Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.93 Кб
Скачать

1)Ойлау түсінігі. Ойлау мен сөйлеудің басланысын көрсетіңіз.

Г.Эббингауз ойлауға өзінше анықтама бере отырып, бұл процесс адамның тұрақты идеясы және құйын мен идеялык шабысы арасындағы құбылыс деп бағалады. Ойлау дегеніміз-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызды жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау үдерісі құбылыстарының арасында ерекше мәнге ие болғандары: 1) ойлау іс-әрекеттері – белгілі міндетті шешуге бағытталған ой әрекеттері мен амалдарының жүйесі. 2) ойлау амалдары: салыстыру, қорыту, бейнақтылау, топтастыру, жүйелестіру және нақтылау; 3) ойлау формалары: пікір, ұғым, түсінік;4) ойлау түрлері: тәжірибе-әрекеттік, көрнекі-бейнелі және теориялық –бейнақты; Мазмұны бойынша тәжірибелік, ғылыми, көркем өнер ойлау іс-әрекеттері ажыралады. Ой қорытындысы- бұл тарихи қалыптасқан ойлаудың логикалық түрі, ол арқылы бір немесе бірнеше белгілі пікірлерден жаңа пікір туады. Ой қорытындысы үшке бөлінеді: индукция, дедукция және ұқсастық (аналогия) Индукция дегеніміз- бірнеше жалқы немесе жеке пікірлерден бір жалпы пікір жасау. Дедукция- бұл жалпы пікірлерден, деректерден жеке пікірлерге,деректерге көшудің жалпы заңдылықтар мен ережелерді білу негізінде жекелеген деректер мен құбылыстарды пайымдаудың тәсілі. Аналогия-ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сойлеу — пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Тіл мен ойлау өзара байланысты. Дыбыстық тіл де, абстракты ойлау да адамға тән құбылыстар. Біріншіден, тіл де, ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де, ойлау да - қоғамдық құбылыстар. Адамның ойы арқылы тілдік бірліктер (сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) болмыспен (объективті дүниемен) байланысқа түседі. Сондықган да, біз: тіл – ойлаудың құралы, - дейміз. К.Маркс: "Тіл дегеніміз - ойдың тікелей шындығы" — деген болатын. Ой тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл - пікір алысу құралы, ойлаудың құралы, ойды жарыққа шығару құралы. Адам тіл арқылы ойлайды. Ұғым сөз арқылы жатталып калады. Ал сөз мазмұн мен форманың бірлігінен тұрады. Сөздің мазмұнын оның ұғымы мен мағынасы жасайды да, сөздің формасын оның дыбыстық құрамы туғызады. Ұғымның сөзбен (формамен) айтылуы қаншалықты міндетті болса, сөздердің дыбыстар тіркесімен жасалуы да соншалықты міндетті. Сөздерді бір-бірімен тіркестіріп қолдану арқылы ғана ойды білдіруге, пікір алысуға болады. Осы тұрғыдан алғанда, тағы да қайталап айтамыз: тіл - ойды айтып жеткізудің кұралы. Адам өз ойын сөйлеп, не жазып білдіреді. Кім айқын ойласа, ол айқын, түсінікті сөйлей алады. Болмаса, керісінше, кім айқын, анық сөйлей алса, ол анық, айқын ойлай алады. Бұған қарап, тіл мен ойлау тепе-тең, бірдей нәрсе деп ұғып қалуға болмайды. Неміс ғалымы В.Гумбольдт солай деп ұққан. Ол әр 41 түрлі тілдердің болуы әр түрлі ойлаудың нәтижесі, - деп есептеді. Бұл мүлде қате тұжырым болатын. "Тіл мен ойлау тепе-тең" деп қателесушілер сияқты, "тіл мен ойлаудың арасында ешқандай байланыс жоқ, олар бір-бірінен мүлде бөлек" деп, қате тұжырымдаушылар да жоқ емес. Мәселен, американдық ғалымдар Л.Блумфильд пен З.Харрис осылай дейді. Алдыңғы пікір қаншалықты қате болса, соңғы пікір де соншалықты қате. Сонымен, тіл мен ойлаудың арасына тепе-тендік белгісін қойып теңестіру де, ол екеуінің бірлігін жоққа шығарып, бірінен- бірін бөліп тастау да ешбір ғылыми негізі жоқ қате көзқарастар болып саналады. Тіл мен ойлау әрдайым бірлікте болады. Ойлау тілдегі сөздер мен сөйлемдердің негізінде іске асады, солар арқылы басқаларға белгілі болады.

