
- •7.Индивид, субьект, тұлға, индивидуалдылық түсініктеріне анықтама беріңіз.
- •8.Зейін, оның қызметтері және түрлерін көрсетіңіз.
- •9.Қабылдау, оның түрлері мен қасиеттеріне сипаттама беріңіз.
- •10.Түйсік пен қабылдаудың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •12.Зейіннің түрлері мен қасиеттерін анықтаңыз.
- •13. Қиялдың түрлері
- •14.Қиялдың еріксіз және ерікті түрлнрін анықтаңыз
- •15.Психологияның зерттеу әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •16.Тұлға түсінігі.Тұлғаның құрылымын көрсетіңіз
- •17. Ойлаудың әр-түрлеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз
- •18.Ойлау формалары мен операцияларын ашып көрсетіңіз
- •19. Қабілет, дарындылық, талант түсініктерін анықтаңыз
- •22. Темперамент және мінез типологиясына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •23. Вербальді және вербальді емес қарым-қатынасты қолдану маңыздылығын түсіндіру
- •24.Ойлау, оның түрлері ерекшеліктері
- •32.Психология әдістерінің жіктелу моделін құрастырыңыз
- •33.Қызықты психология тақырыбында қорытынды жасаңыз
- •34.Адам мінезінің психологиялық ерекшеліктері деген тақырыпка эссе жазыңыз
- •35.Ес процесі.Естің түрлері және оның ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •36.Ххі ғасыр –психология ғасыры деген тақырыпка эссе жазыңыз
- •42. Сіздің пікіріңіз бойынша, психологияда эксперимент әдісін сыни талдаңыз,
- •52.Тұлғаның дамуында адамдармен қарым-қатынас жасаудың түрлерін тұрмыстық психология тқрғысынан жазу.
- •53.Ғылыми психология қалыптасу тарихы жеке көзқарасыңыз.
- •54. Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиялға мысал.
- •56.Сезімнің адам өміріндегі маңызы туралы жазыңыз.
- •57. «Менің армандарым» тақырыбына талдау беріп, сыни талдау жасаңыз.
- •58.Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдерді кесте түрінде көрсетіңіз.
- •59.Психология ғылымының салалары және психологиялық практиканың міндеттері, әдістерін талдаңыз.
- •60.Түйсіктің қабылдаудан айырмашылығы.
54. Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиялға мысал.
Қайта жасау қиялы арқылы адам шындыққа сай, дәл, дұрыс образдар беріп отырады. Қайта жасау қиялынтәрбиелеудің басты жолы - кӛркем әдебиет кітаптарын оқу. Бірақ тек оқи бергенмен қиял ӛспейді. Мәселен, үстіртін, тек "қызық" жерін теріп оқудан қиял дамымайды. Қиялды ӛсіру үшін кітап мазмұнын ойға түйіп, оны көргендей, естігендей болып отыру қажет. Мәселен, оқырмандар МұхтарӘуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Дәркембайдың бейнесі арқылы кедей шаруалар мен жатақтардың тұрмыс халін көз алдарына елестетеді. Бұл – қайтажасау киялының кӛрінісі. Мұндайда адам авторлардың суреттеп жазғандарын көз алдында тұрғандай кӛріп, тіпті сөйлеген сөздерін есіткендей де болады.Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Адамның шығармашылығы, ол жасаған туындылар -қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігерлендіріп отыратын күш. Творчестволыққиял - қоғамдық мәні бар жаңа, соны өнімдер жасап шығаруда жетекші қызметатқаратын психикалық процесс.Қиялдын бұл түрі арқылы жаңа бейнелержасалады Жазушының, суретшінің, ғалымның, сазгердің т. б. Қиялытворчестволық қиялға жатады.мысылы.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп- тегіс жүмыр келсін айналасы. Өлеңгеәркімнің-ақ бар таласы, Сонда да солардың бар тандамасы. Іші алтын, сырты күміссөзжақсысын Қазақтыңкелістірерқайбаласы? Бүлөлеңіне Абай «қиыннанқиыстырар», «тілгежеңіл, жүреккежылытиіп», «іші алтын, сырты күміссөзжақсысын» секілдісөзтіркестеріарқылыөздігіненжаңатуындыларбереалатыннағызмайталманақындардыңпсихологиясын, олардыңтворчестволыққиялындағыерекшеліктердікөрсетіпотыр.
55.Қабілеттілік туралы түсінік.Қабілеттілік, нышан және индивидуалды айырашылықты сипаттаңыз.
Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда кӛрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе-күнгі тәжірибеде жиікездеседі. Мәселен, оқуға бар ықыласымен берілетін оқушыларды біз «мынауоқушы қабілетті оқушы екен» дейміз, не болмаса оның кейбір пәндерді жақсыүлгеруіне байланысты бір оқушының математикаға, екіншісінің әдебиетке,үшіншісінің географияға қабілеті бар екен дейміз. Қабілет жалпы, арнаулы болып бөлінеді. Жалпы қабілет бұл адамныңақыл-ой қабілеті.Арнаулы қабілет - іс-әрекеттің, мәселен, әдебиет, сурет өнері, музыка,сахна өнері т.б. арнаулы салаларда, жоғары нәтижеге жетуге жәрдемдесетінжеке адам қасиеттерінің жүйесі.Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа практикалық іс-әрекеткеқабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бұған конструктивті-техникалық, ұйымдастырғыштық, педагогтық қабілеттер кіреді. Адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатқанда-ақ пайдаболады. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұныанатомиялық нышан дейді. Жүйке жүйесінің, кейбір анализаторлардыңерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді.Нышанның соңғы түрі қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Мәселен,баланың есту анализаторының жетіле дамуы музыкалық қабілет үшін, көруанализаторының өзгешелігі сурет қабілетінің көрінуіне себін тигізеді. Бірақ нышан қабілет дамуының бірден-бір шарты бола алмайды. Ол - адамның ішкімүмкіндігінің көрсеткіші. Егер, адамның туысынан нышаны болса да, дұрыстәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті айтарлықтай дамымайды. Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес келеді деп ойлау да қате. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді. Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке қызметінің тума типіне (мида уақытша
байланыстардың тез жасалып, берік орнығуы, жүйке процестерінің қозғалғыштығы, динамикалық стереотиптердің шапшаң жасалып, оңай өзгеруіт. б.) байланысты болып келеді.