Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.93 Кб
Скачать

42. Сіздің пікіріңіз бойынша, психологияда эксперимент әдісін сыни талдаңыз,

Эксперименттік әдіс. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны туғызатындығы. Эксперименттік әдістің 2 түрі бар:

1. Лабораториялық эксперимент- арнаулы жағдайда, жайда өткізіледі.

2. Табиғи эксперимент- табиғи жағдайда адамның іс-әрекетінің барысында өтеді. 

Лабораториялық эксперименттік әдісті ең алғаш ашқан орыс ғалымы А. Ф.Лазурский болған. Әңгімелесу әдісі. Бұл әдісті қолданғанда мақсатын алдын-ала анықтау қажет. Негізгі сұрақтарды дайындау қажет. Әңгіменің негізгі мазмұнын, мәнін сақтай отырып, берілген жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет. Әңгіменің бүкіл барысында жайма-шумақ ықыласты сақтау керек.

Қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бұл әдіс адамның шамасы, дағдылары, жұмысқа деген қабілеті, білім деңгейі сияқты психикалық еркешеліктерін анықтайды. Балалардың жазған шығармаларын, суреттерін, күнделіктерін, еңбек сабағында істелген заттары арқылы, зерттеу арқылы болады.Анкета әдісі. Зерттелушілерге бірқатар сұрақтарға жауап жаздырады. Жазба жауаптарға анализ жасалынады, содан соң статистикалық өңдеуден өткізіледі, одан кейін белгілі бір қорытынды жасалынады.Тест әдісі. Ағылщын тілінен енген сөз / “сынақ” / деген мағына білдіреді. Арнайы дайындалған, стандартталған сұрақтар тізбегін тест деп атаймыз.Интроспекция әдісі. Адамның өзінің ішкі дүниесіне үңіліп, зерттеу жүргізуі.Егіздерді зерттеу әдісі. Егіздер 2 түрлі болады:бір жасушадан жаралған;екі жасушадан жаралған.

Әсіресе, баланы зерттеуде табиғи эксперимент жетекші рөл атқарады. Оқу-тәрбие процесі жағдайында жүргізілген табиғи эксперимент оқушылардың танымдық әрекеттерін жеке адамның қалыптасу ерекшеліктері мен жеке адамдар арасындағы қатынастарды тәрбиешінің табиғи жағдайға жақын әлеуметтік ұйымдастырған және арнайы өзгерткен жағдайларында зерттеуге мүмкіндік береді. Эксперименттік зерттеу - елшеу аппаратурасы мен эксперименттік әдістерді пайдалану кезінде зертханалық немесе жол (қырлы) жағдайында ңақты нысанмен өткізілетін зерттеу.

43. Жалпы және арнайы қабілеттер арасында байланыс орнатыңыз.Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындаудакӛрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе-күнгі тәжірибеде жиі кездеседі.Қабілет жалпы, арнаулы болып бӛлінеді. Арнайы қабілеттер адамның іс- әрекетінің жеке  арнайы салаларындағы жетістіктерін анықтайды. Ол арнайы қабілеттердің  түрге жікелуінен көрінеді.(математика, музыка, әдебиет т.б.) Жалпы және арнайы қабілеттердің арақатынасын жалпы мен ерекшенің ара қатынасы ретінде қарастырады. Ғылымда олардың жіктелуінің белгілі әрекеттері бар.Табиғи  қабілетпен әсіресе жоғарғы, адамдар  мен хайуанаттар үшін ортақ  болып табылады деп  түсіндіріледі. Мысалы, мұндай қарапайым қабілет қабылдау, есте сақтау, қарапайым коммуникация қабілеті болып табылады. Ойлауды белгілі бір көзқараспен, адам үшін ғана емес, жоғары жануарлар үшін де сипатталған қабілет ретінде қарастыруға болады. Осы қабілет туа біткен бейімділікпен тікелей байланысты. Алайда адамның талаптылығы мен жануардың бейімділігі – бұл екі басқа нәрсе. Адамда бұл бейімділік негізінде қабілет қалыптасады. Бұл үйрету механизмі арқылы қарапайым өмірлік тәжірибеде өтеді. Адамның даму процесінде осы биологиялық қабілет арнайы адами қабілеттердің басқалар да қалыптасуға мүмкіндік туады.

