Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
строение и эволюция звезд.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.08 Mб
Скачать

42. Алголь парадоксы. Жаңа жұлдыздар

Алголь А және Алголь В деген екі компонент тығыз қос жүйені құрайды. Олардың арақышықтығы 0,062а.б. айналу периоды2,86731 тәулікті құрайды. Айналу кезінде екі компонента бір біріне кезекпен тұтылып, айнымалы эффект береді. 3ші жұлдыз Алголь С алғашқы екі жұлдыздың масса центрінен 2,69а.б қашықтықта, 681 кун периодпен айналып жүреді. Жүйенің барлық массасы 5,8 кун массасын құрайды.компоненттерінін масса қатынасы шамамен 4,5:1:2. Жұлдыздардың айнымалылығын 1669ж италия ғалымы Джеминиано Монтанари ашты. 1782 жылы ДЖон Гудрайк Алгольдың тұтылмалы айнымалы жұлдыз екенін ашты.

Массасы аз Алголь В жұлдызы өте улкен және эволюцияланып болған субгигант, Ал Алголь А бас тізбек жұлдызы болып табылады. Біз білетіндей массасы жоғары жұлдыздардың эволюциясы жылдамырақ болады. Осы қарсылықты Алголь парадоксы деп атайды.

Жаңа жұлдыздар

“Жаңа” термині жұлдыздар жаңадан пайда болды дегенді білдірмейді, ол-кейбір жұлдыздардың айнымалылық кезеңдерін сипаттайды. Жаңа жұлдыздар деп ең болмағанда бір рет жарықтылығы 7-8 жұлдыздық шамаға дейін кенеттен ұлғайып кеткен жұлдыздарды айтады. Әдетте жарқ ету кезінде кӛрінетін жұлдыздық шама 10m -13m дейін кемиді, ал бұл жарықтылық 10-100 мыңдаған есе өсуіне әкеледі. Жарқ етуден кейін жаңа жұлдыздар ӛте ыстық ергежейлілерге айналады. Жарқ етудің max фазасында олар А-Ғ кластарындағы аса алыптарға ұқсас болып келеді. Егер жаңа жұлдыздардың жарқ етуі екі рет бақыланса, мұндай жаңа жұлдыздарды қайталанбалы деп атайды. Бұл жұлдыздардың жарықтылығы кәдімгі жаңа жұлдыздарға қарағанда бірнеше есе аз. Қазіргі кезде 300-ге жуық жаңа жұлдыздар белгілі, олардың 150- дейін біздің Галактикада және 100-ге жуығы Андромеда тұмандығында.

43. Қосарланған жұлдыздар

Қос жұлдыз – кеңістікте бір-біріне жақын орналасқан және құраушылары өзара тартылыс күштерімен байланысқан физикалық жүйе құрайтын екі жұлдыз. Оның құраушылары ортақ масса центрі маңайынан эллипс бойынша айналып, Галактика кеңістігінде бірге қозғалады. Бірнеше құраушылардан тұратын қос жұлдыздар еселі жұлдыздардың дербес тұрған түрі болып саналады. Ашылу методикасы бойынша қос жұлдыз: көрінерлік (визуальды) қос жұлдыздар (олардың құраушыларын телескоптың көмегімен визуальды бақылауға немесе суретке түсіруге болады);

спектрлі қос жұлдыздар (қосарлану периоды ығысуы бойынша немесе олардың спектрлік сызықтарының жіктелуі кезінде байқалады); фотометриялық қос жұлдыз(беттік құраушылар арасында температура айырмашылығы болғанда, көп түсті дәл электрфотометрия тәсілі оның жеке жұлдыздардан өзгешеліктерін көрсетеді) болып ажыратылады. Физикалық жүйе құрайтын қос жұлдыздар тобы физикалық қос жұлдыздар деп аталады. Физикалық жүйе құра алмайтын жұлдыздар оптикалық қос жұлдыздар деп аталады. Жұлдыздардың массасын бағалайтын тәсілдер қос жұлдыздардың массасын анықтауға негізделген. 17 ғасырдың орта кезінде Г.Галилей бірнеше қос жұлдызды ашты. 18 ғасырдың ортасына дейін не бары 20 шақты қос жұлдыз ашылса, 20 ғасырдың ортасына дейін шамамен 60000 көрінерлік қос жұлдыз белгілі болды.