
- •1. Ақпараттық жүйелерінің (аж) негіздері.
- •2. Аж топтастырылуының мақсаты.
- •3. Аж өмірлік циклін түсіндіріңіз және мысалдар келтіріңіз
- •7. Sql сұраныс тілі.
- •8. Sql тілінің мәліметтерді модификациялауға арналған командаларын анықтаңыз.
- •15. Asp.Net технологиясының артықшылықтарын және кемшіліктерін анықтаңыз.
- •16. Aspx web парағының құрылымын түсіндіріңіз.
- •17. Sql тілінің командаларын қалай топтастураға болады, түсіндіріңіз
- •24. Vb.Net(c#) негіздері.
- •Vb.Net мәліметтер типі
- •If командасы
- •25. Vb.Net (c#) деректердің түрі, айнымалылар, массивтер.
- •26. Vb.Net(c#) шартты операторлар.
- •If командасы
- •27. Vb.Net(c#) циклдік операторлар.
- •28. Asp.Net ортадағы response және request объектілері
- •30. Объектіге бағытталған концепция: класстар.
- •31. Объектіге бағытталған концепция: мұралану
- •32. Объектіге бағытталған концепция:полиморфизм.
- •33. Объектіге бағытталған концепция:инкапсуляция.
- •34. Asp.Net ортасындағы қолданушының басқару элементтерінің арттықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңыз.
- •40. Asp.Net ортадағы cookie oбъекті.
- •42. Процедура мен функцияның айырмашылықтарын және ұқсастығын анықтаңыз.
- •43. Ado.Net объектілерінің мақсаттары мен міндеттері.
- •44. Asp.Net ортадағы session oбъектісі.
- •45. Клиент жағындағы деректерге қосылу. Мысал келтіріңіз
- •46. Клиент жағындағы деректердi оқу. Мысал келтіріңіз.
- •47. Клиент жағындағы деректердi өзгерту. Мысал келтіріңіз.
- •48. Asp.Net ортасында мқ-мен жұмысын іске асыратын класстар.
- •Xml файлдың мысалы:
- •50. Asp.Net ортасында xml құжаттарын қолдану.
- •Xml сұлбасы.
- •Iis 5.X және iis 6.0 бумаларын түзету параметрлері
- •52. Талаптарды топтастыруының артықшылықтарын және кемшіліктерін анықтаңыз.
- •53. Бизнес объектінің орнын анықтаңыз.
- •55. Asp қосымшаларын конфигурациялаудың ролі, мақсаты мен міндеті.
- •56. Html парағына css технологиясын пайдалану.
- •57. Sql тілінің көмегімен мәліметтерді енгізу және алу.
- •58. Sql тілінің көмегімен мәліметтерді өшіру және жаңалау.
3. Аж өмірлік циклін түсіндіріңіз және мысалдар келтіріңіз
Ақпараттық жүйелердiң өмiрлiк циклiнiң моделi деп ақпараттық жүйелердiң өмiрлiк циклi бойына орындалатын тапсырмалар, процестер мен әрекеттердiң жүзеге асырылу тiзбегiн және сонымен қатар осы тапсырмалар, процестер мен әрекеттердiң өзара байланысын анықтайтын қандай да бiр құрылымды атaймыз. Қазiргi кезде өмiрлiк циклнiң мынадай негiзгi екi түрi кең тараған: Каскадтық модель waterfall- водопад деп те аталады. Спиральды модель. Каскадтық модель кез келген қолдану саладағы түрлi жүйелердi жасаудың классикалыұ тұрғыдaғы әдiсiн анықтайды. Ол жумыстарды тiзбектей етiп ұйымдастыруды қарастырады. Мұнда ақпараттық жүйенi жасау әрекетiнiң бiрнеше кезеңге бөлiнуi негiзгi ерекшелiк болып табылады. Сонымен қатар бiр кезеңнен екiншiсiне өту үшiн сол кезеңнiң барлық жұмыстары толық аяқталуы тиiс. Әр кезеңнiң орындалу нәтижесiнде программалушы мамандардың келесi тобының жұмысты жалғастыру үшiн жеткiлктi болатын құжаттардың толық жиынтығы жасалуы тиiс. Каскадтық модель бойынша ақпараттық жүйенi жасаудың негiзгi кезеңдерi: тапсырыс берушiнiң талаптарын талдау; жобалау; жасау; тесiтлеу жане тәжірибелiк эксплуатация; дайын өнiмдi тапсыру; Схемасы: Талдау - жобалау - жасау - тестiлеу - тапсыру Бiрiншi кезеңде шешiлуi қажеттi мәселенi зерттеу орындалады. Тапсырыс берушiнiң барлыкқ талаптары орындалады. Бұл кезеңнiң орындалу нәтижесiнде екiжақты мақұлданған техникалық тапсырма жасалады. Екiншi кезенде техникалық тапсырмада көрсетiлген барлық талаптарды қанағаттандыратын жобалық шешмдер жасалады. Бұл кезеңнiң орындалу нәтижесiнде жобаның жүзеге асырылуы үшiн қажеттi деректерден тұратын жобалық құжаттар жасалады. Үшiншi кезен- жобаның жүзеге асырылуы. Мұнда алдындағы кезеңде алынған жобалық шешiмдерге сәйкес болатын программалық қамсыздандыруды жасау орындалады.