Бұл арнайы адами қабілетті  жалпы және арнайы жоғары интеллектуалды қабілет деп бөлу қабылданған. Өз кезегінде, олар теориялық және тәжірибелік, оқу және шығармашылық, пәндік және тұлғааралық т.б. бөлінеді.Жалпы қабілетке сан  түрлі әрекеттер түрлерінде адамдардың табыстарын анықтайтындарды жатқызу  қабылданған. Мысалы, аталмыш категорияға  қол қозғалысындағы талғампаздық пен  дәлшілдік, есте сақтау, сөйлеу және басқа  да ойлау қабілеттіліктері енеді. Олай болса, жалпы қабілетпен көбінесе адамдарға тән дараланған қабілеттермен түсіндіріледі. Арнайы қабілет ерекше пайда болатын қажетті бейімділіктерді жүзеге асыруға және олардың дамуына арналған, адамдар табыстылығын арнайы әрекеттер түрлерінде анықтайтындармен жобаланып түсіндіріледі. Ондай қабілеттерге музыкалық, математикалық, лингвистикалық, техникалық, әдеби, көркем-шығармашылық, спорттық және т.б. жатқызуға болады. Адамдарда жалпы қабілеттің болуы олардың арнайы қабілеттің дамуын жоққа шығармайтынын ескеруіміз керек Қабілет мәселелерін зерттеушілердің көпшілігі жалпы және арнайы қабілеттер арасында кереғар ұғым болмайды, олар өзара бірін-бірі толықтырып және байытып отырады. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда жалпы қабілеттің жоғары деңгейде дамуы белгілі бір әрекет түрлеріне қатысы бойынша арнайы қабілет ретінде бой көтере алады. Осыған ұқсас кейбір авторлардың өзара әрекеттері олардың көзқарасы бойынша жалпы қабілет арнайы қабілетті дамытуға арналған базасы болып табылады деп түсіндіреді. Басқа зерттеушілер жалпы және арнайы қабілеттің өзара байланысын түсіндіре отырып, қабілеттің жалпы және арнайы деп бөлінуі өте шартты екенін атап көрсетеді. Мысалы, шын мәнісінде әрбір адам оқу курсынан соң қоса, көбейте, бөле алады сондықтан математикалық қабілетті жалпы қабілет ретінде қарастыруға болады.  Алайда бұл қабілет соншалықты жоғары дамыған адамдар бар екенін, біз оларда өте күрделі есептерді шығару қабілеттілігі, математикалық түсініктер мен операцияларды меңгерудің жылдамдығын көрсететін математикалық таланттың барлығы туралы айта бастаймыз.

