Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
WEB_-_sessia_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
207.55 Кб
Скачать

15. Asp.Net технологиясының артықшылықтарын және кемшіліктерін анықтаңыз.

Сонымен ASP.NET-те Webсайтты құру кезіндегі негізгі артықшылығы ретінде келесілерді атап өтуге болады:

ASP.NET сайттарын компонетті құрастыру мүмкіндігі - программалық кодты қайта қолдануға мүмкіндік беретіндігі, яғни ол жобалардың қолдану мерзімін ж/е бағасын қысқартады. ASP.NET-те құрастырушылар дамыған бірлестігі бар, дайын кешендер саны өте көп;

Программалық код компиляцияланады, соның арқасында ол тез орындалады, ол ASP.NET технологиясында сайтты құрудың сапалы процесіне ҽсер етеді;

ASP.NET қолдауы бар хостингтің кэштеу, мониторингтің кірістірілген құралы бар, ол қолданбаның масштабтылығын жҽне өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді;

Кірістірілген авторизация ж/е аутентификация жоба/ды қорғалған етеді;

Web-сервисті қолдау басқа қолданба жҽне жобалармен интеграциялауға мүмкіндік береді;

Деректер қорына арналған қолжетімділіктің жүзеге асырылған архитектурасы, сайтты құру кезіндегі барлық элемент байланысының беріктігі қосымшаның жүктемесіне қарамастан күрделі жҽне тұрақты етуге мүмкіндік береді.

ASP.NET технологиясының кемшіліктері: ASP.NET қосымша жұмыс жасау үшін лицензионды программамен қамтамасыз ету. Минимум бұл Windows Server 2008 Web Edition

16. Aspx web парағының құрылымын түсіндіріңіз.

ASPX кеңейту –.NET беттер, сонымен қатар веб-формалар түрінде бегілі, қосымшалар әзірлеу үшін негізгі құрылыс блок.

ASPX-файл мән бойынша арнайы тегтерді қолдануға болатын кәдімгі HTML. Арнайы тегтер 2 типке бөлінеді:

  • беттің параметрлерін анықтайтын және кодтарды енгізуге арналған тегтер,

  • екіншісі басқарушы тегтер, оларда интерфейстік конструкциялары болады.

Бірінші типке серверлік дерективалар жатады, тегтер <%= %>, <% %>,<%# %>, <script runat="server">...</script>.

Дерективалардың синтаксисі: <%@ Directive %>. Базалық деректива @ Page, ол беттерді негізгі параметрлерін суреттейді. Сонымен қатар @ Import, @ Assembly, @ OutputCache және т.б. дерективалар қолданылады.

Есептелім жатқан мәндерді есептеу үшін <%= %> тегі қолданылады,мысалы:

<%= System.DateTime.Now %> компиляциядан кейін ағымдағы уақытты көрсетеді.

<% %> тегтері бетке кодты енгізуге мүмкіндік береді, оны көбінесе ASP және JSP қолданады. Мысал:

<%if (User.Identity.Name == "Admin")

{

%>

<a href="adminpage.htm">Перейти к странице администрирования<a>

<%

}

%>

Бұл кодта тек қана Admin қолданушы үшін сілтемені бейнелеп жатыр.

<%# %> тегтері өз орнына ағымдағы контекстке тәуелді болатын мән қояды. <script runat="server">...</script> арқылы бетке қосымша әдістерді қолдануға болады.

17. Sql тілінің командаларын қалай топтастураға болады, түсіндіріңіз

SQL -тілінің командалары бірнеше топқа бөлінеді. Командалардың негізгі типтері келесідей:

• DDL(Data Definition Language )- мәліметтердің анықталу тілі. Бұл топтың командалары мәліметтер қорының объектілерінің құрылымын құру және өзгерту(мысалы, кестелерді құру және жою үшін) үшін пайдаланылады: CREATE TABLE, ALTER TRABLE, DROP TABLE

