
- •1. Ақпараттық жүйелерінің (аж) негіздері.
- •2. Аж топтастырылуының мақсаты.
- •3. Аж өмірлік циклін түсіндіріңіз және мысалдар келтіріңіз
- •7. Sql сұраныс тілі.
- •8. Sql тілінің мәліметтерді модификациялауға арналған командаларын анықтаңыз.
- •15. Asp.Net технологиясының артықшылықтарын және кемшіліктерін анықтаңыз.
- •16. Aspx web парағының құрылымын түсіндіріңіз.
- •17. Sql тілінің командаларын қалай топтастураға болады, түсіндіріңіз
- •24. Vb.Net(c#) негіздері.
- •Vb.Net мәліметтер типі
- •If командасы
- •25. Vb.Net (c#) деректердің түрі, айнымалылар, массивтер.
- •26. Vb.Net(c#) шартты операторлар.
- •If командасы
- •27. Vb.Net(c#) циклдік операторлар.
- •28. Asp.Net ортадағы response және request объектілері
- •30. Объектіге бағытталған концепция: класстар.
- •31. Объектіге бағытталған концепция: мұралану
- •32. Объектіге бағытталған концепция:полиморфизм.
- •33. Объектіге бағытталған концепция:инкапсуляция.
- •34. Asp.Net ортасындағы қолданушының басқару элементтерінің арттықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңыз.
- •40. Asp.Net ортадағы cookie oбъекті.
- •42. Процедура мен функцияның айырмашылықтарын және ұқсастығын анықтаңыз.
- •43. Ado.Net объектілерінің мақсаттары мен міндеттері.
- •44. Asp.Net ортадағы session oбъектісі.
- •45. Клиент жағындағы деректерге қосылу. Мысал келтіріңіз
- •46. Клиент жағындағы деректердi оқу. Мысал келтіріңіз.
- •47. Клиент жағындағы деректердi өзгерту. Мысал келтіріңіз.
- •48. Asp.Net ортасында мқ-мен жұмысын іске асыратын класстар.
- •Xml файлдың мысалы:
- •50. Asp.Net ортасында xml құжаттарын қолдану.
- •Xml сұлбасы.
- •Iis 5.X және iis 6.0 бумаларын түзету параметрлері
- •52. Талаптарды топтастыруының артықшылықтарын және кемшіліктерін анықтаңыз.
- •53. Бизнес объектінің орнын анықтаңыз.
- •55. Asp қосымшаларын конфигурациялаудың ролі, мақсаты мен міндеті.
- •56. Html парағына css технологиясын пайдалану.
- •57. Sql тілінің көмегімен мәліметтерді енгізу және алу.
- •58. Sql тілінің көмегімен мәліметтерді өшіру және жаңалау.
Iis 5.X және iis 6.0 бумаларын түзету параметрлері
IIS қызметі виртуалды каталогтарды құрғаннан кейін оларды түзетуді жеңілдетеді. Виртуалды каталог тізімінде тек тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз және контекстік менюден Properties (қасиеті) командасын таңдаңыз. Экранда бірнеше қосымша беттік ақпаратымен Properties (Қасиет) терезесі ашылады. Келесі бөлімдерде түзетудің кейбір ең маңызды параметрлері сипатталады.
52. Талаптарды топтастыруының артықшылықтарын және кемшіліктерін анықтаңыз.
53. Бизнес объектінің орнын анықтаңыз.
Компонент – бұл әртүрлі қосымшаларда көп рет қолдана беруге болатын объект. Басқа сөзбен айтқанда, компонент – бұл құрылып жатқан қосымшада қолдануға болатын айқын функционалдылығы бар дайын программа.
Бизнес-объектілер - бұл сіздердің қосымшаларыңызға қолданылатын бизнес-логиканы жүзеге асыратын код жасырылған (инкапсулясияланған) компоненттер. Тұтынушы интерфейсімен БАЙЛАНЫСПАҒАН жұмыс жасайтын кодтың құрылуы бизнес-логика немесе бизнес-ереже деп аталады. Сондықтан да бизнес-логиканы жүзеге асыратын компоненттер бизнес-объектілер деп аталады.
