
- •1. Жұлдыздардың Әлемдегі рӛлі:
- •5. Жұлдыздардың физикалық классификациясы.
- •8. Ақ ергежейлілердің ерекшеліктерін талқылаңыз.
- •9.Әлемнің химиялық құрамының эволюциясын талқылаңыз.
- •11.Астрофотометриялық шамалар. Сәулелену ағыны.Жарықталу,жарықтылық,жарқырау.
- •12.Астрофотометриялық шамалар. Жалтырау,көрінетін жұлдыздық шама, абсолютті жұлдыздық шама.
- •13. Абсолют қара дене оның сәулеленуі.Дененің тиімді температурасын талқыларңыз.
- •14. Денелер сәулеленуінің спектрлері. Сызықты спектр және оның пайда болуы.Жұту және эмиссиялық сызықтар.
- •15.Денелер сәулеленуінің спектрлері.Үздіксіз спектр оның пайда болуы
- •16. Жұлдыздардың спектрлік классификациясын талқылаңыз.
- •17. Герцшпрунг – Рассел диаграммасы.
- •19. Жұлдыздардың ішкі құрылысының теңдеулері. Гидростатика теңдеуін талқылаңыз.
- •20. Жұлдыздардың ішкі құрылысының теңдеулері. Масса теңдеулерін талқылаңыз.
- •21.Жұлдыздардың ішкі құрылысының теңдеулері, диффузиялық жуықтаудағы энергияны тасымалдау теңдеуін талқылыаңыз.
- •Масса теңдеуі:
- •Диффузиялық жуықтаудағы энергияны тасымалдау теңдеуі:
- •22.Радиус-жарықтылық-масса тәуелділігін талқылаңыз.
- •24.Жұлдыздардың ішкі құрылысы ядро, сәулелі тасымалдау алқабы, конвекция алқабы мен жалпы атмосфераның сипаттауын талқылаңыз.
- •25.Жұлдыздардағы ядролық реакциялар, жұлдыздың ядролық энергия қоры мен сутегінің термоядролық жану уақытын бағалау.
- •26. Қалыпты жұлдыздардың спектрлері және спектрлік классификациясы
- •29. Колориметрия негіздері
- •30. Сәулелі тасымалдау алқабын қарастырыңыз.
- •31.Жұлдыздардағы конвекция
- •32.Жұлдыз атмосфералары
- •33. Жұлдыздардағы гравитациялық сығылу кезеңі
- •34. Жұлдыздардың бас тізбектіктен кейінгі ядролық реакциялар
- •36. Жұлдыздар эволюциясының ақырғы кезеңдері
- •37. Спектр-жарықтылық диаграммасы.
- •40. Қос жұлдыздар
- •41. Әлемнің химиялық құрамының эволюциясы
- •42. Алголь парадоксы. Жаңа жұлдыздар
- •43. Қосарланған жұлдыздар
- •44. Бас тізбектіктегі жұлдыздар эволюциясы
- •45. Айнымалы жұлдыз.
- •46. Жұлдыздар өлшемдерін анықтау әдістері
- •48. Сәулеленудің еркін электрондарда шашырауы
- •49. Физикалық айнымалы жұлдыздар
- •50. Бас тізбек жұлдызы ушін ml-mr қатынастары
- •51.Жұлдыздардың ішкі құрылысының теңдеуі.
- •54. Гидростатикалық тепе- теңдік теңдеуі.
- •55. Визуальды қос жұлдыздар.
11.Астрофотометриялық шамалар. Сәулелену ағыны.Жарықталу,жарықтылық,жарқырау.
