Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
WEB_-_sessia_100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
207.55 Кб
Скачать

40. Asp.Net ортадағы cookie oбъекті.

ASP.NET объектілері.

ASP.NET негізгі объектілеріне төмендегілерді жатқызуға болады: Response, Request, Http Cookie, Page, Session, HttpApplication, Http ServerUtility.

HttpCookie объектісі.

Cookie файлдары қолданушы компьютерінде белгілі бір Web – түйінге қатысу үшін құрылады. Ол жерде сақталған ақпараттар қолданушы аты мен паролі болуы мүмкін. Оны сол қолданушыға түйінге қатысу үшін дайындауға қолданылады.

Cookie файлдарын құру мен пайдаланудың әдістері HttpCookie объектісінде болады. Көбінесе Cookie объектісімен Cookie-дің қасиеттері бар Response және Request объектілері жұмыс жасайды. Олар HttpCookie объектісіне сілтеме жібереді.

Cookie объектісінің құрылуы.

Көптеген Cookie тағайындауға болады, олардың әр қайсысының бір мағынасы бар немесе көптеген «кілт/мәні» бар бір Cookie.

1) Response.Cookie(“My Cookie”).Value=“Single Cookie”

2) Response.Cookie(“U Days Cookie”).(“Username”)=“Chris”

Response.Cookie(“U Days Cookie”).(“Preference”)=“800x600”

Cookie объктісінің қызмет ету уақытын Expires (аяқталады) қасиетімен көмегімен беруге болады.

Response.Cookie(“U Days Cookie”).Expires = Data.Time.From.String (“1/1/2004”)

Response.Cookie(“U Days Cookie”).Expires = Data.Time.Now.AddMouth(1).

Cookie-ді өшіру үшін өткен шақты немесе = 0 орнату керек.

Cookie объектісінің қол жетімділігі.

Cookie ақпараттарына қол жеткізу Request объектісі арқылы орындалады:

For each strVariable in Response.Cookie

Request.Cookie(“U Days Cookie”)(strVariable)

Next

41. Web-программалауда функциялардың орнын анықтаңыз

42. Процедура мен функцияның айырмашылықтарын және ұқсастығын анықтаңыз.

Процедуралар және функциялар. Объектіге бағытталған концепция: класстар, мұралану, полиморфизм және инкапсуляция.

Қосымшаны (үлкен қолданбалы программаны) дайындау кезінде көптеген формалар мен оқиғаны өңдеу процедураларын пайдалануға тура келеді. Оларда кездесетін ішкі процедуралар мен айнымалылар бірдей болуы да мүмкін. Әр программаға қайта-қайта енгізбеу үшін әдетте оларды жеке бумаға (кітапханаға) жинақтап қояды.

Мұндай буманы стандартты модуль не программалық модуль деп атайды (Паскаль модулі сияқты). Ескеретін жайт: информатикадағы каталог және бума ұғымдарының айырмашылығы шамалы. Каталогта түрлі файлдар мен басқа каталогтар да сақталады, әдетте, бумаға тек бір облыстық файлдар енгізіледі.

Visual Basic'тe жан-жақтылық (жалпыға бірдей тағайындалатын, глобальды) модульдік процедураны дайындау үшін арналған Module терезесі бар. Онда Function не Sub типті модульдік процедура құрып, проектінің Module атаулы бөлімінде жеке файл түрінде сақтап қойса болғаны (сақталған файлға .bas типі автоматты түрде қосылып қойылады). Жалпыға бірдей процедура бір оқиғаға байланыссыз болғандықтан, оның жазылу құрылымы және сақтау тәсілі бөлек.

Function типті модульдік функция құру

Модульдік Function типті функция есептеу жүргізіп, мәнін қайтарып беретін процедура. Жазылу синтаксисі:

Function <атау> ([<аргументтер>]) [As]

S

End Function

Мұндағы <атау>- модульдік функция (модуль) атауы; S - процедура (функция) денесі. Квадрат жақшалар ішіндегі аргументтерді (формальдіы параметрлерді) енгізу міндетті емес. Егер олар енгізілсе, үтір арқылы бөлініп жазылуы тиіс.

Функция денесіне енгізілетін соңғы команда функция атауына меншіктеу командасы болуы керек. Программаға енгізілетін модульдік функцияны шақыру командасы бөлек жазылмай, әдеттегідей, меншіктеу командасының оң жағындағы өрнек құрамына енгізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]