
- •7.Индивид, субьект, тұлға, индивидуалдылық түсініктеріне анықтама беріңіз.
- •8.Зейін, оның қызметтері және түрлерін көрсетіңіз.
- •9.Қабылдау, оның түрлері мен қасиеттеріне сипаттама беріңіз.
- •10.Түйсік пен қабылдаудың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •12.Зейіннің түрлері мен қасиеттерін анықтаңыз.
- •13. Қиялдың түрлері
- •14.Қиялдың еріксіз және ерікті түрлнрін анықтаңыз
- •15.Психологияның зерттеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •16.Тұлға түсінігі.Тұлғаның құрылымын көрсетіңіз
- •17. Ойлаудың әр-түрлеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз
- •18.Ойлау формалары мен операцияларын ашып көрсетіңіз
- •19. Қабілет, дарындылық, талант түсініктерін анықтаңыз
- •22. Темперамент және мінез типологиясына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •23. Вербальді және вербальді емес қарым-қатынасты қолдану маңыздылығын түсіндіру
- •24.Ойлау, оның түрлері ерекшеліктері
- •32.Психология әдістерінің жіктелу моделін құрастырыңыз
- •33.Қызықты психология тақырыбында қорытынды жасаңыз
- •34.Адам мінезінің психологиялық ерекшеліктері деген тақырыпка эссе жазыңыз
- •35.Ес процесі.Естің түрлері және оның ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •36.Ххі ғасыр –психология ғасыры деген тақырыпка эссе жазыңыз
- •42. Сіздің пікіріңіз бойынша, психологияда эксперимент әдісін сыни талдаңыз,
- •52.Тұлғаның дамуында адамдармен қарым-қатынас жасаудың түрлерін тұрмыстық психология тқрғысынан жазу.
- •53.Ғылыми психология қалыптасу тарихы жеке көзқарасыңыз.
- •54. Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиялға мысал.
- •56.Сезімнің адам өміріндегі маңызы туралы жазыңыз.
- •57. «Менің армандарым» тақырыбына талдау беріп, сыни талдау жасаңыз.
- •58.Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдерді кесте түрінде көрсетіңіз.
- •59.Психология ғылымының салалары және психологиялық практиканың міндеттері, әдістерін талдаңыз.
- •60.Түйсіктің қабылдаудан айырмашылығы.
15.Психологияның зерттеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
психологиядағы зерттеу әдістерінің негізгілері – бақылау және эксперимент. Бақылау – зерттеудің ғылыми әдісі – деректі суреттеп баяндаудан оның ішкі мәнін түсіндіруге өту үшін қажет. Бақылау әдісінің негізгі тиімділігі – психикалық үдерістерді табиғи жағдайларда зерттеу мүмкіндігінің мол болуы.Араласа бақылау – зерттеушінің зерттелуші топпен етене жақын қатынастар әрекетінде болуы.Сырттай бақылау – әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды шеттен, зерттелуші адам не топпен қарым-қатынасқа түспей-ақ зерттеп, мәліметтер жинақтау.Өзіндік бақылау (интроспекция) – адамның өзін-өзі бақылап, өзінің ішкі жан дүниелік үдерістерін тану жолы. Дегенмен, психологиялық зерттеу әдістерінің арасындағы ең бастысы – эксперимент - психологиялық деректердің ашылуына жағдайлар жасау мақсатында зерттеушінің сыналушы адамның не топтың іс-әрекетіне белсенді араласуы.Психологиялық эксперименттің негізгі міндеті – жан дүниелік іш-
тей психологиялық үдерістердің мәнді ерекшеліктерін шынайылылықпен сырттай бақылауға жағдайлар жасап, мол нақты деректерге қол жеткізу.
