
- •1.Метрология және оның тарихы.Метрологияның мақсаттары.
- •2)Өлшеу жəне оның түрлері. Өлшеуді класификациялау
- •3 Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етудің техникалық негіздері.
- •4 .Прибор шкаласын градуирлеу. Өлшеу құралдарын градуирлеу. Термоқосақ, оны градиурлеу.
- •Өлшеу нəтижелерін графиктік əдіспен өңдеу.
- •6 Берілген шаманың шкаласы(өлшеудің шкаласы). Негізгі реперлер жəне негізгі интервалдар. Фаренгейт шкаласы. Цельсий шкаласы.
- •Физикалық шамалардың өлшем бірліктері. Бірліктер жүйесі. Негізгі бірліктер.Бірліктер жүйесін құрудың негізгі принципі. Мөлшердің метрлік жүйесі. К.Гаусстың «Абсолют бірліктер жүйесі».
- •Халықаралық бірліктер (си) жүйесі жəне оның артықшылықтары
- •Өлшеу құралдары жəне оның түрлері. Өлшеу приборының принципиальді жəне құрылымдық схемалары.
- •10 Жүйелік қателіктер.
- •11 Гаусс таралуы жəне оның негізгі сипаттамалары. Математикалық
- •12 Тікелей өлшеу нəтижелерін математикалық өңдеу. Орташа
- •Өлшеу нəтижелеріне түзету енгізу.
- •16 Ағаттықты алып тастау.
- •18 Си жүйесіндегі когерентті туынды бірліктердің жасалуының
- •20 Нәтижелерді дөңгелектеу ережесі. Мәнді цифрлар. Нәтижелерді дұрыс жазу.
- •21. Си бірліктерімен тең қолданылатын бірліктер
- •22Кездейсоқ қателіктер ұғымы. Кездейсоқ қателіктердің байқалу ықтималдылықтарының таралуы.
- •23 Ең кіші квадраттық әдіс.
- •24 . Қазақстанның эталондық базасы Эталондар-бірліктің размерін өлшеу құралдарына беру мақсатында оны сақтап және қайта жаңғырта алатын өлшеу құралдары.
- •25 Си жүйесінің бірліктері және олардың анықтамалары.
- •26 . Физикалық шамалар арасындағы байланыс теңдеуі.
- •27Физикалық шама. Физикалық шаманың сипаттамалары. Негізгі және туынды шамалар.
- •28.Си Халықаралық бірліктер жүйесі, оның кезінде ссСр-ға кіргізілу тарихи этаптары
- •29 Халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық эталондар
- •30.Өлшеудің негізгі теңдеуін қорыту.
- •31.Метрологияның аксиомалары(постулаттары).
- •32. Гауус функциясының қасиеттері.
- •33.Өлшеу. Өлшеудің құрылымдық элементтері.
- •34.Өлшеу нəтижесінің сапасы.
- •36.Жанама өлшеу нəтижелерін математикалық өңдеу.
- •37.Метрологияның нысандары. Олардың анықтамалары. Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар.
- •39.Өлшемділік.Өлшемділіктің теңдеуін қорытып шығару.
- •Өлшеу əдістерінің класификациясы.
- •Өлшемділікке анализ.
- •42 Си жүйесінің негізгі жəне қосымша бірліктерінің анықтамалары.
- •43 Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз ету. Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар (анықтамаларын беру керек).
- •Кездесоқ оқиғалар мен шамалардың (қателіктердің) байкалу ықтималдықтарының таралу заңдылықтары: Бірқалыпты таралу, үшбұрышты таралу заңы, трапециялық таралу заңы.
- •Жүйеден тыс өлшем бірліктері. Еселік жəне үлестік бірліктер. Уақытша қолданылатын бірліктер.
- •46 Түзусызықты функцияның параметрлерін «ең кіші квадраттың əдіспен» есептеу.
- •Цельсий шкаласынан Фаренгейт шкаласына өту.
- •49 Фаренгейт шкаласынан Цельсий шкаласына өту.
- •50 Сгс,мкс,мкгсс,мкса,мсс,мтс бірліктер жүйелері.
- •52 Өлшеу құралдарының (өлшегіш прибор) метрологиялық сипаттамалары
Халықаралық бірліктер (си) жүйесі жəне оның артықшылықтары
Өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесі (Си жүйесі) өлшемдердің халықаралық қалпы, метрлік жүйенің заманауи нұсқасы. Си күнделікті өмірмен қатар ғылым мен техникада әлемде ең көп пайдаланылатын бірліктер жүйесі болып табылады.Си жүйесі мына өлшемдерге негізделген. Ұзындық- метр, масса- килограмм, уақыт- секунд, температура- кельвин, ток күші- ампер, жарық күші- кандела, зат мөлшері- моль.Халықаралық бірліктер жүйесінің мынадай артықшылықтары бар:
Әмбебаптығы -ғылым мен техниканың, өндірістің барлық аумақтарын қамтиды.
Бірліктердің унификациялануы. Мысалы, бұрын қолданылып келген қысымның бірнеше бірліктерінің (атм, ат, мм.сын.бағ, мм.су.бағ т.б) орнына Халықаралық жүйеде жалғыз паскаль ғана , ал жұмыс пен энергияның бұрынғы бірліктерінің(кг*с, эрг, кал, ккал, эв, кВт*сағ т.б) орнына тек бір ғана Джоуль қолданылатын болды.
Қолдануға ыңғайлылығы
Когеренттілігі. Туынды шамалардың бірліктерін анықтайтын физикалық теңдеулердегі пропорционалдық коэффициенттің өлшемсіз бірге тең болуы.
