- •1. Иондаушы сәулеленулер және олардың сипаттамасы
- •2. Радиациялық гигиенаның пайда болуы мен дамуының негізгі алғышарттары, оның бағыттары мен міндеттері
- •3. Радиациялық гигиенада қолданылатын негізгі атаулар, анықтамалар, түсініктер, өлшем бірліктер.
- •4. Адамға әсер ететін иондаушы сәулелену көздері.
- •4.1. Табиғи радиациялық фон(трф) туралы түсінік
- •4.2. Табиғи жағдайларда адамды сәулеленудің әсеріне ұшырататын көздері
- •Сурет 12.1. Адамның сәулелену көздерінің қазіргі заманғы классификациясы.
- •Тмд халқының негізгі сәулелену көздері және өлімге әкелетін қатерлі ісіктің жаңа түзілімдерінің пайда болу қауіптілігі (л.А.Ильин және басқалар, в.А.Книжников бойынша)
- •4.3. Иондаушы сәулеленудің адамға әсер ететін жасанды көздері
- •Иондаушы сәулеленудің жабық көздерініңқолданылуы
- •Кейбір медициналық процедуралар кезінде халық алатын шамамен алынған сіңірілген дозалары (Ушаков и.Б мәліметтері бойынша, 2004).
- •Сұйық және қатты белсенді қалдықтардың жіктелуі
- •4.4. Халықты иондаушы сәулеленуге ұшырататын қосымша көздер
- •5. Иондаушы сәулеленудің ағзаға әсері
- •5.1. Иондаушы радиацияның биологиялық нысандарға әсер ету механизмі туралы жалпы мәліметтер
- •5.2. Адамның иондаушы сәулеленуге ұшырауының биологиялық эффектілері және салдары.
- •Мүшелер мен тіндердің сындарлы мүшелердің топтарына бөлінуі
- •6. Халықтың радиациялық қауіпсіздігінің негіздері.
- •6.1. Иондаушы сәулеленулердің ашық және жабық көздерінің әсер етуі кезінде кәсіби топтағы адамдар мен халықты қорғау жөніндегі гигиеналық шаралар
- •Рентгенсәулесініңрұқсатетілгенэкспозициялықдозасыныңқуаты
- •Иондаушы сәулеленудің ашық көздерімен істелетін жұмыс кластары (СанЕмН-2003)
- •Халықтың әр түрлі жас топтары үшін тыныс алатын ауаның жылдық көлемі
- •6.2. Дозиметрлік және радиометрлікбақылау
- •Заттардың жұмыс атқарылатын беттерінің, терінің, арнайы киімдердің және жеке басты қорғайтын заттардың белсенді ластануының рұқсат етілген деңгейлері. (бөлш/см2·мин)
Сұйық және қатты белсенді қалдықтардың жіктелуі
Қалдықтардың санаттары |
Меншікті белсенділік, кБк/кг |
||
Бета-бөлшектерін сәулелендіретін радионуклидтер
|
Альфа-бөлшектерін сәулелендіретін радионуклидтер (транс-урандыларды қоспағанда) |
Трансуранды радионуклидтер
|
|
Төмен белсенділікті |
103кем |
102кем |
101кем |
Орташа белсенділікті |
103-нен 107-ге дейін |
102-нен 106-ге дейін |
101-нен 105-ге дейін |
Жоғары белсенділікті |
107 артық |
106артық |
105артық |
Сондықтан, негізгі қойылатын талап - қалдықтарды қауіпті болатын уақыт бойына қоршаған ортадан (жер асты сулары, атмосфера) оқшаулау болып табылады.
Қойманың жобасын жасау және жүзеге асыру кезінде ХРҚК ұсынған принципті жетекшілікке алады. Бұл принцип бойынша, қойманы жапқан кезде, оның халық үшін қауіп-қатері (қойма эволюциясының ең ықтимал жолдарын ескергенде) жылына 0,3 мЗв дозадан аспау керек.
Көму пунктінің ұзақ мерзімдік қауіпсіздігі, көмуге таңдап алынған жерлердің қолайлы сипаттамаларының, жобаның инженерлік-техникалық сипаттамаларының, қалдықтардың тиісті түрі мен құрамының (ұзақ өмір сүретін радионуклидтер мөлшерінің лимитін белгілеумен), пайдалану процедуралары мен ведомстволық бақылау шараларының үйлесімділігімен қамтамасыз етіледі.