Бұл кезеңнiң орындалу нәтижесiнде дайын программалық өнiм жасалады. Төртiншi кезенде жасалған программалық қамсыздандырудың техникалық тапсырмада көрсетiлген талаптарға сәйкестiлiгi тeксерiледi. Тәжріибелiк эксплуатация кезiнде ақпараттық жүйелердiң накты қолданыс кезiнде пайда болатын жасырын кемшiлiктерн аныктауға болады. Сонғы кезең- дайын жүйенi тапсыру. Бұл кезеңнiң негiзгi мәселесi- тапсырыс берушге дайын программалық өнiмдi тапсырғанда барлық талаптардың орындалғанын дәлелдеу. 2) Бiрқатар жақсы жақтарынын арқасында каскадтық модель түрлi инженерлiк бағдарламаларды жасауда колданылып, кеңiнeн таралды. Каскадтық модельдiн негiзгi жетiстiктерiн атап өтейiк: әр кезенде толықтық және мақұлданған шарттарына сайкес болатын жобалық құжаттамаларының аяқталған жиыны жасалады. Сонғы кезендердe сонымен қатар ақпараттық жүйенi қамсыздандырушы қужаттамасы дайындалады. жұмыс кезендернiң логикалық тiзбек түрiнде орындалуы жұмыстын аяқталу мерзiмдерi мен сәйкестi шығындарды жоспарлау мүмкiндiгiн бередi. Бастапқыда каскадтық модель түрлi инженерлiк есептердi шешуге арналған, дегенмен қазiрге дейiн түрлi қолданушы салалары үшiн маныздылығын жоғалтқан жоқ. 3) Жетiстiктерiне қарамастан каскадтық модельдiң ақпараттық жүйелердi жасауда қолданушыға шектеу қоятын кемшiлiктерi де бар. Бұл кемшiлiктерi модельдiң мулдем қолданыла алмауына немесе жасау мерзмдерi мен жоба бағасының өсуiне әкеледi. Ақпараттық жүйелердi жасауда каскадтық модельдi қолданудың кемшiлiктерi: Нәтижелердi алудың көп уақытқа кешеуiлдеуi. Кезеңдердiң кез келгенiнде жiберлген қателер келесi кезендерде байқалатындықтан алдыңғы кезеңдерге қайта оралу қажеттiлiгiнiн пайда болуы. Жоба бойынша орындалатын жұмыстарды параллель жүргiзу қиындылығы Кезеңдердiң әрқайсысының ақпараттық асырыла жүктелуi. Жобаны басқару күрделiлiгi. Тәуекелдiң жоғары деңгейi және инвестициялардың сенiмсiздiгi.
4. АЖ-нің мәліметтер қорының (МҚ) мақсатын түсіндіріңіз.
Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық – программалық кешендермен қарым – қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.Мәліметтер қоры мәліметтердің өзара байланысты жиынтығы. Оны ұйымдастырудың ережесі мәліметтерді сипаттаудың, сақтаудың және амалды әрекет жасаудың жалпы принципіне негізделген. Мәліметтерді өңдеу техно-логиясы бойынша мәліметтер қоры – орталықтандырылған және үлестірілген мәліметтер қоры болып екіге бөлінеді. Орталықтандырылған мәліметтер қоры бір есептеуіш жадында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйе компьютер желісінің құраушысы болса, онда мұндай қорға үлестірілген қатынас құруға мүмкіндік болады. Мәліметтер қорын пайдаланудың мұндай тәсілі дербес компьютердің жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады. үлестірілген мәліметтер қоры есептеу желісінің алуан түрлі компьютерлерінде сақталатын бірнеше бөліктерден, тіпті бірін-бірі қайталайтын бөліктерден тұрады. Мұндай қормен жұмыс істеу үлестірілген мәліметтер қорын басқару жүйесінің көмегімен орындалады. Мәліметтерге қатынас құру тәсілі бойынша мәліметтер қоры жергілікті қатынас құру және қа-шықтан (желілік) қатынас құру мәліметтер қоры болып екіге бөлінеді. Мәліметтер қорын пайдаланушыларға алуан түрлі қолданбалы программалар, программалық кешендер, сондай-ақ, тұтынушы рөліндегі пән салаларының немесе мәліметтер көзінің мамандары жатады.Мәліметтер қорының қазіргі заманғы технологиясына сай мәліметтер қорын жасау, оны толықтыру және мәліметтерді пайдаланушылардың оған қатынас құруын жасақтау арнайы программалық аспаптар арқылы, яғни мәлімет/ қорын басқару жүйесі арқылы орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.
