Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
modeli_voprosy_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
878.98 Кб
Скачать
  1. Жұө мен жіө, инфляция және жұө дефляторы арқылы түсіндіріңіз.

  2. ЖҰӨ өзгерісін сипаттайтын көрсеткіштерге критикалық баға беріңіз.

  3. Ұлттық шоттар жүйесін үлгі түрде түсіндіріңіз, жауабыңызды негіздеңіз.

  4. Жиынтық сұранысты Кейнстік үлгіде қарастырыңыз, өз жауабыңызды график түрінде түсіндіріңіз.

  5. Макроэкономикалық тепе-теңдікті AD-AS үлгілер көмегімен түсіндіріңіз.

  6. IS-LM үлгiсiнің негізгі шарттары мен байланыстарын түсіндіріңіз.

  7. Ақша нарығындағы тепе-теңдiк өзгерісін IS-LM үлгiсі арқылы анықтаңыз, өз жауабыңызды графикалық түрде негіздеңіз.

  8. Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдікті AD-AS үлгілері арқылы түсіндіріңіз, мысал келтіріңіз.

  9. Макроэкономикалық бюджет-салық саясатын IS-LM үлгісінде қарастырыңыз, өз жауабыңызды график түрінде түсіндіріңіз.

  10. Өндірістегі еңбек нарығы үлгісін сипаттаңыз және ерекшеліктерін анықтаңыз, өз жауабыңызды график түрінде түсіндіріңіз.

  11. Еңбектің шекті өнімін еңбек шығынының функциясы арқылы график түрінде (үлгі) түсіндіріңіз, жауабыңызды негіздеңіз.

  12. Тұтынушы бағалар индексін сипаттаңыз және инфляция қарқынын есептеу әдістерін көрсетіңіз.

  13. Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы байланысты Филлипс қисығы арқылы үлгі (график) түрінде талдаңыз және анықтама беріңіз.

  14. Экономикалық өсудің үлгілерін талдаңыз, өз жауабыңызды график түрінде түсіндіріңіз, мысал келтірініз.

  15. Ақша ұсынысы және сұранысына графикпен сипаттама беріңіз, ақша мен еңбек нарығындағы жалпы тепе-теңдікті айқындаңыз.

  16. Ұлттық банк 2013 жылы Жинақтаушы зейнетақы қорларының (ЖЗҚ) өтімділігін қамтамасыз ету үшін 32 млрд.теңгеге бағалы қағаздар сатып алды. Осы жағдайды IS-LM моделі арқылы график түрінде қарастырыңыз.

  17. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес ҚР Үкіметі автокөлік шығару үшін мемлекеттік шығындар жұмсайды. Үкіметтің қолданатын шараларын критикалық бағалаңыз. Жауабыңызды IS-LM үлгici арқылы көрсетiңiз.

  18. ҚР Ұлттық банкі 2012 жылы теңгенің бағамын тұрақты ұстап тұру үшiн мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарды. Осы жағдайды критикалық бағалаңыз. Жауабыңызды IS-LM үлгici арқылы көрсетiңiз.

  19. 2013 жылы мұнай бағасы 1 баррель үшін 103,11 АҚШ долларынан 1 баррель үшін 110,53 АҚШ долларына өсті. Бұл өзгерiс қысқа мерзiм кезеңiнде Қазақстан экономикасы үшiн әсерiн бағалаңыз. Жауабыңызды AD-AS үлгiсi арқылы дәлелдеңiз.

  20. Қаржы дағдарысы салдарынан 2011 жылы Қазақстанда пайыз мөлшерлемесi 5%-дан 7,8%-ға өстi. Бұл өзгерiстің қысқа мерзiм кезеңiнде Қазақстан экономикасы үшiн әсерiн бағалаңыз. Жауабыңызды AD-AS үлгiсi арқылы дәлелдеңiз.

  21. Кейнсиандық тәсілде жұмыс күшіне сұраныстың жеткіліксіздігінен жұмыссыздық туындайды. Жиынтық сұраныстың (АD) өзгерісі ұлттық өндірістің көлемін (Ү) өзгеріске ұшыратады. Осы жағдайды график түрінде көрсетіңіз, AD-AS үлгісі арқылы өз жауабыңызды негіздеңіз.