Қалдықтарды көму жүйесі келесі шараларды қамтамасыз етуі қажет:
қалдықтарды, олар түсетін қоршаған ортаның нысандарынан оқшаулау;
радионуклидтермен ластануы үшін, ашық қоршаған ортаның нысандарына түсетін мүмкіншілігі бар радионуклидтердің шығарындыларын бақылау;
көму пункті жабылғаннан кейін, бекітілген мерзім бойына көму алаңына үнемі бақылау жүргізу; бұл жағдайда, АТЭХАГ стандарттарында бірнеше ондаған метр тереңдікте орналасқан қоймалардың қауіпсіздігін, ведомстволық бақылаудың белсенді іс-шараларын қолданбай, қамтамасыз ету мүмкіншілігі қарастырылған.
4.4. Халықты иондаушы сәулеленуге ұшырататын қосымша көздер
Жолаушыларды әуе жолы көлігімен тасымалдаудың өсуіне байланысты, олардың ұшақтармен ұшу кезіндегі ғарыштық сәулеленуге шалдығуы және одан алатын дозасын бағалау, халықты иондаушы сәулеленуге ұшырататын қосымша көзі ретінде, белгілі бір қызығышулық тудырады.
Сәулеленуге шалдығудың мөлшерін анықтайтын негізгі факторлар ұшу биіктігі, ұшу уақытының ұзақтығы, күннің белсенділігі және геомагниттік ендік болып табылатыны белгілі болды. Мысалы, ұшу биіктігі жоғарылаған сайын, жолаушылардың сәулеленуге шалдығудан алатын дозасы да өседі. Трассалары бірдей болған жағдайда, жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан төмен ұшақтарда ұшқан кезде алынатын доза, жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан жоғары ұшақтарға қарағанда, шамамен 30% жоғары болады, себебі, бірінші ұшақтын ұшу уақыты көбірек. Ұшу биіктігі бірдей болған кезде, солтүстік және оңтүстік ендіктерден 50° жоғары жатқан аудандардың үстінде сәулеленуге шалдығудан алатын дозалары жоғарылау болады. Күн көзіндегіжарқылдаулар кезінде жолаушылардың сәулеленуге шалдығу дозасы шұғыл өседі. АРӘҒК мәліметтері бойынша, қазіргі кезде орташа жылдық эффективті доза, ұшақта ұшу есебінен көп емес және жылына 0,5 мкЗв – тен бірнеше мкЗв дейін құрайды.
Жер маңындағы орбитада (200 км – 400 км) орбиталық ғарыштық ұшу кезінде ғарышкерлердің сәулеленуге шалдығу дозасы салыстырмалы түрде көп емес – тәулігіне 50 мкЗв. Жоғары деңгейдегі сәулеленуге шалдығу мүмкіншілігі, жер маңындағы кеңістіктің жер бетінен қашық биіктігінде ұшу кезінде, Жердің радиациялық белдеулерін кесіп өткенде пайда болады. Жерге жақын ішкі радиациялық белдеуді кесіп өткен кезде (Жер бетінен 2-3 мың км) эффективті дозаның қуаты, тәулігіне 8 Зв жетеді, сондықтан, радиациялық белдеуді кесіп өткен кезде, экипажды ғарыш кемесінің арнайы бөлігіне орналастырады.
Құрамында радионуклидтері бар әр түрлі тұтыну тауарлары да радиация көзі болып табылады, бірақ, олар көңіл аударуды қажет ететіндей қосымша сәулеленуге шалдықтыратын көз ретінде қарастырылмайды, себебі олардың тудыратын дозасы фондық сәулеленуге ұшырау пайызының бөлігін құрайды. Оларға радиолюминесцентті құралдар, оның ішінде сағаттар, ғылыми құрал-жабдықтар; электронды және электрлік құралдар; газдар мен аэрозольдердің (түтін) детекторлары; антистатикалық тауарлар (құралдар); керамикадан, шыныдан жасалған заттар және құрамында уран мен торий бар қорытпадан жасалған заттар жатады.
Темекі шегудің, қорғасын мен полоний радиоизотоптарының ағзаға түсуін едәуір көбейтетіні дәлелденген, себебі, олар темекінің құрамында болады және оның жану температурасында ұшқыш болады. Тәулігіне бір қорап темекі шегетін адамның ағзасына түсетін 210Pb мен210Po мөлшері, жылына сәйкес, 15 Бк және 22 Бк құрайды.
