Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТИ 1-52.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.79 Mб
Скачать
  1. Кездесоқ оқиғалар мен шамалардың (қателіктердің) байкалу ықтималдықтарының таралу заңдылықтары: Бірқалыпты таралу, үшбұрышты таралу заңы, трапециялық таралу заңы.

Дөрекі қателік (қате жіберу) – бұл өлшеу қатарына кіретін жеке бақылау нәтижесінде алынатын кездейсоқ қателік, ол берілген шарттарда осы қатардың басқа нәтижелерінен лезде ерекшелене алады. Олар, ереже бойынша, оператордың қателігі немесе дұрыс емес әрекеттерінен (оның психофизиологиялық жағдайы, дұрыс есептемеуі, жазба немесе есептеуде кеткен қателіктер, аспаптарды дұрыс қоспауы немесе олардың жұмыс кезіндегі бөгеттер және т. б.) пайда болады. Қателіктің пайда болуының себебі өлшеу жүргізу жағдайының аз уақытта лезде өзгеруі болып табылады. Егер қателіктер өлшеу процесінде пайда болса, олардан тұратын нәтижелер алып тасталады. Өлшеудің кездейсоқ қатесін анықтау үшін, өлшеуді бірнеше рет қайталау керек. Өлшеу қорытындылары үнемі өзгерир отырса, бул кездейсоқ қатенің өлшеу қорытындысына тікелей ықпал жасағандығы деп түсінуге болады. Өлшеніп отырған физикалық шаманың ақиқат мәнін үлкен дәлдікпен сипаттайтын шаманы табу ушін өлшеу саны қанша болу керектігін талқыламас бұрын, кездейсоқ шамалардың ақиқат мәнінің маңында таралып бөліну заңдылығы қарастырылады. Өлшеу саны өте көп болғанда өлшеу қорытындыларының қездейсоқ таралып бөлінуі Гаусс ашқан қателердің қалыпты таралу заңына бағынады. Бұл заң төмендегідей алғы шарттарға негізделген.

  1. Өлшеу қателері үздіксіз қатар құрайтын мәндерге ие бола алады.2. Бақылау саны шексіз артқан сайын мөлшері бірдей , бірақ таңбалары қарама-қарсы қателердің орын алу жиілігі бірдей болады.3. Мөлшері белгілі бір мәнге ие болатын қатенің қайталыну жиілігі қатенің мөлшері артқан сайын азая береді немесе үлкен қате мөлшері аз қатеге қарағанда сиректеу кездеседі.

  1. Жүйеден тыс өлшем бірліктері. Еселік жəне үлестік бірліктер. Уақытша қолданылатын бірліктер.

Уақытша қолданылатын бірліктер әр елде бар, сосын алынып тасталуы мүмкін. Уақытша қолданылатын бірліктерге : ангстрем, морская миля, карат, центнер, узел, бұрыштық минут, бұрыштық секунд, килограмм-күш,тонна –күш, ат күші, мм су бағанасы, бар, мм сынап бағанасы, калория, бэр, рад т.б. Өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесі (Си жүйесі) өлшемдердің халықаралық қалпы, метрлік жүйенің заманауи нұсқасы. Си күнделікті өмірмен қатар ғылым мен техникада әлемде ең көп пайдаланылатын бірліктер жүйесі болып табылады.Си жүйесі мына өлшемдерге негізделген. Ұзындық- метр, масса- килограмм, уақыт- секунд, температура- кельвин, ток күші- ампер, жарық күші- кандела, зат мөлшері- моль.Халықаралық бірліктер жүйесінің мынадай артықшылықтары бар:

  • Әмбебаптығы -ғылым мен техниканың, өндірістің барлық аумақтарын қамтиды.

  • Бірліктердің унификациялануы. Мысалы, бұрын қолданылып келген қысымның бірнеше бірліктерінің (атм, ат, мм.сын.бағ, мм.су.бағ т.б) орнына Халықаралық жүйеде жалғыз паскаль ғана , ал жұмыс пен энергияның бұрынғы бірліктерінің(кг*с, эрг, кал, ккал, эв, кВт*сағ т.б) орнына тек бір ғана Джоуль қолданылатын болды.

  • Қолдануға ыңғайлылығы

  • Когеренттілігі. Туынды шамалардың бірліктерін анықтайтын физикалық теңдеулердегі пропорционалдық коэффициенттің өлшемсіз бірге тең болуы.

  • Массаның өлшем бірлігі мен күштің өлшем бірлігінің айырмашылығының айқындалуы.

  • Теңдеу мен формулаларды жазудың жеңілдеуі

Жүйеден тыс өлшем бірліктерКөптеген ғалымдардың орасан зор еңбектерінің арқасында физикалық шамалар бірліктерінің бірсыпыра жүйелері жасалынып, сол бірліктерді кез келген жүйеде сипаттауға мүмкіндік бола тұра әлі күнге дейін ешқандай жүйеге жатпайтын бірліктер адамзат тіршілігінің түрлі аумақтарында қолданылып келеді. Мұндай бірліктердің көбісі өзінің қолдануға ыңғайлылығымен ұтымды, мысалы, атмосфера, сағат, литр, тонна, центнер, минут, тәулік, жыл т.б. ХЖ бірліктеріне қатысты жүйеден тыс бірліктерді 4 түрге бөледі:

- ХЖ бірліктерімен тең рауалы (мысалы: масса бірлігі – тонна; жазық бұрыш – градус, минута, секунда; көлем – литр; уақыт – минута, сағат, тәулік; аудан – гектар және т.б.);

- арнайы облыстарда қолдануға рауалы (астрономиялық бірлік – парсек, жарықтық жыл; оптикалық күш бірлігі – диоптрия; физикадағы энергия бірлігі – электрон-вольт және т.б.);

- ХЖ бірліктерімен тең қолданылуға уақытша рауалы (теңіз навигациясында – теңіздік миля; зергерлік істегі масса бірлігі - карат);

- қолданудан алынған (қысым бірлігі – сынап бағанының мм; қуат бірлігі – ат күші және т.б.). Физикалық шамалардың еселік және үлестік бірліктерін ажыратады. Еселік – бұл жүйелік немесе жүйеден тыс бірліктен тұтас сан есе артатын, физикалық шама бірлігі. Үлестік – бұл физикалық шама бірлігі, оның мәні жүйелік немесе жүйеден тыс бірліктен тұтас сан есе кем болады.

3.3-кесте – Ондық еселік және үлестік бірліктерді және олардың атауларын құруға арналған көбейткіштер және қосымшалар

Көбейткіш

Қосымша

Қосымшаның белгіленуі

Көбейткіш

Қосымша

Қосымшаның белгіленуі

халықаралық

орысша

халықаралық

орысша

экса

E

Э

деци

d

д

пета

P

П

санти

c

с

тера

T

Т

милли

m

м

гига

G

Г

микро

мк

мега

M

М

нано

n

н

кило

k

к

пико

p

п

гекто

h

г

фемто

f

ф

дека

da

да

атто

a

а

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]