Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.93 Кб
Скачать

32.Психология әдістерінің жіктелу моделін құрастырыңыз

Психологияда теориялык денгей әдістері. Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айкындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қортындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект тұпнұсқа болады да екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша тұпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі тұпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе тұпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен тұпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын тұпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен жинақтау әр түрлі формалары қолданылады. Модельдің физикалық табиғаты тұпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болу керек (тұпнұсқаның толық көшірмесі болған модель, модель бола алмайды). Модельдің тұпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында модельге де, тұпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде тұпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру жөне оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады. Модельдеу логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Модельдің түрін таңдау таным зерттеу объектісінің күрделілігіне байланысты.

33.Қызықты психология тақырыбында қорытынды жасаңыз

34.Адам мінезінің психологиялық ерекшеліктері деген тақырыпка эссе жазыңыз

Мінез – тұлғаның әлеуметтік қалыптасқан әрекет-қылығының жөн-жобасы; бекіген, өзгеріске келмейтін жекеленген қылықтар ерекшелігі. Осыдан да бір адам екіншіге ұқсамайды. Дегенмен, мінездің бір беткей-лігін мойындай отырып, әрқилы өмір жағдайларында бір адамның өзінде де түрлі, тіпті бір-біріне қайшы келетін мінез сапалары көрініс беретінін есте ұстағанымыз жөн.Мінез және оның әрқилы қырларының қалыптасуында қоршаған ортаның сындарлы талаптары, адамның өмір жолында кезігетін аса қажетті жағдайлар өте маңызды рөл атқарады. Мұндай ықпалды жағдаяттар, әсіресе, адамға оның балалық және жас өспірімдік шақтарында күшті әсер жасап, нақты мінез бітімін қамтамасыз етеді. Алайда, мінез тұлғаның дүниетаным, өмірлік бағыт-бағдарымен байланысты болатындықтан, ол ересек шақта да белгілі мақсатты бағдарда жедел күйде қалыптасып, өрістеп баруы мүмкін.У.Э.Фремипсихологиясында адам мінезі мәнін оның тіршілік бағыт-бағдары анықтайды, осыған орай адам төңірегіндегі дүниемен қарым-қатынасқа түседі.О.Ранке типологиясында адам мінезі (орташа адам, жүйкесі шалдыққан (невротик) адам, шығармашыл адам) ерік тұрғысынан даму генезисіне байланысты қарастырылады; ал А.Лоуэнтипологиясында мінез типтері «Мен»-бейне ерекшеліктеріне байланыстырыла зерттеледі (жағымпаз (мазохист), шарбая (истерик), махаббатшыл (нарциссичес-кий), делқұлы (есуас - шизоид) типтер).Сонымен,минезбұлтекөкілініңөмірлікжоспарыменшарттасқантұрақтыдажалпыланғанәрекет-қылықтарыныңжүйесі.Мінез – тек өкілі психикасы ерекшеліктерінің бекіген бағдарлы әрекеттік болмысы. Мінезде әрбір адамның әлеуметтік ортақ және даралықты, жеке өзіне тән сапа-қасиеттері бекиді, оның әлеуметтенуі мен тәрбиесінен қаланған сапалар көрініс береді. Бір мінез бітістері жетекшілік деңгейде көрініп, тұлғаның мінездік кейпін танытады. Ал өзгелері екінші дәрежелі болуы мүмкін. Мінездегі мәнді сапа – бұл психикалық бітістердің өзара сәйкес келуі, яғни тұтастығы, тұрақтылығы, тепе-теңдігі.