Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.93 Кб
Скачать

24.Ойлау, оның түрлері ерекшеліктері

Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс– қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сӛз арқылы бейнеленуіОй тәсілдері: анализ, синтез, абстракциялау, нақтылау, жалпылау, жүйелеу, топтастыру, салыстыру. Анализ деп – бүтінді бӛлшектеп, майдалау, мүшелеу, белгілерге бӛліп қарау. Синтез деп ой арқылы бүтіннің белшектерін біріктіріп, оны бүтінге айналдыруды айтады.Салыстыру. Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау. Топтау салыстырудан барып шығатын күрделірек операция. Басты және қосалқы ұқсас белгілері негізінде заттар топтастырылады. Абстракция -шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бӛліп алуды дейдіНақтылау - абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіруЖалпылау дегеніміз бір текті заттардың, құбылыстардың ортаққасиеттерін оймен біріктіру. Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қорытындысы. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы. Пікір - бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда кӛрінетін ойлаудың формасы. Пікір ақиқат және жалған болып бӛлінеді. Ой қорытындысының үш түрі болады: дедукциялық, индукциялық, және аналогиялық ой қорытындысы деп аталады. Индукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Дедукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.ой.

25- Тұлға мотивациясының сферасы. А.Маслоу концециясы.Мотивация психология ғылымында жеке бастың мінез-құлқы, іс-әрекеті мен белсенділігін реттейтін фактор ретінде қарастырылады. Ал жеке тұлғаның іс-әрекеттің қандайына болсын мотивациялық ерекшеліктерін ескермей әлеуметтік психологиялық тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер мен заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек. Қазіргі кездегі психология ғылымы мотив, мотивация ұғымдарына әр түрлі анықтамалар береді. Сондықтан бұл ұғымдарды бірегей анықтау белгілі ғылыми мәселе болып табылады. Біз мотивті іс-әрекетті оятушы күш және ол белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады; мотив ретінде жеке тұлғаның қызығушылықтары, әлеуметтік құрылымдар, құндылықтар, идеалдар әсері алынады деген пікірді ұстанамыз. Мотивтің мотивациядан айырмашылығы, мотив – субъектінің тұрақты, жеке басына тән қасиеті және белгілі бір іс-әрекет жасаудағы ішкі оятқыш күші болып табылады Мотивтер, қажеттіліктер және мақсаттар – адамның мотивациялық сферасын құрайтын негізгі элементтер.

 Адам мотивацияның тоғысу шегі және табиғатын зерттеу мәселесі бірнеше рет өзгеріске ұшырады, бірақ философиялық екі ағым: рационализм мен иррационализм арасында өзгеріссіз қалды. Рационалистік позиция тұрғысынан қарағанда адам мінезінің мотивациялық бастауы оның ақыл-ойында, санасында, ерік-жігерінде жатыр. Ал иррационалдық пікір бойынша жануар адамға қарағанда санасыз, органикалық қажеттіліктерді ғана қалайтын қараңғы, биологиялық күштермен ғана басқарылады. ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап тек адамға ғана қатысты мотивация концепциялары бөлініп шыға бастады. Алғашқы осындай концепциялардың бірін К. Левин ұсынды. Ізінше гуманистік психология өкілдері А. Маслоу, Г. Олпорт, К. Роджерс мотивация ұғымын анықтайтын өз еңбектерін жарыққа шығарды. А. Маслоу адам қажеттіліктерін иерархиялық тұрғыдан қарастыра отырып, қажеттіліктердің индивидуальді даму үрдісінде пайда болатынын атап көрсетті. Мотивация категориясына қазіргі кездегі психологиялық көзқарас тұрғысынан қарасақ, ол жеке тұлғаның тұрақты мотивтерінің жиынтығы және сол жеке тұлғаның бағыттылығын көрсететін белгілі иерархиясы бар мотивациялық аймақ болып табылады.

А.Маслоудың мотивация теориясы.  

