
- •Тауар қозғалысын ұйымдастыруға ықпал етуші факторларды сипаттаңыз
- •Тауар қозғалысын ұйымдастырудағы өндірістік факторлардың мәнін түсіндіріңіз
- •3. Тауар қозғалысын ұйымдастырудағы әлеуметтік факторлардың мәнін түсіндіріңіз
- •Тасымалдау;
- •Әлеуметтік;
- •Сауда факторлары.
- •Тауар қозғалысын ұйымдастырудағы тасымалдау факторларының мәнін түсіндіріңіз
- •Тасымалдау;
- •Әлеуметтік;
- •Сауда факторлары.
- •Тауар қозғалысын ұйымдастырудағы сауда факторларының мәнін түсіндіріңіз
- •Тасымалдау;
- •Әлеуметтік;
- •Сауда факторлары.
- •Тауар қозғалысын ұйымдастырудың нысандарын сипаттаңыз
- •Тауар қозғалысын ұйымдастырудың транзиттік нысанының мәнін түсіндіріңіз
- •Тауар қозғалысын ұйымдастырудың қоймалық нысанының мәнін түсіндіріңіз
- •Тауар қозғалысының арналары мен олардың түрлеріне сипаттама беріңіз
- •Тауар қозғалысы үрдісіндегі тара және оның ролі қаншалықты екендігін айқындаңыз(36 сұрақ)
- •Тараның жіктемесі мен олардың түрлерінің негізгі сипаттамаларын ашып түсіндіріңіз
- •Тауарды тасымалдауды ұйымдастырудағы көлік түрлерін сипаттаңыз
- •Автомобиль транспорты
- •Тік, көлденең және көп арналы маркетингтік жүйелердің мәнін түсіндіріңіз
- •Логистикадағы тауар қозғалысының өзектілігін анықтайтын факторларды сипаттаңыз
- •Тасымалдау;
- •Әлеуметтік;
- •Сауда факторлары.
- •Тауар қозғалысы логистикасының элементтерін талдаңыз
- •Қойма объектілерінің мақсаты бойынша топтастырылуын түсіндіріңіз
- •Тауар қозғалысы жүйесінің құрылымын анықтаңыз
- •Тауар қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың ұстанымдарын түсіндіріңіз
- •Тасымалдау;
- •Әлеуметтік;
- •Сауда факторлары.
- •Сауда делдалдарының түрлеріне тоқталыңыз
- •Тауар қозғалысындағы көтерме сауданың мәні мен орнын анықтаңыз
- •Тауар қозғалысындағы көліктің ролін анықтаңыз
- •Автомобиль транспорты
- •Контейерлік тасымалдаудың артықшылықтарын сипаттаңыз
- •Қойма ғимараттары және олардың түрлерін сипаттаңыз
- •Қойма қызметінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін сипаттаңыз
- •Қоймадағы технологиялық үрдістерді кешенді механикаландырудың мәні мен қажеттілігін түсіндіріңіз
- •Шетелдерде қойма шаруашылығын ұйымдастыру тәжірибесін баяндаңыз
- •Тауар қозғалысында орау мен тараның қажеттілігін негіздеңіз
- •Тауар қозғалысындағы шығындарды оңтайландырудың мәнін түсіндіріңіз
- •Қорлардың көлемінің үнемділік пен тұрақтылыққа ықпалы
- •Тауар қозғалысынағы шығындарды оңтайландыру жолдарын ұсыныңыз
- •Қорлардың көлемінің үнемділік пен тұрақтылыққа ықпалы
- •Жеке сауда желілеріндегі мамандандырудың мәнін ашыңыз
- •Тауар қозғалысындағы сауданы мемлекеттік бақылаудың мазмұны неде екендігін түсіндіріңіз
Тауар қозғалысы үрдісіндегі тара және оның ролі қаншалықты екендігін айқындаңыз(36 сұрақ)
Тауардың оралуы өндірушінің немесе сатушының визит карточкасы ретінде біршама қызмет атқарады десек те болады.
Тауардың оралуы-оны салатын ыдысқа, я болмаса қорабқа, немесе орайтын затқа байланысты. Тауардың ішкі және сыртқы оралуы болады.
Ішкі оралу дегеніміз тауардың салынған тікелей ыдысы, мысалы әтірдің шишасы.
Сыртқы оралу-тауарды қорғау үшін орайтын және тауарды тікелей қолдануға дайындау кезінде алынып тасталатын материал.
