Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.93 Кб
Скачать

36.Ххі ғасыр –психология ғасыры деген тақырыпка эссе жазыңыз

Осы заман психологиясы – басқа ғылымдармен тығыз байланысқан қарқынды даму жолына түскен адамзат білімдерінің елеулі аймағы. Сондықтан да, дамудағы құбылыс ретінде психология үздіксіз өзгерісте болады: жаңа ізденіс бағыттары, проблемалар туындап отырады, жаңа жобалар іске асып жатады, нәтижеде психологияның соны салалары ғылым қорына ене береді. Психология салаларының бәріне ортақ құбылыс – бұл пән біртектілігінің сақталуы: психология білімдерінің бәрі де психика деректерін, заңдылықтары мен тетіктерін жағдайға байланысты, іс-әрекет барысында, даму деңгейлеріне орайластырып, зерттеп отырады.Бүгінгі қоғам ағымдағы өзгерістер мен толассыз жаңалықтар заманында өмір сүріп жатыр. Бұл адамның психологиясына да өз әсерін тигізуде. Адамдардың бойында ашушаңдық, бойкүйездік, зейіннің төмендеуі сияқты кері мінез-құлықтың пайда болуын тудыруда. Бұл ересектермен қатар мектеп жасындағы, тіпті кішкентай балалардың бойында да байқалады. Балалардың бойындағы агрессивтілікті түсінбей ата-ана да, ұстаз да дабыл қағуда.Психология- ХХІ ғасыр мамандығы. Қазір кез-келген мекемелерде психолог  болуы қажет. Жастардың қоғамдағы психологиялық вирустарға имунитеттері өте әлсіз. Олардың жаман жолға түсіп секталарға еніп кетуі суицидке баруы да осының саладарынан. Психологтардың міндеті- жас ұрпақтың психологиялық денсаулығын нығайту. Ал оны қалыптастыратын  ең басты орта- отбасы. Ата-ананың бір-біріне жылы қарым-қатынасы, сезімі тікелей балаға беріледі. Жылуы мол қарым-қатынастағы отбасында өскен баланың стресс, депрессияға қарсы имунитеті қалыптасады. Мұндай отбасындағы бала сабырлы, әр нәрсеге төзімді болады. Яғни, қоғамда проблемалы балалардың, девиантты топтағы балалар (мінез- құлық ерекшеліктері бұзылған балалар) азаяды.  Адамдардың өзара қатынастарында жылу мен сенімділік пайда болады.

Жоғарыда айтқанымыздай, үнемі компьютер мен телефон, телевизор арқылы көретін атыс-шабыс ойындар кинолар баланың психологиясын бұзады. Тіпті дүкенде сатылатын ойыншықтардың біршамасы баланы ой-қабілеті дамытуға арналған деп айту қиын. Қарапайым ғана мысал, қыздардың сүйіп ойнайтын Барби қуыршақтары боянып, сыланған бойжеткен қыздың бейнесі. Ол қыздарды кішкентайынан теріс қылықтарға бейімдейді. Тәрбие бүлдіршін кезден басталмай ма? Олардың көретін мультфильмдері де құбыжықтар мен басқа планеталардың соғысы мен тартысқа толы. Балалардың назары теледидарда болғандықтан, мейірімділікке, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелейтін телеарналар көбірек болса екен. Мысалы «Балапан» телеарнасындағы бағдарламалар балаларды танымдық, психологиялық жағынан дамытатын бірден-бір арна деп есептеймін. Қазақтың ұлттық тәрбиесіне көп мән берілген. Менің баламның өзі осы арнаны көріп тәрбиеге ықпалы бар екеніне көзім жеткен соң айтып отырмын.