        1943 жылы Psychological Review журналында Абрахама Маслоудың «Адам мотивациясының теориясы» деген мақаласы шықты.  Бұның негізгі ойы адам қажеттіліктері. Қажеттіліктер пирамидасы — адамның қажеттіліктерін сипаттайтын иерархиялық моделдің жалпы атауы, 1943 ж. "Psychological Review" журналында басылып шыққан "Адамның мотивациясыеың теориясы" ("A Theory of Human Motivation") ] мақаласында алғашқы рет қажеттілік иерархиясын бейнелеген.

Толығырақ оның ой тұжырымдары 1954 жылғы "Құлшыныс пен Тұлға" (Motivation and Personality) атты кітапта берілген. Маслоудың өзі иерархилық қатарға коймай 5 деңгейлік қажеттілік атап көрсетеді :

Физиологиялық: аштық, шөл, жыныстық қатынасқа талпыныс және т.б.

Қауіпсіздік: өмір сүруге қауіпсіздік, комфорт, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы.

Әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және өзіне көңіл бөлу, бірге жұмыс істеу.

Абыройлық: өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу.

Рухани: тану, өзін орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін өзі тану.

Одан толығырақ санатталған иерархия да бар. Жүйеде жеті деңгейлі (приоритеттер) қажеттілік бар:

Физиологиялық (ең төменгі)

Қауіпсіздік

Махаббат/бір нәрсеге тиеселілік

Құрмет

Білім алу

Эстетикалық

Өзінің маңызын түсіну

Әр деңгей іске асқанда, келесі деңгей маңызға ие болады. Бірақ бұл алдыңғы қажеттілік маңызын жоғалтты дегенді білдірмейді. Сонымен қатар әр деңгей тұрақты приоритеті, орны болмайды пирамидаға сәйкес, яғни әр адамға әр қандай қажеттілік маңыздылығы әр түрлі.

26-Қабылдаудың әр түрлеріне салыстырмалы сипаттама.

Қабылдау - сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінен туған заттың тұтас бейнесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне мидың аналитикалы және синтетикалы қызметі жатады. Өйткені сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге анализ жасамасақ, оның ерекшеліктерін толық анықтай аламыз. Толық анықтау үшін анализденген затты синтездеу керек. Қабылдау процессінде бірнеше анализатор қызмет етеді. Кез келген жаңа затты қабылдау бұрыннан бар тәжірибеге және білім негізінде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процессінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың кейбіреулері жанданып отырады. Қабылдағанда адам миындағы болып жатқан процесстерді физиологиялық негіз деп атайды. Қабылдаудың түрлері түйсіктің түрлеріне ұқсас болып келеді. Негізгі 3 түрі бар: кеңестік қабылдау, уақыт, қозғалыс.

Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістік қабылдау кеңестіктің обьективті көрінісінің бейнеленуін, бейнесін, қабылдау болып табылады. Олардың формасын, көлемін, өзара орналасуын, қашықтығын туралы ақпарат береді. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады.

Уақытты қабылдау – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан, екінші қалыпқа көшіп, ескі заттардың өшіп жаңа заттардың оның орнын басып отыратынын айтамыз. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды. Уақыт - өткен шақ, осы шақ, келер шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін, ертең. Адамдардың адамды қабылдауы адам өмірінде үлкен роль атқарады. Адамның бет әлпетіне сүйене отырып оның қоршаған ортаға, оқиғаға қатынасы қандай екендігін айтуға болады.Уақытты қабылдау ұзақтығы адамның іс-әрекетінің мазмұнына тәуелді болады. Қызықты маңызды іске толы уақыт зымырап тез өтеді. Егер қызықсыз болса, уақыт өтпей қалады.

Қозғалысты қабылдау – обьектілердің кеңістіктегі орны мен қалпының өзгеруін белгілеу. Обьект қозғалысы параметрлері – жылдамдық, үдеу, бағыт. Адам обьекттердің орын ауыстыру туралы мағлұматты екі жолмен алады: 1) орын ауыстыру немесе қозғалысты тікелей көру арқылы қабылдау.2) белгілі бір уақытты басқа орында болған обьектінің қозғалысы жөнінде ой қорытындысы негізінде болады.

