
- •7.Индивид, субьект, тұлға, индивидуалдылық түсініктеріне анықтама беріңіз.
- •8.Зейін, оның қызметтері және түрлерін көрсетіңіз.
- •9.Қабылдау, оның түрлері мен қасиеттеріне сипаттама беріңіз.
- •10.Түйсік пен қабылдаудың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •12.Зейіннің түрлері мен қасиеттерін анықтаңыз.
- •13. Қиялдың түрлері
- •14.Қиялдың еріксіз және ерікті түрлнрін анықтаңыз
- •15.Психологияның зерттеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •16.Тұлға түсінігі.Тұлғаның құрылымын көрсетіңіз
- •17. Ойлаудың әр-түрлеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз
- •18.Ойлау формалары мен операцияларын ашып көрсетіңіз
- •19. Қабілет, дарындылық, талант түсініктерін анықтаңыз
- •22. Темперамент және мінез типологиясына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •23. Вербальді және вербальді емес қарым-қатынасты қолдану маңыздылығын түсіндіру
- •24.Ойлау, оның түрлері ерекшеліктері
- •32.Психология әдістерінің жіктелу моделін құрастырыңыз
- •33.Қызықты психология тақырыбында қорытынды жасаңыз
- •34.Адам мінезінің психологиялық ерекшеліктері деген тақырыпка эссе жазыңыз
- •35.Ес процесі.Естің түрлері және оның ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •36.Ххі ғасыр –психология ғасыры деген тақырыпка эссе жазыңыз
- •42. Сіздің пікіріңіз бойынша, психологияда эксперимент әдісін сыни талдаңыз,
- •52.Тұлғаның дамуында адамдармен қарым-қатынас жасаудың түрлерін тұрмыстық психология тқрғысынан жазу.
- •53.Ғылыми психология қалыптасу тарихы жеке көзқарасыңыз.
- •54. Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиялға мысал.
- •56.Сезімнің адам өміріндегі маңызы туралы жазыңыз.
- •57. «Менің армандарым» тақырыбына талдау беріп, сыни талдау жасаңыз.
- •58.Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдерді кесте түрінде көрсетіңіз.
- •59.Психология ғылымының салалары және психологиялық практиканың міндеттері, әдістерін талдаңыз.
- •60.Түйсіктің қабылдаудан айырмашылығы.
16.Тұлға түсінігі.Тұлғаның құрылымын көрсетіңіз
Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психология қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерішң жиынтығы, қоғамдық даму жемісі мен белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі
Басқаша айтқанда, адамның тарихи дамуының әртүрлі деңгейлерінде жеке алғандағы және нақтылы-тарихи өзгешіліктерін көрсету үшін “индивид” деген ұғыммен қатар, “тұлға” деген ұғымды қолданады. Тұлға дегеніміз – индивид дамуының қорытындысы және мұнда барлық адамдық сапалар неғұрлым толық көрініс табады.
Әлеуметтік өмірде адамдардың бір бірімен әртүрлі салада тығыз қарым-қатынасының, өздерінің белсенді, саналы іс-әрекеттері арқасында индивид (жеке адам) әлеуметтендіріліп, бірте бірте, келе келе тұлғаға айналу керек. Тұлғаның өзіндік өзгешіліктері, саналығы, бағалы бағдарлары мен әлеуметтік қатынастары, қоғамға қатысты бірқатар дербестіктері және өз іс-әрекеттері үшін өзінің жауапкершілігін түсіну, т.б. тұлғаның бойынан табылуға тиісті міндетті сипаттамалары болып саналад. Тұлға өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортада болып жататын әлеуметтік елеулі іс-әрекеттердің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге олардың себепшілері де болып табылады. Сондықтан да халықтың рөлін жақтаған көзқарастар проблеманың тұлғалық жағын ғана жоққа шығармауға тиіс.
Адамзаттың жекелеген өкілдерінің өмір сүруі “индивид” ұғыммен байланысты. “Индивид дегеніміз халық, қоғам, тап, әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік қауымдастықтардың, жалпы адамзаттың жеке өкілі ретінде, нақты адам ретінде түсіндіреді. Әлеуметтануда “индивид” ұғымы әлеуметтік қатынастардың жеке дара алғандағы өкілі қарастырылған жағдайда қолданылады. Индивидтер қызметінің бірігуі нәтижесінде әлеуметтік қатынастардың жүйесі қалыптасады. Бұл жерде индивид ұғымы “нақтылы адам” мағынасында қолданылады. Тұлға ұғымы адамның және индивидтің табиғи емес мән-мағынасын айқын көрсету үшін енгізілген, яғни бұл ұғым оның әлеуметтік бастауларын айқындайды.
Әлеуметтік өзара іс-қимылдар мен қарым-қатынастардың ұйытқысы жеке тұлға болып табылады. Адам тұлғасын зерделегенде оның көріністерін мынадай деңгейлерге бөлу қалыптасқан:
табиғи деңгей - адамның өзінде бар және оған басқа адамдардың ықпалынсыз дамитын деңгей;
биологиялық деңгей - шығу тегі бойынша ортақ болуы, бүл орайда адамның жануармен ұқсас болуы міндетті емес;
мұрагерлік деңгей - ата-аналарының тектік қорының негізінде тіршілік етіп дамитын деңгей; ол биологиялық (бірақ биологиялықтың бәрі мұрагерлік емес);
әлеуметтік деңгей - адамның әлеуметтену, басқа адамдармен араласуы мен өзара іс-қимылы барысындағы деңгей.