2) Психология ғылымның салаларына талдау жасаңыз. Психология сан-салалы ғылым. Қазірде оның 40-қа жуық саласы бар.XIX ғасырдың екінші жартысына дейін психология философия ғылымының бір саласы болып келіп, жаратылыстану, медицина, әдебиеттану ғылымдарымен де сабақтасып, байланысып жатты. XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған, психологияның жеке ғылымға айналуына, оның табиғи біліммен бірлесуі себеп болды. Бұған психологияға эксперименттік әдістің (Г.Фехнер) енгізілуін де жатқызуға болады. Психологиялық ілімдердің табиғи-ғылыми теориясын рефлекторлық құрайды (И.М. Сеченов, И.П. Павлов, сондай-ақ ірі физиологтардың еңбектері: А.А. Ухтомский, Л.А. Орбели, П.К. Анохин, Н.И. Красногорский, К.М. Быков, НА. Бернштейн, И.С.Бериташвили). Психологияның педагогика ғылымымен де байланысы бар. Мұны кезінде орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский де ерекше атап кӛрсеткен еді.. Математика, биология, кибернетика, этика, эстетика, социология т.б. ғылымдардың соңғы жаңалықтары психологияға акеңінен еніп, оның жан- жақты дамуына әсер етіп отыр. Психология мен этика арасында тығыз байланыс бар. Этика адамның мінез-құлық нормаларын, адамгершілік принциптерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психологияның қай саласы болсада күнделікті ӛмірімізге қызмет етеді. Оларды тудырған қоғамның нақтылы талап-тілектері, ӛмірде болып жатқан ғылыми-техникалық прогрестің әсері.негізгілерін атап өтсек , Еңбек психологиясы – бұл тұлғаның белгілі мамандыққа сәйкес кәсіптік маңызды қасиеттерін, мамандық таңдап, еңбек әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру , шаршау, зорығу, демалу мәселелерінің психологиялық жақтарымен шұғылданады. Заң психологиясы – құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін, қылмыскерлер, айыптаушылар, куәләр психологиясын зертеумен айналысады Зоологиялық психология – жануарлардың психологиялық әрекеттерін қарастырады. Олардың психикасның даму сатысын, инстинктін, интеллектісін зерттейді. Салыстырмалы психология – адамдар мен жануарлардың психикасының айырмашылықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып зерттейді. Сонымен қатар ересек адамдар мен балалардың психологиясын бір-бірімен салыстырып, олардың ұқсастық, айырмашылықтарын ашады, Педагогикалық психология - оқу-тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, яғни оқушының оқу әрекетін миына қалайша тоқитындығын, адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді Медициналық психология - дәрігер мен аурулардың арасындағы қарым- қатынас, түрлі аурулардың психологиясын емдеу жолдарын және дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Әскери психологиясы – адамның соғыс жағдайындағы, ұрыс кезіндегі, әскери дәрежесі жоғарыларға сӛзсіз бағыну жағдайындағы психологиясымен, әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру және т.б. мәселелерді зерттейді Арнайы психология – адамның психикалық қызметінің әр түрлі формаларын, ми зақымы ауруымен, ақыл-есі кіресілі-шығасылы немесе психика дүниесінде жетімсіздіктері бар, жан - қуаттары бұзыла бастаған, психологиялық функцияларына зақым келген адамдардың ерекшеліктерін зерттейді. Психологияны бұл саласында бірнеше бағыт: олигофренопсихология - мидың туа біткен ақауы бар адамның психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау немесе естуі нашар, керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология – соқыр немесе нашар кӛретін адамдар психологиясын зерттейді. Адамның қалыптасу жолын және оның туысынан ӛсіп-жетілгенге дейінгі даму жолын қарастырады, Спорт психологиясы - спортшыларды баулу мен тәрбиелеудің негіздерін зерттеп, олардың іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық даму заңдылықтарын, әр түрлі психикалық процестердің (естің, ойлаудың, қиялдың, сезімнің) ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін зерттеп талдайды . Ӛнер психологиясы – қызметтің өнер туындыларын жасауға бағытталған психологиялық компоненттерін қарастырады. Әлеуметтік психология- әр түрлі әлеуметтік қауымдардың топтардың ұжымдардың психикалық кӛріністерін (олардың кӛңіл – күйін, қоғамдық пікірін, еліктеуін т.б.) топтар мен ұжымдағы адамдардың арасындағы ӛзара қарым-қатынас мәселелерімен айналысады. Басқару психологиясы – басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талап- тілектерін ескеру, басшының тұлғалық сапасы мен басқару стильдерін дұрыс қолдана білу мәселелерін шешеуге бағытталады.