27-Темперамент типтері.

Темперамент ---адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. 

Холерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді, Күйгелек. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп,күші таусылғанда оны тастап кете береді.Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз,агрессивті,шамданғыш болып келеді.Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады.Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия,белсенділік, құштарлық,инициативтік.Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы,қаталдық,қатаңдық,шамдану,ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі.Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холериктіанық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады.Тақтада жауап бергенде , кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады,өте жылдам жауап береді.Ондайлар тез істеуге,үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады.Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.

Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Мысалы,2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.

Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды. 3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.

Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады

28- Ерік түсінігі, ерік әрекеті, ерікті реттеуге сипаттама.

Ерік — адамның өз мінез-кұлкын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе,— мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің, жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл — адамнын бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардық өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларынын өзгеруі мен тұр-сипатын білдіреді.

   Әрбір жеке адамнық ерікті іс-әрекеттерінін өзіндік синаты бар. Бұл сипат қоғамдық манызды жұмыстарды орындау үшін мәні аз іс-әрекеттерді соған бағындырып, өзінін жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік — адамның қарқынды іс-әрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамнын мінез-құлқы .мен әрқилы істерді орындауға ұмтылуы маңызы зор, мақсатты істерді орындауға бағытталады. Адам еркінін, көрінісі оның саналы түрдегі іс-әрекетінен байқалады. Қиын қыстау жағдайлардан жол тауып шығуға жетелейді, соны жүзеге асыруға қажетті құрал табады.

   Тарихта болған белгілі адамдардың өмір жолына назар аударсақ, олардың алға қойған мақсаттарын орындау үшін орасан зор күш жұмсап, рухтанып, қиыншылықты ерікті істерімен жеңіп шыққанын көреміз. Бұған мысал ретінде «Шығыстың, қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүктің Ұлы Отан соғысындағы ерлігін айтуға болады, Ел басына күн туған шақта туған жерге деген сүйіспеншілік осынау нәп-нәзік қазақ қыздарының бойына күш-жігер, рух берді. Олар ерлік пен батылдықтың"өшпес үлгісін көрсетіп, Отан үшін жанын пида етті. Бұл да — адам еркінің бір көрінісі. 

Еріктік әрекеттер.

Адамның еркі алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет қылықтардан кӛрініп отырады. Бірақ жүру, кӛбейту кестесі кӛлеміндегі ауызша есеп, жақын, туыс адамдармен сӛйлесу тағы сол сияқтылар ерікті қажет ететі әрекеттерге жатпайды. Еріктік әрекеттер максаттың және сол сиякты, оларды орындау барысында кездесетін кедергілердің, қиындықтардың болуымен сипатталады.

Еріктік әрекеттер қарапайым және күрделі болып бӛлінеді. Қарапайымы мақсат қою және орындау деген буыннан тұрады. Оларда бір буыннан соң екінші буын аралық буынсыз келіп отырады. Күрделі еріктік әрекетте мақсатты аңғару, жоспарлау және орындау деген үш буыннан тұрады.

Мақсатты аңғару. Адам мінез-құлқының стимулдары сан алуан. Мұндайлар: ашығу, шӛліркеу сияқты физиологиялық қажеттіліктер, ауа жұту, дем алу, ұйықтау қажеттіліктері, басқалармен араласу, білімге, кӛңіл кӛтеруге құмарлық тәрізді қажеттіліктер бола алады. Қажеттіліктің арта түсуіне қарай құштарлық тілекке – айналады. Бір нәрсені тілеу дегеніміз – не мазалайтынын, қандай мұқтаждық бар және оны қалай қанағаттандыруға болатынын білдіру. Тілек дегеніміз - мұрат түрінде ӛмір сүретін қажеттілік мазмұны. Қажеттілікке сай мақсатты аңғарған адам бір шешімге келеді.

Жоспарлау. Күрделі ерік әрекетінде шешім қабылдаудан соң қойылған міндетке жету жолдарын жоспарлау басталады.

