
- •1.Метрология және оның тарихы.Метрологияның мақсаттары.
- •2)Өлшеу жəне оның түрлері. Өлшеуді класификациялау
- •3 Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етудің техникалық негіздері.
- •4 .Прибор шкаласын градуирлеу. Өлшеу құралдарын градуирлеу. Термоқосақ, оны градиурлеу.
- •Өлшеу нəтижелерін графиктік əдіспен өңдеу.
- •6 Берілген шаманың шкаласы(өлшеудің шкаласы). Негізгі реперлер жəне негізгі интервалдар. Фаренгейт шкаласы. Цельсий шкаласы.
- •Физикалық шамалардың өлшем бірліктері. Бірліктер жүйесі. Негізгі бірліктер.Бірліктер жүйесін құрудың негізгі принципі. Мөлшердің метрлік жүйесі. К.Гаусстың «Абсолют бірліктер жүйесі».
- •Халықаралық бірліктер (си) жүйесі жəне оның артықшылықтары
- •Өлшеу құралдары жəне оның түрлері. Өлшеу приборының принципиальді жəне құрылымдық схемалары.
- •10 Жүйелік қателіктер.
- •11 Гаусс таралуы жəне оның негізгі сипаттамалары. Математикалық
- •12 Тікелей өлшеу нəтижелерін математикалық өңдеу. Орташа
- •Өлшеу нəтижелеріне түзету енгізу.
- •16 Ағаттықты алып тастау.
- •18 Си жүйесіндегі когерентті туынды бірліктердің жасалуының
- •20 Нәтижелерді дөңгелектеу ережесі. Мәнді цифрлар. Нәтижелерді дұрыс жазу.
- •21. Си бірліктерімен тең қолданылатын бірліктер
- •22Кездейсоқ қателіктер ұғымы. Кездейсоқ қателіктердің байқалу ықтималдылықтарының таралуы.
- •23 Ең кіші квадраттық әдіс.
- •24 . Қазақстанның эталондық базасы Эталондар-бірліктің размерін өлшеу құралдарына беру мақсатында оны сақтап және қайта жаңғырта алатын өлшеу құралдары.
- •25 Си жүйесінің бірліктері және олардың анықтамалары.
- •26 . Физикалық шамалар арасындағы байланыс теңдеуі.
- •27Физикалық шама. Физикалық шаманың сипаттамалары. Негізгі және туынды шамалар.
- •28.Си Халықаралық бірліктер жүйесі, оның кезінде ссСр-ға кіргізілу тарихи этаптары
- •29 Халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық эталондар
- •30.Өлшеудің негізгі теңдеуін қорыту.
- •31.Метрологияның аксиомалары(постулаттары).
- •32. Гауус функциясының қасиеттері.
- •33.Өлшеу. Өлшеудің құрылымдық элементтері.
- •34.Өлшеу нəтижесінің сапасы.
- •36.Жанама өлшеу нəтижелерін математикалық өңдеу.
- •37.Метрологияның нысандары. Олардың анықтамалары. Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар.
- •39.Өлшемділік.Өлшемділіктің теңдеуін қорытып шығару.
- •Өлшеу əдістерінің класификациясы.
- •Өлшемділікке анализ.
- •42 Си жүйесінің негізгі жəне қосымша бірліктерінің анықтамалары.
- •43 Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз ету. Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар (анықтамаларын беру керек).
- •Кездесоқ оқиғалар мен шамалардың (қателіктердің) байкалу ықтималдықтарының таралу заңдылықтары: Бірқалыпты таралу, үшбұрышты таралу заңы, трапециялық таралу заңы.
- •Жүйеден тыс өлшем бірліктері. Еселік жəне үлестік бірліктер. Уақытша қолданылатын бірліктер.
- •46 Түзусызықты функцияның параметрлерін «ең кіші квадраттың əдіспен» есептеу.
- •Цельсий шкаласынан Фаренгейт шкаласына өту.
- •49 Фаренгейт шкаласынан Цельсий шкаласына өту.
- •50 Сгс,мкс,мкгсс,мкса,мсс,мтс бірліктер жүйелері.
- •52 Өлшеу құралдарының (өлшегіш прибор) метрологиялық сипаттамалары
4 .Прибор шкаласын градуирлеу. Өлшеу құралдарын градуирлеу. Термоқосақ, оны градиурлеу.