Кестені құру үшін CREATE TABLE операторы пайдаланылады. Құрылған кестені ALTER TABLE операторын пайдаланып түрлендірге болады. Осы оператор көмегімен кестеге жаңа өрістерді қосуға және жоюға, өрістер мәліметтерінің типін өзгертуге, шектеулерді қосып немесе жоюға болады. Кестелерді жою үшін DROP TABLE операторы пайдаланылады, Егер DROP TABLE операторын шақыру кезінде RESTRICT негізгі сөзі пайдаланылып, және жойылатын кестеге қандай да бір ұсыныс немесе шектеу сілтелінсе, онда кестені жою операторы орындалуы кезінде қате туралы хабарлама шығарылады (генерацияланады). Егер де CASCADE негізгі сөзін пайдаланса, онда кестені жою орындалады және кестемен бірге оған сілтелінетін ұсыныстар мен шектеулер де жойылады

• DML(Data Manipulation Language)- мәліметтердә басқару (манипуляция) тілі. DMLкомандалары мәліметтер қоры объектілеріндегі ақпараттарды басқару үшін пайдаланылады: INSERT; UPDATE; DELETE

Мәліметтер қорының кестесіне жаңа ақпаратты қосу процесі әдетте мәліметтерді жүктеу деп аталады. Мәліметтерді жүктеу үшін INSERT операторы пайдаланылады. Кейде бір кестедегі ақпаратты екінші кестеге тасымалдау қажет болады. Бұл типтегі операцияларды INSERT опареторымен SELECT мәліметтерді таңдау операторының комбинациясының көмегімен орындауға болады.INSERT және SELECT операторын біріктіріп, басқа кестеге сұраныс орындалуы нәтижесінде алынатын мәліметтерді кестеге қогсуға болады.

Кестеге енгізіліп қойылған мәліметтерді өзгерту үшін UPDATE операторы пайдаланылады. Бұл опаретор кестеге жаңа жазу қоспайды, бар мәліметтерді жаңаға ауыстырады. UPDATE операторы бір өріске де, бірнеше өрістерге де қолданылуы мүмкін. Кестеден мәліметтерді өшіру DELETE операторының көмегіен орындалады. Бұл оператор жеке өрістердегі мәліметтерді емес, бүкіл жазуды толығымен өшіреді.

• DCL (Data Control Language)-мәліметтерді басқару тілі. Сәйкес командалар мәліметтер қорында сақталған ақпаратқа кіруді басқаруға арналған.

• DQL (Data Query Language)-тілі. Бұл жиі қолданылатын командалар, мәліиеттер қорына сұранымды құруға арналған.(Сұраным дегеніміз сәйкес ақпаратты алу мақсатында мәліметтер қорына хабарласу.

Мәліметтер қорын администрациялау командалары әрекеттердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру және өндірілетін операцияларыды анализдеуге арналған.

18. Web-программалаудың клиент-серверлік технологиясы.

Бүкіл интернет және www-дің кейбір бөліктері «клиент-сервер» технологиясы бойынша жұмыс істейді, яғни барлық программалық қамтамасыздандыру клиенттік және серверлік бөліктерге бөлінеді. Сондай – ақ олардың арасында функцияналдық міндеттер ажыратылған. Клиент жұмыстың принципін сервердің ішкі алгоритмдік іске асырылуын білмейді, білуі тиіс де емес, ал сервер клиенттің жұмыстарына араласпайды. Бұл бөліктердің ара қатынасы үшін арнайы протокол шығарылған (бұл жағдайда HTTP протоколы), және де сервермен клиент арасындағы қарым – қатынасты осы протокол ішінде іске асырылады. Әр қолданушыға ену мүмкіндігі бар НТМL құжат жасау үшін, құжат орналасқан компьютер Web сервер деп аталатын арнайы қосымшаны іске асырады. Web сервер басқа компьютерлерден және компьютер-клиенттерден сұраныстарды табады және сұралған құжатты береді. Клиент компьютерінде іске қосылатын браузер құжаттарды қабылдайды және оларды экранда бейнелейді.Клиент серверден құжаттарға сұраныс жасайды және сервер оны береді. WWW қарапайым байланыс моделінде Web парақтар файлдары серверлер дискінде орналасып клиенттерден сұраныстар күтеді. Ақпаратты жаңарту үшін ақпараттың үлкен көлемінде өте ауқымды процесті құрайтын НTML құжаттарды түзетуді орындау қажет. Сондықтан көптеген Web түйіндер жедел жаңартылған ақпараттарды беріп үлгермейді.Бұл модельдің ең үлкен кемшілігі болып ақпарат екі бағытта жіберілетіндей клиент пен сервер байланыса алмайды.Мұндай шлюздік интерфейсті Common Gateway Interface ретінде қолдану Web құрастырушыларына мазмұнға Web динамика беруге мүмкіндік береді. (динамикалық Web парақтардың моделі). Клиент серверге арнайы сұраныс жібере алады (мысалы, "Алдыңғы айда қол қойылған счеттерді көрсетіңіз" немесе " Солтүстік Америкадан ұсыныс берушілер атын көрсетіңіз"). Сервер статикалық парақты қайтармайды (дискіде нақты бір атпен сақталған). Оның орнына ол "тірі" мәліметтерді мәліметтер қорынан қиып алатын және оларды НTML құжат ретінде жинақтап, құжатты клиентке жіберетін сценарий немесе қосымшаны іске асырады. Клиент жаңа және нақты ақпаратты көреді. Бұл әдістің кемшілігі - іске асыру мен қолдаудағы қиындығы. Динамикалық Web парақтарды программалауды қысқартуға Мiсгоsoft фирмасы технологиялар ұсынады. АSР — Active Server Pages. АSР, ASP.NET тың соңғы нұсқасы АSР-ның біршама жақсартылған нұсқасын көрсетеді және серверде орындалатын VB.NET тілінде жазылған сценарии жазуға мүмкіндік береді. АSР қосымшасын жазу үшін Visual Studio ортасында функционалданатын кез-келген тілді қолдануға болады. ASP.NET - бұл көптеген клиент-сервердың байланысу есептерін шешетін ASP нұсқасының жеткілікті дәрежеде жақсартылған нұсқасы. Құрастырушы үшін клиент-сервер қосымшаларын құру процесі Windows қосымшаларын құрудан айырмашылығы жоқ.