Орындау. Жол мен тәсілдер белгіленіп болысымен, адам қабылданған шешімдерді жүзеге асыруға кіріседі. Белгіленген мақсаттың жүзеге асуы кедергілерді игерумен ұштаса жүреді. Оларды зат, материалдық процестер, адам, уақыт, кеңістік туғызады. Сол сияқты, шаршау, ауру, білімнің, дағдының аздығы тәрізді кедергілер де болуы мүмкін.

Еріктік әрекет азды-кӛпті қиналу жағдайында ӛтеді. Осындай жағдайд ерік күші кӛрініс береді. Ол мақсатты орындауға немесе одан бас тартуғажұмсалған қуат кӛлемімен сипатталады. Мысалы, бір оқушы үшін математикадан үйге берілген тапсырманы орындауға үлкен күш жұмсамауы мүмкін, ал екінші оқушыға тапсырманы орындау үшін біраз еңбектеніп, «терлеуге» тура келеді. Ерік күшінің мықтылығы темперамент типіне де байланысты. Холерик, сангвиниктер үлкен шиеленісті жағдайда да тӛзе білсе, меланхоликтердемұндай ерекшеліктер шамалы. Ерік күші қиыншылықтардың, ауыртпалықтардың пайда болуы жәнеартуына қарай туып, күшейіп, отырады. Бірақ кейде адамға әрекетті бастау қиын. Ол күдіктен арыла алмайды. Мұндай жағдайда белгілі бір сигналды қолданудың пайдасы тиеді. Мәселен, спортшы жарыс бәсекесін үшке дейін санап, қолын кӛтеріп, ӛзіне ӛзі бұйрық бергеннен кейін бастайды. Ерік күшін реттеу іштей немесе дауыстап сӛйлеп қостау кӛмегімен жүзеге асырылады. Адам ӛзіне ӛзі кеңес береді, бұйырып, мадақтайды, колдайды. «Батылдау бол», «Жасқанба» деген сӛздерді қолданады. Оларды адам ӛзіне ӛзі өте қиын минуттарда, жағдай әбден шиеленіскен кезде айтады.

Ерікті реттеу пайда болу үшін белгілі бір шарттар болуы тиім. Ең біріншеі кедергілер болуы керек. Адам мақсатқа жету жолында қиындықтардың келіспеу, кездееспейтін жағдайда ғана ерік көрінеді. Сыртқы және ішкі кедергі болып 2 бөлінеді. Сыртқы кедергіге: уақыт, кеңістік, заттардың физ. Қасиеттері, өзге адамдар қарсы жасайтын қасиет. Ішкі кедергіге: адамның қатынасы мен бағдары енжарлығы, ықыластың жоқтығы, шаршауы, сыртқы күйі.

29 – Мнемотехникалар қолданатын.

Әр адамға белгілі бір мағлұматты есте сақтау керек, және бұл зандылық. Бірақ көп жағдайда, адам болған жайттарды немесе керек мағлұматтарды ұмытып та кетеді. Осы жерде біз мнемотехника жайлы айта аламыз. Мнемотехника немесе мнемоника да деп айтады, бұл -  табиғи ассоциациялар жасау көмегімен есте сақтауды қамтамасыз ететін, жасанды түсініктер арқылы қажетті мәліметтерді еске сақтауды жеңілдететін ережелер мен тәсілдер жиынтығы. Бұл оңай көрінуі мүмкін, бірақ өз есте сақтай қабілетінді жақсарту үшін, аянбай тер төгіп жаттығулар жасау қажет.

Алдымен мнемотехника кімге кере немесе не үшін керек деген сұраққа жауап көрейік. Ең бірінші ол біздің өмірімізге қажет. Жоғарыда атап өткендей , әр адам өмір бойы белгілі бір мағлұматтарды есте сақтап келеді. Белгілі бір уақытта ол мағлумат керек кезінде, сарт етіп еске түсіреді. Біз қазіргі күндері мағлұматтарды ұялы телефонға немесе планшетке жазып алуға үйреніп кеттік. Бірақ бұл үлкен қателік. Арнайы құрылғыға жазып отырғанша, жылдам есте сақтау керек. Сонда өмір бойы бұл мағлұмат естен кетпейді. Және өшіп қалу мүмкіндігі жоқ болады.

