
- •1. Ақпараттық жүйелерінің (аж) негіздері.
- •2. Аж топтастырылуының мақсаты.
- •3. Аж өмірлік циклін түсіндіріңіз және мысалдар келтіріңіз
- •7. Sql сұраныс тілі.
- •8. Sql тілінің мәліметтерді модификациялауға арналған командаларын анықтаңыз.
- •15. Asp.Net технологиясының артықшылықтарын және кемшіліктерін анықтаңыз.
- •16. Aspx web парағының құрылымын түсіндіріңіз.
- •17. Sql тілінің командаларын қалай топтастураға болады, түсіндіріңіз
- •24. Vb.Net(c#) негіздері.
- •Vb.Net мәліметтер типі
- •If командасы
- •25. Vb.Net (c#) деректердің түрі, айнымалылар, массивтер.
- •26. Vb.Net(c#) шартты операторлар.
- •If командасы
- •27. Vb.Net(c#) циклдік операторлар.
- •28. Asp.Net ортадағы response және request объектілері
- •30. Объектіге бағытталған концепция: класстар.
- •31. Объектіге бағытталған концепция: мұралану
- •32. Объектіге бағытталған концепция:полиморфизм.
- •33. Объектіге бағытталған концепция:инкапсуляция.
- •34. Asp.Net ортасындағы қолданушының басқару элементтерінің арттықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңыз.
- •40. Asp.Net ортадағы cookie oбъекті.
- •42. Процедура мен функцияның айырмашылықтарын және ұқсастығын анықтаңыз.
- •43. Ado.Net объектілерінің мақсаттары мен міндеттері.
- •44. Asp.Net ортадағы session oбъектісі.
- •45. Клиент жағындағы деректерге қосылу. Мысал келтіріңіз
- •46. Клиент жағындағы деректердi оқу. Мысал келтіріңіз.
- •47. Клиент жағындағы деректердi өзгерту. Мысал келтіріңіз.
- •48. Asp.Net ортасында мқ-мен жұмысын іске асыратын класстар.
- •Xml файлдың мысалы:
- •50. Asp.Net ортасында xml құжаттарын қолдану.
- •Xml сұлбасы.
- •Iis 5.X және iis 6.0 бумаларын түзету параметрлері
- •52. Талаптарды топтастыруының артықшылықтарын және кемшіліктерін анықтаңыз.
- •53. Бизнес объектінің орнын анықтаңыз.
- •55. Asp қосымшаларын конфигурациялаудың ролі, мақсаты мен міндеті.
- •56. Html парағына css технологиясын пайдалану.
- •57. Sql тілінің көмегімен мәліметтерді енгізу және алу.
- •58. Sql тілінің көмегімен мәліметтерді өшіру және жаңалау.
7. Sql сұраныс тілі.
SQL (Structured Query Language) - бұл құрылымдық сұраныстар тілінің қысқартылған атауы. Ол реляциялық деректер базасында мәліметтерді құру және өңдеу құралдарын береді. Компьютерлік технологиялардан ерекшелігінен тәуелсіздігі және SQL-ді реляциялық мәліметтер базасының технологиясы облысындағы өндіріс жетекшілерімен қолдауы оны деректер базасының стандартты тіліне айландырды. SQL тілі деректер базасының реляциялық типімен ғана жұмыс істейді. Деректер базасында қолданылатын SQL тілі логикалық байланысқан кесте-қатынастар жиынтығы түрінде берілген мәліметтермен операциялар жүргізуге бағытталған. Осы тілдің құрылымының ерекшелігі өңдеу процедурасына емес, мәліметтерді өңдеудің соңғы нәтижесіне бағытталуында. SQL тілі мәліметтердің, индекстердің қайда орналасқанын, және нәтиже алу үшін қандай операциялар тізбегін пайдалану керектігін өзі анықтайды, сондықтан бұларды ДБ сұраныстарында көрсетудің қажеті жоқ. Қазір бұл тіл ДББЖ-сі қолданушыға ұсынатын барлық функциональды мүмкіндіктерді іске асыру үшін қолданылады. Атап айтқанда:
• Деректерді ұйымдастыру. SQL қолданушыға мәліметтерді ұсыну құрылымын өзгерту, сонымен қатар деректер базасының элементтері арасындағы қатынастарды орнату мүмкіндігін береді.