19. Web-программалаудың клиенттік тілдерін анықтаңыз.

Беттерді генерациялауда Web-те "клиент—сервер" архитектурасымен байланысты дилемма пайда болады. Беттерді клиент жағында да, сервер жағында да генерациялауға болады. Соңғысы сервер жағындағы орын ауыстыру механизмімен іске асады (Server Site Includes). Netscape компаниясы 1995 жылы JavaScript программалау тілін жасап, клиент жағында да беттерді басқару механизмін таратты.

Осылайша, JavaScript - бұл клиент жағында Web гипремәтіндік беттерді қарау сценарийлерін басқару тілі.

Дәлірек болсақ, JavaScript – бұл клиент жағындағы тек программалау тілі ғана емес. Liveware, JavaScript ата-анасы, Netscape сервер жағындағы ауыстыру құралы болып табылады. Бірақ, JavaScript атағын клиент жағында программалау шығарды.

JavaScript негізгі идеясы HTML атрибуттар мәндерін- HTML-беттерін көру кезіндегі контейнерлер мен көрсетілу ортасының қасиеттерін тұтынушының өзгерту мүмкіндігі. Осы шартта бет қайта іске қосылмайды.

JavaScript - Бұл тіл де скрипттер тілі. Бұл тіл де көбінесе web саласында қолданылады. Бұл тілдің PHP тілінен айырмашылығы - бұл тіл серверде емес, клиенттің (қолданушының) компьютерінде жұмыс істей алады. Бұл кейбір нәрселерді серверге сұраныс (запрос) жібермей-ақ жасау керек болған кезде пайдалануға тиімді болып табылады. Мысалы: осы жауапты жазып отырғанда, төменгі жағынан жазып отырған нәрсең шығып отырады, міне осы процесс javascript тілімен іске асады.

Практикада бұл мысалға бет фонының түсін немесе құжатқа енгізілген суретті өзгерту, жаңа терезе ашу немесе ескерту беруде көрініс табады.

20. Web-программалаудың серверлік тілдерін анықтаңыз.

WEB формалар.

"Сұраныс - жауап" үлгісі жұмысының сұлбасы:

1) HTML-формасы

3. Мәліметтерді жіберу

  1. Сервер тек енгізілген қолданушылар мәліметтерін қабылдайды.

Мінездемесі: Сервер HTML формасының элементтерінің әдістері, оқиғалары және қасиеттері туралы ештеңе білмейді.