Тауардың оралуына қойылатын талаптар:
тауар орамы өнімнің белгіленуін, қолдану аясын, функциясын және сақтау мерзімін көрсету қажет
тауар орамы оны сақтауға, тасымалдауға және тұтынуға қолайлы етіліп жасалуы тиіс
қазіргі заман талаптарына сәйкес тартымды, сыртқы түрі өнім мазмұнына сәйкес келуі керек
тауар орамы тұтынушылық әдеттері мен талаптарына сай болу керек
Дамыған елдерде орау жұмысына жыл сайын ұлттық табыстың 3%-тен жоғары үлесі жұмсалады. Бизнесмендер “Тауарыңды немен орайтыныңды көрсетсең, өзіңмен әріптес боларымды айтамын”, немесе орау шығыны тауардың өз құнынан да ұтымды” дегенді айтады. Қазіргі кезде сәнді етіп ораудың өзі бәсекеге аса маңызды рөл атқарады.
Тараның жіктемесі мен олардың түрлерінің негізгі сипаттамаларын ашып түсіндіріңіз
Тауарды тасымалдауды ұйымдастырудағы көлік түрлерін сипаттаңыз
Тауарларды тасымалдау теміржол, автомобиль, су, әуе көлігі арқылы жүзеге асырылады. Жүк айналымындағы ең көп үлесті теміржол көлігі алады.
Теміржол көлігі – ұзақ арақашықтыққа жүк тасымалдауда қолданылады. Сол себепті теміржолмен тасымалдаудың орташа өзіндік құны автомобиль көлігіне қарағанда төмен болып келеді. Теміржол көлігі арқылы жүк тасымалдау үшін жабық вагондар, платформалар, жартылай вагондар, цистерналар және арнайы тоңазытқыш көлігі қолданылады.
Жабық вагондарда оралған, бірақ арнайы ылғалдық температуралық режимді қажет етпейтін тауарлар тасымалданады. Контейнерлерге салынған тауарлар платформалар мен жартылай вагондарда тасымалданады.
Автомобиль көлігі қысқа арақашықтыққа жүктерді тасымалдауда қолданылады. Автомобиль арқылы жүк тасымалдауда жылжымалы құрамға прицеп жалғанады.
Жүк айналымындағы ең аз үлесті әуе көлігі алады. Жедел жеткізілуі тиіс және жеткізілуі күрделілік тудыратын аймақтарға жүк тасымалдауда қолданылады.
Әртүрлі транспорттардың артықшылықтары мен кемшіліктері төмендегідей:
Автомобиль транспорты
Артықшылығы: жоғары маневрлеу. Мұндай көлік түрін пайдалану тасымалдаудың жиілігін қамтамасыз етеді және жүкті шағын партиялармен жеткізуге мүмкіндік береді.
Кемшіліктері: бұл көлік түрімен тасымалдау жоғары шығынды тасымалдауға жатқызылады, өйткені көліктің максималды жүк көтерімділігіне қарай өзіндік құны есептеледі және де бұл транспорт түрі жедел түсіріп алуды қажет етеді және жүкті, транспорт құралының ұрлану мүмкіндігі жоғары.
Экологиялық фактор – бұл транспорт түрін қолдануға кей жағдайда шектеу қояды.
Теміржол транспорты. Бұл транспорт түрі жүкті
тасымалдаудың ұзақ қашықтықтарға ауа райының кез келген жағдайларында тасымалдауға мүмкіндік береді.
Артықшылығы: тасымалдаудың тұрақтылығы, тиеп-түсіру жұмыстарын ұйымдастырудың жоғары тиімділігін ұйымдастыру және де мұндай тасымалдаудың өзіндік құны жоғары болмайды.
Кемшіліктері: бұл тасымалдау түрін шектеулі транспорт компаниялары көрсете алады, тұтынушы пунктына дейін жүкті тасымалдау мүмкіндігінің төмен болуы, яғни қосымша транспорт түрлерін қолдануды қажет етеді.
Су көлігі (теңіз көлігі)- бұл транспорт түрін пайдалану
халықаралық жүк қозғалысында маңызды рөл атқарады.
Артықшылығы: тарифтердің төмен болуы және бұл транспорттың ірі көлемдегі жүк тасымалдауының қабілеттілігі.
Кемшіліктері:тасымалдаудың төмен жылдамдығы, орамдарға жоғары талаптар қойылуы, жиілігінің төмендігі және де ауа райына тәуелді болуы, порттар мен жеткізу пункттерінің ара қашықтығының ұзақ болуы.
Әуе көлігі.
Артықшылығы: жүкті тасымалдаудың жоғары жылдамдығы, және сақталуының жоғары деңгейі.
Кемшіліктері: тарифтерінің жоғары болуы, ауа райы жағдайларына байланысты графиктерінің орындалмауы, әуежай мен жеткізу пункты аралығындағы қашықтық.
Құбыр көлігі
Артықшылығы: өзіндік құнының төмен болуы, тасымалдаудың жоғары жылдамдығы, сақталуының жоғары деңгейі.
Кемшіліктері: жүктер номенклатурасы бойынша тек сұйық заттар, газдар тасымалдаумен шектеледі.