Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.93 Кб
Скачать

17. Ойлаудың әр-түрлеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз

Психология ғылымында ойлау түрлерін ажыратуға байланысты алғашқы қабылданған генетикалық топтастыру әдісі. Бұл бойынша ойлау әрекеті дамуының үш деңгейі еленген:

- тәжірибе – әрекетті ойлау – нақты заттармен тікелей байланыса,ой қызметін орындау түрі;

- көрнекі-бейнелі ойлау – елестер мен психика өрнектерін арқау еткен ойлау түрі;

- сөздік – логикалы немесе сөздік – рәмізді ойлау – абстракт түсініктерді пайдалану және жалпыланған заңдылықтарды ашумен байланысты ойлау түрі.

Қолданылатын құрал-жабдықтарына тәуелді ойлау үдерісі келесі

түрлерге бөлінеді:

Вербалды (сөздік) және визуалды (көру), нақты және дерексіз (абстракт) ойлау.

Бағыт-бағдарына орай ойлау үдерісінің келесі түрлері белгілі:

теориялық және тәжірибелік. Болмыс құбылыстарын түсіндіре баяндау бағытынан теориялық ой туындайды да болмысқа өзгеріс ендіру, қайта жасау бағытында тәжірибелік (практикалық) ой пайда ету қажеттігі алға тартылады.

Ойды тереңдей жалпылаудан эмпирикалық және теориялық ойлар

бөліне көрінеді.

Эмпирикалық (тәжірибелік) ойлау күнделікті қызмет, тіршілік әрекеттері негізінде алғашқы қорыту, жалпылау мүмкіндігін береді. Мұндай қорытулар абстракциялаудың ең төменгі деңгейінде орындалады.

Теориялық ойлау жалпыланған қатынастарды ашады, таным нысанын өзіне тән қажетті байланыстар жүйесінде зерттейді, нәтижеде – адамның жасампаздық іс-әрекеттерін қамсыздандырушы әрқилы құбылыстардың даму заңдылықтары нақты айқындалады.

Логикалық (қисынды) ойлау – логикалық амалдар (салыстыру, жүелеу, қорыту және т.б.) жәрдемімен орындалатын ойлау түрі.

Синкретикалық (біріктіру) ойлауда құбылыстар мәнді қатынастарынан емес, сырттай ұқсастық белгілері бойынша өзара байланыстырылады.

Шешілетін мәселе және орындалатын іс-әрекеттердің стандартты не стандартты болмауынан келесідей ойлау түрлері ажыралады: алгоритмдік, дискурсив, эвристикалық және шығармашыл ойлау.Алгоритмдік ойлау – типтік мәселелерді шешуге қажет алдын ала

белгіленген ережелерге, әрекеттердің қалыпты бірізділігіне орайласқан

ойлау түрі.

Дискурсив ойлау - өзара байланысты ұғымдар жүйесіне негізделген ой әрекеті түрі.

Шығармашыл ойлау – соны жаңалықтар ашуға, түбегейлі жаңа нәтижелерге қол жеткізетін ой қызметі.

Эвристикалық ойлау – қалыптан тыс мәселе, міндеттердің шешімін табуға бағытталған өнімді ойлау үдерісі.

Танымдық үдерістер өздерінің өту сипаттары бойынша шұғыл сезімдік (интуитивтік) және аналитикалық (талдауға негізделген) болып бөлінеді.

Шұғыл сезімдік (интуитивті) ойлау сипаты: өтуі шапшаң, толық түсінікке келмеген, кезеңдері анық емес.

Ойлаудың арнайы бір түрі – аутистикалық ойлау – психикалық сырқаттармен байланыста көрінеді (мысалы, ақылдан адасу, ес ауу жағдайында). Өмірде мұндай сырқатты ойдың өтпелі формалары көптеп кездеседі: нақты тәжірибеден шамалап ажырасудан бастап, негізсіз,

шындыққа тіпті жанаспайтын қиялилыққа дейін.

18.Ойлау формалары мен операцияларын ашып көрсетіңіз

Ойлау ой операцияларымен қоса, ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз–заттар мен құбдылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың  жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. Ұғымдар жеке және жалпы болып бөлінеді. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының  арта түсуі ғылым негіздерін меңгеруге қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан ұғымдарды меңгеруге адамның білім ортасындағы түрлі ғылымдар негіздерін игеру әсер етеді. Соның барысында адамның қоршаған дүние заттарының ұғымдары жөнінде білімдері қалыптасады.

Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір бұл бір зат туралы мақұлдау не оны жоққа шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Мысалы: “Астана–Қазақстанның астанасы” шындыққа сай пікір.

Саналау мен түсіну ойлаудың негізгі белгісі болып  табылады.

Адамның ойлау әрекетінде шындықтағы заттар мен құбылыстардын негізгі қасиеттерін, ерекше белгілерін, мәнін түсіне білудің маңызы зор. Біз айналамыздағы заттардың себеп–салдарлы байланыстарын, бір–біріне тәуелділігінің шығу тегі мен даму жолын түсіну арқылы ғана ажыратамыз. Түсіну шындықтағы заттар мен құбылыстармен танысудан, көріп– білуден басталады. Өйткені қандай да бір нәрсені ұғыну үшін оны эмпирикалық жолмен зерттеу қажет.

Түсіну сөз арқылы берілетіндіктен түрліше формаларда тұжырымдалады. Түсіну қысқаша, жалпы, кең, детальды және т.б. болып келуі мүмкін.

Түсінудің екі түрі бар. Біріншісі–тікелей түсіну. Тікелей түсіну– жанама түрдегі ой операцияларын керек етпейтін, қабылдауға ұқсас процесс. Ал екінші түрі–жанама түсіну. Жанама түсіну–түрлі фазалардан тұратын, ой операцияларын қажет ететін, көмескі нәрсені айқын етіп бейнелеуде бірнеше ой қорытындыларын қажет ететін процесс.

Жалпы, ойлау дегеніміздің өзі–мәселені шешу, оның мәнісін түсіне білу деген сөз.

Ойлаудың ең күрделі және жоғарғы формаларының бірі–ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз–бірнеше пікірлерден жаңа пікірлер шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір–бірімен байланыстыруымыз қажет.

Ой қорытындысының негізгі үш түрі барЖ

1) дедукциялық, 2) индукциялық, 3) аналогиялық ой қорытындысы.

Дедукция дегеніміз–жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мысалы, біз, тірі организмдер оттегі жоқ жерде  тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі десек, олай болса, балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз.

     Индукция–жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Гүлдер сусыз  өмір сүре алмайды, ағаштар да сусыз өмір сүре алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап, сусыз өсімдіктер тіршілік ете алмайды, деген қорытындыны жасаймыз.

     Аналогия дегеніміз–ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И. Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда аналогиялық ой қорытындысына сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы, әсіресе құлауы, мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсіндіруде аналогияны келтіреді. Аналогия ғылыми болжамдарды жасаудың маңызды алғышарты болып табылады.