2) Web-формасы

3. форманы толтыру, мәліметтер енгізу

1. қолданушы интерфейс элементтерін құру

2. HTMLтүріндегі браузерге

бұл элементтерді жіберу

4. Серверге мәліметтерді жіберу

Мінездемесі: Сервер HTML формасының элементтерінің әдістері, жағдайлары және қасиеттері туралы барлығын біледі.

Басқарудың серверлік элементтері.

Типтері:

  • HTML басқарудың серверлік элементтері. HTML-дің қарапайым элементтері,олармен басқаруға болаты серверде орналасады.

  • Web басқарудың серверлік элементтері. HTML-ге ұқсас, бірақ функционалдығы жоғары және қиын қолданушылық интерфейсті қалыптастырады.

  • Мәліметтердің дұрыстығын растайтын құрылғылар. Мәліметтердің дұрыс енгізілуін тексеру үшін қолданылады.

  • Басқарудың қолданушылық элементтері. UI ерекше функционалдығының іске асыруына арналған.

Сервердің басқару элементтерінің (СБЭ) оқиғалары.

  • СБЭ-де әртүрлі жағдайлар бар:

- батырманы басу;

- жолға текст енгізу;

- тізімнен элементті таңдау және басқа.

  • Серверге оқиға сипаттамасын жіберудің 2 әдісі бар:

- болғаннан кейін жедел жіберу;

- топпен бір жіберу ішінде.

Екінші әдіс тиімдірек және ол үшін клиенттегі жағдайлардың кэштеу әдісі қолданылады.

  • Барлық оқиғалар серверлерге 2 бөлік сипаттамамен жіберіледі:

-обьект, бейнеленетін элемент, оқиғаларды туындаған;

-обьект, оқиға туралы қосымша ақпаратты бейнелейтін.

Мысал:

<asp:Button runat=“server” onClick=”Clickhandler” />

Clickhandler әдісі осындай:

Sub Clickhandle(obj as Object, e as eventargs)

<код>

End Sub

Бұл үрдіс үшін фактілік параметр ретінде жіберіледі:

  1. Button-обьектінің өзі

  2. Бос - қосымша ақпарат ретінде.

21. Web-программалаудың HTML тілінің орны.

HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.Web-тораптарындағы құжаттардың негізгі форматы HTML тілі болып табылады. HTML (Hyper Marker Language) ағылшын тілінен аударғанда мына мағынаны білдіреді: гипермәтінді белгілеу тілі. Ол құжаттың бастапқы мәніне енгізілетін қарапайым командалар жиынынан тұрады, олар осы құжаттың экранда көрсетілуін басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кез келген мәтіндік редакторда даярланған құжаттар HTML форматы ретінде сақталғаннан кейін Web-бет түрінде бейнеленеді.

Гипермәтін- бұл қосымша элементереді басқару мақсатында ішінде екпінді элемент орналасқан мәтін түрі. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізуге, мәтінді безендіру және форматтау әрекеттерін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз.

Гипермәтінді бейнелеу үшін браузер деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Броузер-бұл Web-беттерін (гипермәтіндік беттерді ) қарауға негізделген программа (Internet Explorer, Netscape Navigator).

Графикалық, бейнелік және аудиомәліметтер жеке файлдарға жазылады да, құжат ішіндегі сілтемелерге сәйкес браузерлер оларды біртіндеп іске қосу қызметін атқарады. Файлдардағы мәліметтерді қабылдап, браузер оларды реттеп орналастырады да, HTML тілінің командалары арқылы мәтінге қажетті түстер енгізіп, терезе көлемін, мәтін қаріпі мен оның мөлшерін және т.б. әрекеттерді анықтап, нәтижесін экранда көрсетеді.

HTML файлдары *.htm немесе *.html деген кеңейтулер арқылы өрнектеледі. Оны құрастыру үшін «Қолданбалы» программасындағы Блокнотты пайдаланамыз. Ал оның нәтижесін көру үшін Microsoft Internet Explorer браузері қолданылады.

HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тэг (tag) деп аталады. Тэг символдар тізбегінен тұрады. Тэгтердің көбісі ашылатын тэг <> және жабылатын тэг </> арқылы жазылады. HTML-құжаты әрқашан <HTML> тэгімен басаталады және </HTML> тэгімен аяқталады. Ал ары қарай беттің тақырыбы жазылады <HEAD>...</HEAD>, беттің атын анықтайтын тэгтер <TITLE>...</TITLE>. Тек енді <BODY>...</BODY> тэгтерінің ортасына өз ақпараттарыңызды, суреттеріңізді, видеофайлдарыңызды және аудиофайлдарыңызды орнатуға болады.

