
- •1.Метрология және оның тарихы.Метрологияның мақсаттары.
- •2)Өлшеу жəне оның түрлері. Өлшеуді класификациялау
- •3 Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етудің техникалық негіздері.
- •4 .Прибор шкаласын градуирлеу. Өлшеу құралдарын градуирлеу. Термоқосақ, оны градиурлеу.
- •Өлшеу нəтижелерін графиктік əдіспен өңдеу.
- •6 Берілген шаманың шкаласы(өлшеудің шкаласы). Негізгі реперлер жəне негізгі интервалдар. Фаренгейт шкаласы. Цельсий шкаласы.
- •Физикалық шамалардың өлшем бірліктері. Бірліктер жүйесі. Негізгі бірліктер.Бірліктер жүйесін құрудың негізгі принципі. Мөлшердің метрлік жүйесі. К.Гаусстың «Абсолют бірліктер жүйесі».
- •Халықаралық бірліктер (си) жүйесі жəне оның артықшылықтары
- •Өлшеу құралдары жəне оның түрлері. Өлшеу приборының принципиальді жəне құрылымдық схемалары.
- •10 Жүйелік қателіктер.
- •11 Гаусс таралуы жəне оның негізгі сипаттамалары. Математикалық
- •12 Тікелей өлшеу нəтижелерін математикалық өңдеу. Орташа
- •Өлшеу нəтижелеріне түзету енгізу.
- •16 Ағаттықты алып тастау.
- •18 Си жүйесіндегі когерентті туынды бірліктердің жасалуының
- •20 Нәтижелерді дөңгелектеу ережесі. Мәнді цифрлар. Нәтижелерді дұрыс жазу.
- •21. Си бірліктерімен тең қолданылатын бірліктер
- •22Кездейсоқ қателіктер ұғымы. Кездейсоқ қателіктердің байқалу ықтималдылықтарының таралуы.
- •23 Ең кіші квадраттық әдіс.
- •24 . Қазақстанның эталондық базасы Эталондар-бірліктің размерін өлшеу құралдарына беру мақсатында оны сақтап және қайта жаңғырта алатын өлшеу құралдары.
- •25 Си жүйесінің бірліктері және олардың анықтамалары.
- •26 . Физикалық шамалар арасындағы байланыс теңдеуі.
- •27Физикалық шама. Физикалық шаманың сипаттамалары. Негізгі және туынды шамалар.
- •28.Си Халықаралық бірліктер жүйесі, оның кезінде ссСр-ға кіргізілу тарихи этаптары
- •29 Халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық эталондар
- •30.Өлшеудің негізгі теңдеуін қорыту.
- •31.Метрологияның аксиомалары(постулаттары).
- •32. Гауус функциясының қасиеттері.
- •33.Өлшеу. Өлшеудің құрылымдық элементтері.
- •34.Өлшеу нəтижесінің сапасы.
- •36.Жанама өлшеу нəтижелерін математикалық өңдеу.
- •37.Метрологияның нысандары. Олардың анықтамалары. Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар.
- •39.Өлшемділік.Өлшемділіктің теңдеуін қорытып шығару.
- •Өлшеу əдістерінің класификациясы.
- •Өлшемділікке анализ.
- •42 Си жүйесінің негізгі жəне қосымша бірліктерінің анықтамалары.
- •43 Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз ету. Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар (анықтамаларын беру керек).
- •Кездесоқ оқиғалар мен шамалардың (қателіктердің) байкалу ықтималдықтарының таралу заңдылықтары: Бірқалыпты таралу, үшбұрышты таралу заңы, трапециялық таралу заңы.
- •Жүйеден тыс өлшем бірліктері. Еселік жəне үлестік бірліктер. Уақытша қолданылатын бірліктер.
- •46 Түзусызықты функцияның параметрлерін «ең кіші квадраттың əдіспен» есептеу.
- •Цельсий шкаласынан Фаренгейт шкаласына өту.
- •49 Фаренгейт шкаласынан Цельсий шкаласына өту.
- •50 Сгс,мкс,мкгсс,мкса,мсс,мтс бірліктер жүйелері.
- •52 Өлшеу құралдарының (өлшегіш прибор) метрологиялық сипаттамалары
42 Си жүйесінің негізгі жəне қосымша бірліктерінің анықтамалары.