37. Қабілет психологиясы атты тақырыпта талдау жасаңыз Қабілет – адамның әрқилы іс-әрекеттерге орай көрініс бере­тін психикалық мүмкіндіктерін анықтаушы тума анатомиялық – физиологиялық және өмір барысында меңгерген реттеу-түзету сапаларының жиынтығы.Әрқандай қызмет, іс-әрекет адамның тән-дене, психофизиологиялық және психологиялық мүмкіндіктеріне байланысты талаптар легін алға тартады. Осыдан, қабілет-тұлға қасиеттерінің нақты іс-әрекет талап­тарына сәйкестік шама-шарқын көрсетеді.Қабілеттер жалпы және арнайы болып бөлінеді.Жалпы қабілеттер іс-әрекеттердің барша түрінде қажет. Олар қарапайым және күрделі болып ажыралады.Қарапайым қабілеттер – болмысты жай бейнелеуде, қабылдау, ес, ойлау, қиял мен еріктің әдеттегі, барша тек өкіліне тән деңгейде қалаған әрекет орындауда іске қосылады.Іс-әрекет түрлеріне орай арнайы қабілеттер – сызу, көркемөнер – әдеби, нақты-ғылыми (математикалық және т.б.), тәжірибелік-ұйымдастыру, тұрмыстың-жасампаздық, т.с.с. болып ажыралады.Қабілеттер тек өкілі бойындағы білім, ептілік және дағдылармен шектелмейді. Олар нақты іс-әрекет тәсілдерінің шапшаң әрі берік игерілуінен көрінеді, тек өкілінің психикалық әрекеттерін реттеп ба­рушы тетік ретінде қызмет етеді. Қабілеттердің тұқым қуалау теориясы. Психологияда қабілеттердің үш концепциясы бар. Олардың бірі – қабілет тұқым қуалау арқылы дамыпотырады деген концепция.Бұл қисын бойынша, адамның жеке дара қасиеті, соның ішінде қабілеті де атадан балаға мұра ретінде беріліп отырады. Мұндай пікірді психологтар ғана емес, сондай-ақ ғылым мен ӛнердің (математиктер, жазушылар, суретшілер) кейбір ӛкілдері де қуаттайды. Мұның біріншілері өз кӛзкарастарын нақты зерттеулерден алған деректермен дәлелдегісі келеді. Мәселен ХІХ ғасырда ӛмір сүрген Гальтон таланттың тұқым қуалаушылық жолымен болатынын кӛрнекті қайраткерлердің ӛмірбаяндарын зерттеу арқылы дәлелдегісі келген. Гальтонның кӛзқарасын Л. Котс ілгері қарай дамытты. Ол қоғамның айрықша жағдайлы топтарының ішінде мұндай мұра мол деген тұжырымға келген. Қабілеттілік туралы бірінші концепцияға қарама – қарсы екіншіконцепция қабілетті түгелімен орта мен тәрбие анықтайды дейді. Қабілеттілік тұқым қуалайды дейтін кӛзқарастың шындықпен сәйкес еместігін ӛмір шындығы кӛрсетіп отыр. Мұнымен бірге атақты адамдардың ӛмірбаяндарын объективті тұрғыдан талдау - кӛп жағдайда, кӛрнекті

адамдардың ерекше дарыны жоқ отбасынан шыққандығын, сондай-ақ атақты адамдардың балалары мен немере-шӛберелері дарындылық кӛрсетпегенін дәлелдейді. Бұған бірнеше музыкант пен ғалымдар отбасы ғана жатпайды. Кӛрнекті америка ғалымы У.Эшби қабілеттіліктің, данышпандықтың ӛзі ӛмірде жүре пайда болған қасиеттен, балалық шақта, одан кейінгі кезеңде