Әлеуметтік көрініс кең мағынасында үш құрамдас бөліктен тұрады:
өзіндік әлеуметтік - өзінің әлеуметтік рөлдерін қалыпты атқаруға қажет деген белгілер жиынтығы;
ерекшеленген мәдени - автоматты түрде сақталатын, жеке адамның ажырамас белгісіне айналған және басқалардың оны тәрбиелі деп санауына мүмкіндік беретін әдептілік мінез-құлық нормалары мен ережелерінің жиынтығы;
ізгі - адамдағы әдеп нормаларын ең жоғары талаптар ретінде сақтауға байланысты әлеуметтік және мәдени бастамалардың жарқын көрінісі.
Бұлайша іріктеу “адам”, “жеке адам” және “тұлға” ұғымдарының аражігін ажырату үшін қажет. “Адам” ұғымы жалпыға ортақ, ол барлық адамдарға тән сапалар мен қасиеттерді сипаттау үшін пайдаланылады. Бұл ұғым дүниеде өзіне ғана тән тіршілік ету тәсілімен басқа барлық материалдық жүйелерден өзгеше адам әулеті, адамзат сияқты ерекше тарихи дамушы қауымдастықтың бар екенін көрсетеді. Осынау тіршілік ету тәсілінің арқасында адам тарих дамуының барлық сатысында, жер шарының барлық нүктелерінде адам баласы болып қалады, онтологиялық мәртебесін сақтайды.
Бірақ адамзат өз бетінше өмір сүрмейді. Өмір сүретін де, әрекет ететін де нақты адамдар. Адамзаттың жеке өкілдерінің өмір сүруі «жеке адам» деген ұғыммен көрсетіледі. Жеке адам - адамзаттың жеке дара өкілі, оның барлық әлеуметтік және психологиялық белгілерінің: ақыл-ойының, ерік-жігерінің, қажеттіліктерінің, мүдделер және т.б. иесі. “Жеке адам” ұғымы бұл арада “нақты адам” мағынасында қолданылады.
Адамның жеке басының және тарихи дамуының түрлі деңгейлеріндегі нақты-тарихи даму ерекшеліктерін көрсету үшін “жеке адам” ұғымымен қатар “тұлға” ұғымы пайдаланылады. Тұлға – жеке адам дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық жүзеге асуы.
Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Философия тұлғаны дүниеде қызмет ету, таным және шығармашылық субъектісі ретінде қарастырады. Психология тұлғаны психикалық процестердің, қасиеттердің және қарым-қатынастардың: темпераменттің, мінездің, қабілеттің, ерік-жігердің және т.б. орнықты тұтастығы ретінде зерттейді. Әлеуметтану көзқарасы тұлғаның әлеуметтік-типтік белгісін бөліп қарайды.
Әлеуметтану проблемаларының бірі тұлғаның құрылымдық талдау болып табылады. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы жеке адамның әр алуан қызметі барысында, өзі кіретін қауымдастықтар мен бірлестіктердің ықпалымен қалыптасатын және қызмет атқаратын объективті және субъективті қасиеттерінің жиынтығын қамтиды. Тұлғаның құрылымында мыналар бөліп қаралады:
1) өмір салты мен еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасылық-тұрмыстық сияқты қызметтерде көрінетін әлеуметтік сапаларды жүзеге асыру тәсілі;
2) тұлғаның объективті әлеуметтік қажеттіліктері. Тұлға - қоғамның органикалық бөлігі, сондықтан оның құрылымы негізінде қоғамдық қажеттіліктер орын алады. Басқаша айтқанда, тұлғаның құрылымы қоғамдық тіршілік иесі ретінде адамның дамуын анықтайтын объективті заңдылықтармен айқындалады. Тұлға бұл қажеттіліктерді ұғынуы да, ұғынбауы да мүмкін, бірақ та ол қажеттіліктер тіршілік етуін, өмір сүруін тоқтатпайды және тұлғаның мінез-құлқына айқындық енгізіп отырады;
3) шығармашылық қызметке - қабілеттілік, білім, дағды жатады. Қалыптасқан тұлғаны қалыптасудың бастапқы сатысындағы жеке адамнан айырып көрсететін де оның дәл осы шығармашылық қабілеттері;
4) қоғамның мәдени құндылықтарын игеру дәрежесі, яғни тұлғаның рухани жан дүниесі;
5) тұлға басшылыққа алатын ізгілік нормалары мен принциптері. Және, ақырында сенімдер - адам мінез-құлқының басты бағытын анықтайтын ең терең принциптер. Сенімдер тұлғаның тұлғалық құрылымының өзегін құрайтын объективті қажеттіліктерді сезінуімен байланысты.
Әлеуметтануды бірінші кезекте ортақ мәселе қызықтыратын болғандықтан, жеке адамға қатысты әлеуметтанудың түбегейлі проблемаларының бірі - әлеуметтену процесі болып табылады.