
- •1.Метрология және оның тарихы.Метрологияның мақсаттары.
- •2)Өлшеу жəне оның түрлері. Өлшеуді класификациялау
- •3 Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етудің техникалық негіздері.
- •4 .Прибор шкаласын градуирлеу. Өлшеу құралдарын градуирлеу. Термоқосақ, оны градиурлеу.
- •Өлшеу нəтижелерін графиктік əдіспен өңдеу.
- •6 Берілген шаманың шкаласы(өлшеудің шкаласы). Негізгі реперлер жəне негізгі интервалдар. Фаренгейт шкаласы. Цельсий шкаласы.
- •Физикалық шамалардың өлшем бірліктері. Бірліктер жүйесі. Негізгі бірліктер.Бірліктер жүйесін құрудың негізгі принципі. Мөлшердің метрлік жүйесі. К.Гаусстың «Абсолют бірліктер жүйесі».
- •Халықаралық бірліктер (си) жүйесі жəне оның артықшылықтары
- •Өлшеу құралдары жəне оның түрлері. Өлшеу приборының принципиальді жəне құрылымдық схемалары.
- •10 Жүйелік қателіктер.
- •11 Гаусс таралуы жəне оның негізгі сипаттамалары. Математикалық
- •12 Тікелей өлшеу нəтижелерін математикалық өңдеу. Орташа
- •Өлшеу нəтижелеріне түзету енгізу.
- •16 Ағаттықты алып тастау.
- •18 Си жүйесіндегі когерентті туынды бірліктердің жасалуының
- •20 Нәтижелерді дөңгелектеу ережесі. Мәнді цифрлар. Нәтижелерді дұрыс жазу.
- •21. Си бірліктерімен тең қолданылатын бірліктер
- •22Кездейсоқ қателіктер ұғымы. Кездейсоқ қателіктердің байқалу ықтималдылықтарының таралуы.
- •23 Ең кіші квадраттық әдіс.
- •24 . Қазақстанның эталондық базасы Эталондар-бірліктің размерін өлшеу құралдарына беру мақсатында оны сақтап және қайта жаңғырта алатын өлшеу құралдары.
- •25 Си жүйесінің бірліктері және олардың анықтамалары.
- •26 . Физикалық шамалар арасындағы байланыс теңдеуі.
- •27Физикалық шама. Физикалық шаманың сипаттамалары. Негізгі және туынды шамалар.
- •28.Си Халықаралық бірліктер жүйесі, оның кезінде ссСр-ға кіргізілу тарихи этаптары
- •29 Халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық эталондар
- •30.Өлшеудің негізгі теңдеуін қорыту.
- •31.Метрологияның аксиомалары(постулаттары).
- •32. Гауус функциясының қасиеттері.
- •33.Өлшеу. Өлшеудің құрылымдық элементтері.
- •34.Өлшеу нəтижесінің сапасы.
- •36.Жанама өлшеу нəтижелерін математикалық өңдеу.
- •37.Метрологияның нысандары. Олардың анықтамалары. Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар.
- •39.Өлшемділік.Өлшемділіктің теңдеуін қорытып шығару.
- •Өлшеу əдістерінің класификациясы.
- •Өлшемділікке анализ.
- •42 Си жүйесінің негізгі жəне қосымша бірліктерінің анықтамалары.
- •43 Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз ету. Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар (анықтамаларын беру керек).
- •Кездесоқ оқиғалар мен шамалардың (қателіктердің) байкалу ықтималдықтарының таралу заңдылықтары: Бірқалыпты таралу, үшбұрышты таралу заңы, трапециялық таралу заңы.
- •Жүйеден тыс өлшем бірліктері. Еселік жəне үлестік бірліктер. Уақытша қолданылатын бірліктер.
- •46 Түзусызықты функцияның параметрлерін «ең кіші квадраттың əдіспен» есептеу.
- •Цельсий шкаласынан Фаренгейт шкаласына өту.
- •49 Фаренгейт шкаласынан Цельсий шкаласына өту.
- •50 Сгс,мкс,мкгсс,мкса,мсс,мтс бірліктер жүйелері.
- •52 Өлшеу құралдарының (өлшегіш прибор) метрологиялық сипаттамалары
1 Метрология жəне оның тарихы. Метрологияның мақсаттары.
2 Өлшеу жəне оның түрлері. Өлшеуді класификациялау
3 Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етудің техникалық негіздері.
Шама бірліктерінің эталондары.
4 Прибор шкаласын градуирлеу. Өлшеу құралдарын градуирлеу.
Термоқосақ, оны градиурлеу.
5 Өлшеу нəтижелерін графиктік əдіспен өңдеу.
6 Берілген шаманың шкаласы(өлшеудің шкаласы). Негізгі реперлер
жəне негізгі интервалдар. Фаренгейт шкаласы. Цельсий шкаласы.
7 Физикалық шамалардың өлшем бірліктері. Бірліктер жүйесі. Негізгі
бірліктер.Бірліктер жүйесін құрудың негізгі принципі. Мөлшердің
метрлік жүйесі. К.Гаусстың «Абсолют бірліктер жүйесі».