• Деректерді оқу. SQL қолданушыға немесе қосымшаға деректер базасынан онда сақталған мәліметтерді оқу және оларды қолдану мүмкіндігін береді.
• Деректерді өңдеу. SQL қолданушыға немесе қосымшаға деректер базасын өзгерту, яғни оған жаңа мәліметтерді қосу, сонымен қатар онда бар мәліметтерді жаңарту немесе өшіру мүмкіндігін береді.
• Рұқсат алуды басқару. SQL көмегімен қолданушыға мәліметтерді оқу және өзгерту мүмкіндіктерін шектеуге және оларды бекітілмеген рұқсаттан қорғауға болады.
• Деректерді біріктіріп қолдану. SQL бір-біріне кедергі жасамас үшін қарама-қарсы жұмыс істеп отырған қолданушыға деректерді біріктіріп қолдануды үйлестіреді.
• Деректердің бүтіндігі. SQL келісілмеген өзгертулерден немесе жүйенің қабыл алмауын бұзғандардан қорғай отырып, деректер базасының бүтіндігін қамтамасыз етуге рұқсат етеді.
Сондықтан SQL ДББЖ-мен әрекеттесу үшін жеткілікті түрдегі қуатты тіл болып табылады. Сонымен қатар, SQL тілі бүгінгі таңда реляциялық деректер базасымен жұмыс істеуге арналған жалғыз стандартты тіл болып отыр. SQL тілінің жетістіктерінің негізгі ерекшеліктерін атап өтейік:
- нақты ДББЖ-нен тәуелсіздігі;
- бір есептеуіш жүйеден басқасына ауысатындығы;
- стандарттардың барысы;
- ағылшын тілін еске түсіретін жоғарғы деңгейлі құрылым;
- арнайы интерактивті сұраныстарды орындау мүмкіндігі;
- деректер базасына программалық рұқсат алуды қамсыздандыру;
- деректерді әртүрлі ұсыну мүмкіндігі;
- деректер базасымен жұмыс істеуге арналған толық құнды тіл;
- деректерді динамикалық анықтау мүмкіндігі;
- клиент-сервер архитектурасын қолдау.
8. Sql тілінің мәліметтерді модификациялауға арналған командаларын анықтаңыз.
Мәліметтер базасын өңдеу әдетте қиын мәселе. Кесте ішіндегі мәліметтерге кейін өзгеріс жасамау үшін алдынала анықтау, бұл сирек кездесетін жағдай.Сонымен қатар, дайын мәліметтер қоры да уақыт өте келе жаңа кестемен толықтырылып отырады және алдын ала бар кестемен байланысады. Жаңа байланыс енгізу үшін ескі кестелерге өзгеріс жаау керек. Сол үшін кестедегі мәліметтерді модификациялау әдісін қолданамыз. Кестелерді модификациялау – бұл оның құрылымын өзгерту деген, яғни енгізу, жою және бағандар оның типтерімен өлшемдерін өзгерту болып табылады.SQL тілінің кестені модификациялайтын арнайы командалары бар. Егер де олар болмағанда немесе ол командаларды қолданбаған болсақ, онда кестенің құрылымын келесі түрдегідей өзгертуге болады:
1.Жаңа жұмыс кестесін кажетті құрылымымен құру
2.INSERT INTO операторы арқылы жұмыс кестесіне шығыс кестеден мәліметтер енгізу
3. Шығыс кестені жою
4. Жұмыс кестеге ат беру
Кестенің құрылымын SQL операторларымен өзгерту анағұрлым қиынырақ. Кестенің құрылымын өзгерту ісін жеңілдету үшін ALTER TABLE операторын қолданғанымыз дұрыс. Келесі кілттік сөздер арқылы басқа да операцияларды орындай аламыз:
1. ADD COLUMN – жаңа баған қосу
2. DROP COLUMN – бағанды өшіру
3. ALTER COLUMN – тип, өлшемін өзгерту
4. RENAME COLUMN – атын өзгерту
5. RENAME TO кестенің атын өзгерту
Мәліметтерді анықтау, сұраныс жасау командалары , мәліметтер қорындағы объектілерді құру және өзгеріс енгізу жолы арқылы мәліметтер қорының схемасын модификациялайтын SQL тілінің негізі болып табылады.