Келесі ол көркемсөз шеберлеріне қажет. Бұл адамдар міндетті түрде мнемотехниканы оқып, үйренеді. Өйткені олардың барлық негізгі күштері осы мағлұматты есте сақтап, қайта шығаруда.

Және де келесі категория иелері, ол студенттер мен оқушылар. Ең негізгі мәселе осы сияқты. Себебі мектеп кезіндегі, және университет табалдырығында алған білім ол сенімен өмір бойы қалатын қазына. Мнемотехника оқушылар мен студенттерге өте қажет, тіпті эмтихан жазу үстінде ,осы мнемотехника арқылы озып шығуға болады. Және эмтиханға дайындық уақытын да азайтады.

Және осы категорияға жақын өкілдер, мұғалімдер. Әрине, мұғалімдерге де белгілі мағлұмат, дәрістерді есте сақтау керек. Егер мұғалім, даптерден не болмаса қағаздан дәріс оқып тұрса, ол мұғалімге абырой әкелмейді.

Сонымен қатар мнемотехника кәсіпкерлерге қажет. Маңызды адамдар мен кездесулерді есте сақтау қажеттілігі туындайды. Ал жалпы алғанда, мнемотехника барлық жағдайға және әркімге керек. Тіпті, денсаулық үшін де естің өз әсері бар. Егер дене мүшесі ұзақ күн бойы оралып, немесе гипстеніп жатса, ол өзінің қозғалу функциясын бірнеше уақытқа ұмытып қалады. Тура солай ес те, оны жаттықтырып , жұмыс істетіп отырса, ұзақ жылдарға тіпті қартайған кезде де жақсы есте сақтау қабілетініз болады. Вольтердің өзі айтқандай : «Ес – муза анасы». Егер кезінде ойшылдардың, жаңалық ашқан ғалымдардың естерінде мағлұмат қалмаған болса онда қалай ғана жаңалық ашар еді? Минделеевтің өзі түсінде көрген кестені, еске түсіріп салуы қазіргі күні өз маңыздылығына ие.

Мнемотехниканың өзінің түрлері мен әдістері өте көп десек те болады. Негізгі тәсілдеріне: 1) Рифмизаци 2) Есте сақтау керек мағлұматтардың бастапқы әріптерінен мағыналық ортақ сөз шығару 3) Ерекше ассоциациялар арқылы мағлұматты есте сақтау4) Цицеронның тәсілі5) Айвазовский тәсілі 6) Сандарды есте сақтау тәсілі : а) заңдылық б) таныс заттар

Енді бірнеше мнемотехника тәсілдеріне тоқталып кетсек. Ең бірінше « алқа-цепочка» тәсілі. Бейнелер бір-бірімен ассоциациясы жұптана бейнеленеді. Мөлшері де бірдей. Егер бір образбен екінші образды қосып елестетсек, бірінші образ екіншісіне назар аудартады. Сонда барлық бейнелер бір-бірімен моншақтай қосылып сізге толық бір мәлімет бейнелерін сақтап, кейін жаңғырту арқылы оны көре аласыз.

Келесі тәсіл және мен үшін ең қолайлы тәсілдердің бірі, ол – «шартты белгілер-символизация » тәсілі. Бұл тәсіл кәдімгі қарапайым мағлұмат пен мүлде түсіндіріп айту мүмкін емес заттарды есте сақтаумен ерекшеленеді. Бізді қоршап тұраған символдар өте көп. Тіпті қазіргі күні үйреншікті сиволдар да бар. Мысалы, татулық белгісі – кептер, өлім белгісі – бас сүйек немесе орысша оны «череп» деп атайды. Ал ақырын жүру белгісі – тасбақа деп, билік белгісі – тәж екені бәрімізге мәлім. Және біз мағлұматты немесе бейнені кодтай аламыз. Мысалы мен, суық дегенді – мұзбен кодтаймын, ал жазды – күнмен. Және де сөзді есте сақтау үшін сол сөзге ұқсас сөзді де еске аламын. Оған мысалы, күнді үнменмен, үкіні екімен дегендей. Бұл символизация әдісі ең қолайлы әдіс, себебі тіпті қиын сөздерді де түрлі ассоциация арқылы есте сақтай аламыз.