Жарқырау, бет нүктесінің жарқырауы — 1) физикада бет элементінен шығатын жарық ағынының осы элементтің ауданына қатынасына тең жарық шамаларының бірі. Жарқыраудың бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшеу бірлігі: лм/м2. Энергетикалық шамалар жүйесіндегі осы тәрізді шама энергетикалық Жарқырау деп аталып, Бт/м2-пен өлшенеді; 2) астрономияда — жұлдыздың бірлік денелік бұрыш ішіндегі шығаратын жарық ағынының шамасы, яғни жұлдыздың жарық күші. [
Жарықтылық (Л) — беттен шығатын жарық ағынының беттік-кеңістіктік тығыздығы. Ол жарық ағынының (д) геометриялық факторға (ддАцос) қатынасына тең: Л=д/ддАцос, мұндағы д — сәулемен толған денелік бұрыш, дА — сәуле шығатын немесе сәулені қабылдайтын учаскенің ауданы, — осы учаскеге перпендикуляр мен сәуле бағыты арасындағы бұрыш. Жарықтылықтың жалпы анықтамасынан практикалық жағынан аса құнды мынадай екі дербес анықтама шығады: 1) Жарықтылық (Л) — бет элементі жарық күшінің (дІ) қарастырылып отырған бағытқа перпендикуляр проекциясының ауданына қатынасы: Л=дІ/дАцос; 2) Жарықтылық — жарық көзі бағытына перпендикуляр жазықтық нүктесі жарықталынуының (дЕ) осы жарықталынуды жасайтын ағынды қамтитын элементар денелік бұрышқа қатынасы: Л=дЕ/дцос. Жарықтылықтың өлшеу бірлігі: кдм–2 (нит). Энергет. фотометрлік шамалар жүйесінде Жарықтылық тәрізді шама энергетикалық Жарықтылық деп аталып, Бтцп–1м–2-мен өлшенеді.[1][2]
Жұлдыздар да Күн тәрізді энергияны электромагниттік тербелістің барлық толқын ұзындығы диапозонында шығарады.Жарқырағыштық жұлдыздың сәуле шығаруының жалпы қуатын сипттайтын және ең басты сипаттамаларының бірі болып табылады.
Жұлдыздардың жарқырауының айқын айырмашылығын алғаш рет 1905 жылы дат астрономы Э.Герцшпрунг (1873-1967) анықтады.Бүгінде жұлдыздарды олардың жарықтылығына қарай аса алып және ергежейлі деп топтастырады.Аса алып жұлдыздар Күннен мыңдаған, ондаған мың және жүздеген мың есе алып жұлдыздар – жүздеген есе күшті сәуле шашады,ал ергежейлі жұлдыздардікі Күнмен барабар және онан жүздеген мың есеге дейін төмен.
Табиғатта ергежейлі жұлдыздар аса алыптар мен алыптарға қарағанда әлдеқайда көп, сондықтан біздің Күніміз жалғыз жаратылыс емес,ол орташа көлемді және орташа жарық жұлдыз болып табылады.
Енді жұлдыз жарқырауының олардың көлемдеріне ғана емес, оларлың фотосфераларының температурасынан да болатынын атап айтамыз.Жұлдыздардың өлшемдері бірдей болған жағдайда фотосфера температурасы неғұрлым жоғары болса,жарқырауы соғұрлым күшті және жұлдыздардың түстері де оның температурасына тікелей байланысты.
12.Астрофотометриялық шамалар. Жалтырау,көрінетін жұлдыздық шама, абсолютті жұлдыздық шама.
Жалтырау ,
физикада — жарық шағылатын бет қасиетінің сипаттамасы. Ж. беттен жарықтың айналық және диффузиялық (шашырап) шағылуы нәтижесінде пайда болады. Адам көзі айналық шағылуды диффузиялық шағылу фонында қабылдайды. Ж-дың сандық баламасы (көрсеткіші) жарықтың айналық және диффузиялық шағылу қарқындылықтарының арақатынасы арқылы анықталады. Ж. кейде сапалық белгілермен сипатталады (мыс., металдай Ж., алмастай Ж., шыныдай Ж.);
астрономияда — жұлдыздар сәулесіне перпендикуляр орналасқан жазықтықтың жарықталуын сипаттайтын шама. Оның өлшеу бірлігі үшін жұлдыздық шама алынады.
Көрінетін жұлдыздық шамалар жұлдыз шығаратын энергия, оның бетінің жарықтығы жөнінде хабар бере алмайды. Шын мәнінде, кішігірім және суық жұлдыздар бізге жақын болуы салдарынан ғана алыс орналасқан ыстық алып жұлдыздармен салыстырғанда белгілі жұлдыздық шамаға ие болуы мүмкін (яғни, жарық болып көрінуі мүмкін).
Егер, екі жұлдызға дейінгі қашықтық бізге белгілі болса, олардың көрінетін Жұлдыздық шамаларының негізінде сәуле шығаратын және нақты жарық айдарының қатынасын табуға болады. Ол үшін бұл жұлдыздардың беретін жарықтылығы мен барлық жұлдызға сәйкес стандарт арақашықтық арасындағы қатынас тексеріледі. Бұл қашықтық ретінде 10 пс (парсек) қабылдаған.
Жұлдызды 10 пс қашықтықтан бақылағандағы оның қабылдай алатындай жұлдыздық шамасы – абсолют жұлдыздық шама деп аталады.
Көрінетін жұлдызды шамалар сияқты Абсолют жұлдыздық шама да визуалды фотографиялық, және тағы басқа болып бөлінеді.