
- •7.Индивид, субьект, тұлға, индивидуалдылық түсініктеріне анықтама беріңіз.
- •8.Зейін, оның қызметтері және түрлерін көрсетіңіз.
- •9.Қабылдау, оның түрлері мен қасиеттеріне сипаттама беріңіз.
- •10.Түйсік пен қабылдаудың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •12.Зейіннің түрлері мен қасиеттерін анықтаңыз.
- •13. Қиялдың түрлері
- •14.Қиялдың еріксіз және ерікті түрлнрін анықтаңыз
- •15.Психологияның зерттеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •16.Тұлға түсінігі.Тұлғаның құрылымын көрсетіңіз
- •17. Ойлаудың әр-түрлеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз
- •18.Ойлау формалары мен операцияларын ашып көрсетіңіз
- •19. Қабілет, дарындылық, талант түсініктерін анықтаңыз
- •22. Темперамент және мінез типологиясына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •23. Вербальді және вербальді емес қарым-қатынасты қолдану маңыздылығын түсіндіру
- •24.Ойлау, оның түрлері ерекшеліктері
- •32.Психология әдістерінің жіктелу моделін құрастырыңыз
- •33.Қызықты психология тақырыбында қорытынды жасаңыз
- •34.Адам мінезінің психологиялық ерекшеліктері деген тақырыпка эссе жазыңыз
- •35.Ес процесі.Естің түрлері және оның ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •36.Ххі ғасыр –психология ғасыры деген тақырыпка эссе жазыңыз
- •42. Сіздің пікіріңіз бойынша, психологияда эксперимент әдісін сыни талдаңыз,
- •52.Тұлғаның дамуында адамдармен қарым-қатынас жасаудың түрлерін тұрмыстық психология тқрғысынан жазу.
- •53.Ғылыми психология қалыптасу тарихы жеке көзқарасыңыз.
- •54. Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиялға мысал.
- •56.Сезімнің адам өміріндегі маңызы туралы жазыңыз.
- •57. «Менің армандарым» тақырыбына талдау беріп, сыни талдау жасаңыз.
- •58.Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдерді кесте түрінде көрсетіңіз.
- •59.Психология ғылымының салалары және психологиялық практиканың міндеттері, әдістерін талдаңыз.
- •60.Түйсіктің қабылдаудан айырмашылығы.
59.Психология ғылымының салалары және психологиялық практиканың міндеттері, әдістерін талдаңыз.
Психология сан-салалы ғылым. Қазірде оның 40-қа жуық саласыбар.XIX ғасырдың екінші жартысына дейін психология философия ғылымыныңбір саласы болып келіп, жаратылыстану, медицина, әдебиеттануғылымдарымен де сабақтасып, байланысып жатты. Психологияның қоғамдықғылымдармен тарих, әдебиет, лингвистика, география, антропология, өнерғылымдарымен де байланысы зор. Адам психологиясын жақсы білмейінше,оларға әсер етіп, жігерін қозғап, жүрек сезімдерін толғандыратын, көркемшығармалар туындату мүмкін емес деген.Психологияның қай саласы болсада күнделікті ӛмірімізге қызмет етеді.Оларды тудырған қоғамның нақтылы талап-тілектері, ӛмірде болып жатқанғылыми-техникалық прогрестің әсері Еңбек психологиясы – бұл тұлғаның белгілі мамандыққа сәйкес кәсіптікмаңызды қасиеттерін, мамандық таңдап, еңбек әрекетін тиімді етіпұйымдастыру, оның ӛнімін арттыруын, қызмет орнын, құрал-сайманаспаптарды нәтижелі еңбек етуге қолайлы етіп дайындау, шаршау, зорығу,
демалу мәселелерінің психологиялық жақтарымен шұғылданады. Инженерлік психология – еңбек психологиясы бӛлімдерінің бірі. Ол адам
мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» саласындегі әрекеттерді тиімді етіп ұйымдастыру,ақпараттарда сақтау, ӛңдеу оны жобалау үлкен орын алады. Арнайы психология – адамның психикалық қызметінің әр түрліформаларын, ми зақымы ауруымен, ақыл-есі кіресілі-шығасылы немесе
психика дүниесінде жетімсіздіктері бар, жан - қуаттары бұзыла бастаған, психологиялық функцияларына зақым келген адамдардың ерекшеліктерін зерттейді.Психологияны бұл саласында бірнеше бағыт: олигофренопсихология -мидың туа біткен ақауы бар адамның психологиясының дамуын,сурдопсихология – саңырау немесе естуі нашар, керең болып туған балаларпсихикасын, тифлопсихология – соқыр немесе нашар кӛретін адамдарпсихологиясын зерттейді. Заң психологиясы – құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін, қылмыскерлер, айыптаушылар, куәләр психологиясын зертеумен айналысады. Мұнда түрлі қылмыстарды ашуға, олардың қандай жағдайларда пайда болғанын, оныңнесебептен жасалғанын зерттеп отырады. Бұл саласылар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатынбӛлімдерден тұрады. Сот психологиясы сот, айыптаушылар, куәлар, тергеу ісінжүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайлардың психологиялық жақтарынқарастырады. Қылмыс психологиясы кылмыскердің жеке басы мен оныңзиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы еңбекпентүзеу коллонияларының тәрбиелік әсерінің тиімділігін зерттеу жолдарынқарастырады.Зоологиялық психология – жануарлардың психологиялық әрекеттерінқарастырады. Олардың психикасның даму сатысын, инстинктін, интеллектісін зерттейді. Салыстырмалы психология – адамдар мен жануарлардың психикасының
айырмашылықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып зерттейді. Сонымен қатар ересек адамдар мен балалардың психологиясын бір-бірімен салыстырып, олардың ұқсастық, айырмашылықтарын ашады, адамның қалыптасу жолын және оның туысынан ӛсіп-жетілгенге дейінгі даму жолын қарастырады. Педагогикалық психология - оқу-тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, яғни оқушының оқу әрекетін миына қалайша тоқитындығын, адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау саласын, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстазбен - шәкірт арасындағы
қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бӛлінеді: а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқытумен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойынқалыптастыру сияқты ӛзге де мәселелерін зерттейді;
ә)тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбиемәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзетупедагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелердіқарастырады. Медициналық психология - дәрігер мен аурулардың арасындағы қарым- қатынас, түрлі аурулардың психологиясын емдеу жолдарын және дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бӛлімдерге бӛлінеді: психикалық кұбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармақологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру саласын, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан; адамның психикалық
ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың ӛзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық кӛмек кӛрсететін клиникалық психологиядан. Әскери психологиясы – адамның соғыс жағдайындағы, ұрыс кезіндегі, әскери дәрежесі жоғарыларға сӛзсіз бағыну жағдайындағы психологиясымен,әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардыңқарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын,әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру және т.б.мәселелерді зерттейді. Әскери психологияның маңызды міндеті- әскери оқу-тәрбиенің психологиялық мәселелерін талдау болып табылады. Спорт психологиясы - спортшыларды баулу мен тәрбиелеудің негіздерін зерттеп, олардың іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың ӛзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін,психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш- қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, ӛткізу мәселелерінің факторларын, спорттық жарыстарда жеңіске жету үшін қажетті рухани және моральдық қасиеттердің қалыптасу заңдылықтарын ашады. Әрбір ел мен халықтың спорт ӛнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, олардыжаттықтыру міндеттері анықталады. Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық даму заңдылықтарын, әр түрлі психикалық процестердің (естің, ойлаудың, қиялдың,сезімнің) ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін зерттепталдайды. Даму психологиясында балалар психологиясы, жеткіншектерпсихологиясы, жасӛспірім психологиясы, ересек адам психологиясы жәнеқарттық психология салалары бар. Ғарыш психологиясы – психологияның ең жас және жаңа саласы, ол адамдардың ғарышқа ұшуына байланысты пайда болды. Ол ғарышкерлаедің еріктік және моральдық даярлығы мәселелері білім беру мен жаттықтыру тәсілдерін зерттеумен шұғылданады.
Ӛнер психологиясы – қызметтің ӛнер туындыларын жасауға бағытталған психологиялық компоненттерін қарастырады.Ӛнер психологиясының маңыздыміндеті - эстетикалық тәрбиемен музыкалық кӛркемдік және әдебиеткеқабілеттердің дамуына байланысты мәселелерді зерттейді. Әлеуметтік психология-әр түрлі әлеуметтік қауымдардың топтардың ұжымдардың психикалық кӛріністерін (олардың кӛңіл – күйін, қоғамдық
пікірін, еліктеуін т.б.) топтар мен ұжымдағы адамдардың арасындағы ӛзара қарым-қатынас мәселелерімен айналысады. Мұнда әр бір этностардың қарым-қатынасын, дін психологиясының ӛзекті мәселелерін де зерттейді. Әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар,корпорациялар, ұжымдар, ресми және биресми топтар арасындағы қатынастар,олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделерінің психологиялық жақтары қарастырылады. Басқару психологиясы – басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талап- тілектерін ескеру, басшының тұлғалық сапасы мен басқару стильдерін дұрыс қолдана білу мәселелерін шешеуге бағытталады