Си Халықаралық бірліктер жүйесіне 7 негізгі және 2 қосымша бірлік енеді. Қосымша 2 бірлік – жазық және денелік бұрыштардың бірліктері – радиан және стерадиан. Бұл бірліктердің қосымша аталу себебі оларды негізгі бірліктер қатарына жатқызуға болмайды, себебі бұрышпен қозғалуды сипаттайтын шамалардың өлшемділіктерін сипаттауда қиындықтар туындайды. Сонымен оларды туынды бірліктер қатарына жатқызуға да болмайды, себебі, негізгі бірліктерден құралмайды. Жазық бұрыштың өлшем бірлігі - радиан (рад), доғасының ұзындығы радиуске тең екі радиустың арасындағы бұрышқа тең шама.Денелік бұрыштың бірлігі - стерадиан (ср) - төбесі сфераның центрінде орналасқан, сфера бетінде ауданы қабырғасы сфера радиусына тең квадраттың ауданына тең аудан кесетін денелік бұрышқа тең шама. Халықаралық жүйенің қосымша бірліктері бұрыштық жылдамдық, бұрыштық үдеу секілді шамаларды сипаттауда қолданылады. Радиан мен стерадиан теориялық есептерде кеңінен қолданылғанымен тәжірибеде сирек кездеседі. Мысалы, стерадиан көбінесе жарық техникасында ғана қолданылады.
43 Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз ету. Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар (анықтамаларын беру керек).
Өлшем тұтастығы-нәтижелері заңдастырылған шама, бірліктерінде көрсетілген және өлшем қателігі берілген ықтималдылықпен белгіленген шектегі өлшемнің жай күйі.
Өлшем тұтастығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі-өлшеу тұтастығын қамтамасыз ету саласында жұмыстарды өз құзіреті шегінде жүзеге асыратын объектілердің мемлекеттік басқару органдарының , жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңдар ҚР-ның Конституцичсына негізделеді.Осы заңның қолданылу аясы ҚР аумағында өлшем бірлігін қамтамасыз етуге байланысты қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қазақстан Республикасы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» Заңының 6-бабына сәйкес өлшем бірлігі жүйесі құрылысы 3 компоненттен тұрады: ұйымдастыру, техникалық және нормативтк негіздер. Бұл Заң мемлекеттік өлшем бірліктерін қамтамасыз етуді, елде өлшем дәлділігін сақтауды, өлшем құралдары мен бірліктерге метрологиялық заңдылықты қолдануды, орнатуды әрі заңды және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейді.
Мемлекеттік өлшем жүйесінің объектісі ретінде шаманың бірлік эталоны, өлшем құралдары, өлшеу әдістері мен нәтижелері және құралдарына талаптар, өлшеуді орындау әдістемелері, және нормативтік құжаттары қарастырылады. Мемлекеттік өлшем жүйесі құрылымының ұйымдастырушылық негізін құрушы метрологиялық қызмет, мемлекеттік бірлік эталоны және техникалық негізді құрайтын өлшем құралдары және өлшем бірлігін қамтамасыз ететін жұмыс тәртібі мен ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құжаттар кіреді.
2000 жылы 7 маусымда Қақастан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтің үкімімен Қазақстан Республикасының стандартизация, метралогия және сертификация жөніндегі өкілетті роганның «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» модальды заң негізінде жасалған «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды.
Бұл заң Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық-эканомикалық және ұйымдастыру негіздерін орнатады, метрология саласында мемлекеттік басқару органдарымен жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет саласындағы қатынастарды реттейді және ол азаматтар мен Қазақстан Республикасының заңды мүдделерін, өлшеулердің дұрыс емес нәтижелердің салдарынан қорғауға бағытталған.
Заң әрекетінің таралу салаларына мемлекеттік басқару органдары жатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тераториясындағы өлшем бірлігін қамтамасыз етумен байланысты жүзеге асырылатын әрекеттер мен жеке және заңды тұлғаларға таралады.
Қақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесінің нормативтік негізін, нормативтік құжаттар комплексі құрайды. Олар Қазақстан Республикасындағы қажетті өлшем дәлдігі мен бірдейлікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін регламенттейтін, бірдей нормалар мен ережелерді бекітеді. Метрологияның негізгі ұғымдары
Метрология дегеніміз (греч. "метро" - өлшем, "логос" - оқу) — өлшемдер, олардың бірлігімен талап етілетін, дəлдігін қамтамасыз ететін əдістер мен құралдар тұралы ғылым.
