
- •1. Жұлдыздардың Әлемдегі рӛлі:
- •5. Жұлдыздардың физикалық классификациясы.
- •8. Ақ ергежейлілердің ерекшеліктерін талқылаңыз.
- •9.Әлемнің химиялық құрамының эволюциясын талқылаңыз.
- •11.Астрофотометриялық шамалар. Сәулелену ағыны.Жарықталу,жарықтылық,жарқырау.
- •12.Астрофотометриялық шамалар. Жалтырау,көрінетін жұлдыздық шама, абсолютті жұлдыздық шама.
- •13. Абсолют қара дене оның сәулеленуі.Дененің тиімді температурасын талқыларңыз.
- •14. Денелер сәулеленуінің спектрлері. Сызықты спектр және оның пайда болуы.Жұту және эмиссиялық сызықтар.
- •15.Денелер сәулеленуінің спектрлері.Үздіксіз спектр оның пайда болуы
- •16. Жұлдыздардың спектрлік классификациясын талқылаңыз.
- •17. Герцшпрунг – Рассел диаграммасы.
- •19. Жұлдыздардың ішкі құрылысының теңдеулері. Гидростатика теңдеуін талқылаңыз.
- •20. Жұлдыздардың ішкі құрылысының теңдеулері. Масса теңдеулерін талқылаңыз.
- •21.Жұлдыздардың ішкі құрылысының теңдеулері, диффузиялық жуықтаудағы энергияны тасымалдау теңдеуін талқылыаңыз.
- •Масса теңдеуі:
- •Диффузиялық жуықтаудағы энергияны тасымалдау теңдеуі:
- •22.Радиус-жарықтылық-масса тәуелділігін талқылаңыз.
- •24.Жұлдыздардың ішкі құрылысы ядро, сәулелі тасымалдау алқабы, конвекция алқабы мен жалпы атмосфераның сипаттауын талқылаңыз.
- •25.Жұлдыздардағы ядролық реакциялар, жұлдыздың ядролық энергия қоры мен сутегінің термоядролық жану уақытын бағалау.
- •26. Қалыпты жұлдыздардың спектрлері және спектрлік классификациясы
- •29. Колориметрия негіздері
- •30. Сәулелі тасымалдау алқабын қарастырыңыз.
- •31.Жұлдыздардағы конвекция
- •32.Жұлдыз атмосфералары
- •33. Жұлдыздардағы гравитациялық сығылу кезеңі
- •34. Жұлдыздардың бас тізбектіктен кейінгі ядролық реакциялар
- •36. Жұлдыздар эволюциясының ақырғы кезеңдері
- •37. Спектр-жарықтылық диаграммасы.
- •40. Қос жұлдыздар
- •41. Әлемнің химиялық құрамының эволюциясы
- •42. Алголь парадоксы. Жаңа жұлдыздар
- •43. Қосарланған жұлдыздар
- •44. Бас тізбектіктегі жұлдыздар эволюциясы
- •45. Айнымалы жұлдыз.
- •46. Жұлдыздар өлшемдерін анықтау әдістері
- •48. Сәулеленудің еркін электрондарда шашырауы
- •49. Физикалық айнымалы жұлдыздар
- •50. Бас тізбек жұлдызы ушін ml-mr қатынастары
- •51.Жұлдыздардың ішкі құрылысының теңдеуі.
- •54. Гидростатикалық тепе- теңдік теңдеуі.
- •55. Визуальды қос жұлдыздар.
16. Жұлдыздардың спектрлік классификациясын талқылаңыз.
Гарвард классификациясында спектрлік типтер латын алфавитінің О.В.А.Ғ.G.K. және М әріптерімен белгіленген.
О класы. Бұл класқа жататын жұлдыздар температурасының жоғары екендігін үздіксіз спектр сызықтарының интенсивтілігінің жоғарылығынан білуге болады. Сол себепті бұл жұлдыздардың түсі көгілдірлеу болып келеді.
В класы. Бұл типте бейтарап гелийдің сызықтары ең интенсивті болып табылады. Сутегі және кейбір иондалған элементтердің сызықтары жақсы көрінеді. Түсі көгілдір – ақ.
А класы. Сутегі сызықтары ең үлкен интенсивтілікке жетеді. Иондалған кальцийдің және кейбір металлдардың сызықтары әлсіз көрінеді. Жұлдыздың түсі – ақ.
Ғ класы. Сутегі сызықтары әлсірей бастайды. Иондалған металлдардың сызықтары күшейе бастайды. Түсі – әлсіз сары.
G класы. Иондалған кальцийдің сызықтары басым болады. Түсі-сары ақ.
К класы. Сутегінің сызықтары байқалмайды. Яғни температура төмендегені. Жұлдыздың түсі қызғылттау.
М класы. Қызыл жқлдыздар. Металдардың сызықтары әлсірей бастайды. Титан жіне басқа да молекулалық түзілістердің сызықтары басым болады.
С класы. Бұл класс К және М класстарынан көміртегі молекулаларының жұтылу сызықтарының бар болуымен ерекшеленеді.