8 Халықаралық бірліктер (СИ) жүйесі жəне оның артықшылықтары
9 Өлшеу құралдары жəне оның түрлері. Өлшегіш прибор. Өлшеу
приборының принципиальді жəне құрылымдық схемалары.
10 Жүйелік қателіктер.
11 Гаусс таралуы жəне оның негізгі сипаттамалары. Математикалық
күтілу. Дисперсия. Орташа квадраттық ауытқу.
12 Тікелей өлшеу нəтижелерін математикалық өңдеу. Орташа
арифметикалық шама. Орташа квадраттық қателіктер. Сенімділік
ықтималдығы жəне сенімділік интервалы.
13 Шығарылып тасталмаған жүйелік қателіктің сенімділік шекарасы.
Өлшеу нəтижесінің қортқы қателігінің шекарасы.
14 Жүйелік қателіктерді алып тастау əдістері.
15 Өлшеу нəтижелеріне түзету енгізу.
16 Ағаттықты алып тастау.
17 Өлшеу нəтижесінде пайда болатын статистикалық заңдылықтар.
18 СИ жүйесіндегі когерентті туынды бірліктердің жасалуының
ережесі(ГОСТ 8.417-81)
19 Дифференциалды таралу функциясы (ықтималдықтың тығыздығы).
Интегралды таралу функциясы. Функцияны кездейсоқ шама
мəндерінің белгілі интервалда байқалу ықтималдығын табуға
қолдану
20 Нəтижелерді дұрыс жазу. Дөңгелектеу ережесі. Мəнді цифрлар.
21 СИ бірліктерімен тең қолданылатын бірліктер.
22 Кездейсоқ қателіктер ұғымы. Кездейсоқ қателіктердің байқалу
ықтималдылықтарының таралуы.
23 Ең кіші квадраттық əдіс..
24 Қазақстанның эталондық базасы.
25 СИ жүйесінің бірліктері жəне олардың анықтамалары.
26 Физикалық шамалар арасындағы байланыс теңдеулері.
27 Физикалық шама жəне оның сипаттамалары. Негізгі жəне туынды
шамалар.
28 СИ Халықаралық бірліктер жүйесі, оның кезінде СССР-ға кіргізілу
тарихи этаптары.
29 Халықаралық, мемлекетаралық жəне ұлттық эталондар.
30 Өлшеудің негізгі теңдеуін қорыту.
31 Метрологияның аксиомалары(постулаттары).
32 Гаусс функцияның қасиеттері.
33 Өлшеу. Өлшеудің құрылымдық элементтері.
34 Өлшеу нəтижесінің сапасы 35 Орта мəннен ауытқудың қосындыларының 0-ге тең екенін дəлелде.
36 Жанама өлшеу нəтижелерін математикалық өңдеу.
37 Метрологияның нысандары. Олардың анықтамалары. Метрологияға
қатысты негізгі ұғымдар.
38 Өлшеудің қателігі.Қателіктің түрлері. Абсолют жəне салыстырмалы
қателіктер. Жүйелік, кездейсоқ жəне дөрекі қателіктер(тек
анықтамаларын беру керек).
39 Өлшемділік.Өлшемділіктің теңдеуін қорытып шығару.
40 Өлшеу əдістерінің класификациясы.
41 Өлшемділікке анализ.
42 СИ жүйесінің негізгі жəне қосымша бірліктерінің анықтамалары.
43 Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз ету. Метрологияға қатысты негізгі
ұғымдар (анықтамаларын беру керек).
44 Кездесоқ оқиғалар мен шамалардың (қателіктердің) байкалу
ықтималдықтарының таралу заңдылықтары: Бірқалыпты таралу,
үшбұрышты таралу заңы, трапециялық таралу заңы.
45 Жүйеден тыс өлшем бірліктері. Еселік жəне үлестік бірліктер.
Уақытша қолданылатын бірліктер.
46 Түзусызықты функцияның параметрлерін «ең кіші квадраттың
əдіспен» есептеу.
47 Кездейсоқ қателіктері бар бақылау нəтижелерін математикалық
өндеу.
48 Цельсий шкаласынан Фаренгейт шкаласына өту.
49 Фаренгейт шкаласынан Цельсий шкаласына өту.
50 СГС,МКС,МКГСС,МКСА,МСС,МТС бірліктер жүйелері.
51 Көлбеу трубкалы микроманометр.Микроманометрді тарировкалау.
52 Өлшеу құралдарының (өлшегіш прибор) метрологиялық
сипаттамалары
1.Метрология және оның тарихы.Метрологияның мақсаттары.
Метрология – бұл өлшеулермен байланысты мәселелер шеңберін қамтитын ғылым. Сөзбе-сөз талқылығанда «метрология» - «өлшемдер туралы ілім».
