Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТИ 1-52.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.79 Mб
Скачать

2)Өлшеу жəне оның түрлері. Өлшеуді класификациялау

Өлшеу дегеніміз - техникалық құралдардың көмегімен өлшенетін шаманы оның бірлігімен салыстыру операциясы.Өлшеу тұтастығы – бұл өлшеу нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерімен өрнектелетін және өлшеудің қателігі берілген ықтималдықпен орнатылған шекарада жататын өлшеудің жай күйі. Өлшеудің 4 түрі бар.

  • Тікелей өлшеу – ізделініп отырған шаманы арнайы физикалық құралдардың көмегімен зерттеу объектісіне жанастыра отырып алынған шаманың нақты дәл өлшемі.

  • Жанама өлшеу – ізделінген шаманың тікелей өлшеу нәтижесінде алынған мәндеріне математикалық өңдеу жүргізу арқылы алынған зерттеу объектісінің жорамал өлшеуі.

  • Жиынтық өлшеу – бірнеше бір мәнді шамаларды бір мезгілде өлшей отырып, олардың мәнін тікелей өлшеу нәтижелерінен құрылған теңдеулер жүйесімен табуды айтады.

  • Бірлесіп өлшеу – екі немесе бірнеше бір мәнді шамаларды әр мезгілде өлшей отырып, олардың арасындағы қатынасты табуды айтады.

Өлшеуді классификациялау

Өлшеу 4 түрге классификацияланады.

  • Дәлдік сипаты бойынша: тең нүктелік және тең емес нүктелік. Тең нүктелік өлшеу – дәл бірдей жағдайларда дәлдік өлшеу. Бірдей жағдайлар дегеніміз – кеңістіктің бір нүктесінде, бірдей уақытта, бірдей әдістермен өлшеу. Тең емес нүктелік – әр түрлі жағдайларда дәлдіктері әр түрлі приборлармен өлшеу. Әр түрлі жағдайлар дегеніміз – әр түрлі кеңістікте, әр уақытта, әр түрлі әдістермен .

  • Өлшеудің саны бойынша 1 реттік және көп реттік. Кіші өлшем саны 3 тен кем болмау керек.

  • Шаманың өзгеруіне байланысты: динамикалық және статикалық. Статикалық өлшеу- өлшеу барысында уақыт бойынша физикалық шаманың мәні тұрақты болады. Мысалы: тұрақты ток. Егер өлшеу барысында өлшенетін шаманың мәні өзгеріп отыратын болса, онда мұндай өлшеуді динамикалық өлшеу деп айтамыз. Мысалы: айнымалы ток.

  • Өлшеу нәтижелерін өрнектеу бойынша: абсолют және салыстырмалы. Абсолют F=mg . Салыстырмалы. Аттас шамалар қатынасы M=m0/m.

3 Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етудің техникалық негіздері.

Шама бірліктерінің эталондары. Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етудің техникалық негізін мыналар құрайды:

• ҚР территориясында қолданылатын ӨҚ, оның ішінде заттар мен материалдардың

құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері; • ҚР қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары; Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етудің техникалық негіздерін құрайды:

1. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары

2. Өлшеу құралдары.

Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары-шама бірліктерін ( шама бірліктерінің еселік не үлестік мәндерін ) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған және мөлшерін Қазақстан Республикасының аумағындағы осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында негізгі эталондар ретінде пайдаланылады.

Өлшеу құралдары-бірліктің мөлшерін ( размерін) сақтап, қайта жаңғырта алатын метрологияның сипаттамалары бар техникалық құралдар.

Эталондар жалпылама 3-ке бөлінеді: халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық.

1. Халықаралық эталондар халықаралық келісімдер бойынша ұлттық эталондарды олармен түйістіріп салыстыру (сличение) үшін қолданылады. Халықаралық эталондар Мөлшерлер мен салмақтардың Халықаралық бюросында сақталады (Париж қаласы). Жоғарыда айтылған түйістіріп салыстыруды халықаралық деңгейде ұйымдастыратын осы бюро.Түйістіріп салыстырылатын СИ жүйесінің негізгі бірліктері және сонымен қатар туынды бірліктер. Түйістіріп салыстыру периодты түрде жүргізіледі. Мысалы электр шамаларының эталондары 3 жылды бир рет.

2. Мемлекетаралық эталондар белгілі тәртіппен бекітілген ТМД-ның ( Тәуелсіз Мемлекет Достастығы) эталондары, ТМД-ға кіретін елдердің сұраныстарын қанағаттандырады. Мемлекетаралық эталондарды стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Кеңес (Москва) бекітеді. Негізінен мемлекетаралық эталондар Россияда сақталады. Бұл эталондардың сапасы өте жоғары.

3. Ұлттық эталондар-мемлекет деңгейінде ресми түрде қабылданған эталон.Ұлттық деңгейде өлшеудің тұтастығын қамтамасыз ету осы елде қабылданған мемлекеттік эталондармен тікелей байланысты.

Мемлекеттік эталондар сол елдің ұлттық мақтанышы болып табылады, оның ғылыми техникалық және мәдени даму деңгейін көрсетеді. Мемлекеттік эталондар бірінші реттік, екінші реттік және жұмысшы болып бөлінеді:

Бірінші реттік эталон-елімізде ең жоғарғы дәлдікті қамтамасыз етеді, өте жақсы шарттарда сақталады.

Арнайы эталон-ерекше шарттарда бірліктердің жаңғыртылуын қамтамасыз етеді және осы шарттар үшін бірінші реттік эталондарды алмастырады.

Бұл эталондардың 2 түрі Мемлекеттік эталондар деп аталады.

Екінші реттік эталондар:

Көшірме эталон –жұмысшы эталондарға өлшемді беруге арналған Мемлекеттік эталондардың тастық, үлестік таразылар, гірлер және т.б аспаптар.

Күш және қаттылық. Динамометр, пресс, маятникті конустар орнына қолданылады.

Салыстыру эталоны-эталондарды салыстыру үшін қолданылады.

Жұмысшы эталон-бірліктерді сақтау және оның өлшемдерін үлгілік ӨҚ-на беру үшін қолданылады.

Ұлттық эталондардан басқа халықаралық эталондар бар, ол эталондар Парижге жақын Севр қаласындағы Халықаралық өлшем және салмақ бюросында (ХӨСБ) сақталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]