Мәліметтер қорымен байланыс орнату үшін құрылған код бизнес-логика болып табылады. Бұл код тұтынушы интерфейсі мен мәліметтер қорын байланыстырады. Шын мәнінде мұндай логика бизнес-объектіге ASP.NET парағынан бөлек орналастыру керек. Ал ASP.NET парағының өзі тек тұтынушы интерфейсі болуы керек, сонымен қатар қосымшаның клиенттік бөлігінің жұмысын орындайды. Әрине, бизнес-логиканы парақтың өзіне орналастыруға болады, алайда егер оны басқа компонентке алсақ, онда ол анық артылықшылықтарды береді. Бірішіден, компонентті сізге неше рет керек болса, сонша рет қолдана беруге болады. Екіншіден, Егер компонентті ASP.NET парақтан бөлек түрлендірсек, онда өнімділігі жоғарылайды. бизнес-логиканы бір рет өзгертсе болды, қосымшаны қолдау оңайырақ бола бастайды. Және бұл өзгеріс барлық қосымшаға әсер ететін болады.
Мысал ретінде төменде келтірілген листингте мәліметтер қорымен кейбір іс-әрекеттерді орындайтын бизнес-объект көрсетілген.
Imports System.Data.OleDb
Public Class DataBC1
Public ConnectionString As String
Private objconn As OleDbConnection
Private objCmd As OleDbCommand
Public Function SelectSQL(ByVal strSelect As String) As OleDbDataReader
Try
objConn = New OleDbConnection(ConnectionString)
objCmd = New OleDbCommand(strSelect, objconn)
objCmd.Connection.Open()
Return objCmd.ExecuteReader
objCmd.Connection.Close()
Catch ex As OleDbException
Return Nothing
End Try
End Function
Public Function ExecuteNonQuery(ByVal strQuery As String) As Boolean
Try
objconn = New OleDbConnection(ConnectionString)
objCmd = New OleDbCommand(strQuery, objconn)
objCmd.Connection.Open()
objCmd.ExecuteNonQuery()
objCmd.Connection.Close()
Return True
Catch ex As OleDbException
Return False
End Try
End Function
End Class
Мұнда 1-қатарда болашақта объктілер аттарын бірден қолдануға болатын System.Data.OleDb аттар кеңістігі импортталады. Олар сол аттар кеңістігіне жатады. Егер бұл қатарды төмен түсірсе, онда 4-қатар төмендегідей үлгіде болады:
Private objConn As System.Data.OleDb.OleDbConnection
Бизнес-объектілер әдеттегі класс болып табылады. Мұнда сонымен қатар бөлек қасиеттер мен әдістер құруға болады. Мысалы, 3-қатар ConnectionString қасиетін құрады, кейін ол мәліметтер қорымен байланыс үшін қолданылады.
SelectSQL қызметі (6-16 қатарлар) жеткілікті стандартты болып табылады. Ол OleDbCommand объектісімен байланысты ашады, сұранысты орындайды және содан кейін (11-қатарда) DataReader кері қайтарады. 12-қатарда байланыс жабылады. Егер бір нәрсе дұрыс болмаса, онда try блогы қате туралы ақпаратты ұстайды, ал кері қарай nothing мәні береді.
ExecuteNonQuery әдісінің жұмысы осыған сәйкес. Айырмашылығы, егер тапсырма сәтті орындалса немесе кері жағдайда false болса ол DataReader емес, true мәнін кері қарай жібереді.
Енді байланысты әр кез ашпай -ақ және сұранысты орындамай-ақ, бұл бизнес-объектіні қанша рет қажет болса, сонша рет қолдануға болады. Ол үшін Талап етілетін SQL-нұсқауды параметр ретінде жіберіп, байланыс қатарын нұсқаса және бизнес-объектінің қажет әдісін шақырса болғаны. Әрине байланыс қатарын және SQL-нұсқауды бизнес-объектіне «тігуге» болады, алайда ол иілгіш болмайды. Яғни әрқашан бірдей ақпараттарды кері жіберіп отыратын болады. Бірақ бұл нақты есепке тәуелді және егер сізге бірнеше бетке керек болса, мысалы қолданушы идентификациясын орындаса, онда бизнес-объектіге қатыссыз барлық талап етілетін ақпараттарды нұсқауға болады.
Төменде келтірілген гистингте бизнес-объектіні ASP.NET бетте қалай қолдануға болатыны көрсетілген.