Массаның өлшем бірлігі мен күштің өлшем бірлігінің айырмашылығының айқындалуы.
Теңдеу мен формулаларды жазудың жеңілдеуі
Әр түрлі елдер арасында ғылыми техникалық және экономикалық байланыстар кезінде өзара түсіністіктің жақсаруы.
Өлшеу құралдары жəне оның түрлері. Өлшеу приборының принципиальді жəне құрылымдық схемалары.
Өлшеу құралдары – бұл нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, өлшеуге қолданылатын техникалық құралдар. ӨҚ екі функциялардың біреуін іске асыратын əр түрлі сындарлы құрылғыларды біріктіретін, жалпыланған түсінік болып табылады:
• Берілген мөлшердің шамасын жаңғыртады, мысалы – гир тасы, кернеу, сызғыш;
• Олар өлшейтін шаманың мəні туралы ақпаратты тасымалдайтын сигналды əзірлейді. Өлшеу құралдарының көрсеткіштері адамның сезім органдарымен тікелей қабылданады. (мысалы, бағдарлы немесе сандық аспаптардың көрсеткіші), не болмаса адам оларды қабылдай алмайды жəне басқа ӨҚ-мен өзгерту үшін пайдаланады. Өлшеудің тұтастығын қамтамасыздандыру жүйесінде орындалатын рөлі бойынша ӨҚ мыналарға бөлінеді:
• Метрологиялық (үлгілік), олар метрологиялық мақсаттарға арналған – бірліктерді жаңғырту жəне оны сақтау немесе бірліктер мөлшерін жұмысшы өлшеу құралдарына беру.
• Жұмысшы, бірліктер мөлшерін берумен байланысты емес өлшемдер үшінқолданылады. Өлшеу құралдары стандарттау деңгейі бойынша мыналарға бөлінеді:
• Стандартталған, мемлекеттік немесе салалық стандарттардың талаптарына сəйкес дайындалған;
• Стандартталмаған (бірегей), стандарттау талаптарына қажеттілігі жоқ арнайы өлшеу тапсырмаларын шешу үшін арналған. ӨҚ-ң негізгі массасы стандартталған б.т. Олар сериялы түрде кəсіпорындармен шығарылады жəне міндетті түрде мемлекеттік сынақтан өткізіледі. Стандартты емес құралдар мемл. сынақтан өткізілмейді, олардың сипаты метрол-қ аттестациялау кезінде айқындалады. ӨҚ өлшенетін физикалық шамаға қатысы бойынша мыналарға бөлінеді:
• Негізгі – бұл өлшеу тапсырмасына сəйкес мəнін алу үшін қажетті, сол физикалық шаманың өлшеу құралы;
• Қосалқы – бұл өлшеу нысаны немесе негізгі өлшеу құралына əсер ететін талап етілген дəлдікті өлшеудің нəтижелерін алу үшін қажетті сол физикалық шаманың өлшеу құралы. Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етудің техникалық негізін мыналар құрайды:
• ҚР территориясында қолданылатын ӨҚ, оның ішінде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері; • ҚР қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
Өлшеу құралдарының түрлері:
• Шама мөлшерлері;
• Өлшеу приборы;
• Өлшегіш түрлендіргіштер;
• Өлшеу қондырғысы;
• Өлшеу жүйесі;
• Стандартты үлгілер;
• Өлшеу машиналары.
• Шама мөлшерлері – бір немесе бірнеше берілген размерлі физикалық шамаларды сақтай жəне қайта жаңғырта алатын өлшеу құралдары. Мөлшерлер бірмəнді, көпмəнді жəне мөлшерлердің жиынтығы түрінде болады.
• Өлшегіш түрлендіргіштер – өлшенетін шаманы басқа шамаға немесе өңдеу, сақтау, ары қарай түрлендіру үшін ыңғайлы өлшеу информациясының сигналына түрлендіру үшін қолданылатын ӨҚ.
• Өлшеу приборы – өлшенетін физикалық шаманың мəндерін орнатылған диапазонда алу үшін қолданылатын ӨҚ.
• Өлшеу қондырғысы – бір жерде орналасқан жəне бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеу үшін қолданылатын өлшеу құралдарының функциональды біріккен жиынтығы.
• Өлшеу жүйесі – əр жерде орналасқан жəне бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеу үшін қолданылатын өлшеу құралдарының функциональды біріккен жиынтығы.
• Өлшеу машинасы – бұйымды сипаттайтын физикалық шамалардың дəлдігін өлшеуге арналған ірі размерлі өлшеу қондырғысы.
• Стандартты үлгілер – заттардың (материалдың) қасиеттері мен құрамдарын сипаттайтын бір немесе бірнеше шамалардың мəндері метрологиялық аттестацияның нəтижесімен орнатылған заттардың (материалдың) үлгілері.
• Қасиеттердің СҮ жəне құрамдардың СҮ болып екіге бөлінеді. Заттар мен материалдың қасиеттерінің СҮ метрологиялық бағыты бойынша бірмəнді шаманың рөлін орындайды. Оларды эталон ретінде қолданады. Эталондар жоғары дəлдікті ӨҚ болып табылады, сондықтан бірліктің размері туралы информацияны беру құралы ретінде қолданылады. Өлшеуіш аспап (орыс. измерительный прибор) - байқаушы сезе алатындай түрге өлшеу ақпаратының сигналын өндеуге арналған өлшеу құралы. Өлшеуіш аспаптың көрсететін, тіркейтін, өзі жазатын, басатын, интегралдайтын, қосатын, аналогты, цифрлы, тура әрекеттегі жонс салыстыратын түрлері бар.