Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.93 Кб
Скачать

19. Қабілет, дарындылық, талант түсініктерін анықтаңыз

Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда кӛрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе-күнгі тәжірибеде жиі кездеседі. Мәселен, оқуға бар ықыласымен берілетін оқушыларды біз «мынау оқушы қабілетті оқушы екен» дейміз, не болмаса оның кейбір пәндерді жақсы үлгеруіне байланысты бір оқушының математикаға, екіншісінің әдебиетке, үшіншісінің географияға қабілеті бар екен дейміз. болып табылады. Қабілет жалпы, арнаулы болып бӛлінеді. Жалпы қабілет бұл адамның ақыл-ой қабілеті.Арнаулы қабілет - іс-әрекеттің, мәселен, әдебиет, сурет ӛнері, музыка, сахна ӛнері т.б. арнаулы салаларда, жоғары нәтижеге жетуге жәрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі. Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа практикалық іс-әрекетке қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бұған конструктивті- техникалық, ұйымдастырғыштық, педагогтық қабілеттер кіреді. Психологияда қабілеттердің үш концепциясы бар. Олардың бірі – қабілет тұқым қуалау арқылы дамып отырады деген концепцияАдамның кейбір ӛзгешеліктері ана құрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Жүйке жүйесінің, кейбір анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді. Дарындылық-бұл белгілі іс-әрекет саласындағы табысты қамтамасыз етуші қабілеттер тобы (комплекс). Дарындылықтың аса жоғары деңгейі «талант» және «данышпандық» ұғымдарымен айқындалған.Талант-нақты іс-әрекетке болған жоғары қабілеттілік.Данышпандық–бір дәуірлік мәні бар жетістіктерге арқау болған қабілеттердің ең жоғары деңгейі

20. Эмоция және жоғары сезімдерге сипаттама беріңіз

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адамның қажеттілігіне сәйкес келу-келмеуі нәтижесінде пайда болатын психикалық процестердің түрін эмоция мен сезім деп атаймыз. Эмоцияның зерттелу тарихы У.Джемстің 1884 жылы жарияланған «Эмоция деген не?» атты мақаласынан басталды.В.К.Вильнюс эмоцияларды жеке процестер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің кӛрінуі ретінде қарастырады. Эмоциялардың теориялық мәселеріне Л.С. Выготский кӛп кӛңіл бӛлген. Ол эмоциялармен субъектінің сезімдік заттың іс-әрекетімен байланысының ішкі психологиялық механизмі ретінде қарастырады. Олар организмді белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен ӛзара қатынасын оятады және реттейді деді. Эмоция күрделі және қарапайым болып бӛлінеді Енді қарапайымэмоцияларға тоқталсақ. Олар: ашулану, қуану, ренжу, тобалау, қорқу жек кӛрут.б. Күрделі эмоциялар. Аффект, стресс, фрустрация, құмарлық, кӛніл күй жатады. Аффект латынша аффектус, қазақша аффект дегеніміз қысқа уақытқа созылзса да бұлқ етіп қатты кӛрінетін эмоцияның түрі. болады Стресс ұғымын канада ғалымы Гансон Селье (1936) ӛмірге енгізген. Психологияда стресс мәселесін зерттеп түсінік берген ғалым Р. Лазарус болдыГ.Селье стресс жағдайының дамуын 3 кезеңге бӛлген:1) Организмнің мазасыздануы.2) Организмнің күшті тітіркендіргіштерімен айқаса күш салу. 3) Адам сыртан келетін нәрсеге тӛтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қаладыСезімдер: адамгершілік (моральдық), эстетикалық,интеллектуалдық(танымдық) болып бӛлінеді.Адамгершілік сезімдерге: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш,жауапкершлік, ұят т.б. жатады. Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуИнтеллектуалдық сезімдер адамның тану процесімен, адамдардың ақыл-ой әрекетімен тығыз байланысты

21. Түйсіктің әр түрлеріне салыстырмалы мысал келтіру

Түйсік деп – қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың

жеке қасиеттерінің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуін

айтамыз. Ми қыртысындағы ӛткізгіш нервтер мен учаскелерді И.П.Павлов талдағыш(анализатор) атады. Түйсік тууы үшін талдағыштың барлық бӛлшектерінің сақталуы қажет. Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты: кӛру түйсігі, есту түйсігі, дәм түйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестезиялық, статикалық, вибрациялық жәнеорганикалық түйсіктер болып бірнеше түрге бӛлінеді. Рецепторлардың организмде орналасуына қарай түйсіктерді үлкен үш топқа бӛлуге болады: дененің беткі қабатында орналасуына қарай

экстерорецептор (керу, есту, тактильдік т.б.) бұлшық ет, сіңірде орналасқан түйсіктер проприорецептор (кинестезиялық, статикалық, вибрациялық т.б.)және ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін яғни, аштықты, шӛлдегенді, ыссы- суықты түйсіну интерорецепторлар (органикалық түйсіктер) болып бӛлінеді. Түйсіктің негізгі заңдылықтарына: сезгіштік табалдырықтары,адаптация, ӛзараәсер(сенсибилизация), қарама-қарсылық (контраст) және синестезия, бір ізді бейнелер. .Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіркендіргіштерге

біртіндеп бейімделуін адаптация (бейімделу) деп атайды. сенсибилизация - сезгіштіктің тек артуын ғана кӛрсететін құбылысКонтраст дегеніміз-- ілгері немесе қосарланған тітіркендіргіш әсеріне қарай түйсіктердің қарқыны,және сапасының ӛзгеруі. Синестезия дегеніміз - пайда болған бір түйсіктің басқатүйсікті қоздыруы.