44. Сіздің ойыңыз бойынша, көрнекі-қимылдық, көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық ойлау түрлерінің арасындағы байланысты табыңыз.Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс– қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сӛз арқылы бейнеленуі. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. көрнекі ойлау да болады, себебі кейбір жағдайларда біз көбінесе көрнекі мәліметтерге сүйене отырып алдымызда тұрған міндеттерді шешеміз.   Осылайша, шығутегі мен пайда болуы (генезі) бойынша ойлау келесі түрлерге жіктеледі: Көрнекі-әрекеттік ойлау–мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі. Мысалы кіші жастағы балалармен жүргізілген тәжірибеде иінтіректің оң жағына бала үшін тартымды, оны алу тілегін туғызған ойыншық бекітілген. Үстелдегі ойыншықты қолмен алу мүмкін емес. Бір ғана жол бар – сол жаққа бекітілген тұтқаны пайдалану. Тұтқаны өзіне қарай тартқанымен ойыншық тае қана жылжиды, әдетте заттарды өзіне қарай тартқанда жасалатын әрекеттерге кері қозғалыс жасау қажет. Кіші жастағы бала үшін елеулі қиындықтармен іске асырылатын, бұл тәсілді табуды ойлау психологиясында солай атайды. Бұл көрнекі-әрекеттік ойлау, ол жоғары жануарларда да болады және оны И.П. Павлов, В. Келер, Н.Н. Ладыгина–Котс және т.б.  сияқты ғалымдар жүйелі түрде зерттеген. Көрнекі-әрекеттік ойлаудың негізгі сипаттамасы атауында бейнеленген: тапсырмаларды шешу, бақыланатын қозғалыс актісінің көмегімен, жағдайды шынайы өзгертудің көмегімен іске асырылады. Көрнекі–бейнелік (бейнелік) ойлау–жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі. Психологияда сонымен қатар дербес түр ретінде бейнелік (немесе көрнекі-бейнелік) ойлау бөліктеніп тұрады. Н.Н. Поддъяков пен оның қызметкерлерінің зерттеулерінде мектепке дейінгі жастағы балаға белгілі бір формалы жайпақ фигураны ұсынған, мысалы фанерден кесіліп жасалған қазды. Одан кейін фигура фанерлік дискімен жабылады, сөйтіп оның тек басы мен мойыны ғана көрініп тұрады. Содан кейін фигураны бастапқы жағдайынан басқа бір бұрышқа бұрады да, балаға қаздың басы мен мойынының орналасуы бойынша оның құйрығы қай жерде екендігін анықтауды тапсырады. Бейнелік ойлаудың қызметі адамның жалпы жағдайлардың нақтылануымен жағдайды өзгертетін өз іс-әрекетінің нәтижесінде алғысы келетін, жағдайды және ондағы өзгерістерді түсінуімен байланысты. Бейнелік ойлаудың көмегімен заттың іс жүзіндегі әр түрлі сипатталарының әр алуандығы біршама толық түрде қайта жасалады. Бейнеде затты бір мезгілде бірнеше көзқарас тұрғысынан көру тіркелген. Бейнелік ойлаудың өте маңызды ерекшелігі – заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттегі емес, “керемет” сәйкестіктерін анықтау. Көрнекі — әрекеттік ойлауға қарағанда көрнекі–бейнелік ойлауда жағдай тек бейне тұрғысында өзгереді. Көрнекі ойлау және дерексізденген–теориялық ойлау көптеген тәсілдермен бір–біріне өтеді. Олардың арасындағы айырмашылықтар салыстырмалы; ол сыртқы кереғарлықты көрсетпейді, алайда ол маңызды. Кез келген ойлау азды–көпті жалпыланған абстрактілі ұғымдарда жасалады және барлық ойлау азды–көпті көрнекі сезімдік бейнелерге қосылады; ұғымдар және бейне–түсініктер оларда үздіксіз бірлікте беріледі. Адам түсініктерсіз, сезімдік көрнекіліктен тыс ойлай алмайды; ол сондай–ақ ұғымдарсыз, тек қана сезімдік-көрнекі бейнелерде де ойлай алмайды. Сондықтан да көрнекі және ұғымды ойлау туралы оларды сыртқы қайшылықтар деп айтуға болмайды; алайда түсініктер және ұғымдар бір– бірімен байланысып қана қоймаған, олардың бір–бірінен айырмашылығы да болады, біртұтас ойлаудың ішінде, бір жағынан, көрнекі, екінші жағынан– абстрактілі–теориялық ойлауды ажыратуға болады. Біріншісі үшін тән нәрсе түсініктер мен ұғымдардың бірлігі, жалпы мен жалқы үшін көрнекі бейне– түсініктердің формасы тән болады; екіншісі үшін көрнекі бейнелер – түсініктер және ұғымдардың бірлігінде жалпы ұғымдар формасы тән болады.

45. Индивид, тұлға және индивидуалдылықтың арасындағы айырмашылықты беріңіз.Индивид – бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүрушісі. Былайша айтқанда, К. А. Абульканова – Словская нақты субьектіні әлеуметтік топтан ажырату үшін  «әлеуметтік индивид»  түснігін қолданады. Индивид тұлғаның ерекшеліктерінің алғы шарттарын қалыптастырады, бірақ тегі бойынша әлеуметтік – мәдениленген салаларын ережеге сай детерминациялай алмайды. Ал тұлға ( А.Н. Леонтьевтің анықтамасына сәйкес) – мәдени – тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік, құмарлылық, және сапалылық қасиеттерін шегеріп оны қалыптастырған жүйелі қасиеттері. Бұл анықтама логикасына сәйкес кез келген индивид тұлғаға айналып, тұлға өз кезегінде әрқашан анатомды – физиологиялық алғы шартармен бір мәнді анықталып жатпайды. Тұлға - әлеуметтік қатынастарымен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, ӛзін басқалардан ажырата білетін, ӛзінің кім екенінтүсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс тәуелсіз ӛмір сүре алмайды., ӛйткені оның тәні де, жаны да айналадағылармен қарым-қатынас жасаупроцесінде, әлеуметтік жағдай әсерінде ғана кісілік мән - мағынаға ие болады. Мысалы, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі тұлғаемес, себебі онда білім, тәжірибе, іс-әрекет, кӛзқарас жоқ.тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналыәрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйеліқасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекетпен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.Қазіргі психологиялық білімде индивидуалдылықты  зерттеуде көптеген көзқарастар бар, бірақ ортақ концептуалды модель әлі жоқ.Бұл индивидуалдылық құрылымына, ерекшеліктеріне авторлардың әр түрлі көзқарастарына  байланысты. Барлық концепциялар эксперименталды жолмен дәлелдер арқылы  ары қарай өмір сүруге құқылы.«Индивидуалдылық» Әр адамның өзіне ғана тән жеке дара, басқалардан ажырататын қасиеттердің жиынтығы. Индивидуалдылыққұрлымын бөліп көрсетудің басқада талпыныстары бар. Мысалы, К. Леонгард үш сферасын бөліп көрсетеді: қызығушылық және бейімділіктің бағыттылығы (мазмұны жағынан біз бөліп көрсеткен рухани – дүниеге көзқарастық қасиеттеріне ұқсайды), сезім мен ерік («Темперамент» түснігіне жақын) және ассоциативті – интеллектілі ( қабілет пен стильдік ерекшеліктерге сәйкес келеді). Отандық психология шеңберінде қалыптасқан даралық құрлымы туралы көрсетілген салыстырмалы анализді қазіргі кітаптарда М. С. Егоровақарастырады.  Осылайша, үш қабаттың бөлінуі әртүрлі ықпалдарда тұрақты қарастырылып келеді.

