
- •1.Метрология және оның тарихы.Метрологияның мақсаттары.
- •2)Өлшеу жəне оның түрлері. Өлшеуді класификациялау
- •3 Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етудің техникалық негіздері.
- •4 .Прибор шкаласын градуирлеу. Өлшеу құралдарын градуирлеу. Термоқосақ, оны градиурлеу.
- •Өлшеу нəтижелерін графиктік əдіспен өңдеу.
- •6 Берілген шаманың шкаласы(өлшеудің шкаласы). Негізгі реперлер жəне негізгі интервалдар. Фаренгейт шкаласы. Цельсий шкаласы.
- •Физикалық шамалардың өлшем бірліктері. Бірліктер жүйесі. Негізгі бірліктер.Бірліктер жүйесін құрудың негізгі принципі. Мөлшердің метрлік жүйесі. К.Гаусстың «Абсолют бірліктер жүйесі».
- •Халықаралық бірліктер (си) жүйесі жəне оның артықшылықтары
- •Өлшеу құралдары жəне оның түрлері. Өлшеу приборының принципиальді жəне құрылымдық схемалары.
- •10 Жүйелік қателіктер.
- •11 Гаусс таралуы жəне оның негізгі сипаттамалары. Математикалық
- •12 Тікелей өлшеу нəтижелерін математикалық өңдеу. Орташа
- •Өлшеу нəтижелеріне түзету енгізу.
- •16 Ағаттықты алып тастау.
- •18 Си жүйесіндегі когерентті туынды бірліктердің жасалуының
- •20 Нәтижелерді дөңгелектеу ережесі. Мәнді цифрлар. Нәтижелерді дұрыс жазу.
- •21. Си бірліктерімен тең қолданылатын бірліктер
- •22Кездейсоқ қателіктер ұғымы. Кездейсоқ қателіктердің байқалу ықтималдылықтарының таралуы.
- •23 Ең кіші квадраттық әдіс.
- •24 . Қазақстанның эталондық базасы Эталондар-бірліктің размерін өлшеу құралдарына беру мақсатында оны сақтап және қайта жаңғырта алатын өлшеу құралдары.
- •25 Си жүйесінің бірліктері және олардың анықтамалары.
- •26 . Физикалық шамалар арасындағы байланыс теңдеуі.
- •27Физикалық шама. Физикалық шаманың сипаттамалары. Негізгі және туынды шамалар.
- •28.Си Халықаралық бірліктер жүйесі, оның кезінде ссСр-ға кіргізілу тарихи этаптары
- •29 Халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық эталондар
- •30.Өлшеудің негізгі теңдеуін қорыту.
- •31.Метрологияның аксиомалары(постулаттары).
- •32. Гауус функциясының қасиеттері.
- •33.Өлшеу. Өлшеудің құрылымдық элементтері.
- •34.Өлшеу нəтижесінің сапасы.
- •36.Жанама өлшеу нəтижелерін математикалық өңдеу.
- •37.Метрологияның нысандары. Олардың анықтамалары. Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар.
- •39.Өлшемділік.Өлшемділіктің теңдеуін қорытып шығару.
- •Өлшеу əдістерінің класификациясы.
- •Өлшемділікке анализ.
- •42 Си жүйесінің негізгі жəне қосымша бірліктерінің анықтамалары.
- •43 Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз ету. Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар (анықтамаларын беру керек).
- •Кездесоқ оқиғалар мен шамалардың (қателіктердің) байкалу ықтималдықтарының таралу заңдылықтары: Бірқалыпты таралу, үшбұрышты таралу заңы, трапециялық таралу заңы.
- •Жүйеден тыс өлшем бірліктері. Еселік жəне үлестік бірліктер. Уақытша қолданылатын бірліктер.
- •46 Түзусызықты функцияның параметрлерін «ең кіші квадраттың əдіспен» есептеу.
- •Цельсий шкаласынан Фаренгейт шкаласына өту.
- •49 Фаренгейт шкаласынан Цельсий шкаласына өту.
- •50 Сгс,мкс,мкгсс,мкса,мсс,мтс бірліктер жүйелері.
- •52 Өлшеу құралдарының (өлшегіш прибор) метрологиялық сипаттамалары
34.Өлшеу нəтижесінің сапасы.
Өлшеу құралдары мен нәтижелерінің сапасын, қателіктерін көрсете отырып, сипаттау қажет. “Қателік” деген ұғымды енгізу мыналар сияқты үш ұғымдарды анықтау және нақты шектеуді қажет етеді: өлшенетін физикалық шаманың шын және нақты мәні мен өлшеу нәтижесі. Физикалық шаманың шын мәні – берілген объектінің мөлшерлі түрдегі және сапасы жағынан қасиетін бейнелейтін идеалды мәні. Ол біздің сана сезімімізге тәуелді емес, идеалды шама болып табылады. Тәжірибеде бұл абстракталы ұғымды “ақиқат шама” деген шамамен алмастырған жөн. Физикалық шаманың нақты мәні – бұл тәжірибеден алынған және мақсатқа сай сол бір керекті шын мәнге жақын шама болып табылады.Өлшеу нәтижесі - өлшеу жолымен алынған шаманың шын мәнін өзінше жуықтап бағалау.
36.Жанама өлшеу нəтижелерін математикалық өңдеу.
Жанама
өлшеулер
- бұл тура өлшеулер барысында алынған
мәндерге математикалық операциялар
қолдану нәтижесінде ізделінді шаманы
алу. Мысалы, цилиндрдің көлемін цилиндрлік
өткізгіштің кедергісін формулалары
арқылы есептеу.
*Жанама өлшеу – ізделінген шаманың тікелей өлшеу нәтижесінде алынған мәндеріне математикалық өңдеу жүргізу арқылы алынған зерттеу объектісінің жорамал өлшеуі.
37.Метрологияның нысандары. Олардың анықтамалары. Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар.
Метрология – өлшеу, өлшеудің әдістері туралы ғылым. Метрология 3 топқа бөлінеді: заңнамалық- қолдануға жіберілген мемлкеттік талаптарды бекітеді; теориялық – метрологияның іргелі негіздерін зерттеп дайындаумен айналысады; қолданбалы – теориялық метрологиясы зерттеп дайындағандарды тәжірибе қолданумен айналысады.
Метрологияның негізгі мақсаттары:
ҚР азаматтарының мүдделерін және экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғау;
Отандық және импортталған өнімдердің, процестердің және көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету:
Материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерінің дұрыс есебін қамтамасыз ету;
Іргелі зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем дұрыстығын қамтамасыз теу;
Диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауіпсіздігін бақылау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезінде сенімді өлшем нәтижелерін қамтамасыз ету.
Метрология нысандары: физикалық шамалар, шама бірліктері, өлшеу құралдары, эталондар, қателіктер.
Физикалық шамалар – бізді қоршаған материалды әлемдегі құбылыстар мен процестерді сипаттайды.
Шама бірлігі – размерінің сан мәні1-ге тең физикалық шама
Өлшеу құралы – шама бірлігін сақтап сақтап және қайта жаңғыртатын метрологиялық сипаттамалары бартехникалық құралдар.
Шама бірлігінің эталондары – бірлік размерін өлшеу құралдарына беру мақсатында оны сақтап және жаңғырта алатын өлшеу құралдары.
Өлшеу қателіктері – өлшеу нәтижелерінің өлшенетін шаманың шын мәнінен ауытқуы.
Өлшеу – техникалық құралдардың көмегімен өлшенетін шаманы оның бірлігімен салыстыру операциясы.
Өлшеу тұтастығы – нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерінде көрсетілген және өлшем қателігі берілген ықтималдылықпен белгіленген шектегі өлшемнің жай – күйі.
Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе. Оның құрылымына:
1)ұйымдық негізді құраған ҚР-ның метрологиялық қызметі;
2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары және техникалық негізді құратын өлшем құралдары;
3) өлшем тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды және оларды өткізу тәртібін реттейтін нормативтік құжаттар кіреді.
Шама бірліктері, шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарының өлшем құралдыры, өлшем құралдарына,әдістеріне өойылатын талаптар және өлшемдерді орындау әдістемелері мен нормативтік құжаттар өлшеудің тұтастығын қамтамасыз ететін жүйенің негізгі объектілері болып табылады.
Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар:
Шама бірлігінің мемлекеттік эталоны – уәкілетті мемлекеттік органның шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында негізгі деп танылған шама бірлігінң эталоны.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау – стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемл органның өлшем құралдары шығарылуын, олардың жай – күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелері қолданылуы, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай–ақ тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез–келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөніндегі жүзеге асыратын қызметі.
Заңдық метрология – метрологияның стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемл орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бірліктеріне, әдістеріне, өлшем құралдары мен өлшемдік зертханаларына қатысты мемл талаптары бар бөлігі.
Өлшем құралдарын калибрлеу – өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамасының шын мәнінің және мемл метрологиялық бақылау мен қадағалауға жатпайтын өлгем құралдарының қолдануға жарамдылығын анықтау мақсатында сол өлшем құралының көмегімен алынған шама мәні мен эталон арқылы анықталған шаманың тиісті мәні арасындағы ара қатынасты белгілейтін операциялар жиынтығы.
Метрологиялық қызмет – қызметі өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған субъектілер жиынтығы