Dim objDataBase As New DataBC1
objDataBase.ConnectionString = "Provider=Microsoft.Jet.OLEDB.4.0;Data Source=D:\lab\db1.mdb"
Dim objReader As OleDbDataReader
objReader = objDataBase.SelectSQL("Select * from Таблица1, Таблица2 where Таблица2.Name=Таблица1.name")
If Not objReader Is Nothing Then
DataGrid1.DataSource = objReader
DataGrid1.DataBind()
objReader.Close()
End If
Мұнда 1-қатарда мәліметтер қоры объектісін хабарлау, ал 2-қатарда ConnectionString қасиетін беру болып жатыр. 4-қатарда 1-листингте анықталған SelectSQL әдісі орындалып жатыр, ал бұл әдістің орындалу нәтижесі OleDbDataReader-ге орналастырылады. 5-9 қатарларда OleDbDataReader объектісінде қандай да бір нәтижелер бар-жоқтығы тексеріледі. Және егер бар болса, онда бұл ақпараттар DataGrid объектісімен байланыстырылады және экранға шығарылады.
Бұл жағдайда мәліметтер қорымен байланысудың басқа нұсқасы қолданылады. Бұрын өзіміз жасағандай, объекті жұмысы үшін керек нәрселер, ServerExploer көмегімен қолмен берілмейді, программалы түрде құрылады.
54. Web-қызметінің Web-программалауда орнын анықтаңыз.
Web-қызмет көрсетулерді құру мен қолдану
Web-қызмет көрсету – бұл программалық обьект (бизнес-объектке ұқсаса), кез-келген сандағы жүйе үшін мүмкіндіктері Internet арқылы мүмкін (яғни басқа Web-түйінге.
Web-қызмет көрсетулер обьектілермен байланыстың стандартты технологиясын қолданғандықтан жұмыс жасауы мүмкін. Бұл қызмет көрсетулер жұмыс жасауы үшін, арнайы жүйені және қандай да бір патенттік механизмді қолдану тіптен керек емес. Internet арқылы байланысты қолдау үшін – осы ғана керек.
Web-қызмет көрсетулер әртүрлі жүйелер мен қосымшалар HTTP қолдайтындығын қолданады (Internet арқылы байланыстың стандартты хаттамасын қолдайды), сонымен қатар XML қолданады және өзгертеді (Web арқылы мәлімет жеткізудің стандарты). XML -ді Web-қызмет көрсетулер обьектілер арасындағы командаларды жіберу мен мәліметтерді орналастыру үшін қолданылады.
Web-қызмет көрсетулерді құру
Web-қызмет көрсетулер файлдарына ASP.NET жүйесінің соңғы файлдары жатады, файл аттары .asmx кеңейтілуімен аяқаталады. Сондықтан Web-қызмет көрсетуді класс береді, WebService кластан құралған.
Web-қызмет көрсетудің қарапайым мысалы:
Imports System.Web.Services
Public Class Calculator
Inherits System.Web.Services.WebService
<WebMethod(Description="Складывает два числа")> _
Public Function Add(ByVal a As Integer, ByVal b As Integer) As Integer
Return (a + b)
End Function
End Class
1-қатарда System.Web.Services аттар кеңістігі импорталады. Бұл Web-қызмет көрсетудің барлық қажетті кластары мен әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. 2-7 қатарда берілген Web-қызмет көрсету беретін функция сипатталады. Бұл функция Add әдісі басқа әдістермен немесе обьектілермен қолданылуы үшін Public кілттік сөзі арқылы хабарланады. Әйтпесе клиенттер берілген Web-қызмет көрсетуге ену мүмкіндігін ала алмайды. Сонымен қатар, 4 қатарда ASP.NET жүйесіне Add әдісі басқа қосымшаларман қызмет көрсету ретінде жұмыс жасай алатындығын айтатын <WebMethod()> атрибуты бар. Бұл ең маңызды атрибут. Клиенттер осы әдістерге ену мүмкіндігі болуы үшін ол әдістердің анықтамасында болуы керек. Web-әдістер қарапайым кластар әдістеріне ұқсас. Олар сонымен қатар мәліметтер қорымен және мәліметтер көзімен байланысуы мүмкін. Қарапайым кластармен бірдей, бір ғана айырмашылығы: оларға Интернет арқылы ену мүмкіндігі бар. Сонымен, клиенттерге ену мүмкіндігі бар <WebMethod()>. атрибуттан тұратын әдістер Public көмегімен хабарланады.