3) Психология пәні туралы түсініктердің негізгі даму кезеңдерін талдаңыз. Адамның ішкі жан дүниесін, оның сырттай болмыспен өзара ықпалдастық байланыстарының жалпы заңдылықтарын зерттеумен ар­найы ғылым – психология (грек.-psiche, logos-ғылым) айналысады. Психология өз алдына ғыл рет 19 ғ 60 жж бөл шықты. 1879 ж Лейпцигте Вундт алғаш дүние жүзінде экспериментальды психологиялық лаборатория ашты. 18ғ психология терминін немс фил Христиан Вольф енгізді,псих ғылым ретінде нақты кезеңдерден тұрады. 1-кезең психология жан жөніндегі ғылым. (б.з.д.5ғ) Психологияға мұндай анықтама бұдан 2000 жылдай бұрын берілген. Ежелгі адамзат жан бар деген ұғыммен өзіне түсініксіз барша өмір құбылыстарын дәйектеуге тырысқан. көшбасы Аристотель.Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен,(медицина,әдебиет,жаратылыстану) әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. Психология ғыл тарихы біріне бірі қарсы (материализм, идеализм) екі бағыттың үздіксіз ой пікір тартысына толы,Мысалы, ертедег гр ойшылы Демокрит- сол кездің өзінде-ақ жанды оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет ,жанның мәңгі еместігін,оның өсіп,өшіп отыратындығын айтып,материалистік тұж жасаса, екінші ойшыл Платон-керісінше, жан-мәңгі өлмейді,өшпейді-д.тұж-ды. Ал орта ғас ойшылы Аль-Фараби дүние- материалдан құралады,жойылмайды,бір түрден екінші түрге көшіп,өзгере береді,жан денеден сырт өмір сүрмейді д.материалистік тұрғыдан қарастырса, батыс ойшылы Фома Аквинский жанның мәңгі өлмейтіндігі,оның денеден бөлек өмір суретіні жайлы пікірлерді айтады. II-кезең психология сана жөніндегі ғылым. XVII-ғасырда жараты­лыстану ғылымдарының өркендеуімен пайда болды. Адам өзінің ойлау, сезу және ниеттеу қабілеттерін сана категориясымен баламаластырған. Ал сананы зерттеудің негізгі әдісі адамның өзін өзі бақылап (интроспек­ция), одан алған деректерін баяндау болған. Декард-жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді-ол бойынша жануарлар-ғ жаны жоқ,олар-ң мінез-құлық,сыртқы ісерге рефлекс болып табылады. Д.Локк сенсуализмнің-ақыл-лй жүйесінде сезім мүшелері арқ өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын фил-ң бірі.Ғалым психикалық іс-ірекет механизмін ассоциациялардан,яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді. Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап,сана туралы ілімде іс жүзінде декарттық тұрғыда қалып қойды. III-кезең психология әрекет-қылық жөніндегі ғылым. XX ғасырда пайда болды. Психология бұл кезеңде өз міндетіне эксперимент жасап, тікелей нақты көруге мүмкін болғандарды ғана, яғни адамның мінез әрекеттерін, қылық-қимылдарын, сыртқы әсерге жауап қозғалыстарын зерттеуге алды, бірақ оларға себепші болған мотивтерді ескеруді қажет деп білмеді.1913 ж американ психД.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді.Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық-локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.Ғылым тек обьективті түрде байқауға болатын,яғни мінез-құлықты зерттеуі қажет.Зерттеу пәні өзгерді,сананың орнына мінез-құлық алынды,сөйтіп жаңа ғылыми тіл п.