CREATE
Алдын ала құрылған мәліметтер қорына жаңа мәлімет қорын немесе кесте құру үшін қолданылады. Жаңа кестені құру синтаксисі қиындау, бірақ жаңа мәлімет қорын құру оңай:
CREATE DATADASE мәлімет_қорының_аты
Жаңа кесте құру үшін:
CREATE TABLE <имя_таблицы>
(<имя_столбца> <тип_столбца>
[NOT NULL]
[UNIQUE | PRIMARY KEY]
[REFERENCES <имя_мастер_таблицы> [<имя_столбца>]]
, ...)
Пример: создание базы данных publications:
CREATE DATABASE publications;
CREATE TABLE authors (au_id INT PRIMARY KEY,
author VARCHAR(25) NOT NULL);
CREATE TABLE publishers (pub_id INT PRIMARY KEY,
publisher VARCHAR(255) NOT NULL,url VARCHAR(255));
CREATE TABLE titles (title_id INT PRIMARY KEY,
title VARCHAR(255) NOT NULL,
yearpub INT,
pub_id INT REFERENCES publishers(pub_id));
CREATE TABLE titleautors (au_id INT REFERENCES authors(au_id),
title_id INT REFERENCES titles(title_id));
CREATE TABLE wwwsites (site_id INT PRIMARY KEY,
site VARCHAR(255) NOT NULL,
url VARCHAR(255));
CREATE TABLE wwwsiteauthors (au_id INT REFERENCES authors(au_id),
site_id INT REFERENCES wwwsites(site_id));
Қолданушы кестенің және бағандардың атын міндетті түрде толтыру қажет. Әрбір бағандар үшін оның типтерін, атын, параметрлерін беріп кету керек.
DROP
CREATE кілттік сөздері секілді тағы бірнеше командалар қоланылады: DROP DATABASE ,DROP TАBLE, DROP INDEX ,DROP FUNCTION. Мәліметтер қорын жою үшін келесі команда орындалады:
DROP DATABASE [IF EXISTS]
Кестені жою үшін:
DROP TABLE <имя_таблицы>
Добавить столбцы ALTER TABLE <имя_таблицы> ADD
(<имя_столбца> <тип_столбца>
[NOT NULL]
[UNIQUE | PRIMARY KEY]
[REFERENCES <имя_мастер_таблицы> [<имя_столбца>]]
,...)
Удалить столбцы ALTER TABLE <имя_таблицы> DROP (<имя_столбца>,...)
Модификация типа столбцов ALTER TABLE <имя_таблицы> MODIFY
(<имя_столбца> <тип_столбца>
[NOT NULL]
[UNIQUE | PRIMARY KEY]
[REFERENCES <имя_мастер_таблицы> <имя_столбца>]]
,...)
9. Web-программалаудың мақсатын және IT саласында орнын анықтаңыз.
Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн. Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. Ал екіншісі практикалық, бұл бөлімде дайын сайт жасап шығарылады
Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар
Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер. Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:
Жоспарлау;
Элементтерді жасақтау;
Бағдарламау;
Тестілеу;
Жариялау;
Жарнамалау;
Бақылау;
Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек: 1. Сайттың орны. 2. Сайттың аудиториясы кімдер. 3. Қандай ақпарат жарияланады. 4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.
Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады: 1. Навигациялық құрылымын жасау. 2. Беттің дизайнын жасау. 3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.
Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде: 1. Сілтеменің жұмысы; 2. Мәтіндегі қателер; 3. Навигацияның тиімділіғі. 4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы. 5. Графикалық файлдардың ашылуы. 6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.
Жариялау-Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.
Жарнамалау-Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады: 1. Web-цайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек; 2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу; 3. Web-цайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу; 4. Баннерлерді жарнама ретінде қолданылады
Бақылау-Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек.
10.Web-программалау тілдерін қалай топтастыруға болады, түсіндіріңіз.