МҚБЖ –мәлімет/ қорын құру, жүргізу және қолдануға арналған тілдік және бағдарламалық құрал/ң жиынтығы. Қолданылу түріне байл-ты МҚБЖ дербес және көпшiлiк қолданушы деп бөлінеді. Дербес МҚБЖ бір компьютерде жұмыс істейтін желiлiк мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ-не Paradox, dBase, FoxPro, Access т.б. жатады. Көпшiлiк қолданушы МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйе/ді құруға мүмкіндік береді. Көпқолданылушы МҚБЖ-не Oracle, InterBase, Microsoft SQL, Server, Informix ж/е т.б жатады. МҚБЖ-ң негізгі 3 функциясын бөліп көрсетуге болады.
Мәліметтерді анықтау (Data definition) – сіз өзіңіздің мәліметтер қорыңызда қандай ақпараттар сақталатынын анықтай аласыз, мәліметтер құрылымын және типін, сонымен қатар бұл мәліметтер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсете аласыз. Кейбір жағдайларда сіз, сонымен қатар, мәліметтерді тексеру форматы мен критерийін бере аласыз;· Мәліметтерді өңдеу – мәліметтерді әр түрлі тәсілдермен өңдеуге болады. Мәліметтерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен байланыстырып, нәтиже мәнін есептеуге болады; Мәліметтерді басқаруда – сiз мәліметтермен кім танысуына болатынын көрсетіп, оларды өшіріп немесе жаңа ақпарат қоса аласыз. Сонымен қатар, мәліметтерді ұжымдық қолдану ережелерін анықтауға болады.
5. АЖ-нің МҚ-ның құрылымын құру ережелері.
Мәліметтер қорының негізгі түсініктері: Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық – программалық кешендермен қарым – қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз. Мәліметтер қорын құру қағидалары Көп мәліметтер жұмыс жасау қажеттілігі пайда болғанда әрқашанда мәліметтер қорын пайдаланды. Мәліметтер қоры – бұл ең алдымен кестелер жиынтығы, алайда, біз соңынан мәліметтер қорына сондай – ақ процедуралармен бірқатар басқа объектілер жатуы мүмкін екенін көреміз. Таблицаны көптеген объектілердің сипаттамалары бар кәдімгі екі өлшемді таблица түрінде көруге болады. Таблицаның идентификатор аты болады. Кесте бағандары объектілердің қандайда бір сипаттамаларына – алаңдарға сәйкес. Әрбір алаң сақталатын мәліметтердің атымен және түрімен сипатталады. Алаң аты – бұл мәліметтермен пайдалану үшін, әртүрлі программаларда қолданылатын идентификатор. Ол кез келген идентификатор сияқты латын әріптерімен жазылады, бір сөзден тұрады және т.б. Алаң түрі алаңда сақталатын мәліметтердің түрін сипаттайды. Бұл жолдар, сандар, үлкен мәтіндер (мысалы, қызметкерлердің мінездемелері), суреттер (қызметкерлердің суреттері) және т.с.с. болуы мүмкін. Кестенің әрбір жолы объектілердің біреуіне сәйкес келеді. Ол жазба деп аталады және осы объектіні сипаттайтын барлық алаңдардың мазмұнын құрайды. Мәліметтер қорының кестелерін құрған кезде ақпараттың қарама – қайшылықсыздығын қамтамасыз ету маңызды. Әдетте бұл негізгі алаңдарды енгізумен жасалады. Негізгі болып бір немесе бірнеше алаң болуы мүмкін. Кестемен жұмыс кезінде пайдаланушы немесе программа жазбалар үстінен курсормен жылжып отыратын сияқты. Әрбір уақыт сәтінде ағымдағы жазба бар, содан жұмыс жүргізіледі. Мәліметтер қорының кестелерінде жазбалар қандай да бір тәртіпсіз, оларды енгізу (жаңа қызметкерлердің пайда болуы) ретіне қарай орналасуы мүмкін. Бірақ кесте мәліметтері пайдаланушыға ұсынылған кезде реттелуі керек. Пайдаланушы оларды алфавиттік тәртіпке, немесе бөлімдер бойынша реттелген, немесе туған жылының өсуіне қарай және т.б. қарауы мүмкін. Мәліметтерді реттеу үшін индекс түсінігі қолданылады. Индекс кестені қандай реттілікте қараған жөн екенін көрсетеді. Ол пайдаланушы мен кесте арасында делдал болып табылады. Мәліметтер қоры әдетте бір емес, көптеген кестелерден тұрады. Мысалы, кейбір ұйым туралы мәліметтер қорында әрбір бөлімшенің сипаттамасы бар кесте бар. Dep атты осындай таблицаның мысалы келесі кестеде көрсетілген. Осы кестенің алаң аттары Dep және Proisv.
6. МҚ-ның құрылымын қалыпты түріне келтіру мақсаты мен ережелері.
Базаға ешқандай мәлімет/ енгізілмеген жағдайда да мәліметтерқоры болып қала береді. Өйткені ондай мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар – бұл мәліметтер қорының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер қоры көптеген объектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер қоры бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше, ең қарапайым мәліметтер қорының құрылымы сол кестенің құрылымымен анықталады. Мәлімет/ қор/ы мен қосымша/ Мәліметтер қоры мен қосымша/дың өзара орналасу/на байланысты келесі мәлімет/ қорларын бөліп көрсетуге болады:
-Локальды мәліметтер қорлары;
-Жойылған мәліметтер қорлары.
Локальды мәліметтер қорларымен операциялар жасау үшін локальды қосымшалар, ал жойылған мәліметтер қорларымен операциялар жасау үшін клиент – серверлік қосымшалар дайындалады. Мәліметтер қорының орналасуы көптеген жағдайда осы қорда бар мәліметтерді өңдейтін қосымшалардың дайындалуына әсер етеді. Осылайша, келесі қосымшалар түрлерін бөліп көрсетуге болады: Локальды мәліметтер қорын пайдаланатын қосымшаларды бір деңгейлі (бір буынды) қосымшалар деп атайды. Себебі, қосымша мен мәліметтер қоры біртұтас файлдық жүйені құрайды; Жойылған мәліметтер қорын пайдаланатын қосымшаларды екі деңгейлі (екі буынды) және көп деңгейлі (көп буынды) қосымшалар деп бөледі. Екі деңгейлі қосымшаларда клиенттік және серверлік бөлшектер бар; Көп деңгейлі (әдетте үш деңгейлі) қосымшалар клиенттік және серверлік бөлшектер мен қоса қосымша бөлшектерге ие. Мысалға үш деңгейлі қосымшаларда клиенттік бөлшек, қосымшалар сервері мен мәліметтер қорының сервері бар. Бір және екі деңгейлі Delphi қосымшалары келесі механизмдерді қолдана отырып локальды және жойылған мәліметтер қорына қол жеткізе алады:
- BDE (Borland Database Engine – Borland фирмасының мәліметтер қорының процессоры) мәліметтер қорымен әрекеттесу үшін AP1 дамыған интерфейсін ұсынады.
-ADO (Active X Date Objects – Active X мәліметтерінің объектілері) OLE DB (Objects Linking and Embedding DateBase – мәліметтер қорының объектілерін байланыстыру мен ендіру) көмегімен ақпаратқа қол жеткізуді жүзеге асырады;
-dbExpress драйверлер жинағы көмегімен мәліметтер қорындағы ақпараттарға тез қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
-Interbase тікелей Interbase мәліметтер қорына қол жеткізуді іске асырады.
Мәліметтер қорындағы ақпараттарға қол жеткізу технологиясының вариантын таңдау өңделген қосымшаны жан – жаққа тарату дайындығының ыңғайлығын ескере отырып, сондай – ақ жады ресурстарының қосымша шығындарын ескере отырып анықталады. Мысалы BDE үшін инсталляция дискдегі сыртқы жадының шамамен 15 Мб – тын және мәліметтер қорында пайдаланатын псевдонимдерді қалпына келтіруін талап етеді. Үш деңгейлі Delphi 7 қосымшаларын DataSnap механизмі көмегімен құрастыруға болады. Мәліметтер қорының үш деңгейлі қосымшаларын құрастыру кезінде пайдаланатын компоненттер DataSnap пен DataAccess беттерінде орналасқан.