Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.93 Кб
Скачать

35.Ес процесі.Естің түрлері және оның ерекшеліктерін көрсетіңіз

Ес–адамның болмыспен өткендегі өзара ықпалдасты қарым-қатынасының психикалық бейнесі, оның тіршілігіне қажет ақпараттық қор.Ақпаратты сақтау қабілеті және оны іріктеп, таңдаумен қажетті іс-әрекетке қосып баруы, әрекет-қылықты реттеу үшін пайдалануы – тек өкілің қоршаған ортамен байланысын қамсыздандырушы мидың негізгі қасиеті. Ес арқылы өмір тәжірибесі бірігеді, адамзат мұдениеті мен жеке бас тіршілігі үздіксіз дамиды. Ес негізінде адам бүгінгісін бағдарлап, келешегін болжастырады.Есті интелекттік және тұлғалық жүйешелер ретінде белгілі құрылымға ие қызмет, үдеріс, психикалық болмыс деп сипаттауға бо-лады. Ежелден қалыптасқан ғылыми көзқарастар бойынша ес, бір тараптан – психикалық қызмет (функция), ал, екіншіден – үдеріс (процесс) ретінде қарастырылып жүр.Естің психикалыққызметі, яғни қандай да мнемикалық (лат. mnema – ес) нәтиже беруге қатысуы, оның психикалық болмысы (реальность). Бұл жағдайда назарға ес тиімділігінің нәтижелілік тарапы алынады.Естиімділігі– бұл мнемикалық іс-әрекеттің өнімділігі, сапасы және сенімділігіМнемикалықіс-әрекеттіңөнімділігі–бұл есте қалдырылған және қайта жаңғыртылған материалдың саны (ес көлемі), есте қалдыру мен қайта жаңғырту шапшаңдығы. Мнемикалықіс–әрекеттіңсапасы– есте қалдырылған мен жаңғыртылғанның дәлдігі.Мнемикалықіс–әрекеттіңсенімділігі – (валидность): ес беріктігі, жылдам әрі дәл есте қалдыру және жаңғырту ықтималдығы.Ес нәтижесі оның үдерістік табиғатының (процессуальная сторона) салдары.Еспсихикалықүдерісретінде мнемикалық әрекеттерімен, мнемикалық амалдарымен, есте қалдыру және қайта жаңғырту және т.б. кезеңдерімен сипатталады. Ес үдерісінің жалпы мнемикалық мазмұнын суреттеп, баяндау үшін бесүдерістүрінескеру қажет. Олар: есте қалдыру, есте сақтау, ұмыту, тану және қайта жаңғырту.Естеқалдыру–бұл санаға жаңадан түсіп жатқан ақпаратты ұйымдастыру (рәміздей, бекіту, «меншіктеу»). Есте қалдыру шартты түрде екіге бөлінеді: ақпараттың өзін тікелей жадтарәміздеп (коди-ровать) бекіту және ақпараттан алған әсерді ғана естеқалдыру (запе-чатление).Естесақтау–есте қалдырылған ақпаратты белсенді не енжар (ырықты не ырықсыз) қайта өңдеп, меншікті ақпаратқа айналдыру (трансформация).Ұмыту–сақтауға кері үдеріс, есте қалдырылған материалды қайта жаңғырту не тану мүмкіндіктерінің кемеюі.Қайтажаңғырту–бұрын есте қалдырылған материалды тіктеу (реконструкция). Қайта жаңғырту үдерісі «тіл ұшына келтіру» (припо-минание) және еске түсіру әрекеттерін де қамтиды.Қысқамерзімдіес–қабылдау аймағына түскен нысандар мен жағдайлар тобын бір көргеннен тікелей байқау және бекіту қызметін атқарады. Мұндай мерзімді естің қызмет бабы 30 секундтық, қабылдау көлемі - 5-7 нысан.Нақтыіс-әрекеттікес – қажетті әрі мезеттік іс-әрекет нәтижесіне жету үшін ғана жасалған ақпаратты іріктеп сақтау және іске асыру жұмысына бағытталады. Бұл ес үдерісінің жалғастығы орындалатын іс-әрекетке жұмсалған уақыт мөлшерімен сипатталады.Ұзақмерзімдіес–аса жоғары маңыздылыққа ие болған ақпаратты түбегейлі не ауқымды уақыт жадта сақтау қызметімен байланысты.Сенсорлы(сезімдік)ес–сезімдік ықпалдарды тікелей байқау, яғни нысанның сезімдік әсерін көрнекі бейне түрінде анық әрі толықтай қабылдап, өте қысқа уақыт аралығында сақтап тұру (0,25сек.).Іс-әрекет субъекті ақпаратты түрлі сезім ағзаларының: көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипай сезу – арқасында қабылдайды.Осыған орай көруесі,естуесі,иіссезуесі,сипайсезуесіжәне дәмсезуесіажыралады.