Индивидуалдылықтың әр «қабатына» зерттеуде әртүрлі ықпалдар сәйкес келетіні тарихи қалыптасқан, «Мазмұнды – мағналы» ықпал танымына және мінезіне, біліміне, икемділігіне, қабілеттеріне, мағналарына, күйзелістеріне, және де басқа адамның тұрақты психологиялық ерекшеліктерінің даралық вариацияларын өлшеуге бағытталған «Мінез –құлықтық»  ықпал (мұны бихевиористікпен шатастыруға болмайды!) адамның белсенділігін құрайтын моторлы, вегативті, биохимиялық – мінез – құлық формасының объективті тіркелген талдауымен байланысты. Б. М. Теплов бірінші болып ықпалдың барлық мазмұнды көңіл бөлдіртуіне қарамастан, онда көрсетілген психологиялық түсініктердің валенттілігін нақтылайтын теориялық негіз жоқ деп әділетті атап көрсеткен. Тұлға қырларына мысалы мінез – құлықтың таза жағдайлық флуктуацияларды сирек жатқызылады, ал олардың тұрақтылығы күмәнді. Тесттердің көмегімен өлшенген индивидуалды айырмашылықтарын  кездейсоқ елес екеніне көз жеткізу үшін оларды міндетті түрде жүйке жүйесінің қызметімен байланыстыру қажет (және де басқа биологиялық факторлармен). Яғни, дифференциалды психологияның мазмұнды валенттілігін дәлелдегеннен кейін ғана обьективті ғылым болып мойындалуы мүмкін.

46. Қазақ ақын-жазушыларынан қиял-түрлерін (қайта жасау, творчестволық қиял, арман) көрсететін нақты мысалдар келтіріңіз.

47. «Сөз ойдың көрінісі, ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр.» деген тақырыпта қорытынды жасаңыз

48. Баланың зейіні оның сырт келбетінен (бет-пішігі, көз жанары т.б) көрінетіндігі жайында дәлелдер жасаңыз

49. Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе-оның басқа адамдармен қарым-қатынасы интерпретация

50. Психологияның біздің өміріміздегі мәні мен мағынасы.

Әр адам психологияны терең түсінгенде өзінің алдында кездескен түрлі қиындықтарды сабырлықпен ақылмен шешуге тырысады деп ойлаймын. Психология — психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т. б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды — сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. "Психология" термині гректің екі сөзінен түрады: оның біріншісі - "псюхе" (жан), екіншісі — "логос " (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т. б.) аралас, астарласа дамып келді. ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т. б.) эксперимент (тәжірибе) жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дамыды. Ғылымның осы саласына экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт (1832—1920) болды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б. э. д. 460—370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427-347) керісінше "жан мәңгі, өлмейді, өшпейді", - деп тұжырымдады. Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз "жан" болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық, тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Жан туралы осындай анимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филиппин) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің, ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені олардың ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері "лоакаль" деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгібақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б. з. д. 384—322) есімімен байланысты.

51.Топтағы бір студентке психологиялық портрет.

Жүсіпкалиев Сұлтан. Жасы 20 да ҚазҰУдың тарих факультетінің 2 курс студенті.Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылғанөзі үшін байсалды кәдуілгі күйде шығарып әкету оңайға түспейді; ол жүріс-тұрысы мен сөзінде сылбыр, оның мимикасы онша айқын емес, қимылдары сараң. Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбаqды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін, дене қимылдарын білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз. Бірсарынды монотонды сөйлейді. Кісімен араласып жақындасуда мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып барып кіріседі. Іс-әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады. Флегматик байсалды, баяу, орнықты болады. Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу жанжалға шақырса, есебін тауып жалтарып кетеді, тыныштықты жақсы көреді. Көңіл көтеретін сауыққа да әуес емес, бөтен кісіге міндет артып өкпелемейдіТипа осылай өздерің осылай біреуді жазасындар