Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор тов.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72.38 Кб
Скачать

3. Тауар қозғалысын ұйымдастырудағы әлеуметтік факторлардың мәнін түсіндіріңіз

Тауар қозғалысы үдерісін ұйымдастыруға факторлардың келесі тобы ықпал етеді:

  1. Өндірістік;

  2. Тасымалдау;

  3. Әлеуметтік;

  4. Сауда факторлары.

Тауар қозғалысы үдерісіне ықпал етеін әлеуметтік факторларға халықтың орналасуы мен ақшалай табыс деңгейі жатады.

Тығыздығы төмен халық орналасқан аудандарда тауарларды жеткізуді ұйымдастыру күрделірек болып келеді және халықтың ақшалай табысы тауар қозғалысының интенсивтілігіне ықпал етеді.

  1. Тауар қозғалысын ұйымдастырудағы тасымалдау факторларының мәнін түсіндіріңіз

Тауар қозғалысы үдерісін ұйымдастыруға факторлардың келесі тобы ықпал етеді:

      1. Өндірістік;

    1. Тасымалдау;

    2. Әлеуметтік;

    3. Сауда факторлары.

Тасымалдау факторларына көлік жолдарының жағдайы

мен тауарларды тасымалдау үшін қолданылатын көлік түрі жатқызылады.

Бүгінгі күні барлық аймақтар дамыған көлік желісімен қамтамасыз етілмеген. Кейбір аймақтарға тауарды жеткізу маусымдық сипатына байланысты және көліктің ұтымсыз түрін қолданумен байланысты қиындықтар туғызады.

Көлік құралдары паркінің құрылымы тауар қозғалысы үдерісін ұтымды ұйымдастыру талаптарына сәйкес келуі тиіс. Көлік құралдарының түрін таңдауда тасымалдау қашықтығы, тауардың түрі мен физикалық-химиялық қасиеттері ескеріледі. Тауар қозғалысының технологиялық тізбегінің барлық буындарында жүкті тиеу-түсіру жұмыстарының механикаландыру құралдары кеңінен қолданылуы тиіс. Бұл еңбек өнімділігін арттырып, сауда мәдениетін жетілдіреді.

  1. Тауар қозғалысын ұйымдастырудағы сауда факторларының мәнін түсіндіріңіз

Тауар қозғалысы үдерісін ұйымдастыруға факторлардың келесі тобы ықпал етеді:

      1. Өндірістік;

      2. Тасымалдау;

      3. Әлеуметтік;

      4. Сауда факторлары.

Тауар қозғалысы үдерісіне төмендегі сауда факторлары әсер етеді:

  • Сауда кәсіпорындарының көлемі, мамандануы және орналасуы;

  • Тауардың қасиеттері мен тауар ассортиментінің күрделілік деңгейі;

  • Жеке сауда желілерінің тауармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру деңгейі.

Тауар қозғалысының жоғары тиімділігін технологиялық тізбекті оңтайландыру және тұрақты түрде жетілдіру қамтамасыз етеді. Бұл әрбір соңғы операция келесі операцияға дайындық болып табылатын технологиялық тізбектің біртұтастығымен жүзеге асады. Әсіресе, тауарды сатуға дайындаумен байланысты операциялар (орау, қажетті ассортиментті жасақтау) маңызды рөл атқарады.

  1. Тауар қозғалысын ұйымдастырудың нысандарын сипаттаңыз

Тауар қозғалысын ұйымдастыру тәжірбиесінде оның 2 нысаны қолданылады:

1. Транзиттік – бұл нысанда тауарларды жеке сауда желілеріне өндірістік кәсіпорындардан жеткізу тікелей жүзеге асырылады. Бұл нысан сұрыптауды қажет етпейтін қарапайым ассортиментті тауарларға қолданылады. Көптеген азық – түлік тауарлары (нан, шұжық, ет және балық жартылай фабрикаттары, сүт өнімдері, сусындар) сауда желілеріне транзитпен жеткізіледі. Сонымен қатар, тігін және тоқыма өнімдері, мата, аяқ – киім, теледидар, тоңазытқыш, жиһаз сияқты өнімдер де өнеркәсіптік кәсіпорындардан ірі сауда орындарына транзиттік тәртіппен жеткізіледі. Көптеген тауарларды жеткізуде тауар қозғалысының қоймалық нысаны ұтымды болып келеді. Әсіресе, күрделі ассортиментті тауарлар тауар қозғалысының қоймалық нысанын қажет етеді.

2.Тауар қозғалысының қоймалық нысаны бір, екі және көп буынды болып келеді. Тауар қозғалысының буынына қабылдау, сақтау, сұрыптау, жинақтау және тауарды босату мен тиеуді ұйымдастыратын көптеп және жеке сату ұйымдарының қоймалары жатады.

Бір буынды тауар қозғалысы ірі қалалар үшін қолданылады, ал екі буынды тауар қозғалысы кішігірім қалалар мен ауылдық аймақтарда қолданылады.

Тауар қозғалысының нысаны мен буынын ескере отырып өткізу арналары таңдалады. Яғни тауардың өндірушіден тұтынушыға қандай ұйымдар мен тұлғалар арқылы жеткізілетіні анықталады. Тауар қозғалысының арналары тұтынушылардың сипаттамалары мен қажеттіліктері туралы, жаңа тауарлар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, әлеуетті сатып алушылармен байланыс орнатады, баға құру бойынша шешімге ықпал етеді.

Тауар қозғалысының тікелей арналары тұтынушылармен тығыз қарым – қатынас орнатып, тауар қозғалысы үдерісін толығымен бақылауға алады, ал жанама арналар тәуелсіз делдалдардың қызметін пайдаланады.

Тауар қозғалысының арналары ұзындығы және кеңдігі бойынша сипатталады.

Тауар қозғалысы арнасының ұзындығы – тауарды жылжытуды жүзеге асыратын тәуелсіз делдалдардың санымен анықталады:

  • Бір деңгейлі арнада бір делдал – жеке сату буыны болып

табылады.

  • Екі деңгейлі арнада – екі делдал – көптеп және жеке сату

буыны болып табылады.

  • Үш деңгейлі арнада ірі кқптеп сатушы, ұсақ кқптеп

сатушы және жеке сату буыны болады.

Тауар қозғалысы арнасының кеңдігі әр деңгейдегі тәуелсіз сатушылардың санымен анықталады. Өндіруші делдалдардың санын белгілеу туралы сұрақты шешкенде 3 тәсілді ұстанады:

  1. Интенсивті бөлу – өз тауарларының қорын

кәсіпорындардың неғұрлым көп санында болуын қамтамасыз етеді.

  1. Ерекше құқық негізінде бөлу (Эксклюзивті) – арнаның

әр деңгейінде делдалдардың санын шектеп, фирманың тауарларын сатуға ерекше құқық беріледі.

  1. Селективті бөлу және тұтыну – жоғарыда айтылған 2

тәсілдің ортасы деуге болады. Өндіруші көптеп және жеке сату делдалдарының орташа санын өзі анықтайды.

Арнаны таңдау тауардың сипаттарына, өндіріс масштабына, өткізу каналдарының сипаттарына байланысты болады. Тауардың сипаттамасын оның қандай нарықта сатылатындығы, тұтынушыларының мінез-құлқы, оны сатуда қандай қызметтер көрсету қажет екендігі анықталады. Ал өткізу каналдарының сипатын сауда шығындарының көлемі, сауда желісін жаулап алу деңгейі, өткізудің болжамды көлемі және сауда делдалының техникалық деңгейі мен қаржылық жағдайы анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]