Web-тің негізі - Internet желісінде шығаруға (публикация) арналған құжаттарды құруга қолданылатын НТМL тілі болып табылады. НТМL құжаттары сонымен қатар Web парақтар деп те аталады. Әр Web түйін өзінің орналасуынан тәуелсіз бірнеше байланысқан парақтардан тұрады және сізге бір парақтан екіншісіне гиперсілтеме көмегімен өтуге мүмкіндік бар. Қарауға мүмкіндік бар НТМL парақтарының жиынтығы World Wide Web желісін құрайды.
Каскадты стиль кестелері (CSS) HTML-құжатын форматтілеудің ең жақсы құралдарының бірі болып табылдады. CSS бүкіл Web-сайтының біртұтас безендірілуіне қол жетуге рұқсат береді. Ол бет мазмұнын оның форматтілеуінен айыруға мүмкіндік береді.
PHP - Hypertext Preprocessor. PHP тілі web сайт жасайтын скрипттер тілі болып табылады. Сонымен қатар бұл тіл серверде жұмыс істейді. Мәліметтерді деректер қорына салу, мезетте web-бет жасау т.б көптеген қызметтер атқарады. Мысалы: "сайтқа тіркелу", "сайтқа кіру" процесстері php тілімен жазылады.
JavaScript - Бұл тіл де скрипттер тілі. Бұл тіл де көбінесе web саласында қолданылады. Бұл тілдің PHP тілінен айырмашылығы - бұл тіл серверде емес, клиенттің (қолданушының) компьютерінде жұмыс істей алады. Бұл кейбір нәрселерді серверге сұраныс (запрос) жібермей-ақ жасау керек болған кезде пайдалануға тиімді болып табылады. Мысалы: осы жауапты жазып отырғанда, төменгі жағынан жазып отырған нәрсең шығып отырады, міне осы процесс javascript тілімен іске асады.
11.Web-программалаудың негізгі тілін анықтаңыз.
HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.Web-тораптарындағы құжаттардың негізгі форматы HTML тілі болып табылады. HTML (Hyper Marker Language) ағылшын тілінен аударғанда мына мағынаны білдіреді: гипермәтінді белгілеу тілі. Ол құжаттың бастапқы мәніне енгізілетін қарапайым командалар жиынынан тұрады, олар осы құжаттың экранда көрсетілуін басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кез келген мәтіндік редакторда даярланған құжаттар HTML форматы ретінде сақталғаннан кейін Web-бет түрінде бейнеленеді.
Гипермәтін- бұл қосымша элементереді басқару мақсатында ішінде екпінді элемент орналасқан мәтін түрі. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізуге, мәтінді безендіру және форматтау әрекеттерін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз.
Гипермәтінді бейнелеу үшін браузер деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Броузер-бұл Web-беттерін (гипермәтіндік беттерді ) қарауға негізделген программа (Internet Explorer, Netscape Navigator).
Графикалық, бейнелік және аудиомәліметтер жеке файлдарға жазылады да, құжат ішіндегі сілтемелерге сәйкес браузерлер оларды біртіндеп іске қосу қызметін атқарады. Файлдардағы мәліметтерді қабылдап, браузер оларды реттеп орналастырады да, HTML тілінің командалары арқылы мәтінге қажетті түстер енгізіп, терезе көлемін, мәтін қаріпі мен оның мөлшерін және т.б. әрекеттерді анықтап, нәтижесін экранда көрсетеді.
HTML файлдары *.htm немесе *.html деген кеңейтулер арқылы өрнектеледі. Оны құрастыру үшін «Қолданбалы» программасындағы Блокнотты пайдаланамыз. Ал оның нәтижесін көру үшін Microsoft Internet Explorer браузері қолданылады.
HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тэг (tag) деп аталады. Тэг символдар тізбегінен тұрады. Тэгтердің көбісі ашылатын тэг <> және жабылатын тэг </> арқылы жазылады. HTML-құжаты әрқашан <HTML> тэгімен басаталады және </HTML> тэгімен аяқталады. Ал ары қарай беттің тақырыбы жазылады <HEAD>...</HEAD>, беттің атын анықтайтын тэгтер <TITLE>...</TITLE>. Тек енді <BODY>...</BODY> тэгтерінің ортасына өз ақпараттарыңызды, суреттеріңізді, видеофайлдарыңызды және аудиофайлдарыңызды орнатуға болады.