б. "сана,түйсік,қабылдау,ерік»дген терминдер жоққа шығарылды да, стимул (сыртқы орта қоздырғыш), реакция (организм-ң қозуға қайтаратын жауабы) ж-ә олар арасындағы байланыс(аасоциация,коннекция) негізгі псих ұғ айналды. IV-кезең психология шынайы заңдылықтарды, психика көріністері мен тетіктерін зерттеуші ғылым ретінде танылды. Психикалық бейнелеудің дұрыстығын мойындаудың принциптік маңызы зор, өйткені нақты осы қасиет ақиқатты танып- білуді, оның обьективті заңдылықтарын анықтауды және одан кейінгі жерде оларды адамның теориялық және практкалық қызметін қолдауды мүмкін етеді. Психика-қоғамдық –тарихи практикамен тексеріліп,құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі. Негізгі психологиялық теорияларға бихевиоризм,гештальтпсихология, іс-әрекет теориясы, гуманистік

4) Танымдық процестерді жалпы сипаттаңыз Танымдық үдерістер әрекет-қылықтың бағыт-бағдар негіздемесін қамтамасыз етеді және оның ақпараттық қорын қалыптастырады. Бей­нелеу нысанына орай олар бес түрге бөлінеді. 1. Сезімдік (сенсорлы) үдерістер болмыстық жеке қасиеттерін (физикалық, химиялық, т.б.) бейнелейді. Бұл үдерістердің психикалық нәтижесі түйсік деп аталады. Сенсорлы үдерістер түр ерекшелік­терімен бір қатар жалпы психикалық заңдылықтарға жүгінеді: олар сезімталдықтың жоғары және төмен, айырма (дифференциалды) табалдырықтарымен шектелген, адаптация (бейімделу), сенсибилиза­ция (сезімталдық), шұғыл айырма (контраст) және синестезия (қосарлы түйсік) заңдарына бағынады. 2. Қабылдау (перцептивті) үдерісі заттар мен құбылыстардың мәнді айырмашылық белгілерін саналы түсіну арқылы оларды біртұтас күйінде бейнелеу әрекеті. Бұл үдерістердің нәтижесін психологияда қабылдау деп атау қалыптасқан. Перцептивті үдерістер өздерінің түр ерекшеліктерімен (көру, есіту және сезіну) бір қатар ортақ, жалпы заңдылықтарға тәуелді. Олар - қабылдаудың заттық тегі; таңдамалы бағыты; біртұтастығы; құрылымдығы; апперцепциялылығы, яғни өткен тәжірибеге байланыстылығы; константтығы, яғни заттық шынайы сана бейнесінің затты қабылдау шарттарына тәуелсіздігі. 3. Ақыл-ес (интеллектуал) үдерістері- бұл заттар мен құбылыстардың мәнді өзара байланыстары және ерекшеліктерін бейне­леу әрекеттері; интеллектуал үдерістер (ойлау) болмысты салыстыру, бейнақтылау, сәйкестендіру, ауыстыру, сырттай заттастыра тану (экстраполяция), іштей ойда бейнелеу (интерполяция) жолдарымен 9 бейнелеу қызметін атқарады; проблемді мәселелерді шешу барысындағы танымдық іс-әрекеттер мен ойлау әрекеттері және амалдар келесідей кезеңдерді өтуімен ажырылады: салыстыру, қорытындылау, дерек­сіздендіру, нақтылау, топтастыру және жүйелестіру; формальды нәтижелерге жету ерекшеліктеріне тәуелді

ойлау формалары: пікір, ұғым, түсінік-болып ажырылады. Сонымен бірге ойлау: практикалық және теориялық, эмпирикалық және ғылыми, көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелі және бейнақты, стандартты және шығармашыл - түрлеріне де бөлінеді; ашық сана мен астар сананың өзара ықпалдасты қатынасынан сезімдік (көрегендік, аян) ойлау қабілеті қалыптасады.

Тек өкілінің ақыл-ес қабілеттерінің тұрақты құрылымы – интеллект деп аталады. Ол тұлғаның ақыл әрекеттері түрінде көрініп, проблемді мәселелерді шешудің стратегиясын, ой қызметінің өнімді нәтижесін қамтамасыз етеді.