қалыптасады дейді. Мың рет сәтсіздікке ұшырап, мың бірінші рет жаңалық ашқан адам қабілетті, ал екінші реттен соң мәселені шешпей тастайтын адам қабілетсіз дейді ол. Буржуазия идеологтары қабілет ортаға тәуелді болғандықтан жұмысшының балалары мәдениет және интеллектуалдық деңгейі тӛмен адамдар ортасында ӛсіп жетілгендіктен ӛздерінің қабілетін кӛрсете алмайды деген пікірді айтады. Сырт қарағанда екінші концепция да адамның дамуынашек қоймайды, адамның мүмкіншілігіне күмән туғызбайды. Бірақ бұлтеориямен қазір де, бұрын да ғылыми келіспеушіліктер бар.Қабілеттегі табиғи және жүре пайда болатын қасиеттердіңдиалектикасы. Кӛптеген психологтар қолдайтын қабілет жӛніндегі үшіншіконцепцияның ӛкілдері әлдеқайда дұрыс позицияда тұр. Ғалымдарының қабілетконцепциясы табиғатынан барлық адамдарға адамдық даму мүмкіндіктері тәнекендігін анықтайды. Осымен бірге кеңес психологтары белгілі бір қабілеттіңқалыптасуына, дамуына дара табиғи нышандардың болуының да жақсы әсерететіндігін мойындайды. Қабілеттер қолайлы әлеуметтік жағдайларда іс-әрекетүстінде қалыптасып отырады.Бұл концепция практика және арнаулы

зерттеулермен дәлелденіп отыр.

38. Егер мен психолог болсам атты тақырыпта интерпретация жасаңыз психолог – өмірдің әр түрлі қиындықтарына (оқуда, отбасында, қарым-қатынаста, өмірлік жол таңдауда, өзін-өзі дамытуда туындаған мәселелер, жанжалдық жағдайларда және т.б.) тап болған дені сау адамдарға кеңес беруші маман. психолог – дәрігер емес, денсаулығы туралы қандай да бір мәлімет бермейді әрі ол емдемейді.Психологқа өмірінен өзгеріс күтетін және дұрыс жол таңдау үшін келеді. Өміріңде қиындықтар туындағанда психолог әр кезде де жаныңнан табылады. Бұл адам кәсіби ақпараттарға ие, бірақ өмірде туындаған барлық сауалдарға жауабы жоқ, өйткені әр адам жеке бір тұлға. Сондықтан психолог тек қана бағыт-бағдар беруші, көмектесуші, ал соңғы шешімді өзің ғана қабылдайсың.

39. Сана мен бейсаналылық атты тақырыпқа эссе жазыңызЖануарлар психикасымен салыстырғанда адам психикасы біршама жоғары деңгейлі (себебі Homo sapiens – ақылды адам). Адам санасы, ақыл-ойы қажеттіктен туындаған еңбек үдерісінде, ежелгі адамның қиын тіршілік жағдайларының шұғыл өзгерістерінде бірлікті әрекетке келуінен бірте-бірте қалыптасып барды. Сонымен, адамзаттық материалды, ру­хани мәдениеті – барша адамдардың психикалық дамуымен байланысты жүзеге келген жетістіктерінің ұжымдық формасы.Қоғамның тарихи даму барысында адам өз мінез-құлқы мен әрекет-қылығының әдіс-тәсілдерін өзгертіп барады, өзінің табиғи нышандары мен қызметтерін аса жоғары психикалық қызметтерге ауыстырады. Енді тума қалыптасқан инстинкт не жағдай үйреткен ауыспалы дағдылар анайы адамиласқан, қоғамдық-тарихи шарттасқан ес, ойлау, қабылдау (қисынды ес, дерексіз – қисынды ойлау) формаларына өтеді. Адам бұдан былай тарихи даму үдерісінде қалыптасқан жанама құралдарды пайдала­нып, сөйлеу рәміздерін қолдану қызметтерін атқаратын дәрежеге жетті. Жоғары психикалық қызметтер бірлігі адам санасының пайда болып, орнығуына арқау болды.Жануарлар психикасымен салыстырғанда адам психикасы келесідей ерекшеліктерге ие: · нәсілдік және табиғи түрткі (эмпирикалық) жолдармен қабылданған әрекет-қылық формаларымен қатар адам қоршаған ортада бағдар таңдаудың түбегейлі жаңа құралы – сөзбен ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамзаттық тәжірибе жоғары біліммен қаруланған адам психикасы әлеуметтік орта жағдайында, әлеуметтік тәжірибені игеру барысында қалыптасады әрі үздіксіз өрістеп, молайып барады.Бейсаналылық (бессознательное) – адам түсінбейтін психикалық құбылыстардың жиынтығы. Оларғабиологиялық түрде тұқым қуалау ар-қылы берілетін инстинктілер, автоматты түрде жасалатын іс-қимылдар стереотиптері, сезімдік және интеллектуальдік интуиция, түс көрулер, гип-нотикалық күйлер және т.б жатады.Қоғамдық сана. Қогамдық сана – қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған ортаны түйсінуінің (осознание) нәтижесінде пайда болатын қогамдағы әр түрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиынтыгы. Ол қоғамдық болмысты бейнелейді, бірақ салыстырмалы түрде белсеңді, яғни, қоғамдық болмысты пассивті бейнелеп қана Қоймай, өзі де қоғамдық болмыстың дамуына белсенді әсер етіп отырады.