  22. Кейнс кресінің моделі бағалардың икемсіздігімен ұлттық табыстың тепе-теңдігін қалыптастыру арқылы тиімді сұранысқа қол жеткізуді макроэкономикалық тепе-теңдікті көрсететін үлгіні график түрінде көрсетіп түсіндіріңіз.

  23. Екінші деңгейлі банктер депозиттің пайыздық қойылымын жоғарылатты. Осы жағдай бойынша ақшаға сұранысының өзгеруін график арқылы түсіндіріңіз, негізгі байланыстарды сыни тұрғыда бағалаңыз.

  24. 2010 жылдың қорытындылары бойынша жылдық инфляция 7,8% (2009 жылғы желтоқсанда – 6,2%) деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның бұл деңгейі Ұлттық Банктің 2010 жылға белгілеген 6-8% мақсатты дəлізіне толық сəйкес келеді. Қазақстанда 2010 жылы инфляциялық үдерістердің қалыптасуы монетарлық факторлар тарапынан ең аз ықпал ету аясында жүрді. Мəселен, 2010 жылы ақша массасы 14,1%-ды құрады, ақша базасы 5,0%-ға кеңейді. Осы қалыптасқан экономикалық жағдайды үлгілер IS-LM үлгісі арқылы түсіндіріңіз.

  25. IS-LM үлгісінің графигінде мемлекеттік шығындардың өсуін сипаттаңыз, егер мемлекеттік шығындар келесілер есебінен қаржыландырылса: халыққа облигация сату есебінен; Орталық Банкке қарызды ұлғайту есебінен. График көмегімен көрсетіп, өз жауабыңызды негіздеңіз.

  26. Қазақстан экономикасы дағдарыстан кейін біршама көтерілді. ҚР Статистика агенттігінің ресми деректеріне сәйкес бюджет түсімдері дағдарыстан кейін 9%-ға өсті. Осы жағдайды IS-LM үлгісі арқылы график түрінде көрсетіңіз. Өз жауабыңызды негіздеңіз.

  27. Солоу үлгісін қолдана отырып, 2014 жылғы Қазақстандағы девальвацияның жинақтар деңгейіне әсерін түсіндіріңіз. Өз жауабыңызды график арқылы негіздеңіз.

  28. Солоу үлгісін қолдана отырып, 2014 жылғы Қазақстандағы девальвацияның инвестиция деңгейіне әсерін түсіндіріңіз. Өз жауабыңызды график арқылы негіздеңіз.

  29. Солоу моделін қолдана отырып, 2014 жылғы Қазақстандағы девальвацияның шығарылым (ЖІӨ) деңгейіне әсерін түсіндіріңіз. Өз жауабыңызды график арқылы негіздеңіз.

  30. ҚР-да соңғы 15 жылда халық 5,4 млн.адам санына өстi. Дегенмен, осы уақыт аралығында ғылыми-техникалық прогресс динамикасы өзгерiссiз қалды. ҚР экономикасының 15 жылдағы экономикалық өсуін график түрінде көрсетіп, өз жауабыңызды дәлелдеңiз. Солоу үлгісі арқылы талдаңыз.

  31. ҚР-да соңғы 10 жылда халық 2,5 млн.адам санына өстi. Дегенмен, осы уақыт аралығында ғылыми-техникалық прогресс динамикасы өзгерiссiз қалды. ҚР экономикасының 10 жылдағы экономикалық өсуін график түрінде көрсетіп, өз жауабыңызды негіздеңіз. Солоу үлгісі арқылы талдаңыз.

  32. Мемлекет Үкіметі бір уақытта мемлекеттік шығындар мен салықтарды бірдей мөлшерде қысқартты. Бұл шараның жиынтық сұранысқа (IS қисығын тұрғызу концепциясына сәйкес) таза әсер ету мөлшерін анықтаңыз, формуламен дәлелдеңіз. Өз жауабыңызды IS-LM үлгілер көмегімен негіздеңіз.