Енді мнемотехникалық мағлұмат түрлері жайлы айтатын болсақ , ол негізгі 3 түрге бөлінеді. Олар: сөйлеу (жазбаша, ауызша), образды және нақты мағлұмат. Образды мағлұматтарға адамның өзінің елестетуі бойынша қалған мағлұматтар, ал сөйлеу мағлұматтарына барлық ауызша айтылған немесе жазбаша сөздер жатса нақтыға есте 100 % сақталу керек мағлұмат, ол телефон номері, күн датасы және де сол сияқты нақты мағлұмат. Мен үшін ең қиын есте сақтау мағлұматы болып, нақты мағлұматтар. Сандарды немесе телефон номерін есте сақтау үлкен қиындық туғызады. Бірақ ең қызықтысы бір есте сақталғын нақты мағлұмат, ұзақ жылдарға немесе өмір бойына сақталып тұрады. Мен үшін дәл солай. Ал нақты мағлұматтарды мен образды және сөйлеу мағлұматтарына қарағанда оны елестете алмаймын, тек нақты қайталау арқылы ғана есте сақталады. Және кейін ұзақ уақыттан кейін жаңғырту кезінде оңай еске келеді. Ал ең қолайлысы болып, образды мағлұматтар. Себебі мен үшін ең таптырмас тәсіл ол, айтылған барлық мағлұматты белгілі бір образ, суреттермен бірге сақтау. Мысалы , маған белгілі бір телефон маркасын есте сақтау үшін мен оны өзімнің қолымда немесе белгілі бір адамның қолында, сөйлеп тұрған күйі есте асқтаймын. Немесе бір мейрамдарда жаңа адаммен танысу барысында, оның қандай кийімді болғанфң және қай жерде болғаның тек естегі сурет, образ арқылы есте сақтаймын. Мен үшін белгілі бір бейнені, образды 20-30 секунд көз алдымда келтіріп, көбінесе қимыл сипатындағы құдды бір видео секілді есте сақтау қолайлы.

Енді тағы бір қызықты мысал келтіретін болсақ. Сіздің 7 күннен кейін бір жерге баруыңыз қажет, және сол жерге белгілі бір зат алып бару қажет. Мысалға ол шоколад болсын. Сіз ойша өзіңіздің не киіп алғаныңызды, және сол жерде тұрмын деп елестету қажет. Кейін сол адамның үйі толығымен шоколад толып тұр делік, кейін сіз сол жерде тұрғаныңызда сап етіп бұрыңғы шоколад есіңізге түседі. Бұл жалпы менің қарапайым мысалым. Негізінен мағлұматтарды, жайттарды образды есте сақтау мен үшін ең тимді тәсіл деп есптеймін.

Айтып кететін тағы бір мәселе ол зейін, назар, ықылас. С.Джонсонның айтқанындай : « Тек зейінді болған ғана, мағлұматты есте сақтай алады». Менің оймша бұл рас әрі жөн айтлған сөз. Себебі қаншалықты сен мәліметті еске сақтауды тырыссаң да, егер зейін қойып сол мәліметті тыңдап, еске сақтамасаң барлығы бекер болуы да мүмкін.

30 – Мінез туралы түсінік, мінез құрылымы.

Мiнез жеке адамның өзiне тəн қылық əрекетiнде, тiл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшелiктерiнiң жиынтығы. Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар əртүрлi жағдайларды көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды əрекеттерi мен қылықтарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер жəне түзетулер ендiруге болады. Мiнездi адамның қандай əрекетке келетiнiн жаңылмай, дəл айтуға болады. Адамды сипаттағанда алдымен мінезін ескереді. Егерде қасында жақсы мінезді адам болса, өз басында үлкен жеңілдікті сезесің.