Зертханалық эксперимент – арнайы жағдайларда жүргізіледі, арнайы жабдықтар пайдаланылады, сыналушының әрекеттері нұсқаулармен белгіленеді, сыналушы экспериментке түсетінін біледі,
бірақ оның толық мәнін аңғармауы да ықтимал. Табиғи эксперимент – еңбек, оқу, қарым-қатынастың әдеттегі жағдайларында жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуда
екенін сезбейді.Тестілеу әдісі – адамның белгілі психикалық сапаларын сынақтан
өткізіп, анықтау.Психологиялық тест – сыналушының жеке басының кейбір ерекшеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқа мерзімді шағын стандартты сынақ тапсырмалары беріледі. Бұл күнде психологияда адамның ақыл-ес даму деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін,психикалық әрекетке келу мүмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге қабілетін, тұлғалық сапаларын анықтаушы тестер жиі қолданылуда.Құжаттарды талдау әдісі – адамның қызмет, іс-әрекеттік өнімдерін талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі. Құжаттарды талдау әдістері сапалық және сандық болып ажыралады. Сапалық талдауда баяндалған мәтіндік ақпарат сандық көрсеткіштерге келтіріліп,кейін математика-статистикалық өңдеуге түседі. Бұл ғылымда контент-талдау атауын алған.Құрастырып жобалау әдісі – осы күнгі психологиялық зерттеулерде кең қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні – психикалық
құбылыстарды таңба күйіне келтіру немесе адам іс-әрекеттерінің әрқилы түрлерін жасанды құрастырылған ортада ұйымдастыру. Осы жолмен қабылдаудың, жадтың, қисынды ойлаудың кейбір қырларын қолдан жобалап жасауға, сондай-ақ психикалық іс-әрекеттің бионикалық
модельдерін тұрғызуға болады.Сауалнама әдісі – әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде кең
қолданылатын әдіс. Оның мәні – объектив не субъектив деректер жөнінде сауалға тартылған адам аузынан ақпар топтау. Өмірнамалық әдіс – кейінгі уақыттары тұлғаны зерттеуде көп
қолданылатын әдістердің бірі. Мұнда жеке адамның қалыптасуындағы өзекті жағдаяттар, оның өмір жолы, дамуындағы дағдарысты кезеңдер, әлеуметтенуіндегі ерекшеліктер анықталады. Адам өміріндегі күнделікті оқиғалар талданып, болашақта кезігер жағдайлар болжастырылады, өмірлік кестесі түзіледі, каузометриясы жасалады.
Каузометрия (лат. causa-себеп, грек. metro-өлшем) –оқиғалар арасындағы қатынастардың себептік сарабы, тұлғаның психологиялық мерзім –кезеңдерінің талдауы беріледі, оқиғаларға қатысы бар
жағдайлар анықталады, тұлға дамуының не тоқырауының кейбір кезеңдерінің бастау оқиғалары айқындалады. Жас ерекшеліктері психологиясында салыстырмалы-генетикалық әдіс қолданылуда. Бұл әдістің мәні – психикалық заңдылықтарды жеке адамның психикалық дамуының әр кезеңдерін салыстыру арқылы зерттеу.
Социометрия – әлеуметтік психологиядағы зерттеу әдісі – бірлікті іс-әрекетке не оқиғаға араласу (араласпау) мүмкіндіктерін анықтау мақсатында шағын топтың әрбір мүшесін жеке сауалға тарту
әрекеттері. Бұл әдіс нәтижелері топтағы қатынастар құрылымын графикпен бейнелейтін соц иометриялық кесте, социограмма, сондай-ақ топтағы психологиялық қатынастарды сандық көрсеткіштермен танытуға болатын социометриялық индекстер күйінде өрнектеуге болады.
Жеке тұлғаның бағыт-бағдарына әлеумет ықпалын зерттеу үшін жасақталған топ әдісі қолданылады. Тұлғаның мәнді әлеуметтік сапа-қасиеттерін диагностикалау мақсатында эксперттік бағалау және тұлғаны топпен бағалау әдістері пайдаланылуда.
Тұлғаны топпен бағалау әдісі – адам мінездемесін топ мүшелерінің өзара бағалауы арқылы алу. Бұл әдіс топтағы адамдардың өзара таныстығы мен бірлікті іс-әрекеті және қатынасы нәтижесінде топтың әрбір мүшесі жөнінде қалыптасқан топтық санаға негізделген. Қандай да психологиялық проблеманы зерттеуде сол мәселеге сәйкес зерттеу тәсілдері мен ережелері, яғни нақты зерттеу әдістері қолданылады. Олар: болжам ұсыну, эксперименталдық тәсіл мен соған сай материал, сыналушылардың бастапқы бақылау және эксперименттік топтарын айыру, эксперимент серияларын анықтау,эксперименталды материалдарды статистикалық және теориялы өңдеуден өткізу және т.б.