Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Myrzabekova_zhauaptar.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.71 Кб
Скачать

15. 1756-1763 Жж. Жеті жылдық соғыс және «Дипломатиялық революция» түсінігін талдаңыз.

Соғыстың алғышарттары: Соғыс басталмай тұрып, Америкада француз ағылшын отаршыларының шекаралық қақтығыстары басталған (француз-үндіс соғысы). Ұлыбритания 1756 жылы ресми түрде Францияға соғыс ашады. 1740 жылы Пруссия королі Фридрих ІІ болғаннан кейін Еуропада «одақтар төңкерісі» сипат алады. Францияның дәстүрлі қарсыласы Австрия енді керісінше оған жақындаса бастайды. Пруссия мен Австрия арасындағы Силезия үшін болған соғыстардын кейін Австрия Силезиядан айырылады. Ал Пруссия Англиямен одаққа отырады. Қатысқан мемлекеттер (қарсыластар): Пруссия, Ұлыбритания, Ганновер, Португалия, Гессен-Кассель, Брауншвейг, Ирокез тайпаларының конфедерациясы, Ресей (1762). Қатысқан мемлекеттер (қарсыластар): Австрия, Франция, Ресей (1756-1761), Щвеция, Испания, Саксония, Неаполитан корольдігі, Сардиния корольдігі. Нәтижесі (келісімдер): 1763 жылы Ұлыбритания мен Франция арасында Париж бейбіт келісіміне қол қойылады. Франция Канада, Шығыс Луизиана, Кариб теңізіндегі кейбір аралдар, Үндістандағы негізігі колонияларын Ұлыбританияға береді. Испанияға Батыс Луизианана береді (1800 жылы қайтарылады). Испания Англияға Флориданы береді (АҚШ тәуелсіздік үшін соғысынан кейін қайтарылады). 1763 жылы Пруссия Австриямен, Саксониямен Губертурсбург бейбіт келісіміне қол қояды. Ол бойынша, Пруссияның Силезияға, Глац графтығына иелігін қуаттайды.

америкалықтарға қатысты Вестминстердің заң шығару әрекеттері Жеті жылдық соғыстан (1756-1763) кейін қатты байқалды. Оған дейін Англия Солтҥстік Американың басым жағдайда экономикалық дамуын реттеп, не ӛндіру қажет екенін, кіммен және қалай саудаласу керектігін реттеп отырған еді. Жеті жылдық соғыстан кейін метрополия отарлардың ішкі саяси басқаруына да барған сайын белсенді тҥрде араласа берді, олардың бостандықтары мен қҧқықтарын ең тӛмен деңгейге дейін жеткізді. XVIII ғасырда, Англия парламенттік монархияға айналған уақытта, оның Солтҥстік Америкаға деген билігі XVII ғасырдағыға, ол абсолюттік монархия болып тҧрған уақытқа қарағанда басымырақ болды деуге

болады.

ІІ БЛОК. Саят жасау керек.

1. Рейхстаг – Германиядагы өкілетті билік органы ретінде талдаңыз.

(1871-1918) Герман империясы құрылғаннан кейін империялық конституцияға сай жалпы германдық парламент - рейхстаг құрылды. Имперлік рейхстаг 3 жылға (1888 жылдан 5 жылға) сайланатын 384 депутаттардан тұрған (1874 жылдан - 397). Олар жалпы, тең, құпия дауыс беру арқылы сайланатын. Рейхстагтағы орындарды бөлу мажоритарлық жүйе арқылы болатын. Ол тікелей сайлау негізінде жүзеге асырылады. Ол әдетте 656 депутаттан тұрады. Оның жартысы сайлау округтерінде, ал қалғаны жергілікті тізім бойынша жалпылама, тікелей, еркін, тең және құпия сайлау арқылы 18 жасқа толған азаматтар арасында жүргізіледі. Бундестаг 4 жылға сайланады. Конституцияда Бундестаг өзін-өзі қызметтен босатуы туралы заң қаралмайды. Конституцияда 5%-дан жоғары дауыс жинаған партиялар немесе кемінде 3 сайлау округінде 1 мандаттан жинаған партиялар сайлана алады. Депутаттар еркін мандатқа ие. Бундестаг саяси еркін пікірдің басты органы болып табылады. Оған үкіметтің қызметіне парламенттік бақылау жасау, заңдық қызметтер және әртүрлі саяси күштердің қызметтері тағайындалған. Бундестаг зандық негізде бюджеттердіқабылдайды және Федералды Канцлердің сайлауы арқылы федералды Үкіметтің құрылуына қатысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]