А.С. Макаренконың айтуынша “адамның жаман мінезі басқаларға тікенектей қадалып, жаралса, оның өзін де шөңге кіріп кеткендей сыздатып, қинайды деген болатын. Күнделікті өмірде адам мінезінің қарама-қарсы бітістері көрініс береді: қайырымды – сараң, батыл солқылдақ, жүректі – қорқақ, еңбекқор – жалқау, табанды -тұрақсыз т.б. Психологиялық әдебиетте мінезді характер деп атайды. Бұл гректің сөзі, аудара келгенде баспаға басу, суреттеу, мәнерлеу деген мағынада. Шынында да қоғам тәрбие арқылы адамның мінезін баспаға басқандай қылып, керекті көрінісін жасайды. Мінез дегеніміз адамның іс-әрекетінде пайдаланатын амал-тәсілдерінен көрінетін оның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Мінез адамның өзіне үйреншікті жағдайларда жасалатын мінез-құлқының бағдарламасы іспеттес. Ол өмірлік әсерлердің күрделі жиынтығының бейнесі бола отырып, жеке адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасы ретінде қалыптасады.

Мінездің құрылымы.

Мінез – бір-бірімен қатынас байланысы бар адамдардың қасиетінің жүйесі, тұтас құрылым болып табылады.

Мінез құрылымындағы сенім. Қалыпқа түскен, адамгершілігі айқындала бастаған мінездің негізгі компонентіне сенімділік жүйесі кіреді. Сенімділік адам мінез-құлқының принциптілігімен, күресте бас имейтіндігімен анықталады.

Мінез құрылымындағы қажеттілік пен мүдде. Қажеттілік пен мүдденің басымдылығына қарай адамның ӛзіндік мінезі қалыптасады. Қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында біреу тек құлқыны үшін ӛмір сүреді, енді біреу ӛмір сүру үшін тамақ ішеді. Дүниеқор адамдар да болады, олар тек дүние жинау үшін ғана ӛмір сүреді, бұл олардың рухани, адамгершілік дүниесін жұрдай етеді: топтастықты, сараңдықты, күншілдікті арттырады. Мінез құрылымында еңбек ету қажеттілігінің, қоғамдық мүдденің басым болуы - адам мінезінің белсенділігі мен тұтастығын және қоғамға пайдалылығын кӛрсетеді.

Мінез құрылымындағы интеллект. Адамда байқағыш, жазбай танитын қасиеттің болу-болмауы, ӛзгермелі ортаны тез бағдарлауға мүмкіндік беретін орамды ақылдың немесе оған керісінше, оралымсыздық пен баяулықтың тән болуы, адамның құбылыстарды терең талдай алуы, не мәселеге үстірт қарауы - осының бәрі-бәрі жеке адамды сапа жағынан сипаттайды.

Мінез құрылымындағы ерік. Қалыпқа түскен ұнамды мінездің ӛзегі – жеке адамның ерік-жігерлілік сапасы болып табылады. Ерік-жігері күшті адам талап- тілектерінің және кылықтарының аныктылығымен, ӛз бетінше әрекет ете алушылығымен кӛзге түседі. Ол кӛздеген мақсатына жетуде табанды және батыл. Адамның жігерсіздігі, әдетте, мінездің ынжықтығымен орайлас келеді. Тіпті білімі мол, жан-жақты қабілетті адамның ӛзі де егер жігерсіз болса, сыртқы жағдайлардағы және ӛзінің ішкі жан дүниесіндегі бар мүмкіндіктерді толық жүзеге асыра алмайды. Ерік-жігердің бекуімен бірге мінез орнығады.