22. Web-программалауда SQL тілінің орны.

SQL тілі (сұраныстардың құрылымдық тілі) 70 жылдың басында ЭЕМ фирмасында өңделген. Бұл берілген базамен жұмыс істеу үшін арналған жаңа тәсіл берілген базада қолданылады (құру, іздеу, өзгерту, жанарту, берілген хабар). SQL тілі Американың ұлттық стандарттау институты мен Халықаралық стандартау ұйымында компьютерлік спецификадан тәуелсіз берілген базалар үшін ресми стандарттау негізінде бекітілген. SQL тілі командаларының типтері SQL тілі командалардан тұрады. Нақты іс-әрекеттерді орындау берілген база жұмысын басқару үшін, SQL командасының әрекет ету объектісі бір кесте және де кестелер тобынан тұруы мүмкін. MS ACCESS автоматты түрде эквиваленттік команданы құрады, SQL конструктуры режимінде сұраныс уақытында жасалады. SQL командасы (нұсқау, операторы) 2 топқа бөлінеді: 1 топ. Cr ate Table - жаңа кесте құру. Cr ate Index – жаңа индекс құру. Alter Table – кестедегі индексті немесе жаңа алаңды толықтыру. 2 топ. Select – берілген базаға дейінгі сұраныс; жазбаларды жинау түрінде берілгендеге қайта сұраныс; Select Info – берілген базаға дейінгі сұраныс; сұраныс берілгенде жаңа кесте түрінде қайтарады. Update – бірігуге сұраныс; сұраныс кесте алаңынын мағынасын өзгертеді; Delete – бір немесе бірнеше кестедегі сұраныс жазбаларды жою. SQL тілінің екі формасы бар: Интерактивтік және қарама-қарсы интерактивтік SQL тікелей белгілі деректер базасы іс-әрекеті берілгені үшін қолданылады. Белгілі команда орындалған соң, шығу дерегі сол жерде енгізіледі. Тізбектелген (Встроенный) SQL – бұл SQL тілінің командасына қосылу бағдарламасы, басқа жобалау тілінде жазылған.

23. Web-программалауда .NET технологиясының орнын анықтаңыз.

Мiсгоsoft фирмасының .NET платформасы бірегей инрақұрылым және жаңа заманның NGWS (New Generation Web Services) эксплуатация қызмет көрсету/ін құру үшін Web-бағытталған платформа ретінде құрылған. Мiсгоsoft технологиясының базалық бөлігі болып Web қызмет көрсетулері саналады.

.NET компоненттері

.NET технологиясы келесідей компоненттерден тұрады:

  • .NET (.NET Framework) инфраструктурасы және инструменталдық құрылғылар;

  • .NET қызмет көрсетулері;

  • әртүрлі құрылғыларда жұмыс жасауға арналған программалық жабдықтама.

.NET инфраструктурасы (.NET Framework).

.NET инфраструктурасы келесілерден тұрады:

  • Common Language Runtime (CLR) - ортақ тілмен орындалу ортасы;

  • Base Framework (Базалық кітапхана);

  • Application Framework (Web, ASP, Web - форма)- қосымшалар құрылымы.

.Net Framework орындалу моделі.

.Net платформасында программаны орындау қорытынды код әртүрлі тілдерде жазылуы мүмкін деп болжайды. Программаның соңғы коды .Net компиляторымен аралық IL (Intermediate Language) тіліне компилирленеді. IL -дағы код программасын орындау үшін оны JIT (just in time) компиляторынан шығарылатын машиналық кодқа ауыстыру керек. .Net платформасындағы программалардың орындалу үлгісінің сұлбасы төменде келтірілген.

Рисунок 3.1 – .Net платформасындағы программалардың орындалу үлгісі

.Net Framework орындалу үлгісіне:

  • VB, C#, C++ программалау тілдерінде көрсетілген программаларды IL аралық тілге ауыстыру;

  • CLR ортасында нақты уақыт мерзіміндегі қадамдық (JIT-компилятор) компилятормен интерпретациялау жолымен программаларды орындау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]