Заманауи метрологиясы
- теориялық метрология
- тарихи метрология;
- заңнамалық метрология;
- қолданбалы метрология.
Теориялық метрология - өлшеудің жалпы теориялық проблемаларын қарастырады.
Тарихи метрология – оның даму барысы
Заңнамалық метрология – өзара байланысты жалпы ережелерді, талаптар мен
нормаларды, сонымен қатар мемлекет тарапынан бақылау мен регламенттеуді қажет ететін басқа да мəселелерді қамтиды.
Қолданбалы метрология – өлшеу құралдары мен əдістерді тəжірибелік қолдану
мəселелерімен айналысады.
Метрологияның негізгі қызметтеріне:
Мемлекеттік эталондардың жəне үлгілік өлшеу құралдарының (ӨҚ) физикалық шама бірліктерін орнату;
теорияларды, əдістерді, өлшеу құралдары мен бақылауды дайындау;
Өлшеу бірыңғайлығын жəне бірүлгілік ӨҚ-н қамтамасыз ету;
қателіктерді, ӨҚ-ның жағдайын бағалау жəне бақылау əдістерін дайындау;
Жұмысшы ӨҚ-на эталондардан немесе үлгілік ӨҚ-нан физикалық бірліктердің өлшемдерін беру əдістерін дайындау кіреді.
Физикалық шама – бұл көптеген физикалық объектілер үшін сапалық қатынаста
жалпы құрам, бірақ сандық қатынаста əрбір объекті үшін жеке құрам.
Физикалық шама: активті
пассивті
Активті физикалық шамалар – бұл көмекші энергиялар көздерінің келтіруінсіз,
өлшеуге болатын шамалар, мысалы, электр тогының күші.
Пассивті физикалық шамалар – бұл өлшеу үшін көмекші энергия көздерін
қолдануды қажет ететін шамалар, мысалы, электр кедергісі.
ӨҚ-ның бірліктері негізгі жəне қосымша бірліктерден алынады, он деңгейлік
қысқартылған бірліктер қолданылады:
1018 - экса (Е, Э) 10-2 - санти (с, с)
1015 - пета (Р, П) 10-3 - милли (m, м)
1012 - тера (Т, Т) 10-6 - микро (м, мк)
109 - гига (G, Г) 10-9 - нано (п, н)
106 - мега (М, М) 10-12 - пико (р, п)
103 - кило (к, к) 10-15 - фемто (р, ф)
102 - гекто (h, г) 10-18 - атто (а, а)
101 - деци (d, д)
Негізгі терминдер мен анықтамалар:
1. Өлшеу – арнайы техникалық өлшеу құралдарының көмегі арқылы тəжірибелік жолмен
физикалық шаманың мəнін анықтау.
Нəтижесінде физикалық шаманың мəнін анықтайды:
Q= q · U
q – қабылданған бірліктегі физикалық шаманың санды мəні
U - Физикалық шаманың бірлігі 2. Өлшеу бірлігі – нəтижелері заңды бірліктермен көрсетілген жəне өлшеудің қателіктері
берілген ықтималдылықта анықталынған өлшеу қалпы.
3. Техникалық бақылау (ТБ )- бұл орнатылған техникалық шартқа (ТШ) объектінің сəйкестігін тексеру.
Техникалық бақылау объект, бақылау құрылғысы, орындаушы, нормативтік құжаттама сияқты негізгі элементтердің жиынтығы мен техникалық бақылаудың бірыңғай жүйесін (ТБЖ) құрады.
ТБЖ-нің қызметтерін орындау негізгі екі кезеңнен тұрады:
1. Бірінші реттік ақпарат
2. Осыған сəйкес түзету туралы шешім қабылдау
4. Сынау – бұл объекті құрамының сапалық жəне сандық сипаттамаларын сараптамалық анықтау жəне объектіні модельдеу, құру кезінде оған əсер ету нəтижелеріне сынау жүргізу.
5. Техникалық жобалау – нақты дəлдікпен объектті жоюалаудың техникалық жағдайын анықтау үрдісі. Жобалаудың нəтижесі техникалық объекттің жағдайы туралы, қажет болған жағдайда ақаудың орнын, себебін жəне түрін қоса алғандағы қорытынды болып табылады.