Мінез құрылымындағы сезім. Сезім дегеніміз - әлеуметтік және табиғи ӛмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Мінез туралы сӛз болғанда жеке адамның эмоциялық қасиеттеріне де назар аударылады. Бұлай ету орынды да адам ӛзін сезім арқылы да ашады.Адамның нені сүйіп, нені жек кӛретіндігі, қандай нәрсеге салғырт қарайтындыгы оның шын мәніндегі ӛмірлік позициясын білдіреді. Әлеуметтік ӛмір жағдайларына байланысты қалыптасқан мінез ерекшеліктеріне орай адам шынайы құрылыстарға жан-тәнімен құмарта немесе талдап селқос қарауы, жоғары дәрежедегі саяси моральдық, эстетикалық, интеллектік сезімге ие болуы немесе керісінше, жұпыны сезімді болып, ұстамсыздық, дӛрекілік, долылық (аффект) кӛрсетуі мүмкін.

Мінез құрылымындағы темперамент. Мінездің табиғи негізі – жоғары нерв қызметінің типтерін кӛрсететін темперамент болып табылады. Темперамент мінездегі байсалдылық немесе жаңғалақтық немесе сылбырлық тонусының кӛтеріңкі - тӛмендігі, үйірсектік немесе тұйықтық, жаңа жағдайға жаңа міндетке тез, не қиын бейімделу сияқты т.б. сипаттарды анықтайды.

Бірақ темпераменттер психикалық қасиеттердің басқа жақтарымен де байланысып жататындығын және бір жағының, осы қасиетке – темпераменттің кей кӛріністерін әлсіретіп, бүркемелейтіндігі, екінші жағынан, ӛмір талабына сәйкес оны күшейте алатынын, сондай-ақ бұрын қалыптасқан әлеуметтік бағдармен моральдық ұғым, әдеттерге де тәуелді болатынын есте ұстаған абзал.Қалыптасқан әдетпен дағды, мінез бітістері темпераментке әсер етеді. Мінез- құлықты ӛзгертеді. И.П.Павлов керенау флегматиктерден белсенді флегматиктерді ажыратқанда осы жағдайды ескерген болса керек. Бұл айтылғанның сангвинктерге де қатысы бар, бұлардың бірі істе белсенділік кӛрсетсе, екіншілері әбігер, бос сӛзді, той-даңазаға құмар келеді, флегматикпен сангвиниктердің, осы айтылғандардың мінез-құлықтары бәрінен бұрын олардың мінез бітістеріне тәуелді болып келеді.__

31.Тұлғаның дамуында адамдармен қарым-қатнас жасаудың түрлерін тұрмыстық психология тұрғысынан жазыңыз

Қоршағанортаныңжетекшілікролітеориясы бойынша – адамның психикалық дамуындағы шешуші жағдаят – бұл қоршаған орта. Бұл теорияны қолдаушылар психикалық дамудағы сапалық өзгерістерді жастық кезеңдермен байланыстырмай, олардың бәрі білім, ептілік және дағдылардың топталуынан деп түсіндіреді.Қазіргі заман ғылым деректері белгілі биологиялық жағдаяттардың адамның қандай да психикалық сапаларының қалыптасуын қиындататын не жеңілдететін шарттар ретінде қызмет ететінін айғақтайды.Генетикамен сыбайлас психология саласы – психогенетика–тек өкілінің әрекет-қылық ерекшеліктерінде көрінетін генотип пен орта жағдайларының өзара байланысын зерттейді.Тұлғааралық қатынастар дамуы бірнеше кезеңдерден өтеді: танысу, ашыналық, жолдастық және достық. Таныстық қоғамда қалыптасқан әлеуметтік –мәдени нормаларға сәйкес қалыптасады. Ашыналық қатынастар өзара байланысты бұдан былайда үзбеуге дайын тұрудан бо-лады. Жолдастық қатынас кезеңінде пікірлер жақындығы пайда болып, адамдар бір-біріне қолдау көрсетуді ниеттейді.Тұлғааралық қатынастар дамуы бірнеше кезеңдерден өтеді: танысу, ашыналық, жолдастық және достық. Таныстық қоғамда қалыптасқан әлеуметтік –мәдени нормаларға сәйкес қалыптасады. Ашыналық қатынастар өзара байланысты бұдан былайда үзбеуге дайын тұрудан бо-лады. Жолдастық қатынас кезеңінде пікірлер жақындығы пайда болып, адамдар бір-біріне қолдау көрсетуді ниеттейді.