Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор тов.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72.38 Кб
Скачать
  1. Тауар қозғалысын ұйымдастырудың транзиттік нысанының мәнін түсіндіріңіз

Тауар қозғалысын ұйымдастыру тәжірбиесінде оның 2 нысаны қолданылады:

1. Транзиттік – бұл нысанда тауарларды жеке сауда желілеріне өндірістік кәсіпорындардан жеткізу тікелей жүзеге асырылады. Бұл нысан сұрыптауды қажет етпейтін қарапайым ассортиментті тауарларға қолданылады. Көптеген азық – түлік тауарлары (нан, шұжық, ет және балық жартылай фабрикаттары, сүт өнімдері, сусындар) сауда желілеріне транзитпен жеткізіледі. Сонымен қатар, тігін және тоқыма өнімдері, мата, аяқ – киім, теледидар, тоңазытқыш, жиһаз сияқты өнімдер де өнеркәсіптік кәсіпорындардан ірі сауда орындарына транзиттік тәртіппен жеткізіледі. Көптеген тауарларды жеткізуде тауар қозғалысының қоймалық нысаны ұтымды болып келеді. Әсіресе, күрделі ассортиментті тауарлар тауар қозғалысының қоймалық нысанын қажет етеді.

  1. Тауар қозғалысын ұйымдастырудың қоймалық нысанының мәнін түсіндіріңіз

Тауар қозғалысының қоймалық нысаны бір, екі және көп буынды болып келеді. Тауар қозғалысының буынына қабылдау, сақтау, сұрыптау, жинақтау және тауарды босату мен тиеуді ұйымдастыратын көптеп және жеке сату ұйымдарының қоймалары жатады.

Бір буынды тауар қозғалысы ірі қалалар үшін қолданылады, ал екі буынды тауар қозғалысы кішігірім қалалар мен ауылдық аймақтарда қолданылады.

Тауар қозғалысының нысаны мен буынын ескере отырып өткізу арналары таңдалады. Яғни тауардың өндірушіден тұтынушыға қандай ұйымдар мен тұлғалар арқылы жеткізілетіні анықталады. Тауар қозғалысының арналары тұтынушылардың сипаттамалары мен қажеттіліктері туралы, жаңа тауарлар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, әлеуетті сатып алушылармен байланыс орнатады, баға құру бойынша шешімге ықпал етеді.

Тауар қозғалысының тікелей арналары тұтынушылармен тығыз қарым – қатынас орнатып, тауар қозғалысы үдерісін толығымен бақылауға алады, ал жанама арналар тәуелсіз делдалдардың қызметін пайдаланады.

Тауар қозғалысының арналары ұзындығы және кеңдігі бойынша сипатталады.

Тауар қозғалысы арнасының ұзындығы – тауарды жылжытуды жүзеге асыратын тәуелсіз делдалдардың санымен анықталады:

  • Бір деңгейлі арнада бір делдал – жеке сату буыны болып

табылады.

  • Екі деңгейлі арнада – екі делдал – көптеп және жеке сату

буыны болып табылады.

  • Үш деңгейлі арнада ірі кқптеп сатушы, ұсақ кқптеп

сатушы және жеке сату буыны болады.

Тауар қозғалысы арнасының кеңдігі әр деңгейдегі тәуелсіз сатушылардың санымен анықталады. Өндіруші делдалдардың санын белгілеу туралы сұрақты шешкенде 3 тәсілді ұстанады:

  1. Интенсивті бөлу – өз тауарларының қорын

кәсіпорындардың неғұрлым көп санында болуын қамтамасыз етеді.

  1. Ерекше құқық негізінде бөлу (Эксклюзивті) – арнаның

әр деңгейінде делдалдардың санын шектеп, фирманың тауарларын сатуға ерекше құқық беріледі.

  1. Селективті бөлу және тұтыну – жоғарыда айтылған 2

тәсілдің ортасы деуге болады. Өндіруші көптеп және жеке сату делдалдарының орташа санын өзі анықтайды.

Арнаны таңдау тауардың сипаттарына, өндіріс масштабына, өткізу каналдарының сипаттарына байланысты болады. Тауардың сипаттамасын оның қандай нарықта сатылатындығы, тұтынушыларының мінез-құлқы, оны сатуда қандай қызметтер көрсету қажет екендігі анықталады. Ал өткізу каналдарының сипатын сауда шығындарының көлемі, сауда желісін жаулап алу деңгейі, өткізудің болжамды көлемі және сауда делдалының техникалық деңгейі мен қаржылық жағдайы анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]