S класы . Бұл классқа жататын жұлдыздар М класынан титан қышқылының орнына цирконий қышқылы басым болумен ерекшеленеді.
17. Герцшпрунг – Рассел диаграммасы.
XX ғасыр басында Дат астрономы Герцшпрунг және одан кейінірек американ астрофизигі Рассел жұлдыздардың спектрі мен жарықтылығы арасындағы байланысты анықтады. Бұл тәуелділік график ретінде келтірілді. Бір оське спектрлік класс, ал екіншісіне абсолют жұлдыздық шама сызылады. Бұл график спектр-жарықтылық немесе Герцшпрунг-Рассел диаграммасы деп аталады Абсолют жұлдыздық шама орнына жарықтылықты (әдетте log шкалада), ал спектрлік кластар орнына – түстердің көрсеткіші - әсерлі (эффективті) температураның өзін келтіруге болады.
Әрбір жұлдыздың орны оның физикалық табиғаты және даму кезеңімен анықталады. Герцшпрунг-Рассел диаграмасында жұлдыздар жүйесінің бүкіл тарихы келтіріледі. Бұл диаграмма физикалық қасиеттері ортақ жұлдыздар тобын және олардың кейбір физикалық сипаттамалары арасындағы тәуелділікті анықтауға мүмкіндік береді. (мысалы: химиялық құрамы, эволюциясы,...т.с.с.).
Диаграмманың жоғарғы бөлігі жарықтылығы жоғары жұлдыздарға сәйкес келеді, ал төменгі бөлігін жарықтылығы төмен жұлдыздар қамтыған. Диаграмманың сол жағында ертеректегі ыстық жұлдыздар орналасқан, ал оң жағында кейінгі спектрлік кластағы суық жұлдыздар орналасқан.
Диаграмманың жоғарғы жағында жарықтылығы жоғары (алыптар және аса алыптар) орналасқан. Диаграмманың төменгі бөлігіндегі жұлдыздардың жарықтылығы төмен топтары орналасқан және олар ергежейлілер деп аталады. Жоғарғы бөліктегі жұлдыздар жиі орналасқан және солдан оңға қарай бағытталған диагональ – бас тізбек деп аталады. Бұл тізбектің маңайында ыстық (жоғарғы жағы) және суық (төменгі бөлігі) жұлдыздар орналасқан.
Жалпы алғанда, Герцшпрунг-Рассел диаграммасындағы жұлдыздар белгілі ретпен орналасқан, ал бұл жарықтық пен температура арасында қандай да бір тәуелділік бар деген сөз. Бірақ диаграмманы мұқият қарасақ, онда басқа да қосымша тізбектер бар екенін көруге болады. Бұл тізбектер белгілі бір жұлдыздар топтарының жарықтылығымен температурасы арасында жекелеген тәуелділіктер бар екенін білдіреді.
Қарастырылған тізбектер жарықтық кластары деп аталады және олар спектрлік кластардан кейін қойылатын Ι ÷ ΙΙ дейінгі рим сандары арқылы белгілейді. Сонда, жұлдыздардың толық классификациясы 2 параметрге тәуелді болады, біріншісі - спектрді, екіншісі – жарықтылықты сипаттайды. Мысалы, Күн бас тізбекте жатыр, ол V жарықтылық класына жатады және оның спектрінің белгіленуі - G2V. Қазіргі кезде қабылданған осы классификация МК (Морган, Кинан) классификациясы деп аталады.
Сурет 3.12 Спектр-жарықтылық диаграммасы
Жарықтылық кластары 3.13 – суретте көрсетілген.
Ι жарықтылық класы – аса алыптар (сверх гиганты) - бұл жұлдыздар спектр - жарықтылық диаграммасының жоғарғы бөлігінде орналасқан және бірнеше тізбектерге бөлінеді.
ΙΙ жарықтылық класы – жарық алыптар;
ΙΙΙ – алыптар;
ΙV – субалыптар. Соңғы үш класс жұлдыздары диаграммада аса алыптар мен бас тізбек аралығындағы облыста орналасқан;
V – бас тізбектің жұлдыздары;
VΙ – жарық субалыптар - олар бас тізбектен бір жұлдыздық шамаға төмен өтетін тізбекті құрайды;
VΙΙ – ақ ергежейлілер - олардың жарықтылығы төмен және диаграмманың төменгі бөлігінде орналасқан.
Жұлдыздардың берілген класқа жату–жатпауы спектрлік классификацияның арнайы қосымша белгілері арқылы анықталады. Мысалы, аса алыптардың спектрлік сызықтары әдетте жіңішке әрі терең болып келеді, ал ақ ергежейлілерде бұған керісінше болып келеді. Өздерінің спектрлері бойынша ақ ергежейлілердің айырмашылығы, олардың кейбір металдарының спектрлік сызықтары алыптарға қарағанда әлсіз.
Сурет 3.13 Жарықтылық кластары
Спектрлерлік классификациясының жоғарыда аталған қосымша белгі-шарттары (критерийлері) жарықтылық класын анықтауға және абсолют жұлдыздық шаманы спектроскоптық әдіспен анықтауға негіз болып табылады.
18.Азғындалған газ жоқ.