Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Myrzabekova_zhauaptar.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.71 Кб
Скачать

І БЛОК.

  1. Халықаралық қатынастардағы династиялық қағиданы түсіндіріңіз.

Династия (гр.- билік, үстемдік) немесе Әулет (парсы тілінен аударғанда— ұрпақтар) —яғни,

  1. тақты атадан балаға мұра ретінде қалдырып, билеп келе жатқан монархиялық билеушілер. Әулеттен әулетке мұра ретінде кәсіп пен салт-дәстүрлерді сақтап, еңбектеніп отырған топтарды айтуға болады.[1]

  2. бір іс-әрекет облыстарында атаққа ие болған бір отбасының бірнеше ұрпағынын өкілдері. Орта ғ. Европаның саяси картасында кіші және үлкен феодалдық иеліктер үстемдік етті. Бұл иеленушілік, анық айтқанда оларды иеленуші басшы сол ғасырдың халықаралық қатынастарында маңызды орын алды. Олар сеньорлар мен вассалдар сияқты бірі біріне тәуелділікте болды. Сондықтан да олардың арасындағы байланыс иерархиялық болмыста тең көрініс таппады. Жоғарыдағы феодалдық билікте неміс халқының императоры Киелі Рим империясы тұрды.

Бұл мемлекеттік құрылым Империя деп аталды. Антикалық Рим империясында ең алғаш императорлық титул пайда болған кезде мем. осылай атала бастады. Батыс Рим империясы варварлардың жайлап алуынан кейін Шығыс Рим империясы немесе Византияда бұл құрылым сақатлды. АЛ батыста 800 ж. бастап рим папасы католик шіркеуі мен Ватиканның басшысы болғаннан кейін қалыптасты. Франк корольі Ұлы Карлдың (768-800) тақты иеленгенінен бастап Каролингтер династияся қалыптасып оның ұрпақтарының билікке келу мүмкіндігі басталды. Оның жаулап алу жорықтары (773-774 Италиядағы Лангобардтар корольдігі, 772-804 жж.сакстерге) империя құрылуға әкелді. Ұлы Карлдың саясаты (шіркеудің киелі болуы, сот және әскери реформалар) Батыс Европада феодалдық байланыстардың негізін қалады. Ұлы Карлдың империясы ол өлгеннен кейін Верден келісімі бойынша ыдырады. 962 ж. саксон династиясынан герман корольі Карльдың атақ дәрежесін алып Оттон І император атанды. Ұлы Карлдың билігін жалғастырушы ретінде өз алдына ол бүкіл христиандық империяны қалыптастыруды көздеді. Оттон І және оның ізін жалғастырушылар ірі мемлекет құруға мүмкіндік алды. ХІІІ ғ. бүкіл герман жерлері, Солт.Италия, Бургундия, Прованс, полаб славяндарының жері, Чехияны біріктірді. Орта ғасырдың кейінгі кезеңінде императорлық билік өзінің құлдырау шегіне жетті. X–XI ғғ.мұрагерлік-таңдау жолынан дауыс беру арқылы таңдауға көшеді. Осы арқылы Импеияны құраған жеке территорияларды билеуші князьдіктердің абырой мен әсері жоғарылайды.

1356 ж. рейхстаг, 12ғасырдан 1945 ж.дейін Германияның үкімет мүшелерінің органы болды. Орталық үкімет органы «Герман ұлтының Киелі Рим империясы», империя сеймі деп жиі айтылады. 1867 ж. Солтүстік Герман одағы бастамасымен рейхстаг құрылтай жиналысының орталығы болды. Ал кейін, үкімет мүшелерінің төменгі өкілдері орталығы болды. Орта ғасырларда мемлекеттер арасындағы династиялық принцип қатынастары жоғары роль атқарды.Осы уақыттарда Европада орын алған соғыстар, Ал қызыл және ақ раушандар соғысы, ағылшындар мен француз корольдері арасындағы жүз жылдық соғыс, герман императорларының Италияны жаулап алу жолындағы күрестері династиялар арасындағы қатынастардың рольін өсірді. Бұл династиялық қызығушылықтарға әкелді. Әсіресе маңыздысы жүз жылдық соғыс (1337–1453). Соғыстың қозғаушы күші 1328 ж.Карл IV өлгеннен кейінгі ағылшын корольдерінің француз тағы үшін таласы болатын. Одан кейін Францияда француз корольдерінің төртінші династиясы Капетингтер династиясы билікке келді. 987 мен 1328 жж.аралығында басқарудың тікелей сатысында осы корольдік тұрды. 987 ж. Гуго Капет, Парижскийдің графы, Франция корольі болып бекітілді. (987-996 ж). Династияның орынбасары Валуа мен Бурбондар Капингтердің орнын мұрагерлік жолмен ауыстырды. Француз барондары (корольдің тікелей бағынушылары) мен шіркеулік басқарушылар король Филиппом VІ орнын басатын Валуа династиясының мұрагерлерін таңдауға мүмкіндігі болды. Ағылшын король Эдуард III өзін ана жағынан санағанда француз корольінің тікелей ұрпағы деп ойлады. 7 октябрьде 1338 ж. ол өзін заңды түрде француз тағының иегері деп жариялады. Бірақ шын мәнінде ағылшын мен француз корольдері арасындағы бәсеке үлкен тарихқа созылды. 1154 ж. Англия корольі Норман герцогі мен Анжуи графы Генрих Плантагенет француз корольінің вассалы болды. Генрих ортағасырлық Европаның ірі корольдіғығының тағына ие болып континентте француз корольінің вассалы болып қалды. Осындай екіжақты статус – бір уақыттағы және ұқыпты корольдер, және француз корольінің вассалы – оның мұрагері ретінде сақталды. Англия мен франция арасында территориялық келіспеушіліктер де болып тұрды. Кейін де екі ел арасындағы жүз жылдық соғыстан кейін ағылшындар тарапынан басталған соғыс алқызыл раушандар мен ақ раушандар соғысына ұласты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]