4. Қиял – іс-әрекеттің алда күтілген нәтижелері, әрекет-қылық бағдарламалары ретінде, сонымен бірге баяндап, суреттеу негізінде пайда болатын жаңа, бұрын соңды көрілмеген бейнелердің туында­уы; қиял бейнелері ақпараттық олқылықтардың орнын толтырады; қиял оқиғалардың алдағы дамуы мен нәтижесін көрегендікпен сезуді қамтамасыз етеді. 5. Ес (мнемикалық) үдерістері - өткенде қабылданған материалды санаға түсіру, оның сақталуы, қайта жаңғыруы және ұмытылуымен бірге жұретін психикалық әрекеттер; естің келесідей жіктелуін аңғару қажет: ес түрлері (бейнелі, қисынды, дыбысты, көңіл-күй есі), ес жүйелері (сезімдік, қысқа мерзімді, нақты іс-әрекеттік, ұзақ мерзімді) және ес типтері (естің бағдарлануына, оның кейбір түрлерінің беріктігімен, есте сақталу жылдамдығымен, көлемі мен жетекшілік рөліне байланысты жекеленген – типологиялық ес формалары - ырықты және ырықсыз ес – ажыралады. Реттеуші психикалық үдерістер қатарына еріктік және көңіл-күй үдерістері еніп, саналы әрекет-қылық пен кенеттен болатын бейберекет (спонтанно-импульсивные) мінез-құлық қимыл-әрекеттерін қамтамасыз етеді. 6. Ерік – жоспарланған нәтиженің мәнін түсінуден адам белсенділігінің өзінен өзі іске қосылуына себепші психикалық үдеріс. Ол белсенділік қарапайым және күрделі ерік әрекеттерімен көрініс беріп, орындалып жатады. Қарапайым әрекет – бұл мақсат әрекет нәтиже бағасы 30 араларындағы байланыстан белгілі болады, ал күрделі ерік әрекетінің құрылымы өзгеше: қажеттік – ықтимал мақсат сеп-түрткілер күресі шешім қабылдау орындау әрекеттері жүйесі – оларды бағалау және түзету қорытынды әрекеттер – ақырғы нәтижелердің жинақты бағасы. Ерік мәні қажетті нәтижеге жету жолындағы табандылықтан көрінеді. 7. Көңіл шарпулары (эмоции) –сыртқы ықпалдардың қажеттілік мәнін, олардың тек өкілі тіршілігіне пайдасы мен зиянын сезу арқылы бейнелеуге негізделіп, адам қылығына бейберекет (импульсив) реттеу беруші психикалық үдерістер.

5)Іс-әрекеттегі мотив пен мақсаттың ерекшеліктерін атаңыз. Іс-әрекеттің әлдеқайда аяқты психологиялық тұжырымын толықтыра және түрлендіре отырып, 1940 жылдың ортасында А.Н. Леонтьев жасаған. А.Н. Леонтьев бойынша іс-әрекет дегеніміз, белгілі қажеттіліктерге жауап беретін, мотивтерге бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік қатынасын іске асыратын белсенді процестер.  А.Н. Леонтьев адамның кез-келген белсенділігін іс-әрекет деп атаған жоқ, тек тұлға, қажеттілік, мотив, мақсат, міндеттермен психологиялық байланыстағы, мақсатқа бағытталған белсенділіктерді ғана іс-әрекет деді.  Іс-әрекет үш қырлы анықталады, яғни бір уақытта үш кеңістікте іске асырылып, көрініс береді, ол: тұлға (іс-әрекет субъекті), объект (іс-әрекет пәні) және ішкі праксис (түрліше белсенді процесстер).  Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады:  Қажеттілік Белсенділік - Мотив Іс-әрекет -Мақсат Әрекет - Жағдай  (міндет) Амал –операциялар-әрекеттер-іс-әрекеттер-нәтиже. Сонымен, қажеттілік адамды белсенді етеді. Бұл мүмкін болар іс-әрекетке деген психологиялық даярлық күйі. Адамда белсенділіктің болуы актуалданған қажеттілікті сандық, сапалық өзгертіп, болашақ іс-әрекетті түрліше деңгейде белсенді қылады.  Бұдан, қажеттілік өзінің нақтылы пәні мен мотивін табады. Ізденіс әрекеті қажеттілікті қанағаттандыратын нақты психологиялық іс-әрекетке айналады. Тәжірибеде іс-әрекет көпмотивті, кешенді болады.  