Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор тов.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72.38 Кб
Скачать
  1. Логистикадағы тауар қозғалысының өзектілігін анықтайтын факторларды сипаттаңыз

Логистика жүйесіндегі тауар қозғалысында логистикалық қызметтің қажеттілігін айқындайтын 5 негізгі фактор бар:

  1. Экономикалық;

  2. Ұйымдастырушылық – экономикалық;

  3. Ақпараттық;

  4. Техникалық;

  5. Спецификалық (шаруашылық процестерді арнайы реттеу болып табылады)

Тауар қозғалысы үдерісін ұйымдастыруға факторлардың келесі тобы ықпал етеді:

      1. Өндірістік;

  1. Тасымалдау;

  2. Әлеуметтік;

  3. Сауда факторлары.

Өндірістік факторларға өндірісті орналастыру,

өндірістік кәсіпорындарды мамандандыру, жекелеген тауар өндірісінің маусымдылығы жатады. Өндірістік кәсіпорындарды шикізат көзіне жақын орналастыру тұтыну тауарларының біркелкі бөлінуіне кедергі жасайды. Бұл өз кезегінде тауарларды ұзақ қашықтыққа тасымалдау қажеттілігін туғызады және өндірушіден тұтынушыға жеткізу уақытын баяулатады.

Ал күрделі ассортиментті тауарларды шығаруға өндірістік кәсіпорындардың мамандануы тауар қозғалысын ұйымдастыруға маңызды ықпал етеді. Себебі ұсақ дүкендер көптеп сату кәсіпорындары арқылы тауар ассортиментін сұрыптаудан өткізбей тікелей қабылдай алмайды.

Маусымдық сипаттағы тауарлар оларды дайындауға жұмсалатын шикізаттың маусымдылығымен және жекелеген тауарларды сатып алу тұтыну маусымдылығымен байланысты. Соған сәйкес жыл көлемінде тауар қозғалысы үдерісіне қатысушылар тауар қозғалысының технологиялық үдерісін ұйымдастыруға сәйкес түзетулерді енгізіп отыруы тиіс.

Тасымалдау факторларына көлік жолдарының жағдайы

мен тауарларды тасымалдау үшін қолданылатын көлік түрі жатқызылады.

Бүгінгі күні барлық аймақтар дамыған көлік желісімен қамтамасыз етілмеген. Кейбір аймақтарға тауарды жеткізу маусымдық сипатына байланысты және көліктің ұтымсыз түрін қолданумен байланысты қиындықтар туғызады.

Көлік құралдары паркінің құрылымы тауар қозғалысы үдерісін ұтымды ұйымдастыру талаптарына сәйкес келуі тиіс. Көлік құралдарының түрін таңдауда тасымалдау қашықтығы, тауардың түрі мен физикалық-химиялық қасиеттері ескеріледі. Тауар қозғалысының технологиялық тізбегінің барлық буындарында жүкті тиеу-түсіру жұмыстарының механикаландыру құралдары кеңінен қолданылуы тиіс. Бұл еңбек өнімділігін арттырып, сауда мәдениетін жетілдіреді.

Тауар қозғалысы үдерісіне ықпал етеін әлеуметтік

факторларға халықтың орналасуы мен ақшалай табыс деңгейі жатады.

Тығыздығы төмен халық орналасқан аудандарда тауарларды жеткізуді ұйымдастыру күрделірек болып келеді және халықтың ақшалай табысы тауар қозғалысының интенсивтілігіне ықпал етеді.

Тауар қозғалысы үдерісіне төмендегі сауда факторлары әсер етеді:

  • Сауда кәсіпорындарының көлемі, мамандануы және орналасуы;

  • Тауардың қасиеттері мен тауар ассортиментінің күрделілік деңгейі;

  • Жеке сауда желілерінің тауармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру деңгейі.

Тауар қозғалысының жоғары тиімділігін технологиялық тізбекті оңтайландыру және тұрақты түрде жетілдіру қамтамасыз етеді. Бұл әрбір соңғы операция келесі операцияға дайындық болып табылатын технологиялық тізбектің біртұтастығымен жүзеге асады. Әсіресе, тауарды сатуға дайындаумен байланысты операциялар (орау, қажетті ассортиментті жасақтау) маңызды рөл атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]