауға жағдай жасап отырды: осы мемлекеттердің Түркиямен жасасқан келісім-шарттарында бекітілген капитуляциялық режим мен төмен баж салығы еуропалық капитал үшін ыңғайлы болды, Балқан түбегінде Ресей билігінің орнауы немесе жергілікті халықтардың тәуелсіздікке қол жеткізуі мұндай артықшылықтардың жойылуына алып келер еді. Осы себепті Англия мен Франция "Осман империясының біртұтастығы мен қол сұқпастығы" ұранын ұстанған болатын. Патшалыќ Ресей де басқыншылық саясат жүргізіп отырды. Балқан түбегі халықтарының азаттық үшін күресін Ресей өз мүдделеріне пайдалануға тырысты. Түркия мен оның Балқан түбегіндегі иеліктерінің тағдыры Еуропалық мемлекеттердің қолында болды. Осылай "шыѓыс мәселесі" пайда болады. "Шығыс мәселесі" - Осман империясының ыддырауы, Балқан түбегі халықтарының азаттық күресі мен еуропалық мемлекеттердің түрік иеліктерін бөліске салу үшін күресімен байланысты XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында орын алған халықаралық қайшылықтардың тарих пен дипломатияда қабылданаған шартты атауы.
