Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
строение и эволюция звезд.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.08 Mб
Скачать

33. Жұлдыздардағы гравитациялық сығылу кезеңі

Сығылу- гравитациялық тұрақсыздықтың нәтижесі.

Жұлдыздардың тепе-теңдігі гравитациялық күштермен газдың ішкі қысымының балансымен қамтамасыз етіледі. Егер тепе-теңдік бұзылса және жұлдыз аз мӛлшерде сығылатын болса, онда ол бұрынғы тепе-теңдік қалпына келуге ұмтылып, оның заты тербелмелі қозғалысқа келеді. (Жердің ауырлық ӛрісіндегі маятник сияқты) . Гравитациялық сығылудың нәтижесінде жаңа жұлдыз пайда болады. Жұлдыз сығылған сайын оның температурасы біртіндеп ұлғая береді. Жұлдыздардың эволюциялық теориясы бойынша Күн массасынан массалары 1,2 – 3 есе үлкен жұлдыздардың жанар отындары таусылар сатысында, олардың центрінде өте үлкен жылдамдықпен гравитациялық сығылу (гравитациялық коллапс) басталады. Гравитациялық коллапс нәтижесінде тығыздық мәні ядро тығыздығындай аса жоғары (1017 кг/м3) шамаға жетеді де, Нейтрондық жұлдыздарда нейтрондану құбылысы, яғни [протондар мен атом ядроларының нейтронға айналуы жүреді; алдымен ыстық Нейтрондық жұлдыздар (центрдегі температурасы 1011К) пайда болып, аз уақытта (10 – 100 с) олар нейтрино шығару арқылы 109К-ге дейін суиды. Бұл кездегі Нейтрондық жұлдыздардың ішкі құрылыcы өте күрделі: оның ядросы мен сыртқы қабаты қатты (ферми-кристалл), ал олардың арасы сұйық (ферми-сұйық) болады; жылулық, магниттік қасиеттері негізінен қатты және сұйық қабықшалардағы протондар жүйесінің асқын өткізгіштігі мен нейтрондар жүйесінің асқын аққыштығына байланысты.

34. Жұлдыздардың бас тізбектіктен кейінгі ядролық реакциялар

негізіндегі эволюциясы, гелий мен одан ауыр элементтер жануы

Бас тізбектегі жұлдыздардың құрылымы t бойынша қалай өзгереді?

Жұлдыздың ортақ қабаттарындағы сутегінің жануына байланысты

энергияның бӛлінуі перифериялық қабаттарға ығысады. Нәтижеде энергия

бӛлінетін жұқа қабат пайда болады, бұл қабатта сутегілік реакция жүреді.

Бұл қабат жұлдызды екі бӛлікке бӛледі: ішкі – мұнда сутегісі жоқ «гелийлік»

ядро, ( ядролық реакция жоқ ) және сыртқы –мұнда сутегі бар, бірақ

температура мен қысым реакция жүруіне жеткіліксіз. Қызыл алыптардың

құрылымы біртексіз болып келеді. Алғашқыда, энергия шығаратын

қабаттағы қысым ядродағыдан кӛп, сондықтан ол сығыла бастайды, гравитациялық энергияны бӛліп қыза бастайды. Бұл қысым газ

тозғындалғанша жүреді.

35.Физикалық айнымалы жұлдыздар классификациясы. Физикалық айнымалы жұлдыздар деп физикалық процестер нәтижесінде

жарықтылықтары аз уақыт аралығында ӛзгертіп отыратын жұлдыздарды

айтады. Айнымалылығының сипатына қарай жұлдыздар пульсациялайтын

және эруптивті айнымалылар, жаңа және аса жаңа (эруптивтінің дербес

жағдайлары) болып бӛлінеді. Барлық айнымалы жұлдыздар арнайы

әріптермен белгіленеді.(R,S,T,….,Z, ZZ, RR,…., RZ,ST,…. ,AA және бұған

шоқжұлдыздардың аттары қосылып жазылады, мысалы: RR Lyz,...) .

Пульсациялайтын айнымалылар

Цефеидтер. Цефеидтер деп ерекше жылтырлық қисықтары бар

физикалық айнымалы жұлдыздар аталады. Кӛрінетін жұлдыздық шама уақыт

бойынша бірсыдырғы және периодты түрде ӛзгереді және жұлдыз

жарықтылығы бірнеше есе ӛзгеруіне сәйкес келеді.Жұлдыздардың бұл класс

осы топтағылардың ӛкілі δ Цефей жұлдызының атымен аталған.Цефемдтер Ғ

және G класындағы алыптар және аса алыптарға жатады. Бұл жағдай оларды

алыс қашықтықтардан бақылауға мүмкіндік береді. Период- цефеидтер ең

негізі сипаттамаларының бірі. Осы типтегі әрбір жұлдыз үшін ол ӛте үлкен

дәлдікпен тұрақты болып қалады, бірақ әрине әрбір цефеид үшін периодтар

әртүрлі болып келеді. (бір тәуліктен бірнеше ондаған тәуліктерге дейін)

Эруптивті айнымалылар, пульсарлар және нейтронды жұлдыздар Жарықтылығы тӛмен жұлдыздар қатарында( ертегілер) әртүрлі типті

айнымалылар кездеседі, олардың жалпы саны пульсациялайтын алыптарға

қарағанда 10 еседей аз. Олардың бәрі ӛздерінің айнымалықтарын қайталап

отыратын жарық етумен білдіреді, олар әртүрлі зат босап шығумен, яғни

эруициялармен түсіндіріледі. Бұл топқа кіретін жұлдыздар: эволюцияның бас кезіндегі жұлдыздар, Вольф-Райе(WR), жаңа, аса жаңа жұлдыздар және пульсарлар.