Әртүрлі материалдардан жасалған екі өткізгішті бір-біріне тиістіргенде өткізгіштер арасында электрон алмасуы өтіп, осының салдарынан екі өткізгіштің тиісу нүктесінің жапсарларында потенциал айырмасы пайда болады. Соңғының шамасы тиісіп тұрған өткізгіштер тегіне және тиісу нүктесінің температурасының тәуелді болады. А және В түйіндерінің температуралары тең болса, осы нүктелер жапсарында пайда болатын потенциалдар айырмасы да тең болады.Егер екі түйіннің бірі қыздырылса, онда осы түйіндерде туындайтын потенциал айырмалары бір-біріне тең емес, сондықтан қорытқы э.қ.к. әсерінен электр тоғы пайда болады. Осы э.қ.к. термоэлектрлік қозғаушы күш деп аталады. Зеебек ашқан бұл құбылыс Зеебек эффектісі деп аталады. Термоэлектрлік термометр деп аталатын құралдарда температураны өлшеу үшін аталған құбылыс кеңінен қолданылады. Термоэлектрлік термометр әртекті екі материалдан дәнекерленген, бір өткізгішінің үзілісіне милливольтметр енгізілген тізбекті құрайды. Өлшеу кезінде түйіннің біреуінің температурасы, екінші ұшы температурасы өлшенетін денеге жабыстырылады. Осындай термометрлердің сұйықтық термометрлерден бір айырмашылығы, термоқосақпен өте жоғары немесе төмен температураны өлшеуге болады, оның үстіне бұл термометрлер өте сезгіш келеді. Термоэлектрлік термометрдің т.э.қ.к. шамасы А және В түйіндеріндегі э.қ.к. айырымымен анықталады және де, егер А түйінінің температурасы t=0 ,болса, ыстық түйіннің т.э.қ.к.-інің температураға тәуелділігін төмендегідей өрнектейді.Жаңадан жасалған термоэлектрлік термометрді температураны өлшеуге қолдану үшін алдыменен оны өлшемдеу керек, яғни екі түйін температураларының айырмасы мен түйіндер арасында туындайтын т.э.қ.к. арасындағы тәуелділікті табу керек. Өлшемдеу кезінде температура мәні күні бұрын белгілі реперлік нүктелер: мұздың еру, судың қайнау, таза металлдардың балқу температуралары т.т пайдаланылады. Өлшемдеу кезінде термометрдің бір түйіні еріп жатқан мұз салынған Дьюар ыдысында термостатталады да, екінші түйін кезегімен температуралары белгілі ортаға салынады. Термоэлектрлік термометрмен температураны дәлірек өлшеу үшін токты өлшегеннен гөрі тізбектегі электр қозғаушы күшті өлшеген дұрыс болады. Өйткені, т.э.қ.к. шамасы түйінді құрайтын металл өткізгіштер тегі мен түйіндер температурасымен ғана анықталса, электр тоғы, мұның үстіне өлшеуіш құралдар, жалғау сымдар кедергілеріне және түйіндердің ішкі кедергісіне тәуелді болады. Қос өткізгіштің термоэлектрлік қасиетін сипаттау үшін дифференциалдық т.э.қ.к. деген ұғым енгізіледі: дәнекерленген қос өткізгіштер тегі мен температураға тәуелді болады және оның сандық мәні түйіндер арасындағы температура айырымы 1 градус кезінде туындайтын т.э.қ.к. сандық мәніне тең.
Өлшеу нəтижелерін графиктік əдіспен өңдеу.
Эксперименттік физикада графиктер турлі мақсаттарда қолданылады
Мысалы:
--кейбір шамаларды анықтау үшін;
--мәліметтерді көрнекі түрде көрсету үшін;
--екі шаманың арасындағы эмпирикалық қатынасты табу үшін;
--эксперимент мәліметтерін теория мәліметтерімен немесе басқа авторлардың мәліметтерімен салыстыру үшін; т.б.
Графикті сызықтық немесе логарифмдік миллиметрлік қағазға сызады. Екі шаманың арасындағы функциялық қатынасты тапқанда абцисса өсіне беріліп отырған шаманы ,ал ордината өсіне табылған шаманы тағайындап алу керек. Бұл ретте салынатын шамалардың ең кіші және ең үлкен шекткрін анықтап координаттар өстеріндегі тең бөліктерге 1; 2; 5; -ке еселік сандар түсетіндей етуге тырысу керек. Сонда графикке нүктелер салу және сызықтың координаттарын анықтау анағұдрлым жеңіл болады. Егерде абцисса өсінің ұзындығын ординатаға қаррағанда 1,5-2,0 есе үлкен етіп алса график көрнекілеу болады. Графике экспаримент мәліметтерін әртүрлі таңбалармен белгілеу арқылы ал теория жүзінде немесе санақ әдісімен алынған мәліметтерді тұтас сызықпен тұрғызу қалыптасқан.Графиктерді салғанда масштабты дұрыс пайдалану арқылы өлшенген үктелер қағаз бетіне біркелкі түсетіндей етуге тырысу керек.Көптеген процестерде аргумент пен функциялардың бастапқы нүктелері координаттар өсінің басына ,нөлге, сәйкес келе бермейді.Сондықтан координаттар өсін жылжыту арқылы нақты процестің бастапқы нүктелеріне жақындату керек.Графиктегі нүктелердің орналасу тәртібі белгілі заңдылыққа бағынады. Мәліметтерді график түрде сипаттағанда тәжірибе нүктелері түзу сызық бойына орналасатындай етуге тырысу керек. Себебі түзу сызықтың функциялық тәуелділігі сызықсыз функциялардың тәуелділігінен анағұрлым көрнекі және формула түрінде оңай алынады.Олардың бірнеше әдісі бар.Жалпы жағдайда көптеген күрделі байланаысты
у=a+bx
сызықтық
өрнекке келтіруге болады. Осы сызықтық
байланыстың а және b параметрлерін
тәжірибенің нәтижелерін пайдаланып
аналитикалық әдіспен табуға болады.Айталық
физикалық бір шаманың хі
мәніне
сәйкес физикалық екінші шаманың уі
мәні (і=1,2,3,...n)тәжірибеде алынған болсын.
Сонда соңғы формулаға сәйкес хі
мен
уі
шамаларының өзара түзу сызықты байланысын
ең дұрыс көрсететін а және b параметрлерді
есептеп табу әдісі ең
кіші квадраттар ережесі
деп аталады.