  33. Мемлекет Үкіметі жеке табыс салығын жоғарылатты (салық салу әсері инвестициялауға қарағанда төмен) және одан түскен қаржыны негізгі капиталға инвестициялады. Бұл шараның жиынтық сұранысқа әсерін сипаттаңыз. Өз жауабыңызды AD-AS үлгісі арқылы көрсетіп, негіздеңіз.

  34. ҚР Үкіметі мемлекеттік бюджет тапшылығын жою үшін және инфляцияны төмендету үшін салықтарды арттырды делік. Орталық Банк шығарылым көлемін өзгеріссіз қалдыру үшін жүргізетін шараларды атаңыз. Өз жауабыңызды IS-LM үлгісімен түсіндіріңіз, график түрінде көрсетіңіз.

  35. Банк жүйесіне жаңа техникалық құралдар енгізу нәтижесінде ақша айналымының жылдамдығы артты делік. Орталық Банк ақша ұсынысын өзгерту арқылы экономикадағы шығарылым көлемі мен бағалар деңгейін тұрақтандыру шараларын қабылдады. График арқылы бастапқы шокты және Орталық Банктің тұрақтандыру саясатын көрсетіңіз, критикалық бағалаңыз.

ЗАДАЧИ

  1. Ел экономикасы келесідей мәліметтермен сипатталған: жалпы халық саны 160 млн.адам, жұмысшылар саны 108 млн.адам, фрикциондық жұмыссыздар саны 4 млн.адам, құрылымдық жұмыссыздар саны 2 млн.адам, ал ЖІӨ 2000 $ құрайды. Оукен коэффициенті 2,4-ке тең. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейін анықтаңыз, елдегі жұмыссыздықты критикалық бағалаңыз.

  2. Ел экономикасы Y=A*K0,4*L0,6 түрде өндірістік функциямен сипатталған. Егер капитал өсімінің қарқыны жылына 3%, ал жұмыспен қамтылғандар саны жылына 2%, жалпы факторлардың өнімділігі жылына 1,5% қарқынмен өскені белгілі болса, онда өндіріс көлемінің өзгерісін критикалық бағалаңыз.

  3. ҚР-да 2012 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,6 % болды. Нақты ЖҰӨ – 635,1млрд.тг. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – 3,3%. Оукен коэффициенті 2,7-ге тең болғандағы номиналды ЖҰӨ көлемін бағалаңыз. Жауабыңызға экономикалық түсіндірме беріңіз.

  4. Қазақстандағы тұтынуға шектi бейiмдiлiк 0.6, ал ЖIӨ 2013 жылы 22 млрд.теңгенi құрады. Үкiмет алдағы жылы қорғаныс шығындарын 5,5 млрд.теңгеге жоғарылататынын айтты. ЖIӨ өзiнiң деңгейiнде қалу үшiн табыс салығының мөлшерi нешеге өсуi керектiгiн критикалық бағалаңыз. Жауабыңызды үлгi (график) ретiнде көрсетiңiз.

  5. ҚР-да 2012 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,9 % болды. Нақты ЖҰӨ – 465,9млрд.тг. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – 4,3%. Оукен коэффициенті 1,7-ге тең болғандағы номиналды ЖҰӨ көлемін бағалаңыз. Жауабыңызға экономикалық түсіндірме беріңіз.

  6. Бірінші (базалық) жылда номиналды ЖІӨ 500 млрд.$. құрады делік. 6 жылдан соң ЖІӨ дефляторы екі есеге өсті, ал нақты ЖІӨ 40%-ға өсті. Осы жағдайдағы ЖІӨ-нің 6 жылдан кейінгі өзгерісін критикалық бағалаңыз.

