Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор тов.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72.38 Кб
Скачать
  1. Қойма қызметінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін сипаттаңыз

  1. Қоймадағы технологиялық үрдістерді кешенді механикаландырудың мәні мен қажеттілігін түсіндіріңіз

Негізінен материалдық ағымдар құрайтын қоймалардағы технологиялық үрдіс жылдамдық бойынша оңтайлы параметрлерге жауап беруі тиіс, тауардың сақталуын және шығындардың үнемділігін қамтамасыз етуі тиіс.

Үрдіс жылдамдығы бір мерзім ішінде қоймадағы қор қанша рет сатылып, толықтырылатынын көрсететді. Тауарлардың нормативті айналымдылығы қойма мақсаттарына және орындалатын функцияларына, жүктерді жеткізу шарттарына және басқа да бірқатар объективті факторларға байланысты. Айналымдылықтың тездетілуі қойма жұмысшыларының өнімділігінің деңгейімен қамтамасыз етіледі.

Тауарлардың тұтынушылық қасиеттерінің сақталуы тауар жоғалтуларының, нақты шығын үнемділігінің салыстырмалы көрсеткіштерінде көрінеді және технологиялық үрдіске, қойманың материалдық – техникалық базасына, жұмысшылардың еңбек сапасына тәуелді болады. Сонымен тауар сапасының сақталуына өндірістік орау мен бастапқы сапа әсер етеді.

Қойма деңгейіндегі технологиялық үрдіс үнемділігі жүк бірліктерін өңдеудің шығын сыйымдылығының көрсеткіштерінде көрінеді. Бірақ бұл көрсеткішті тек бүкіл тауар қозғалысының жүйесін оңтайландыру шеңберінде ғана оңтайландыруға болады, себебі логистика тұрғысынан, логистикалық тізбектің кез келген звеносындағы технологиялық үрдіс тиімділігі материалдық ағымның бүкіл тізбек бойымен қозғалуына кеткен жалпы шығындар деңгейімен анықталады.

Аталған талаптардың орындалу шарты қоймадағы материалдық ағымдарды ұйымдастырудың келесі принциптерін сақтау болып табылады: пропорционалдық, параллельдік, үзіліссіздік, ырғақтық, дәлдік, ағымдылық.

Технологиялық үрдістің пропорционалдығы дегеніміз, бұл оның өзара байланысты барлық бөліктері пропорционалды болуы тиіс екендігін, яғни олар бір – бірімен өнімділігі, өткізу қабілеттілігі немесе жылдамдығы бойынша сәйкес келуі тиіс екендігін білдіреді. Осы принциптің бұзылуы тар орындардың, тоқтап қалулардың және жұмыстағы бұзылулардың пайда болуына жағдай жасайды.

Параллельдік – жеке операциялардың үрдістің барлық сатыларында бір уақытта жасалуы. Қойма жұмысшыларының еңбегін бөлу және біріктіру, құралдың орнатылуы технологиялық үрдістің негізгі сатыларымен сәйкес жүргізіледі. Жұмыстардың параллельді жасалуы жұмыс циклының қысқаруына, жұмысшыларды жұмыспен қамту деңгейінің өсуіне және олардың еңбегінің тиімділігіне, қозғалыстың белгілі бір автоматты қозғалыс дәрежесіне жетуіне әрекет етеді.

Ырғақтық – бүкіл циклдың және жеке операциялардың бір уақыт мезетінде қайталануы. Бұл кезде ағымдар бірыңғай және өспелі болуы мүмкін. Ырғақтық, жұмыс күнінде жұмсалатын энергия, уақыт, еңбек шығындарының тұрақтылық алғышарты болады.

Үзіліссіздік – технологиялық үрдістегі әр текті үзілістердің жойылуы немесе қысқаруы. Технологиялық үрдістің үзіліссіздігі ұйымдастырушылық шаралармен қамтамасыз етіледі: жөнелту жұмыстарының, есептеу бөлімшелерінің, басқарудың алмасуымен.

Ағымдылық қазіргі микрологистикалық жүйелердің ұйымдастырылуының алдыңғы принципін білдіреді, оған сәйкес логистикалық циклдың барлық операциялары өзара байланысты және ортақ есептеу ырғағына тәуелді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]