12. Web-программалауда JavaScript тілінің орны.
JavaScript – браузерге түсінікті программалау тілі. Браузер бұл тілдегі командаларды орындай алады, яғни оның ішкі интерпретаторы бар. JavaScript программасы скрипт немесе сценарий деп аталады, ол HTML-программасы ішінде орналаса береді не жеке файлға да жазылады. Ондай файлды да браузер оқып алады (арнайы команда бойынша). JavaScript коды HTML тілін толықтырып, оны көрнекі етеді. JavaScript тілі арқылы гипермəтіндер жаңа мүмкіндіктерге ие болады. JavaScript тілін Netscape пен Sun Microsystems фирмалары бірлесе отырып жасаған, ол интерактивті HTML құжаттар құру үшін қолданылады.
Скриптер екі <script>...</script> тəгтері арасына орналасады. Əдетте олар төмендегідей болып жазылады.
<SCRIPT LANGUAGE="javascript">
...
</SCRIPT>
13. Web-программалаудағы CSS технологиясының орны.
Каскадты стиль кестелері (CSS) HTML-құжатын форматтілеудің ең жақсы құралдарының бірі болып табылдады. CSS бүкіл Web-сайтының біртұтас безендірілуіне қол жетуге рұқсат береді. Ол бет мазмұнын оның форматтілеуінен айыруға мүмкіндік береді.
CSS –бұл көлемді және күрделі технология, сондықтан біз тек негізгі жағдайларды қарастырамыз. CSS жайлы көптеген пайдалы ақпаратты Интернете табуға болады.
CSS-ті Web-бетіне енгізу жаңа атрибуттарды енгізгендей оңай.
HTML тілінің спецификациясы HTML-құжаттары үшін не тікелей HTML-құжат ішінде, не сыртқы стиль кестесі арқылы стиль кестелерін бейнелеу ережелерін анықтайды. Стиль кестесін құжатқа енгізу үшін STYLE элементі пайдаланады.
Style блогы script блогына ұқсас. VBScript сценарийлерін style блогінде және керісінше CSS ақпаратын script блогінде орналастыруға болмайды.
Мысал қарастырайық.
<HTML>
<HEAD>
<STYLE type="text/css">
H1 { color: blue }
</STYLE>
</HEAD>
<BODY>
<H1>Үй беті </H1>
<P> CSS демонстрациясы
</BODY>
</HTML>
H1 тақырыбының мәтіні көк түспен бейнеленуі үшін біз келесі CSS-ережесін жаздық:
H1 { color: blue }
CSS ережесі екі бөліктен селектор (H1) мен бейнеленуінен (color: blue) тұрады. Бейнелену де өз кезегінде екі бөліктен тұрады: қасиет (color) пен мән (blue).
Максималды иілгіштік үшін бастапқы HTML- құжатының өзгеруінсіз модификацияланатын және бірнеше құжатпен пайдалана алатын сыртқы стиль кестелерін жасау ұсынылады. Сыртқы стиль кестесімен қосылу үшін LINK элементін пайдаланамыз.
14. .NET технологиясының артықшылықтарын және кемшіліктерін анықтаңыз.
.NET технологиясының артықшылықтары:
.NET-Тіл жиындарын қолдайды: C#, Visual Basic.NET, F#, Delphi Prism, Oberon, Zonnon, Iron Python, Iron Ruby, PascalABC.NET.
Кез келген .NET- тілдің жаңа мүмкіндіктерін қамтиды : операциялардың класстары, қасиеттері, полиморфизмі, ерекшеліктері, шамадан тыс жүктеуі, кітапханалардың жеңіл жасауы.
FCL класстарының көлемді кітапханасы бар
.NET-қосымшалар жинақы
.NET-тілдің компиляторын кәдімгі тілдің компиляторына қарағанда жасау едәуір оңай.
.NET технологиясының кемшіліктері:
.NET-қосымшаларын іске қосылуы кәдімгі қосымшаларды іске қосуға қарағанда ақырын
.NET-қосымшаларын іске қосу үшін міндетті түрде компьютерде платформасы болуы керек