  7. Мемлекеттік сатып алулар 500 млрд.$ делік, салық функциясы T=0,4Y, трансферттер функциясы F=0,2Y, бағалар деңгейі P=1. Мемлекеттік қарыз R=0,1 пайыздық қойылыммен D=1000 млрд.$. Нақты өндіріс көлемі 2000 млрд.$, ал потенциалды өндіріс көлемі 2500 млрд.$. Мемлекеттік бюджет сальдосын, мемлекеттік бюджеттің құрылымдық және циклдық дефицитін анықтаңыз. Жауабыңызға экономикалық түсіндірме беріңіз.

  8. Ел экономикасы келесідей мәліметтермен сипатталған: C=300+0,8Yd; I=200-1500R; Xn=100-0,04Y-500R; Md=(0,5Y-2000)P. Егер мемлекеттік шығындар G=200, салық салу қойылымы t=0,2, номиналды ақша ұсынысы M=550, алдын ала анықталған бағалар деңгейі P=1 болса, онда пайыздық қойылым мен табыстың тепе-теңдік деңгейін анықтаңыз.

  9. Еркін саудада текстиль өнеркәсібі тауар бірлік құнының әрбір доллары келесідей бөлінеді: 40% (40 цент) қосымша құн; 30% (30 цент) мақта орамы шығындары; 30% ( 30 цент) өзге де шығындар. Ел Үкіметі текстиль тауарлар импортына 25% және мақта орамы импортына 16,7% (немесе 1/6) мөлшерінде екі түрлі тариф енгізді делік. Өнім бірлігінің тарифсіз бағасы 1$. Импортқа екі түрлі тариф енгізілген соң өнім бірлік құнының бөліну пропорциясын анықтаңыз.

  10. Ел экономикасы келесідей мәліметтермен сипатталған: ағымдағы операциялар балансы=50; капитал шотының балансы=-60; ресми резервтер=10. Бұл жағдайда төлем балансының активін немесе пассивін анықтаңыз. Валюта резервтерімен операциялар жүргізудің берілген елдің экономикасына ынталандырушы немесе тежеуші әсерін анықтаңыз, түсіндіріңіз.

  11. Үкімет шетелден 1 млрд.долл. көлемінде жылдық 8%-бен қарыз алды. Бұл қаржы инвестициялық жобаларға салынады. Ал ол жобалар кейінгі бірнеше жылдар бойы ЖІӨ-нің жылына 300 млн.долл. өсімшесін береді. Мемлекеттік қарыздың ұлғаю шамасын анықтаңыз. Ел азаматтарына түсетін қарыздық ауыртпалықты және елдің қарызды толықтай жабу мерзімін анықтаңыз.

  12. Ел экономикасы келесідей мәліметтермен сипатталған: нақты пайыздық қойылым 3%, нақты ЖІӨ өсу қарқыны 7%, қарыз/ЖІӨ қатынасы 50%, бірінші ретті мемлкеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ 5%. Қарыз/ЖІӨ қатынасының төмендеу немесе жоғарылау мүмкіндігін анықтаңыз, экономикасын бағалаңыз.

  13. Ел экономикасы келесідей мәліметтермен сипатталған: тұтынушылық шығындар (C)=2300; инвестициялар (I)=700; мемлекеттік шығындар (G)=800; мемлекеттік трансферттер (TR)=100; мемлекеттік қарыз бойынша пайыздық төлемдер (N)=100; салықтар (T)=800. Жеке және мемлекеттік жинақтарды есептеңіз. Ескерту: ЖІӨ=ЖҰТ шартында.

  14. Ел экономикасы келесідей мәліметтермен сипатталған: Y=C+I+G+Xn; C=300+0,8Yd; I=200+0,2Y; Xn=100-0,04Y; G=200; t=0,2. Табыстың тепе-теңдік деңгейін және автономды шығындардың мультипликатор шамасын анықтаңыз.

  15. Мемлекет ішінде мынадай жағдайлар сипатталған: нақты табыс (Y)=35000 АҚШ доллары; тұтынуға шекті бейімділік (МРС)=0.8; тепе-теңдік табыс (Y*)=4200 АҚШ доллары. Экономиканың тепе-теңдік жағдайына (Y*=4200 АҚШ доллары) жету үшін мемлекеттік шығындар және салықтық түсімдер өзгерісін есептеңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]