Мәселен, сізде саяхатқа бару қажеттілігі актуалданды. Бұдан сіз жаңа жағдайларға даяр болып, қобалжу, қызығу күйіне енесіз. Субъективті түрде бұл шаршау, қанағаттанбаушылық түрінде көрініс береді. Осы кезде сізде кеудеңізді керген психологиялық дискомфорттан «құтылу» ізденісі белсендіріліп, сана «іске қосылады». Бұл уақытта құрбыңыз телефон шалып, өзімен бірге саяхатқа баруыға шақырса, қажеттілік психологиялық тұрғыда мотивке айналады. Нәтижесінде, сіз саяхатқа аттанасыз, яғни арнаулы іс-әрекет орындайсыз. Осы кезде мотив мақсатқа жүгінуді, жағдайға қатысты реттілікті, бір сөзбен, өз қызметіне кірісуін талап етеді .  Мақсат дегеніміз, болашақ әрекет нәтижесін саналы түрде елестету. Бұл тұлғаның әрекет мәнін қабылдауы. Мысалы, саяхатқа аттану үшін билет сатып алу керек, киімдерді жинап, межелі жерге жету қажет. Осылардың барлығы мотивтер аясына қатысты болғандықтан, алға қойылған және қабылданған мақсаттарға тұлғаның қол жеткізуі қажет. Әйтпегенде, олар субъект үшін мәнсіз болар еді.  Әрекет – мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі, бірлігі. Саналы аңғарылған мақсат - мақсатқа бағытталған әрекет болып табылады. Алайда, әрекет түрткісі мақсат емес, жалпы әрекет мотиві болады. Мақсат түрткі қызметін атқармайды, ол тек әрекетті орындайды және өзіне «бағындырады», яғни әрекетті бағыттайды, нәтижеге жетелейді. Сондықтан, мінез-құлықты талдау барысында психологтің бұл кезіктіргені іс-әрекет пе, әлде әрекет пе екендігін, және, сәйкесінше, бұл процестердің мотивке, я мақсатқа бағынатындығын анықтауы маңызды.  Мотив пен мақсаттың динамикалы қатынасы сана мен іс-әрекетті құрастырып, психологиялық маңыздылыққа ие. Біркелкі әрекет әр-түрлі іс-әрекеттің құрамына ене алады, ал бір мақсат – түрліше мотивтерге жауап береді. Мотив мақсатқа тұлғалық баға, мәнділік береді, сол сияқты, әрекеттердің қосындысы да толық іс-әрекетті сипаттамайды. Бір ғана мотив әр-түрлі мақсатта көрінуі ықтимал, бұдан әрекет те, іс-әрекет те, тұлға да өзгереді.  Бұл мақсаттың психологиялық статусының өзгерісі, іс-әрекеттегі жаңа мотивтің пайда болуы, қалыптасуы.  Іс-әрекет және тұлға «өмірінде» мақсаттың мотивке жылжуы атты кері феномен де бар. Бұл мотивті ығыстырып, жойып оның психологиялық мәнін «кішірейтіп», мақсат категориясына айналдыру. Мотив тұлғалық мәнін жойса, оған қатысты іс-әрекет тоқтайды, қажеттілік пен тұлға өзгереді, адамның мінез-құлқы алмасады.  Осыған дейін саналы қабылданбаған мотивті тұлға саналы аңғарғанда мотив пен мақсат сәйкеседі. А.Н. Леонтьев бұл процесті мотив-мақсаттың пайда болуы деп атаған, мұнда автоматты түрде орындалатын жұмыс саналы, құндылықтар мотиві сатысына өтеді, сенімді тұлғалық мәнді иеленеді. Бұл іс-әрекет пен мінез-құлықты өзбетті басқарудың жаңа белесі, саналы дүние аясының кеңеюі. Іс-әрекет құрылымы сұлбасындағы соңғы түсінікке тоқталайық, ол – міндет. Міндет – мақсаты және әрекеттің орындалу тәсілі белгілі, яғни амалы бар нақтылы жағдай. Мысалы, қандай да бір затты қолына түсіруді мақсат еткен адамның мақсатқа қол жеткізу жағдайы (міндеті) объективті не субъективті түрде әр-түрлі болуы мүмкін: дүкеннен сатып алу, немесе досынан сұрап алу. Міндеттің қандай тәсілмен іске асырылуына байланысты нақты амалдар құрылады: көлікте жүруден бастап затты сөмкеге салуға дейін.  Мотивке қатысты мақсат қою сияқты, міндеттерді тағайындау да тұлға үшін кездейсоқ, сыртқы жағдайларға тәуелді болмайды. Мақсат пен міндет, әрекет пен амал арасында белгілі қатынас, әйтпесе екіжақты алмасу бар. Мотив дұрыс сөйлеу мен тәртіпке шақыру барысында пайда болып, танылмайды, ол тұлғаның өзіндік іс-әрекеті нәтижесінде туады. Мотив бұрынғы іс-әрекет бейнесін өзгерте келе, жаңа іс-әрекетке түрткі болады. Бұлардың барлығы тұтас тұлғада бірлесіп, пайда болады және жоғалып кетеді, дамиды не деградацияланады. Іс-әрекет қажеттіліктер, мотивтер мен мағына тәрізді тұлға бағыттылығының тәжірибелік, мінез-құлықтық көрінісі ретінде қызмет атқаратын өзінің иерархиялық жүйесін құрайды.