Қоршаған ортада адамның өмірі үнемі ондағы жүріп жататын процестер мен құбылыстарды өлшеумен байланысты болады. Өлшемдер әлемді танудың әдістерінің бірі болып табылады, сондықтан ерекше маңызға ие. Қандай салада болмасын: өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, ғылымда, медицинада, саудада өлшемдік ақпараттарды алу және пайдалану еңбек процесінің біртұтас бөлігі болып саналады.Метрология - өлшемдер, олардың біртұтастылығы мен қажетті нақтылығын қамтамасыз етуші құралар мен әдістер туралы ғылым. Қазіргі заманғы метрология үш құраушыдан тұрады: заңнамалық, негізін қалаушы (ғылыми) және практикалық (қолданбалы) метрология.
Практикалық қызметтің бірде-бір аясы өлшенетін шама және осы шаманы өлшеу бірлігі арасында өзара қатынас бар жағдайда өлшемдерсіз қызмет ете алмайды.Кез-келген талдауда, болжауда, жоспарлауда, бақылауда, реттеуде шикізаттың, дайын өнімнің саны мен сапасы, жалпы өндірістік құрылымның технологиялық операциялардың жүру барысы туралы нақты ақпарат қажет.Бұл ақпаратқа кең көлемде түрлі физикалық шамалар, көрсеткіштер мен өлшемдерді өлшеу арқылы қол жеткізе аламыз.Талап етілтін дәлдікпен алынған, шынайы өлшеуіш ақпарат қабылданатын шешімдердің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат сауда-коммерциялық операциялар кезінде өнімнің сапасының төмендеуіне, апаттарға, ғылыми зерттеулердегі дұрыс емес қорытындыларға, пайдалы қазбалар қорларын дұрыс емес бағалауға, дұрыс емес есептеулер мен өлшеулерге алып келуі мүмкін емес. Өлшеулердің біртұтас әдісі өзара түсіністікті, ақпаратпен алмасуды, өлшеу әдістері мен құралдарын стандартизациялау мүмкіндігін, халықаралық тауарайналым жүйесінде өнімді сынау және өлшеу нәтижелерін өзара тануды кепілдендіреді.Барлық өлшейтіндер (техникалық құралдарды қолдану арқылы өлшенетін шаманың мәнін тәжірибелі жолмен табатындар), яғни кәсіби метрологтар өлшеудің алынған нәтижелеріне сенгісі келеді. Өлшеулердің алынған нәтижелеріне сенімнің болмауы ғана өлшеуді қайталауға, өлшеулерге басқа лабораторияларды, мамандарды тартуға мәжбүрлейді.Өлшеу арқылы толық және шынайы мәліметтерді алу болмағанда, ғылыми зерттеулерде, ғарышты игеру, жаңа материалдар, жаңа технологиялар жасау облысында, барлық салалардағы бұйымдардың сенімділігін қамтамасыз етуде жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес болар еді.Көбінесе көптеген мәслелерді өлшеулердің әртүрлі жерлерде, әртүрлі уақытта, әртүрлі құралдарды қолдану арқылы алынған үлкен көлемдегі нәтижесінің арқасында ғана шешуге болады. Мұндай нәтижелерді, тек оларды сәйкестендіруге болатын жағдайда ғана, қолдануға болады. Өлшеулердің дәлдігін, шынайылығын және сәйкестігін жоғарлатуға өндірістің автоматтандырылуы мәжбүрлейді.Метрология-өлшемдердің, амалдардың, тәсілдердің нақтылығын қамтамасыз ететін ғылым.Метрологияның негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
1)ҚР азаматтарының мүддесін және экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғау;
2)Отандық және импортталатын өнімдердің, процесстердің және көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;
3)Материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерінің дұрыс есебін қамтамасыз ету;
4)Ілгері зерттеулерде және ғылыми таңдамаларда өлшем дұрыстығын қамтамасыз ету;
5)Диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауіпсіздігін бақылау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны кезінде сенімді өлшеу нәтижелерін қамтамасыз ету.
Қазақстандағы өлшеу техникасы мен өлшемнің даму тарихыРесейдегі метрологияның қалыптасуымен тығыз байланысты. Қазақстан теориясындағы алғашқы кеңсе 1923 жылы Семипалатинск бөлімінің Омск салыстырып тексеру палатасы ретінде пайда болды.1971 жылы ақпан айында КСРО-ң Қазақтың республикалық мемлекеттік стандарт басқармасы құрылады. Басқару функциясын анықтайтын жаңа жағдай еңгізіледі. Жаңа жағдаймен бірге жаңа мақсаттар мен міндеттер анықталып, стандартизация және метрология саласындағы КСРО-ң мемлекеттік стандарт құқығы кеңейеді. 70-ші жылдарда Алматыда физикалық шама бірліктерді сақтап қайталауға, оларды эталоннан өлшеу құралдарының корсеткіштеріне және салыстырып тексеру сызбаларына сәйкес, жұмысшы өлшеу құралдарына беруге арналған арнайы мекемені салу жоспарланды.