40. Ойлау мен сөйлеудің арақатынасын шешіңізОйлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс– қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сӛз арқылы бейнеленуі. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз

болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбыллыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жӛнді ашып бере алмайды. Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау

танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді ӛңдейді Адамның ойы әрқашанда сӛз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде ӛзін естісін деп дауыстап сӛйлейді. Ой толық сӛз күйінде

білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Адамның ойы ерекше белсенді процесс. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесіндетуындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін - объективтік шындық.Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын - оның қажеттері.Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден ӛтеді. Ол қажеттіліктен немесе бірнәрселерді түсіндіру, тану керектігінен басталады. Бұл ойлау әрекетінің біріншікезеңі. Ол адамның түрлі материалдық, рухани қажеттіліктерінен туындауымүмкін. Тіпті, тамақ ішу қажеттілігі де ойлау процесін тудыра алады. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сӛйлеудеп атайды. Сӛйлеу- пікір алысу процесінде жеке адамның білгілі тілді пайдалануы. Бір тілдіңӛзінде сӛйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін.

Сӛзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сӛздідұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сӛздерді қабылдаудыңӛзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады,бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сӛйлеу аппаратында,адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен,

бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісунемесе келіспеушілік білдіреді.Адамға тән сӛйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сӛйлеуӛзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды.Мұның біріншісі – сӛйлеудіңмазмұндылығы, екіншісі - оның мәнерлілігі делінеді. Сӛйлейтін сӛзде мазмұнболмаса, ол ӛзіндік сӛздік мәнін жояды. Сӛздіңмазмұндылығы дегеніміз екіншібіреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы саяз кісі бос сӛзді болады, оныңсӛзі де айқын, таза болмайды.Сӛздің мәнерлілігі дегеніміз - адамның сӛйлеу кезіндегі эмоциялыққалпын білдіре алуы, яғни әрбір сӛйлемді ӛзінің сазымен айта алуы. Халық

жақсы сӛйлейтін адамдарды «сӛзі мірдің оғындай екен» дейді. Мәнерлі сӛйлейбілудің мұғалімдік мамандық үшін маңызы зор. А. С. Макаренко бұл жӛнінде:«Балалар сіздің сӛзіңізден ӛзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жекеерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек",- дейді.

Сӛйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауызқуысының бұлшық еттері т. б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.Сӛйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік - синтездік қызметініңнәтижесі. Француз ғалымы Брока «адамдардың ми сыңарларының сол жақ

бӛлігінде (маңдай қыртысының тӛменгі жағында) адамның дыбыстап сӛйлейалуын басқарып тұратын жүйке орталығы бар, ал сӛзді қабылдау кӛптегенанализаторлардың (кӛру, есту, қозғалыс т. б.) бірлескен қызметін қажет етеді»-,дейді. Неміс ғалымы Вернике басқа біреудің сӛзін есіту мидың сол жақсыңарындағы самай бӛлігінің арт жағына орналасқан жүйке орталығының

қызметіне байланыстылығын айтады.Сӛзді қабылдау, оның мәнісіне түсінуде мидың есту, кӛру, сипау, сипай-сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ

ми сыңарының тӛбе, самай, желке бӛліктерінің қызметі де ерекше. Сӛйлеуқабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты болып келетіндігінмына мысалдан жақсы кӛруге болады. Егер оның сол жақ бӛлегі зақымданса,адам сӛйлей алмайтын жағдайға душар болады. Мұндай құбылысты ғылымдаафазия деп атайды.

41. Эмоцияның түйсіктен айырмашылығын көрсете отырып, арасында байланыс орнатыңызТүйсік деп – қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың

жеке қасиеттерінің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуін айтамыз. Түйсік біздің барлық біліміміздің бұлағы деп айтуға болады. Түйсік болмаса, біз басқа жолмен заттың, қозғалыстың ешқандай формалары туралы еш нәрсе біле алмаймыз. Түйсік біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады.Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір- бұдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі ӛзгерістер жӛнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның

кеңістікке орналасуын, жеке бӛліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Мәселен, жолдасыңнан кӛзін жұмуын ӛтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Түйсік заттың сезім мүшесіне әсер еткен кезде ғана пайда болады. Сезім мүшесі - денснін шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан, сыртқы және ішкі ортадағы белгілі бір тітіркендіргіштердің әсерін қабылдауға маманданған анатомиялық-физиологиялық аппарат.Сезгіш нервтердің ұштары әр сезім мүшесінің басты бӛлігі болып табылады, ол рецептор деп аталынады. Кӛз, құлақ тәрізді сезім мүшелері ондаған рецепторлық ұштықты біріктіреді. Тітіркендіргіштің рецепторға әсер етуі сезгіш (афференттік) нерв арқылы үлкен ми сыңары қыртысының белгілі бір бӛліміне баратын нервтік импульстің пайда болуына әкеледі. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адамның қажеттілігіне сәйкес келу-келмеуі нәтижесінде пайда болатын психикалық процестердің түрін эмоция деп атаймыз.

Біздің эмоцияларымыз сезімдеріміз бірнеше қызмет атқарады.

1) Ол реттегіштік қызмет атқарады. Ол кӛңіл-күй тұрақтылығы менмінез-құлығымызға бағыт беріп отырыды. Эмоцияның реттегіштікмеханизмдері эмоциялық қозуды бәсеңдетеді. Мысалы: сағыныш, торығу,қайғы адамның жан күйзелетін, олар тек психологияның күйініш туғызып ғанақоймай, жүйке ауруына душар етуі мүмкін. Сол сияқты қатты қуану, шаттану,бұлшық ет қимылдары, күлкі саз арқылы сыртқа шығып босаңсымаса қауіптіболады.Эмоция шегіне жеткен кезде оның күші кӛз жасы, бет, тыныс жолдарыбұлшық еттің жиырылуы тәрізді «залалсыз процестер арқылы әлсірейді»

2)Эмоция мен сезімнің қорғағыштық қызметі: адамда шынайы немесежорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты.Қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандырады. «Қорықпайтынадам – ақымақ» деп Б. Момышұлы бекер айтпаған.

3)Эмоция мен сезімдердің ынталандырушы қызметі. Адамның ӛзбойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға,кедергілерді жеңуге бағытталатын рухани батылдықты туғызады.

4)Эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жандынысанға ықпал, әсер етуімен байланысты. Мысалы: адамдардың сӛйлеуі,айқайлауы, түртуі, басын изеуі, кӛзін қысуы. Мимика және пантомимика, денебұлшық еттерінің қимылы, иығын керуі, қолын сермеуі т.б.