6) Іс-ірекет туралы түсінік. Іс-әрекеттің түрлерін талдаңыз. Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын адам алдына бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады. Затқа бағытталған және белгілі мақсат кӛздеген қозғалыстарды әрекет деп атайды. Әрекеттің ең қарапайым түрі зат арқылы жасалатын әрекет. Бала тамақты қасықпен ішуді, қолын сабындап жууды үйренеді. Біртте-бірте затты игеруді үйреніп әрекетін жетілдіре береді. Ортақ мақсатқа жету үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық міндетті атқаратын әрекеттер жиынтығы іс-әрекет болып саналады. Іс-әрекет адамның ӛмір жолын анықтайды. Психика іс-әрекетте қалыптасады. Екінші жағынан – психика іс-әрекетті реттеп отырады. Іс-әрекеттің үш түрін бӛліп кӛрсетуге болады: ойын, оқу және еңбек. Олар ӛздерінің нәтижелері, ұйымдастырылуы, мотивация ерекшеліктері бойынша айрықшаланады. Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Пайдасыз болып кӛрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын ӛте қиын әрі маңызды проблема болды. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, ӛзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да ӛзіне тән мотивтері болады. Мәселен, дәрігерлік ойнау... Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Кейбір шетел психологтары ойыңды кӛбінесе санасыз инстинктерге балайды. Мәселен, олардың бірі - жануар тӛлі мен адам баласының ойынының арасындағы айырмашылықты жоққа шығарса (К.Гросс), екіншілері ойын баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл дейді (Г.Спенсер), ал үшінші біреулері - ойынды жай рахат табудың бір кӛзі (К.Бюлер) деп қарайды. (Туғаннан мектепке дейін) Оқу - іс-әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде менгеру. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға қоғам ӛзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Оқу әрекеті – тұлғаның жалпымен қабылданған білім, дағды, іскерлікті арнаулы ұйымдасқан, белсенді түрде игеруі. Бұл мұғалім мен оқушы қатынасындағы оқыту процесінің бір қыры. Бұл өз-өзін өзгертуге бағытталған оқушы әрекеті, яғни оның пәні – оқу әрекетінің субъектісі. (мект-21 жасқа) Еңбек әрекетінің мәні — өнім (материалды не рухани) өндіруде нәтижеге жету.  Бұл еңбек өндірісі әлеуметтік негізделген, саналы аңғарылған, ал нәтижесі – алдын ала болжанған, жоспарланған. Еңбектің психологиялық аспектерін, еңбек әрекеті жағдайындағы психиканы мақсат-бағдарлы түрде психологияның арнаулы саласы – еңбек психологиясы қарастырады. Адамның еңбек әрекетінің аясы зор және көптүрлі болғандықтан еңбек психологиясының көп қырларын қазіргі психологияның басқа да салалары қарастырады (жалпы, педагогикалық, әлеуметтік, спорт, шығармашылық психологиялары). Іс-әрекет субъект-объектті, субъект-субъектті болып, екі түрде ажыралады. Іс-әрекеттің субъекті-объектті типінде әрекет нысаны ретінде жан­сыз зат алынады, ал субъект-субъектті әрекетке бірі екіншісін «өзге» деп таныған екі не одан көп адамдар қатысады. Іс-әрекет сондай-ақ орындаушы және басқарушы болып, бөлінеді. Орындаушы іс-әрекетте субъект басқа да субъекттермен байланыс жсауымен шектелмей, еңбек затына тікелей ықпал жасайды, онымен қатынасқа түседі. Басқару әрекетінде бір субъект өзге субъекттердің қызметін ұйымдастырады және олардың сатылы өзара бағыну деңгейлерін бел­гілейді. Қолданбалық тұрғыдан іс-әрекет тікелей және жанама типтерге бөлінеді Тікелей іс-әрекетте еңбек субъекті өңдіруге не өңдеуге, т.с.с, түскен затқа тікелей әсер-ықпал жасайды әрі оған байланысты ақпаратты нақты табиғи көзбен қолма-қол алады. Жанама іс-әрекетте еңбек заты жөніндегі ақиқат адамға белгі, рәміз күйінде жеткізіледі (код, сұлба, формула, буклет, индикаторлық құралдар).