WSDL атрибуты ASP.NET жүйесіне қызмет көрсетудің XML түріндегі сипаттамасын алуыңыз керектігін хабарлайды. Бұл XML-файлда әдістері, Web қызмет көрсетудің кіріс және шығыс параметрлері сипатталады. Сонымен қатар, Http-Get, http-Post және SOAP хаттамалары қандай жолмен бұл қызмет көрсетуге ену мүмкіндігін алатынын хабарлайды. Бұл жерде SDL (Service Description Language – қызмет көрсетуді сипаттайтын тіл) стандартты формат қолданылады, соның көмегімен осы қызмет көрсетумен клиент осы уақыт мерзімінде не істей алатынын көрсететін ақпарат шығарылады.
Сіздің қызмет көрсетуіңіз әдісінің аты орналасқан қатарға шертсеңіз, (жоғарыда көрсетілген мысалға бұл - Add), HTML-сипаттау деп аталатын парақ ашылады. Мұнда Web-қызмет көрсету әдістерін тестілеуге болады. Мәтіндік өріске кіріс ақпаратты енгізіңіз және Invoke батырмасын шертіңіз. XML форматта жауабы бар жаңа терезе ашылады. Дәл осындай жауапты клиент Add әдісін шақырған кезде алуы керек.
Web-қызмет көрсетулерді анықтау.
Анықтау-бұл процесс, оның көмегімен клиеттік қосымша Web-қызмет көрсетуді табады және ол не істей алатынын анықтайды. Ол туралы ақпарат қызмет көрсету сипаттауында беріледі, бірақ клиенттердің көбісі бұл сипаттауды файл атын білмейді (білмеуі де керек). Сондықтан анықтауды қосу осы сипаттамаларға сілтемені жіберу болып табылады.
Web-қызмет көрсетуді сипаттау .disco файлдар көмегімен қосылады. Мұндай файл берілген қызмет көрсетуге сипаттамалардың сілтемесін сипаттайтын XML-құжатты береді.
.disco файлдарын құру жеткілікті дәрежеде жеңіл. Қызмет көрсетуді анықтау айлдарының мысалы төменде келтірілген:
<?xml version="1.0" ?>
<disco:discovery
xmlns:disco="http://schemas.xmlsoap.org/disco/"
xmlns:scl="http://schemas.xmlsoap.org/disco/scl">
<scl:contractRef ref="http://localhost/lab/calculator.asmx&WSDL" />
</disco:discovery>
Мұнда код өте қарапайым - сіздің қызмет көрсетуіңізге сілтеме ғана бар (5-қатар). Xmlns дескрипторымен көрсетілетін қосымша аттар кеңістігі, scl және disco дескрипторының дұрыс аттары қолданыла алатындығын анықтайтын URL-адрестерді көрсетеді. Басқаша айтқанда, xmlns дескрипторы scl және disco дескрипторларына стандартты анықтамаларға сілтеме береді. Мұндай аттар кеңістігінсіз сіздің қосымшаңыз қосымша дескрипторлармен не істеу керектігін білмейді.
Клиенттерге, Web-қызмет көрсетудің ену мүмкіндігі болу үшін анықтау файлын қолдану міндетті емес. URL-адрес белгілі болса, онда олар қызмет көрсету сипаттауына ауысу мүмкіндігі бар. Анықтау құжаттары белгісіз клиенттерге ортақ қолдануға мүмкін болатын Web-қызмет көрсетулерді табады.
Web-қызмет көрсетуді қолдану.
Web-қызмет көрсетуді сіздің жобаңызда қолдану үшін в вашем проекте, Project -> Add Web Reference шертіңіз. Енді URL өрісінде Web-қызмет көрсетуіне жолды енгізіңіз, немесе іздеуді қолданыңыз. Содан кейін Add Reference батырмасына шертіңіз.
Енді Solution Explorer -да осы Web-қызмет көрсетудің аты пайда болады.
Жоба парағында оны қолдану үшін Calculator типіндегі қарапайым бизнес-обьектідегідей айнымалыны хабарлаған және оның әдістерін қолдану жеткілікті.
Мысал:
Dim objCalc As New localhost.Calculator
Label1.Text = TextBox1.Text + "+" + TextBox2.Text + " будет " + objCalc.Add(CInt(TextBox1.Text), CInt(TextBox2.Text)).ToString