7.Индивид, субьект, тұлға, индивидуалдылық түсініктеріне анықтама беріңіз.

Тұлға - әлеуметтік қатынастарымен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс тәуелсіз өмір сүре алмайды.,өйткені оның тәні де, жаны да айналадағылармен қарым-қатынас жасау процесінде, әлеуметтік жағдай әсерінде ғана кісілік мән - мағынаға ие болады. Мысалы, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі тұлға емес, себебі онда білім, тәжірибе, іс-әрекет, көзқарас жоқ. Даралық – нақты адамның тұтастай болмысының, оның табиғи және әлеуметтік меңгерілген қажеттерінің қайталанбас, ерекше сипаты. Даралық әр адамның меншікті тәжірибесінен, білімінен, пікірі­нен, ұстаным – көзғарастарынан, мінезі мен темпераментіндегі өзгешеліктерден көрінеді, адам өз даралығын дәлелдейді, бекітеді. Индивид тұлғаның ерекшеліктерінің алғы шарттарын қалыптастырады, бірақ тегі бойынша әлеуметтік – мәдениленген салаларын ережеге сай детерминациялай алмайды. Ал тұлға ( А.Н. Леонтьевтің анықтамасына сәйкес) – мәдени – тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік, құмарлылық, және сапалылық қасиеттерін шегеріп оны қалыптастырған жүйелі қасиеттері. Индивидуалдық - 1. жеке индивидтің мәндік ерекшелігінің және басқа индивидтерден айырмашылық қасиеттерінің жиынтығы; 2. индивидтің өзіне тән мінез-құлқының, пікірінің, қылығының қайталанбастығы. Қазір субъект танымдық, гносеологиялық мәні бар, санаға, ерік-жігерге, танымдық белсенділікке ие жеке тұлға немесе әлеуметік топтың атауы. Оның танымдық немесе басқа белсенді әрекеті бағытталған нысан – объект болады. К.Роджерс бойынша, әp адам әр құбылысты субъективті қабылдайды және әр құбылысқа субъективті реакция көрсетеді, яғни осы субъективті тәжірибе Роджерстің феноменологиялық теориясының негізгі тезисі болып табылады. Б.Г. Ананвев, А.Н. Леонтьев өз еңбектерінде объективті өмірді бейнелеу процесінде, белсенді тұлға - қоршаған әлеуметтік ӛмір танымы, сана сезімімен бірлестікте іске енетін тұтастай субъект ретінде көрініс береді деп баяндалады.

8.Зейін, оның қызметтері және түрлерін көрсетіңіз.

Зейін – бұл психикалық іс-әрекеттің бағытталуы мен шоғырлануы. Осы әрекеттің таңдамалылығы мен сақталуы оның бағыттылығын танытса, ал сол әрекетті тереңдей танумен басқаларын елемеу – зейіннің шоғырлылығын білдіреді. Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады.Зейін түрлері: Ырықсыз зейін қандай да затқа ешбір ниетсіз-ақ бағдарланады және ол үшін ерік күшін қажет етпейді.Ырықты зейін немесе ерікті зейін нысанға әдейі, белгілі мақсат қоюмен бағытталып, саналы да ерік жұмсаумен қалаған қажет уақыт аралығында орындалып жатады. Егер іс-әрекет адамды қызықтыратын болса, ырықты зейін үйреншікті (ырықтыдан кейін) зейінге өтеді де, енді ерік күші тіпті қажет болмай қалады. Зейінің функциялары: 1) қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді; 2) ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді; 3) белсенділіктің бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді.